Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.89 Кб
Скачать

3.Әлеуметтанудың құрылымы

Бұл - ең алдымен әлеуметтік жуйеде пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі денгейдегі процестер. Жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жуйесі. Әлеуметтану білімінің келесі бір құрылымы — ол саясат әлеуметтануына жататын ғылыми тусініктер, көзқарастар, теориялар.

Социолгия қоғамды екi денгейде зерттейдi: Макро және микро денгейде. Осыған байланысты Социологияны үшке бөлуге болады.

1.Макросоциология- бұл бiртұтас социумның өмiр сүруi мен дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейдi. 2. Орташа социология немесе орта деңгей теориясы. Әлеуметтiк жүйенiң жекелеген құрамдас бөлiмдерiнiң әрекет етуi мен өзара байланысынң заңдылықтарын зертейдi. Бұған қала социологиясы, экономикалық социология, бiлiм беру социологиясы, саясат социологиясы, т. б. жатады. Яғни бұлар социология ғылымының жеке салалары.3. Микросоциология. Ол жекелеген адамдардң қимылы мен өзара қарым-қатынасын, мiнез-құлық, жүрiс-тұрыстарын бақылау арқылы әлеуметтiк құбылыстар мен процестердi зерттейдi. Социологиялық зерттеулер нәтижесiнде алынатын ғылыми қорытындылардың жалпылық дәрежесiне сәйкес бұл зерттеулер теориялық және эмперикалық болып екiге бөлiнедi. Социологиялық зерттеудiң алдына қойылған мiндет пен мақсатқа Сәйкес социология фундаментальды (iргелi) және қолднбалы (прикладная) болып екiге бөлiнедi.

Әлеуметтанудың зерттеу обьектілеріне орай, әлеуметгану білімі құрылымының тағы да бірнеше салаларын атап өткен жөн. Мысалы, өндіріс ұжымының, формалды емес топтар мен ұйымдардың, сонымен қатар жеке тұлғааралық қатынастардың кіші топтары мен жекелеген тұлгалардың тіршілік әрекетіне байланысты ғылыми түсініктер, көзқарастар, теориялар қалыптасқан. Жоғарыда келтірілген әр турлі әлеуметтік құбылыстар мен процестер төңірегіндегі барлық ғылыми түсініктер, ұғымдар, көзқарастар мен теориялар өзара байланысып, тұтас және күрделі әлеуметгану білімінің құрылымын қалыптастырады.

4.Әлеуметтанудың қызметтерi

Социологияның әлеуметтiк- қоғамдық қызыметi алуан түрлi:

Теориялық-танымдық қызыметiн iске асыру арқылы социология қоғамның мәнi, оның құрылымы, заңдылықтры мен тенденциялары, даму жолдар жөнiндегi бiлiмдi тереңдете, нақтылай түседi.

Саяси практикалық қызыметi- бұл әлеуметтiк зерттеулердiң нәтижесiне сәйкес әлеуметтiк өмiрдi жетiлдiруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстар бередi. Әлеумттiк болжау және жоспарлау саяси практикалық қызыметтiң формасы болып табылады.

Идеялық-тәжрибелiк қызыметi- Социологиялық зерттеулердiң тәрбие жұмысында қандай нәтижелер беретiнiнен көрiнедi. Әртүрлi топтардың мақсат, мүддесiн, дiнiн мәдениетiн т.б. құндылықтарын зерттегенде бейтараптық танытады, сыңаржақ, бұрмалаушылық жасамайды. Таптар, әлеуметтiк топтар өздерiнiң таптық, топтық мүддесi мен мақсатын белгiлеу және қорғау үшiн, өздерiнiң саясаты мен практикалық iс-әрекеттерiн ақтау, негiздеу үшiн Социологиялық зерттеулер нәтижелерiн кеңiнен пайдаланады.

Әдістемелікқызыметi , әлеуметтанудың концептуальды аппаратын құрастыруға, жаңа заңдылықтарды мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді;

Басқару функциясы, әлеуметтанумен ұсынылған шешімдер мен нұсқаулар қоғам, аумақ, кәсіпорын, ұйым аумағында шешім қабылдауға негіз болуына байланысты;

Тәжірибелік функция,тәжірибелік маңызы бар ұсыныстарды құрастыруға мүмкіндік береді;

Болжамдық функция,келешекте әлеуметтік үрдістердің тенденциясы жөнінде ғылыми негізделген болжамдарды құрастыру. Қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларының дамуын жоспарлау үшін, социологиялық зерттеулерді қоғам өмірінде қолданудың маңызы зор. Әлеуметтік жоспарлау бөлек аумақ пен елдердің, әлемдік қауымдастығының өмір әрекетінің белгілі үрдістерінен бастап, қала, ауыл, бөлек кәсіпорын мен ұжымдардың өмірін әлеуметтік жоспарлаумен аяқтап, кең аумақтарды қамтиды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]