- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
28.Әлеуметтік ұйымдар
Әлеуметтік институттар әлеуметтік ұйымдармен тығыз байланысты. Н.Смелзер ұйымды қысқаша былай анықтайды: бұл "белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін жасақталған үлкен топ”."Ұйым” деген сөздің өзінің әр түрлі мағынасы болады.
Біріншіден, қоғамда белгілі бір орын алатын және азды-көпті айқын белгіленген функцияларды орындауға арналған институттану сипатындағы жасанды бірлестікті ұйым деп атауға болады. Бұл мағынасында ұйым белгілі мәртебесі бар әлеуметтік институт болып табылады және автономдық объект ретінде қарастырылады.Екіншіден, "ұйым”термині функциялар бөлінісін, орнықты байланыстар орнатуды, үйлестіруді және т.б. қамтитын ұйымдастыру жөніндегі белгілі бір қызметті білдіре алады. Бұл жерде ұйым объектіге көзделген мақсатпен ықпал етумен байланысты, демек ұйымдастырушы мен ұйымдасатындар контингенті болатын процесс болып табылады.Бұл мағынасында "ұйым” ұғымы "басқару” ұғымымен парапар келеді, әйткенмен түпкілікті емес.
Үшіншіден, ұйым дегенде қандай да бір объектінің тәртіптелу дәрежесі ойға келуі мүмкін. Онда бұл терминмен белгілі бір құрылымды, құруды және объектінің әр түрі үшін ерекше болатын бөліктерді біртұтастыққа біріктіру тәсілі ретіндегі байланыс түрлерін белгілейді.
Әлеуметтік ұйым - нақты мақсаттарға жету үшін бағытталған адамдар арасындағы әрекеттің реттелген үйлесімді тәсілі.Қоғам әлеуметтік ұймдардың болуы мүмкін емес. Әлеуметтік ұйым (француздың), organisation – құрастырып жатырмын, қалыптастырып жатырмын – (кейбір) өзара байланысқан спецификалық мақсаттарға қол жеткізу мен жоғары формалданған құрылымды қалыптастыратын кейбір қатыастардың жүйелерін құрайтын кейбір көптеген индивидтерді біріктіретін белгілі құрылы. Әлеуметтік ұйым тек қана мына жағдайда пайда болады, егер қандай да бір жалпы мақсаттарға қол жеткізу жеке мақсаттарға қол жеткізуің арқасында болса, немесе керісінше индивидуалды мақсаттарға қол жеткізу жалпы мақсаттарға қол жеткізудің арасында болса.
Ұйымдардың мақсаты дегеніміз – бұл күткен нәтиже немесе ұйым мүшелері ұжым қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өзінің белсенділігін пайдалана отырып жағдай жасауға тырысады. Қандай да болмасын (әлеумет) институттардыі басты элементі әлеуметтік құрылымы болып табылады. Ұйымдардың әлеуметтік құрылымы дегеніміз - өзара байланысқан ролдердің жиынтығы болып табылады, сонымен қатар, ұйым мүшелері арасындағы бір ретке келтірілген қарым-қатынастары, ең алдымен билік және қол астындағылардың қарым-қатынасы. Ұйымдар әлеуметтік құрылымы бойынша формалданған дәрежесі бойынша бөлінеді:
-Формалды ұйым – (латын тілінде – forma – түр, келбет, образ) – бұл әлеуметтік позициялар мен олардың арасындағы қарым-қатынастары белгілі құрылымдар мен нақты белгіленген және де осы позицияларға ие мүшелердің жеке мінездерінен тәуелсіз әлеуметтік ұйымдардың әдісі. Мысалы директор іскер және энергичный болуы мүмкін немесе пассивті және жұмысқа құлқы жоқ болуы мүмкін. Ал орындаушы өте дарынды болуы мүмкін, алайда ол әлеуметтік ұйымда директордан кейін тұр. Әр бір формалды ұйым ішінде формалсыз ұйым болады.
-Формалсыз ұйым дегеніміз – бұл өздігінен пайда болған әлеуметтік жүйелер мен нормалардың, өзара іс-әрекеттердің жүйелері. Бұл жерде іскер және дарынды қызметші мекеменің директорынан жоғары статусқа ие болуы мүмкін. Формалсыз ұйымдарда ресми ережелер жоқ және олар тұрақсыз болады.
Әлеуметтік ұйымның бірқатар өзіне тән белгілері бар
-Ол белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылып,мақсатқа қол жеткізуі арқылы бағаланады.
-Мақсатқа қол жеткізу жолында ұйымның мүшелері рөлдері мен мәртебелері бойынша бөлінуге мәжбүр болады.
-Ұйым еңбек бөлінісінің және оның функционалдық белгілері бойынша мамандандырылуының негізінде пайда болады.
