- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
Әлеуметтік даму - қоғамның ұзақ уақыт бойына біртіндеп, баяу, жүйелі сандық және сапалық әзгеруінің негізгі түрілерінің бірі. Сонымен қатар қоғамның кез келген жаңа қалпына бұрынғымен салыстырғанда жоғары ұйымдастыру әрі қызметтер бөлінісі тән. Адамзат, мемлекет, тап, әлеуметтік жік немесе топ, партия, билік, заң шығару жүйесін, мәдениеттің (жалпы немесе жекелеген халықтың) және т.б. дамуын атап айтуға болады. Бірдей уақыт шамасында әр халықта даму қарқыны әркелкі әрі әртүрлі бағытты болуы мүмкін.
Әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады.
Әлеуметтік прогресс - қоғамдық өмірдің күрделенуі, "өндірістің, мәдениеттің әлеуметтік еркіндік, тендік, әділеттіліктік, өркениеттік бағытга дамуы. Келешекге әлеуметтік прогресс бүкіләлемдік, экологиялық мәселелермен сабақтас құралады. Адамдардың үнемі туындап отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаты Әлеуметтік прогресстің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан Әлеуметтік прогресстің өлшемін осы күштің аркасында қозғалысқа келетін өндіргіш күштердің дамуымен салыстыруға болады. Әлеуметтік прогресс қоғамды әлеуметтік қатынастардын өзгерісіне жетелей отырып, оны әлеуметтік теңдікке, әлеуметтік бостандықтың өркен жаюына, әлеуметтік әділеттілікке жетелейді.
Әлеуметтік прогресс қоғамының бірте-бірте күрделеніп, оның құрамдас бөліктерінің сапалық жаңа сатыларға көтерілуі, әрі тарихи жетілуі, қоғамның тарихи бір формациялық құрылыстан келесісіне өтуі, өндіргіш күштердің сапалық және сандық дамуларымен байланысты. Тарихи нақтылы кезеңдегі белгілі бір мемлекет көлеміндегі Әлеуметтік прогресс сол елдің әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың азайып, олардың араларындағы байланыстардың, бірліктік түсіністіктің нығаюы арқылы анықталады. Осылардың негізінде жеке адамның әлеуметтік құрылымда алатын орнына қарамастан олардың азаматтығының жан-жақты дамып жетілуі бірте-бірте шындыққа айнала бастады, әрбір адамның адамзаттык, рухани және материалдық мәдениетке, ғылым мен техника жетістіктеріне араласуы, солардың жетегіңде өзінің шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруы мүмкін
45
