Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу

Қоғамның әлеуметтiк құрылымын қарастыратын қазiргi кезеңдегi теориялардың бiрi- Әлеуметтiк стратификация деп аталады. Әлеуметтiк стратификация дегенiмiз қоғамды топтарға, таптарға, страталарға бөлу, ажырату. Стратификация сөзiнiң түбiр –страта- деген сөзден шыққан. Страта сөзi геология ғылымынан енген, ол жердiң қабаты, қыртысы деген мағынаны бiлдiредi. Стратификация теориясаының негiзiн салушы К. Маркс болды. Маркс бойынша қоғамды тауар өндiру тәсiлiне қарай кезеңдерге бөлуге болады. Ол оны-өндiрiс тәсiлi деп атады. Карл Маркс қоғамды бе формацияға бөлдi. Тек алғашқы қауым мен социалистiк қоғам тапсыз қоғам деп атады. Ал қалғандары екi тапқа бөлiнедi, олардың арасындаâ әрдайым күрес болып отырады деп айтқан. Құл иеленушiлiк қоғамда құл иеленушiлер мен құлдар табы, Феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар табы, капиталистiк қоғамда буржуазия (iрi капитал иелерi, өндiрiс құралдарының иелерi) мен жұмысшылар табы. Маркс қоғамды тапқа бөлгенде экономикалық көрсеткiштi маңызды деп санады. Кез келген формацияда өндiрiс тәсiлi экономикалық ұйымдастыруды анықтайды және Маркс экономикалық ұйымдастыру қоғам өмiрiнiң негiзгi аспектiсi деп санады. Яғни қоғамды тапқа бөлуде Маркс меншiк, байлық, табыс сияқты экономикалық көрсеткiштердi негiзге алды. Стратификация теориясының негiзiн салушылардың бiрi- М. Вебер болды. Ол қоғамды стратификациялауда МаркСтың теориясын жалғастыра отырып байлықтан басқа да адамның теңсiздiгiн көрсететiн көрсеткiштер бар екендiгiн айтты. Вебер адамдар бiр бiрiмен қоғамда бiрiншiден байлыққа байланысты тең еместiгiн айтып Маркспен келiстi. Бiрақ барлық уақытта теңсiздiк байлыққа байланысты емес екендiгiн айтты. Адамдар бiрдей құрметке, беделге ие еместiгiн көрсетiп статустық топ деген ұғым енгiздi. Бұны Вебер теңсiздiктiң екiншi компонентi деп есептедi. Вебер Сондай-ақ байлықпен және беделмен қатар билiк те маңызды фактор екендiгiн айтты. Сонымен М. Вебер стратификация теориясында тенсiздiктiң үш негiзгi көрсеткiшiн көрсеттi:

1. Байлық- экономикалық статус.

2. Бедел-әлеуметтiк статус.

3. Билiк- саяси статус.

13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау

. Әлеуметтік институт - бұл ең алдымен қоғамдық қатынастардың белгілі саласын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады. Мағыналық жағынан – бұл белгілі тұлғалардың белгілі жағдайларда мақсатты түрде бағытталған іс-әрекеттер стандарттарының белгілі жиынтығы. Осылайша әлеуметтік институт – бұл әлеуметтік тәжірибенің тұрақты – типі мен формалары. Осылардың көмегімен қоғамдық өмір ұйымдастырылады, қоғамдық әлеуметтік ұйымдардың шеңберінде байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығы қамтамассыз етіледі. Әлеуметтік институттар – бұл мыңдаған жылдар бойы мәдени эволюциямен жинақталған қоғамның өмір сүруінің мықты құралы болып табылады.Бұл үшін қоғамда белгілі әлеуметтік иститутар құрылған:

- ұрпақ жалғастыру қажеттілігі (жанұя және неке институты);

- әлеуметтік тәртіп пен қауіпсіздік;

- қажеттілігі (саяси институттар, мемлекет);

- өмір сүру құралдарын табу қажеттілігі ( экономикалық инститтуттар, өндіріс);

- білім беру, (жасөспірімге) өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтендіру, кадр дайындау (білім беру институттары, ғылым мен мәдениетті қосқанда);

- рухани мәселелерді шешу қажеттілігі (дін институттары);

Нақты функциялар күтімді, қажетті және өте тез танылады. Бұл ең алдымен:

1) қоғамдық қатынастардың қайта толтырылуы және бекітілуі.

2) Реттеушілік функциясы.

3) Интегративті (біріктіруші) функциясы.

4) Тасмалдаушы функциясы.

5) Коммуникативті (байланыс) функциясы.

Латентті функциялар – бұл алдын – ала жоспарланбаған, нақты емес жасырын формаға ие түрде іс-жүзіне асырылады. Мысалы, өзінің функцияларын атқармас ттүгіл, олардың іс-жүзіне ауысуына қарсылық білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]