Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.89 Кб
Скачать

36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз

Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.Қазіргі таңда отбасыларды құрлымына қарай келесідей етіп бөледі. Мысалы; әлеуметтік таптық белгілеріне қарай – жұмысшы отбасы, ауылшаруашылық өндірістік отбасы т.б; орналасу ерекшеліктеріне қарай - қалалық, ауылдық отбасы; ұлттық белгілері бойынша бірұлтты, ұлтаралық; құрылған уақтысына қарай – жас отбасы, жастар отбасы, бал күткен отбасы, орта дас отбасылар, жасы жеткен отбасылар, үлкен жас шамасындағы отбасылар; отбасы мүшелерінің санына байланысты – баласыз отбасы, аз балалы отбасылар, көп балалы отбасылар. Сонымен қатар толық емес отбасылар, күрделі отбасылар, кең отбасылар, немесе үйде біреуінің басшылық ету типіне байланысты – авторитарлық әлде тең басқарушылық жағдайында эгалитарлық отбасылар деп бөлінеді. Отбасылық ерекше жағдайларға байланысты:

- студенттік отбасы;

- дистанттық (заңды түрде тіркелген алайда шын мәнінде ондай отбасы жоқ) отбасы деп бөледі.

- геологтар, теңізшілер,полярниктер отбасы.

Отбасы қоғамда бiрнеше маңызды қызыметтердi атқарады.

Отбасындағы қарым – қатынас сипатына байланысты;

- дұрыс отбасылар, бақытты отбасылар, тұрақты отбасылар, проблемді отбасылар, жан – жалды отбасылар,

-әлеуметтік нашар отбасылар бөлінеді. Бұла айтылғандардың барлығы отбасының атқаратын қызметтерімен анықталады. Ол қызыметтер мыналар:

1. Репродуктивтi қызметi - отбасы дүниеге ұрпақ әкелу арқылы қоғамды қайта толтырып отырады. Бұл отбасының басты функциясы болып табылады.

2. Тәрбиелеу қызметi - индивидтер алғашқы әлеуметтену процевiн отбавыда өтедi. Жас бала отбасыда тәрбиеленедi, өмiрге бейiмделе бастайды.Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

3. Экономикалық-шаруашылық қызметi - отбасы мүшелерi белгiлi бiр кәсiппен айналысады, әр-түрлi тауарлар мен қызыметтер өндiредi. Отбасы мүшелерi бiрiгiп белгiлi-бiр шаруашылықты жүргiзедi.Отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі.

4. Алғашқы әлеуметтiк бақылау қызметi - отбасы мүшелерiнiң әрбiр iс-әрекетi мен қимылы отбасының басқа мүшелерi тарапынан бақыланып отырады. Бұл қызымет қоғамдағы әлеуметтiк нормалардың сақталуына үлкен септiгiн тигiзедi. Отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

5. Рухани қарым-қатынас қызметi- отбасы мүшелерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста, қарым-қатынаста болады. Олар қуаныш пен қайғыны бөлiседi, қиын жағдайларда бiр-бiрiне көмек көрсетуге дайын тұрады. Олар арасындағы қарым-қатынас сезiмдiк, жанашырлық, сүйiспеншiлiк сипатта болады және бiр-бiрiн рухани дамытып отырады.Бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

6.Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

Отбасы қызметінің бұзылуы – бұл қиындық туғызатын немесе оның қызметін отбасымен бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы және ата-аналарының сәйкес білімі мен дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі келтіруі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]