Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.89 Кб
Скачать

29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз

Девианттық (десиантное) сөзi латын тiлiндегi deviate деген сөзден шыққан. Deviate-ауытқу дегендi бiлдiредi. Керiтартпа ғадет- бұл адамның қоғамдық, топтық нормалардан ауытқыған мiнез-құлқы. Адамның iс-әрекетi, мiнез-құлқы қоғамдағы нормаларға, ережелерге, стеореотиптерге (қалыптасқан пiкiр) одан күтiлетiн әрекеттерге, құндылықтарға сәйкес келмеуi.Керiтартпа ғадеттiң мәнiн ашу “норма” түсiнiгiмен байланысты. Өйткенi норманы бұзған, яғни нормадан ауытқыған адамның мiнез-құлқы керiтартпа ғадет болып табылады. Бұл жерде керiтартпа ғадет деп атының өзi бiраз нәрсенi айтып тұр. Керiтартпа керi, терiс, жағымсыз дегенге сай келсе, ғадет сөзi әдет, әрекет, мiнез-құлық деген сөздермен мағналас келедi.Әлеуметтiк норма-бұл нақты қоғамда тарихи түрде пайда болған тұлғаның, әлеуметтiк топтық немесе ұйымның шектелген iс-әрекетi. Норма мiнез-құлықтың реттелуiн қамтамассыз етедi және мiнез-құлыққа әлеуметтiк қадағалау жасайды. Яғни әлеуметтiк нормалар –бұл тұлғаның мiнез-құлқына, топқа бiр-бiрiмен, әлеуметтiк институттармен қарым-қатнас жасағанда қоғамның әлеуметтiк топтардың талаптарын бiлдiретiн ереже.Мысалы: Студент сабаққа кешiкпеуi, сабақтан қалмауы қажет, бұлда номаға жатады. Яғни, бiз күнделiктi өмiрде қаншама нормаларды орындап жүрмiз, Сол нормаларды орындаулар арқылы өз мiнез-құлқымызды реттеп, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстаймыз. Норманың бұзылуы қоғам, әлеуметтiк топтар тарапынан нақты негативтi реакция тудырады. яғни норманың бұзылуы-керiтартпа ғадеттi бiлдiредi. Қазiргi жағдайда керiтартпа ғадеттiң нгiзгi түрлерiне қылмысты, маскүнемдiктi, нашақорлықты, суицидтi, жезөкшелiктi жатқызуға болады.

Социология девианттық мінез-құлықты бес түрге бөлiп, олардың әрқайсысын жеке қарастырады.

1. Қылмыс- бұл заңды бұзу болып табылады. Яғни заңда тыйым салынған әрекеттердi жасау. Қылмыстың динамикасына әсер ететiн өте көп факторларды айтуға болады. Мысалы: әлеуметтiк жағдайы, айналысатын iс түрi, бiлiм деңгейi, кедейшiлiк, жұмыссыздық т.б. Бұл бәсекелестiк, жұмыссыздық, инфляция сияқты феномендердiң пайда болуымен сипатталады. Қылммыс- адамзаттан айрылмайтын нәрсе, оны жою мүмкiн емес. Сондықтан нақты мiндетке тоқталу қажет- ол қылмыстың темпiн төмендету.

2. Алкоголим- бұл спирттiк iшiмдiктердi шектен тыс пайдалану және содан тәуелдi болып қалу. Жалпы адамзатқа мас қылатын сусындар ертеден белгiлi. Олар өсiмдiктерден жасалып, дiни салттың бiр бөлiгi ретiнде қолданылды және мерекелер iшiмдiкпен атқарылды.Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек 90% бұзақылық, қыз зорлау т.б. қылмыстардың 40%-ы мас болумен байланысты жасалады екен. Сондай-ақ кiсi өлтiру, жарақаттау, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстардың 70%-ы сау емес күйде жасалады және барлық салыстырулардың50%-ы маскүнемдiкпен байланысты көрiнедi. Қоғамның алкоголизммен күресу тарихынан екi бағытты аңғаруға болады:

1.Спирттiк iшiмдiктерге қол жеткiзудi қиындату, оны шығармау сатуды қысқарту, бағасын көтеру, тыйымдар мен шектеулердi бұзғаны үшiн жазаны күшейту

2. Алкогольға сұранысты төмендету бағытына күш салу өмiрдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсарту, жалпы мәдениет пен рухани өмiрдi дамыту, алкогольдың зияндылығы туралы пiскен, жетiлген мәлiметтердi қарапайым түрде тарату, халыққа алкогольсыз мiнез-құлық стереотиптерiн қалыптастыру.

Алкоголизм мен маскүнедiк проблемаларын сәттi шешу үшiн экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, психологиялық, демографиялық, құқықтық және медициналық аспектiлердi есепке алу қажет.Маскүнемдiктiң екi түрi бар:

1. Моральға жат.

2. құқыққа қарсы.

3. Нашақорлық- (бұл грек тiлiнде narke-ағытылу және mania-құтырушылық, ақылсыздық дегендi бiлдiредi).Нашақорлық-бұл әлеуметтiк құбылыс ретiнде есiрткiнi қолданудың таралып кету дәрежесiмен немесе соларға ұқсас заттарды медицинаның рұқсатынсыз қолданумен сипатталады. Негiзгi есiрткiнi қолданушы адамдардың жасы 30 жас шамасында болады. 60% нашақорлар 19 жасқа дейiн өмiрiнде бiрiншi рет қолданады екен. Мiне осылайша нашақорлық ең алдымен жастар мәселесi, яғни жастардың бүгiнгi таңдағы ең үлкен проблемасы.

4. Жезөкшелiк- Бұл қыздардың өз тәнiн саудаға салуы. Жезөкшелiкке қыздардың баруының көптеген әлеуметтiк, экономикалық, мәдени, т.б. себептерi бар. Жезөкшелiктен қоғамға келетiн зиян өте үлкен. Көптеген жұқпалы, қауiптi аурулар осы жезөкшелiкпен айналысатындар тарататыны белгiлi, сондай-ақ осы жолға түскендердiң басым көпшiлiгi жақсы жанұя құра алмайды, дүниеге денiсау бала әкеле алмайды.

5. Суицид- бұл өз өмiрiн қиушылық, яғни өзiн-өзi өлтiру.Бұл құбылыс әр дәуiрде, әр мәдениетте өздiгiнше бағаланады. Нақты суицидтiк акттердi бағалауда көп нәрсе мотивтерге, жағдайға, тұлғаның ерекшелiгiне байланысты болады. Өзiн-өзi өлтiру тек басқа түскен проблемадан құтылу үшiн ғана емес, ерлiк жасау жағдайында жасалады. Мысалы, көп адамды немесе балаларды құтқарып қалу үшiн немесе отаны үшiн адам өз өмiрiн өзi қиып ерлiк жасауы мүмкiн. Француз социологы Э. Дюркгейм суицид туралы жазған еңбегiнде өзiн-өзi өлтiру ол адамның iшкi сезiмiне байланысты емес, ол сыртқы ортаға байланысты деп түсiндiрдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]