Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Marxovich_LKSS.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
219.54 Кб
Скачать

1.

2.

3.Әуе байланыс жолының құрылымы мен сипаттамалары

Ауа байланыс жолының сымдарына қатып қалған мұздың қарқындылығына байланысты бұл желілер төрт түрге бөлінеді: О – жеңілдетілген, Н – қалыпты; У – күшейтілген және ОУ – аса күшейтілген. О түріне жататын желілер мұз қатпайтын және аз қататын аудандарда, сымдағы мұз қабырғасының эквивалентті қалыңдығы 5мм аспайтын аудандарда тұрғызылады. Мұздың қату қарқындылығы орташа болатын, мұздың қабырғасының қалыңдығы 10 мм дейін болатын Н түрдегі желілер тұрғызылады. Мұз қатты қататын, мұздың эквивалентті қалыңдығы 15 мм-ге жететін аудандарда У түрге жататын желілер, ал 20 мм-ге жететін аудандарда – ОУ түрге жататын желілер тұрғызылады.

4. Байланыс жолдарын сыртқы электромагниттік әсерден қорғау шаралары

Әуе байланыс жолына сыртқы электрлік және магниттік әсер етілсе, жер астына салынған немесе металдық қабығы бар кабель байланыс жолына тек қана магниттік әсер етиеді. Өйткені электр өрісінің күш сызықтары жерге немесе кабелдің металл қабығына тіреліп (экрандалып) өте алмайдыРадиостанциялардың әсерлері, олардың антенналарының (а) хабар тарату бағытына байланысты болады (б). Әсердің ең көбі радиостанциямен байланыс жолының орналасу бұрышы φ'=50о болғандағысына келеді. Радиостанция мен кабель байланыс жолының өзара орналасу бұрышы φ'=90о болғанда әсер өте аз (нөлге жуық) болады

5. Байланыс жолдарына қойылатын негізгі талаптар

Кабель байланыс жолы өтетін жерді дұрыс таңдап алуға оған жұмаслатын қаражат, оның өміршеңдігі, жұмыс істеу сенімділігі т.б. байланысты болады. Кабель байланыс жолы салынатын жерді таңдағанд оған салынатын кабель неғұрлым аз жұмсалатын (қысқа) оның салынуы, жалғау және пайдалану жұмыстары ыңғайлы болуы керек. Байланыс жолы темір жол бойымен өтетін болса, онда ол темір жолдан кесіп өтпейтіндей болғаны дұрыс. Байланыс жолы салынатын жер ізбесті, балшықты, қышқыл қосындылары бар жерлерден, қалдықтар шығаратын зауыттардан, цемент шығаратын зауыттан мал сойылатын орындардан қашық болғаны дұрыс. Елді мекендердің үстінен өткенде, мейлінше көлік аз жүретін көшемен, басқа жерасты құрылымы аз жермен, электростанциялардан қашық болған дұрыс. Темір жол бойымен өтетін трассадағы кабель темір жол төсенішінен және автомобиль жолы бойымен салынғанда да оның төсеніш топырағынан кем дегенде 5 м қашық болуы керек. Кабель салынатын жер орман маңайымен өтетін болса, ол ағаштардан 3 м қашықтықта болуы керек. Су құбырынан 0,5м , мұнай газ құбырларынан 1 м, ыстық су құбырынан 2 м қашықтықта болуы керек. Егер кабель асбоцемент түтігінің ішінде болса, онда жоғарыда келтірілген қашықтықтарды 0,25 м-ге дейін азайтуға болады. Егер байланыс кабелі су арқылы өтетін болса, онда өзеннің ең жіңішке жерімен, жағасы тайпақ және су көліктері тоқтамайтын жерімен салынғаны дұрыс.

6. Байланыс жолдарындағы қолданылатын байланыс құрылымдары

Байланыс жолдарын жобалау жұмысы оның барлық жағдайларын ескеретін ережелерге сәйкес жасалынуы керек. Ең алдымен оның экономикалық қажеттігі қаралып, шаруашылықтағы алатын орны, атқарылатын міндеті анықталып, байланыс жолының жаңадан салынуы немесе бұрынғы жолдарды (егер бар болса) қайта өзгертіп салу керектігі шешіліп, одан кейін негізгі жоспар көлемі, технологиялық, құрылымдық және басқа да ірілі ұсақты орындалатын жұмыстары қаралады.

Керекті жағдайда белгілі типтік жобаларды пайдалануға болады. Типтік жобаларды пайдаланғанда жобалау жұмысының көлемі азайып, оған жұмсалатын қарадат азайып, бұрыннанн қолданылып жүрген жұмыс әдістерінің тиімді түрлері пайдаланылып, жалпы жобалау жұмысының сапалылығы артады.

Бағыттаушы электробайланыс жүйелерін, яғни байланыс жолдарын жобалау кезеңдері: техникалық тапсырмаларды жасау, жобалау алдындағы жұмыстар, техникалық жоба, жұмыс құжаттамасы. Байланыс тораптарымен желілерді жобалау әдістерін оңтайландыру

7.

8.

9.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]