- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
9. Эмиль Дюркгейм теориясы
Әлеуметтанудың классикалық негiзiн салушылардың iрi өкiлi- Э. Дюркгейм (1856-1917. Э. Дюркгейм пiкiрiнше, әлеуметтану әлеуметтiк нақты мәнi бар фактiлердi, оған ғана тиiстi қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуi керек. Әлеуметтiк нақтылықтың негiзгi элементi- әлеуметтiк фактiлер, осылардың жиынтығынан қоғам құрылады. Осы фактiлер әлеуметтанудың пәнiн құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткi болатын заңдылықтарды ашып тұжырымдау. Э. Дюркгейм әлеуметтiк фактiлерге бастапқы түсiнiктердi жатқызады. Оған адам өмiрiнiң моральдық, басқаша айтқанда әдет-ғұрып, дәстүр, тәртiп ережелерi, т.б. кiредi. Әлеуметтiк фактiлер индивидтен (адамнан) тәуелсiз, ол табиғат құбылыстары сияқты, бiрақ, олар адамға ерiксiз түрде әсер етiп, оның қоғамда бiр тәртiппен жүруiн талап етедi. Әлеуметтiк фактiлердiң объективтi сипатта өмiр сүруi оларды зат ретiнде қарастырып, жаратылыстанудың кейбiр әдiтерiн (мысалы, бақылау, салыстыру, гипотеза, болжау, эксперимент, т.б.) қолдануға болады. Әлеуметтiк фактiлердiң объективтi өмiр сүруiнiң тағы бiр дәлелi- адамға әсер ете отырып, оларды белгiлi бiр iс-әрекет жасауға итермелейдi. Мысалы, адамның құқықтық және адамгершiлiк ережелерiнiң бұзылуы, ол қоғамдағы жалпы жағымсыз құбылыстардың басымдылығнан туып отырады. Э. Дюркгейм әлеуметтiк фактiлерге қойылатын негiзгi талаптарды көрсеттi.Бiрiншi талап: Әлеуметтiк фактiнi объективтi құбылыс деп, яғни индивидтен тыс құбылыс деп мойындау және ол зерттеу объектiсi бола алатындығын мойындау. Екiншi талап: Социология идеологияға тәуелдi болмауы керек. Үшiншi талап: Социология бүтiннiң бөлектен жоғары тұратындығын мойындауы керек. Яғни әлеуметтiк фактiнiң көзi қоғамда. Э. Дюркгеймнiң пiкiрiнше, әлеуметтiк факт болу үшiн бiрнеше адам бiрiгiп әрекет жасау керек және ондай әрекеттен жаңа қорытынды тууы қажет. Ондай әрекеттiң нәтижесiнде мiнез-құлықтың жаңа үлгiсi пайда болады. Яғни әлеуметтiк фактiнiң объективтi шынайылығы Дюркгеймнiң социологиялық тәсiлiәндегi өзектi мәселе болып табылады. Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негiзi-ұжымдық сана деп көрсеттi. Қоғам мүшелерi (немесе топ мүшелерi) қоғамдағы жалпы номаларға үлкен мән бергенде және өз өмiрiнде оны басшылыққа алғанда ғана әлеуметтiк интеграция орын алады деп көрсеттi. Э. Дюркгейм, сондай-ақ, адамның өзiне өзi қол салуы (Суицид) мәселесiмен де айналысқан. Оның ойынша, адамның өзiне қол жұмсау әрекетi қоршаған әлеуметтiк ортаның сипатына (түрiне) байланысты. Дюркгейм нақтылы әлеуметтiк мазмұнда жинақталған материалдарға талдау жасай отырып мынадай қорытындыға келедi: қоғамның даму деңгейi және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзi қиушылығы төмен болады және керiсiнше де солай. Дюркгейм адамның өзiне өзi қол салуын ұлттық, дiни, жас ерекшелiгi, жыныс, сондай-ақ жыл мерзiмдерi сияқты факторлармен байланыстырған. Мысалы, протестанттар мен католиктердi салыстырғанда бұл құбылыс католиктерде бiрнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанды қалаларда жоғары. Э. Дюркгейм өзiн өзi өлтiрушiлiктiң 4 типiн анықтап бердi. Олар:
1. Эгоистiк
2. Альтуристiк
3. Экономикалық
4. Фаталистiк
Осы еңбектерiнiң арқасында Э. Дюркгейм “Деâианттық мiнез-құлық социологиясының”негiзiн салды. Сондай-ақ Дюркгейм дiнге үлкен көңiл бөлдi. Қоғам дiнсiз өмiр сүре алмайды, әлеуметтiк бiрлiкте дiн шешушi роль атқарады деген пiкiрлер айтты.
