- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
10. Карл Маркс теориясы
Әлеуметтік" деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К. Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қо-ғамды, ондағы үдерістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі — "қоғамдық", екіншісі — "әлеуметтік", Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде "қоғамдық", "қоғамдық қатынастар" ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қаты-настарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қо-ғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде "әлеуметтік" ұғымын кең қолданьп, осыған сәйкес "әлеуметтік қатынастар" ұғымы туралы айтқан. К.Маркс қоғам тарихын табиғи-тарихи процесс ретінде қарастырды. Сонымен бірге, ол өндірістік-экономикалық, саяси және өзге де қатынастардың қалыптасуының сапалы қайтарымсыз процесі ретінде жүреді. Сондықтан, тарихи тұрғыда да еш нәрсе кездейсоқ болмайды, оның барлығы белгілі бір ішкі тәуелді өзара қатынастар болып табылады. Оған қоса, К.Маркс қоғамның рухани өмірінің жекелеген сәттерін зерттей отырып, олардың қандай өндірістік-экономикалық қатынастарға тәуелді екенін анықтау қажет деп дәлелдеді. К.Маркс заманында, қазіргі кездегідей қоғамдық өмірдің іргелі проблемасы адамдардың бай және кедей топтарға бөліну мәселесі болып, оның нәтижесінде қоғамдық және жеке өмірде көптеген қайшылықтар туындады. Халықтың кедей және бай топтарының қалыптасуының себептеріне қатысты Маркс түсіндірмесі, жекелеген сәттерді қоспағанда, жалпы алғанда, дұрыс болды деп санаймыз. Оған қоса осындай түсіндірме негізінде, Маркс коммунизм (бірінші кезеңі - социализм) деген атпен келесі қоғамдық-экономикалық формацияның келуі қажет деп болжам жасады. КСРО ыдыраған соң ТМД және өзге елдердің көптеген зерттеушілері Маркс теориясын қате деп тапты. Бірақ әлеуметтанудың ірі әлемдік теоретиктері Маркс теориясында аса маңызды ғылыми негіздер бар екенін көріп отыр.
О.Конт пен Г.Спенсердің кезінде әлеуметтану ғылымында өзінше ерекше ой-пікір айтып әлеуметтанудың айырықша тұжырымдамасын жасаған Карл Маркс (1818-1883 ж.ж.) болды.
Дегенмен, К.Маркстің әлеуметтану теорисында көптеген бағалы ой-пікірлер, тұжырымдар бар. Оны мыналардан байқауға болады:
1. К.Маркс мінсіздендірілген, абстракталы қоғам жағдайына тән даму теорисына қарсы шығып, өзінің нағыз, шынайы фактілерге негізделген қоғамның объективтік –материалистік теориясын жасады, қоғамның дамуын “формация”, яғни, ерекше бір құбылыс ретінде қарастырды;
2. К.Маркс қоғамның даму заңдарын түсіндіргенде, әр уақытта экономиканы (яғни, өндірістік тәсілді, оның ішінде өндіргіш күштерді, оларға сәйкес өндірістік қатынастарды) ең басты, қозғаушы, шешуші күш деп санады;
3. Қоғамның дамуын (детерменизм) бір формацияның, оған тән өндірісітік тәсілдің екінші бір формациямен ауысуымен байланыстырды;
4. К.Маркстың әдістемесінде қоғам дамуының екі басты үлгісі бар: а) органикалық, б) механикалық.Біріншісі, әлеуметтік эволюциялық процесті түсіндіру үшін қолданылады. Басқаша айтқанда, бірінші үлгі қоғамды тарихи процесс ретінде қарастырады. Екінші үлгі, формацияның негізгі екі компоненті – базис пен қондырманы талдағанда, олардың арасындағы қатынастарды механизм ретінде түсіндіреді.
5. К.Маркс әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясын жасаған авторладың бірі болды. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын экономикалық таптардың қатынастары арқылы анықталады деп көрсетті. Осыған орай К.Маркс жеке тұлғаны зерттеудің қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.Маркстік әлеуметтанудың кемшіліктері де болды. Мұнда ол тек қана өндірістік құрал-сайманды меншік қатынасы арқылы анықтап, жіктердің пайда болуына себеп болатын басқа әлеуметтік саяси факторларға, мысалы, өкімет, билік, мәртебелік, бедел, абырой, артықшылық, т.б. есепке алмады. К.Маркс тарихтағы таптар арасындағы әлеуметтік ымыраға келу, ынтымақтастық мәселелеріне де көңіл бөлмеді. Ал, бұл кейінгілер қазіргі әлеуметтану ғылымында ең бір көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Маркстік әлеуметтану теориясының тағы бір кемшілігі, оның басқа ілімдерден оқшаулануында болды. Осылардың бәріне қарамастан Маркстік әлеуметтану теориясы көп елдерге тарап, дамыды (әсіресе КСРО-да).
