- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
Социологияның дербес ғылым ретiнде негiзiн салушы француз философы О. Конт болды. О. Конт 1798-1857 ж.ж.өмiр сүрген. Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп, анти клерикалдық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын, кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен - Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен - Симонның ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті мейлінше қорғайды. Осы көзқарастары үшін К. Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О. Конт өзінін позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм — әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның «позитивюс» — дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан.Ол ең алдымен Батыстағы позитивтік философияның негiзiн салушы болып есептеледi. Оның 1830-жылдары “Позитивтi философияның курсы” деп аталатын еңбегi жарық көрдi. Осы еңбегiнiң 3- томында алғаш рет О. Конт “Социология” деген ұғымды енгiздi және қоғады ғылыми зертеу мақсатын қойды.О. Конт социологияның қажеттiгiн философия саласындағы өзiнiң адам ақылы дамуының үш сатысы туралы ашқан заңы арқылы дәлелдейдi. Олар: Теологиялық, метафизикалық,позитивистiк (ғылыми) сатылар. О. Конт алғашқы кезде адамның ойлануының теологиялық болғандығын, яғни қандайда бiр құбылысты, процестi, жалпы кез-келген нәрсенi дiни тұрғыдан түсiндiруге тырсты деп көрсеттi. Ойлаудың метафизикалық кезеңiнде кез-келген құбылысты, олардың мәнi мен себебiн философиялық абстракциялы ұғымдардың негiзiнде , яғни жалпылама түсiндiрдi. Ал ойлаудың позитивтiк кезеңiнде кез-келген нәрсенi ғылыми тұрғыдан түсiндiредi. Қандайда болмасын құбылыстар мен процестердi түсiндiруде бақылау, салыстыру, т.б. ғылыми әдiстер арқылы алынған эмпирикалық факторларға сүйенедi деп көрсеттi. Конттың пiкiрiнше позитивистiк ойлау алғашында математикада, физикада, астраномияда қолданылды. Кейiн биологияда пайда болды. Ал Социологияны Конт позитивтiк бiлiмнiң шыңы деп есептедi.
О. Контты Социологияның негiзiн салуға итермелеген екiншi бiр нәрсе- ол еңбектiң бөлiну және копперациялану заңының ашылуы. О. Конт Социологияны негiзiнен екiге бөлдi:Әлеуметтiк статика және әлеуметтiк динамика. Әлеуметтiк статик әлеуметтiк жүйенiң өмiр сүру жағдайы мен оның қызмет ету заңдылықтарын зерттейдi. Ал әлеуметтiк динамика әлеуметтiк жүйенiң өзгеру және даму заңдылықтарын зерттейдi.Сонымен бiрiншiден, О. Конт қоғам тануда ғылыми тәсiлдi қолдануды немесе қоғамды ғылыми тұрғыдан танудың қажеттiгiн негiздедi. Ол алғашқыда Социологияны әлеуметтiк физика деп атады. Екiншiден, Социологияны әртүрлi эксперименттерге, бақылауларға негiзделетiн ерекше ғылым ретiнде анықтайды.Қорыта келгенде, О. Конттың социологиялық концепциясында басты екi идея жатыр. Бiрiншiсi, қоғамтануда ғылыми тәсiлдi қолдану болса, екiншiсi, әлеуметтiк реформаларды жасауда iс жүзiнде ғылымға сүйену идеясы. Позитивтік дәуір, Конттың тұжырымына сүйенсек, 1800 жылдан басталады, оның мәні — ойлау бағдарының түбегейлі өзгеруімен, кайта құрылуымен сипатталады. Адам санасы әз пайымдауларында және қорытындыларында көбіне-көп ғылыми бақылауға сүйенеді.О. Конт әлеуметтанудың негізін қалады, ал Г. Спенсер оны одан әрі дамытты.
