Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.89 Кб
Скачать

38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз

Әлеуметтік бақылау дегеніміз – нормативті және де құқықтық реттеу көмегімен өзара әрекетесудің реттелуін қамтамасыз ететін тәсіл. Әлеуметтік бақылау өз ішіне екі элементті біріктіреді – бірі нормалар екіншісі санкциялар. Нормалар қоғамда қалай өзін ұстау керектігі жайлы нұсқаулар. Ал санкция – адамдардан әлеуметтік нормаларды сақтауды талап ететін мадақтау мен жазалау құралдары. Әлеуметтік бақылау формалды және формалсыз болады.Формалды бақылау ұйымдармен іс – жүзіне асырылады.Қоғамдық ұйым деңгейінде мұндай органдарға құқық қорғау органдары жатады.Формалды әлеуметтік бақылаудың үш негізгі әдәсә белгілі: изоляция (алшақтату), особление(шектеу), реабилитация (қайта қалпына келтіру).Алшақтату қайта қалпына келтіруге тырыспастан индивидті басқаларынан бөлек ұстау. Мұндай әдіс әсіресе қылмысты бірнеше рет қайталағандарға қолданылады. Шектеу де индивидті басқалардан бөлек ұстауға тырысады бірақ толығымен емес.Мысалы уақытша қамау немесе психиатриалық сауықтыру орындары.Қайта қалпына келтіру адамдардың қалыпты өмірге оралуы мен қоғамдағы әлеуметтік ролдерді орындауын қамтамасыз ететтін әдіс түрі. Бұл мысалы анонимді маскүнемдер мен норкамандар тобы болуы мүмкін.

Формалсыз бақылау девианттық іс - әрекеттің көбеюіне тыйым болатын мазақтау, сынау, психологиялық қудалау (остракизм) формасында көрініс табатын басымдылықтың бір түрі. Формалсыз бақылаудың негізгі төрт түр белгілі.: вознограждение (сыйтарту), наказание (жазалау), убеждение (сендіру), переоценка норм (нормаларды асыра бағалау). Әлеуметтік сыйтарту құптау көзқараспен, жымиумен байқалады және де басқа да құптау шараларымн байқалады. Жазалау жағымсыз көзқараспен, өткір сын айтумен, қорқыту – үркіту шараларымен көрініс табады. Сендіру де девианнық мінез – құлықты болдырмаудың бір тәсілі. Нормаларды асыра бағалау – бұл формалсыз бақылаудың ең қиын түрі. Мұнда девианттық болып саналатын іс - әрекет қалыпты болып бағалануы мүмкін. Әлеуметтік бақылау белгілі тәсілдермен іс – жүзіне асады. Оладың ең негізгісі әлеуметтену арқылы. Адамдар қоғам қажет ететіндей іс - әрекет жасауы тиіс. Әлеуметтендірудің нәтижесінде адамдар өздерінің біршама ролдерін санасыз түрде, яғни әдеті бойынша орындайды. Ал бұл әдеттер әлеуметтендірудің нәтижесінде қалыптасады.

39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз

Әрбір тұлға коғамда белгілі бір орынды иемденеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Жалпы мәртебені әлеуметтік және жеке статус деп бөледі. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт, жыныс, жас мөлшері, дін) коғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары, туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады. Таныстары мен туыстарының оны қабылдауы индивидтің жеке сапаларына орай болады. Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипатын, қызмет - лауазымын, материалдық жай-күйін, саяси ықпалын, партия мен кәсіподаққа мүшелігін, іскерлік байланысын, ұлтын, дінін, жас мөлшерін, отбасылық жағдайын, туыстық байланыстарын және т.б. қамтиды. Бұлардың бәрін Р. Мертон «мәртебелік жиынтық» деп атаған. Әлеуметтік мәртебе өз кезегінде адамның дүниеге келген сәтінен белгіленген, яғни субъектінен тәуелсіз, туғаннан сақталатын мәртебе: нәсілі, жынысы, ұлты және қол жеткен, яғни индивидтің әз күшімен жеткен мәртебесі болып бөлінеді. Кейде индивидтің аралас мәртебесі де болады. Ол жоғарыда аталған мәртебелердің екі белгісінен тұрады. Әдетте бір тұлғаның өзінде бірнеше мәртебе болады.Мысалы, тұлға: еркек, әке, күйеу, бала, оқытушы, профессор, ғылым докторы, редколлегия мүшесі, т.б.Мұндай мәртебе көбіне-көп негізгі жұмыс орнындағы кызметпен байланысты болады. Мысалы, ер адам үшін негізгі жұмыс орнымен анықталады: банк директоры, заңгер, жұмысшы, ал әйел адам үшін - тұрғылықты жерімен (бибі) айқындалады.Жоғарыда аталған мәртебелермен адамзат коғамындағы мәртебелер бітпейді. Маңдайға жазылған, әзі жететін, аралас, әлеуметтік, жеке мәртебелер, солармен катар кәсіптік, экономикалық, саяси, демографиялық, діни және қандас - туыстық негізгі мәртебелердің бір түріне жатады. Бұлардан басқа көптеп саналатын эпизодтық негізгі емес мәртебелер де бар. Мұндай мәртебелерге жаяу жүрушінің, куәгердің, демонстрацияға қатысушының, оқырманның, тыңдаушының, теледидар көрерменінің, баспана кезегінде тұрушының және т.б. жатқызуға болады. Әдетте, бұлар уақытша жағдайлар.Мысалы, профессор мәртебесі осы адамның өмірінде кәп нәрсені анықтайды, ал оның уақытша мәртебесі - жаяу жүруші екенін анықтамайды. Сөйтіп, адамның негізгі және негізгі емес мәртебелері болады, бірақ оның біріншісінің екіншісінен мәнді өзгешелігі бар. Бірде-бір адам мәртебеден немесе мәртебелерден тыс өмір сүре алмайды. Егерде ол бір мәртебеден кететін болса, міндетті түрде екінші бір мәртебені иемденеді.

Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен әлеуметтік топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаларға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Мұндай иерархиядағы орынды ранг деп атайды. Ол жоғарғы, ортаңғы немесе төменгі рангқа бөлінеді.Иерархия бір коғам шеңберінде топтар арасында (мұндайда иерархияны топаралық деп атайды) және бір топтың шеңберінде индивидтер арасында (топ ішінде) өмір сүре алады. Бұл жерде де адамның орнын «ранг» термині білдіреді.

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]