- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
“Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады — әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады.
Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Қоғамдық құбылыстар мен үдерістердің бәрі жүие ретінде қаралады. Қоғам ең жалпы және күрделі әлеуметтік жүйе болып саналады. Әлеуметтік жүйе-ол бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын, жеке бөліктерден тұратын біріңғай, ілдебір әлеуметтік обьектіні құрайтын әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің тұтастық жиынтығы, құрылымы, кешені. Әлеуметтік жүйенің тұтас құрылымдық бірлік ретінде негізгі бөліктеріне адамдар, олардың топтары мен қауымдастықтары, өзара байланыстары мен әрекеттері, құндылықтары мен мөлшерлері, институттары мен ұйымдары жатады. Қоғам өзінен-өзі дамушы әлеуметтік жүие ретінде негізгі бөлшектері-адамдардан құрылады. Өз кезегінде адамдардың әлеуметтік әрекетің олардың иелегген әлеуметтік мәртебесі, орындайтын рөлдер, осы қоғамда қабылданған мөлшерлері мен құндылықтары және жеке қасиеттері анықтайды. Кез келген жүйе екі қырыннан алып қаралады. Біріншіден, оның құрылымы тұрғысынан, яғни жүйешенің қандай бөліктері біртұтастықты құрады, бір-бірімен байланысты қалай орнатады және қалайша сыртқы ортамен өзара әрекет етеді. Екіншіден, Қуатты қозғалмалылығы аясында, яғни өмір сүрудің өзгермелі жағдайларына әр бөлігінің белгілі қатал атқаратын қызметін орныдау жолымен бейімделуі.
Әлеуметтiк құрылым дегенiмiз әлеуметтiк топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтiк институттардың жиынтығы олардың байланыстары, арақатынастары. Сонымен, әлеуметтiк құрылым бiрiншiден, белгiлi бiр элементтерден, нақты топтардан тұрады, солардың қосындысы, жиынтығы. Екiншiден, айтылған топтар өзара қатынастарда, түрлi байланыстарда болады. Әлеуметтiк құрылымның басты, негiзгi элементтерi әлеуметтiк топтар, страталар, таптар дедiк. Ендi осы топтарға анықтама берiп көрейiк. әлеуметтiк топтар деген жалпылама ұғым, бұл ұғымға негiзiнде қоғамдағы адамдар топтарының барлығы кiрдi.Әлеуметтiк топ –бұл белгiлi жекелiк, ұжымдық және қоғамдық мүдделер мен мақсатарды жүзеге асырушы азды-көптi әрекеттенушi адамдардың жиынтығы. Әлеуметтiк топқа кiретiн үлкен топ- бұл тап. Тап ұғымы экономикалық әлеуметiк топтарды белгiлеуге қолданылады. Көбiнесе тап ұғымы екi мағынада берiледi.Бiрiншiсi кең мағынада, бұл мағынада тап дегенiмiз өндiрiс құрал-жабдықтарына белгiлi қатынасы бар, қоғамдық еңбек бөлiнiсiнде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдiстер арқылы алатын табыстарының өзiндiк мөлшерi бар, үлкен әлеуметтiк топтар.Екiншiсi тар мағынада тап дегенiмiз әлеуметтiк топтар, страталар. Олардың ең басты белгiлерi: кiрiс, табыс, мамандық, билiк, бiлiм деңгейi, мәдениет, т.б. Қарапайым түрде қоғамның басты элементтерi деп мыналарды айтамыз:
1. Өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар.
2. Қоғам мүшелерiнiң бiрiгуi, топтасуы негiзiнде пайда болып дамып отыратын әлеуметтiк топтар.
3. Сол қоғамда қалыптасқан белгiлi бiр функцияларды атқаратын әлеуметтiк институттар.
Индивидтер - сол қоғамда өмiр сүрiп отырған жеке адамдар.
Әлеуметтiк топтар - белгiлi бiр ортақ белгiлерi бар, яғни мүдделер, құндылық бағдарлары, атқаратын қызымет, iс-әрекетерi ұқсас адамдар жиынтығы.
Институт- бұл белгiлi бiр әлеуметтiк қажеттiлiктердi қанағаттандыруға арналған
23 Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды. Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгерлеп, дамиды,мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байданысты.
Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.
1. Материалдық - бұл өндірістегі құрал-саймандар, техника, құрылымдар, т.б.;
2. Рухани- бұл ғылым,өнер, әдебиет,;
Адамдар күнделікті өмірде мәдине құбылыстардың әр түрлі түсінеді.
Біреулер мәдениетті қоғамдағы құндылықтарды адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде меңгеріп алуы десе,екіншілері- қоғамдағы адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде пайда болған адамның сапалы ақыл-ойы, мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде қарайды. Осы тұрғыдан олар адамның саяси, құқықтық, кәсіби (мамандық), эстетикалық, т.б. мәдениетті адамның туралы әңгіме қозғайды; үшіншілері, мәдениетті адамның шығармашылық қабілетімен, оның білгіштігімен, көркем әдебиетті, өнерді, басқа тілдерді білумен, кішіпейілдігімен, өзін-өзі ұстап білумен, құқықтың жауапкершілігімен ұштастырады.
Бұл анықтамаларда мәдениет ұғымы бір жақты қаралып бұрмаланған. Шынын айтсақ, бұл жерде жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының нақтылы, негізгі жолдары туралы айтылмақ. Жеке адамның мәдени мұралар мен мұраттарды, яғни алуан түрлі құндылықтарды, ережелерді, нұсқауларды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, бүкіл адамзаттың озық тәжірибесін жан-жақты меңгеріп, бойына сіңіруі, адамдардың бұларға жаппай тартылуын, оларға белсенді, жауапты қатынасын, араласын, білім мен тәрбинің тығыз байланыстығы туралы айтылмаған. Ол ол ма, жеке адамның мәдениетін, санасын, белсенділігін, жауапкершілігін неғұрлым жоғары дәрежеде арттыратын қоғамдағы өндіргіш күштердің, ғылым мен қоғамды ғылыми басқаруға, мдемократияны дамытуға, күнделікті материалдық тұрмыс-жағдайында, адамның үйлесімді дамуына осылардың тікелей немесе жанама тигізетін әсері туралы да ештеңе айтылмаған. Ақыр аяғында бұл факторлар адамның әлеуметтану процесін құрайтыны естен шығарылған. Қазіргі уақытта мәдениеттің 300-ден астам анықтамалары бар. Осылардың әрқайсысына тоқталмай-ақ, оның негізгі мынандай үш анықтамасына тоқтауды жөн көрдік.
Мәдениет- адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының,еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәжірибесінің негізінде жинақталған және адамгершілік қасиеттерінің, ғылымының, білімінің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б. мұраттардың жиынтығы.
Адамдардың шығармашылық іс-қызметінің тәсілі. Қоғамдағы әрекеттер барысындағы әр түрлі кертартпалық қате түсініктерге, теріс ұғымдарға, ережелерге, ұсыныстарға, жоқ нәрсеге сенуге, ескі көзқарастарға, әділетсіздікке, әдепсіздікке, формализмге қарсы күресін жоққа шығаруды айтады.
К. Маркс айтқандай, мәденит адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегін, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп, күнделікті өмірде қолдануды білдірмек.
Сонымен, мәдениет дегеніміз, жеке адам бойындағы қасиеттердің дамуы және қоғамдағы құндылықтармен ұштастырылып, әлеуметтік процестермен біте қайнасуиы болып табылады.
Мәдениет қоғамның ерекше бір салалы жүйесі. Бұл қоғам мен адам дамуының сапалық сипаттамасы ретінде субъектінің қоғамға, табиғатқа қатынасының деңгейін білдіретін категория.
Жоғарыда көрсетілгендей, осыған сәйкес жалпы мәдениет ұғымы нақтыланып, ол еңбек мәдениеті, өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, көркемөнер мәдениет, саяси мәдениет, мінез-құлық мәдениеті, басқару мәдениеті, т.б. түрінде көрініп отырады.
Мәдениет-тұтас бір құбылыс, оны зерттегенде жүйелік талдау әдісі қолданылады. Бұл әдісті негізінде екі тұрғыда қолдануға болады. Бірінші тұрғыда мәдениет қоғамның, оның әрбір саласының сапалық сипаттамасы ретінде болады, екінші тұрғыда-мәдениет жүйе ретінде, яғни оның құрылымы, оған кіретін бөліктер, элементтер, олардың арасындағы байланыс-қатынастарды, мәдениеттің жүйелік салаларын зерттейді. Мәдени процесте адам тек қана жай жасаушы ғана емес, сонымен қатар ол ешқандай табиғи керемет сырт күштерге қарамастан оны дамытушы, жетілдіруші, өзгертуші, қайта құрушы жасампаз куш. Адам іс-әрекеті дамуының өзі мәдени құбылыстың жеке көрінісі болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, жалпы мәдениет құрылымы екі үлкен бөліктен құралады:
1) Материалдық мәдениет. Бұл адамның табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен байланысты; 2) рухани мәдениет. Бұл адамның дүниесін және оның әлеуметтік өмірін өзгертумен байланысты болады. Осы жерде айта кететін бір мәселе бар.
Біздің әлеуметтік дүние танымызда руханилық, адамгершілік және құнды қасиеттер, әсіресе, шындық, әділеттілік және әдемілік негізіндерінде адамның бостандығын, еркіндігін терең түсіну үстем болып келді. Ал, бұлардың арасындағы қарама-қатынастар мен байланыстар өте күрделі болғандықтан, адамның руханилығын бір жақты ғана қарауға болмайды. Керісінше, руханият адамның ішкі дүниесінің өзгеруі, құндылықтардың, мысалы, жақсы мен жаманның, шындық пен өтіріктің, т.с.с. аражігін ажырата білу негізінде пайда болады. Өзінің сұрыптау, реттеудегі іс-қызметін анықтағаннан кейін адам өзінің жүргізілетін әлеуметтану зерттеулерінде сүйенсек, құндылықтар, олардың жүйелері әр уақытта ауысып отырады, ал , адамгершілік қасинттерді алдынғы орынға қоятын санада өздерінің ішінара орналасу реті, тәртібі болады. Мысалы, социализм кезінде азаматтық, еңбек сүйгіштік, міндет, борыш, қарыз, кішіпейілдік, қаржылық бағалық, құндылықтар болса, қазір, нарықтық жағдайда, олар:мейірбандық, қайырылымдық, іскерлік, табыс, ерекше үлгі-тұлға болып өзгерді.
Қазіргі қоғамдық-саяси кезең адам тұлғасының рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өміріне бір жақты әсер етпейді. Жалпы қоғамның рухани өмірінің дамуына екі үлкен бағыт (тенденция) бар екенін аңғартады: Біріншісі, жалпы адамзаттық құндылықтардың таптық құндылықтардан артықшылығын, басымдылығын көрсетеді және жалпы адамзат құндылықтары адамның іс-қызметімен тығыз байланысты. Адамдардың рухани мүмкіншілігі тоқырау уақытында да бұзылған жоқ, ол қазіргі уақытта іске асырылуда. Екінші бағыт, ел-жұрттың белгілі бір бөлігіне ғана тән. Бұл бөлік бұрынғы идеологияық құндылықтардан, ережелерден қол үзгеннен кейін адамдардың ішкі рухани кеңістігі тұмшаланып қалды. Ал, адамның рухани өмірінің осындай жағдайда болуы адамдардың қорқынышын, енжарлығын, селқостығын (апатия) немесе керісінше, ойға келиейтін олардың тым белсенділігін туғызып отыр. Соған орай осындай жағымсыз, теріс құндылықтарды терең біліп, түсіну, ұлттардың жағымды әдет-ғұрыптарын жаңғартып дамытуға, оларды өмірде қолдану, адамдарда ыдыратуға емес, ымыраластыруға шақыратын жағымды құндылықтарды насихат құралына айналдыру керек. Бұл әлеуметтік және рухани сабақтастығы үзілген, бытыраңқы, «басы бірікпейтін» қарым-қатынастарды жоюға көмектеседі.
24menzesh 17
25. Тұлғаның әлеуметтанулық түсінігін түсіндіріңіз.
Тұлға ұғымы “индивид”, “адам” ұғымдарымен салыстырғанда анықталады. “Адам” ұғымы барлық адамдарға тән қасиеттер мен қабілеттерге мінездеме беру үшін қолданылады. Бұл ұғым адамның жануардан, өсімдіктерден, машинадан айырмасын атап көрсетеді. Хомо Сапиенс- “ақылды адам” –тарихи дамудың барлық сатыларындағы, жер шарының барлық нүктелеріндегі адам дегенді білдіреді. Тұлға бұл адамдық тұлғаның бет пердесі, индивидтің дамуының қорытындыс, жемісі, оның аталған қоғамдық жағдайлардағы көрінісі. Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан зерттеу-тұлғаның әлеуметтік типің бөліп шығару. Осымен байланысты тұлғаның қалыптасуы, оның топтар мен ұжымдардағы қажеттілігінің, мұқтаждығының дамуы, тұлғаның өзінің мінез-құлқын басқаруы, өзіне-өзі ие бола білуі, айналасындағыларымен қарым-қатынасы т.б зерттеледі. Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады.
Әлеуметтiк қатынастардың және iс-әрекеттiң субъектiсi ретiнде тұлғаны қарастырады. Сонымен қорыта келгенде жаңа туылған сәби тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегiнiң өкiлi. Тұлға әлеуметтену процесi арқыл қалыптасады. Әлеуметтену- бұл өмiр сүру үшiн қажеттi бiлiмдердi, нормаларды, мәдени құндылықтарды менгеру болып табылады. Адам туылғаннан өмiрінiң соңына дейiн әлеуметтену процесiн өтедi. Бiз тұлғаны әлеуметтiк орта қалыптастырды деген болатынбыз. Осы арада әлеуметтiк орта деген не? Соған қысқаша тоқталайық. Әлеуметтiк ортаға ата-анамызды, достарымзды, туысқандарымызды, әрiптетерiмiздi, әртүрлi iс-әрекет жасағанда қарым-қатынасқа түсетiн адамдарды жатқызуға болады. Бiз күнделiктi өмiрде айналамыздағы адамдар тарапынан әлеуметтенемiз. Сөйлеудi, жазуды, өзiмiздi ортада қалай ұстап, қалай жүрiп-тұру керек екендiгiн үйренемiз. Мектептерге, әртүрлi курстарға бару арқылы бiлiм аламыз, көп нәрселердi үйренемiз. Ортаға бейiмделу де әлеуметтенуге жатады. Бала туылғант кезiнен бастап жанұясында тәрбиеленедi, яғни жанұяда әлеуметтенедi. Өсе келе балабақшаға, мектепке барады, онда да көп нәрсенi үйренiп бiлiм алады. Одан кейiн жоғары оқу орнына түседi немесе жұмыс iстейдi, Мұнда да бiлiмiн тереңдетедi, қасындағы достарына, жұмыс ұжымына бейiмделедi. Ослай әлеуметтену жалғаса бередi. Адамға қартайған шағында зейнеткерлiк өмiрге, қартайғандыққа байланысты туындаған жағдайларға бейiмделуге, кейбiр iс-әрекеттерге дағдылануға тура келедi. Яғни әлеуметтену процесi үздiксiз жүре бередi. Әлеуметтену ұғымы мен қатар әлеуметтендiру деген ұғым бар. Әлеуметтену- бұл үйрену, бiлiм алу, тәрбие алу, меңгеру, бейiмделу болса, әлеуметтендiру- бұл үйрету, бiлiм беру, тәрбиелеу, меңгерту, бейiмдеу болады. Жоғарыда айтқанымыздай алғашында ата-анасы, содан соң мұғалiмдер, достар, жұмыс ұжымы, т.б. әлеуметтендiредi.
26. Көптеген авторлар, мәдениеттану саласында еңбек жасаушылар, XVIII ғ. ағартушылары, мәдениетті «философия тарихының» негізгі ұғымдарына айналдырып, мәдениет теориясы ғылым ретінде адамзаттың рухани дамуының тарихы тұрғысында пайда болған деп тұжырымдайды.
Мәдениет теориясының дамуындағы бірінші кезең шамамен осы уақыттары көрінді. Осы кезеңдері, мәдениеттануда күні бүгінге дейін әр түрде талқыланып келе жатқан мәселелер кешені, әсіресе: мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің бірін-бірі жалғастырушылығы, мәдениет құрылымдары және функциялары тәжірибе тұрғысында кисынға келтірілді.
Алайда ертеректегі антикалық авторлардың шығармаларында мәдениет теориясының пайда болуының өзі сол тарихтың көне түпкірінен басталғандығын көреміз.
Соңғы жылдардағы ізденістер мәдениет феноменін теориялық тұрғыда үғу ежелгі грекия полисінің алғашқы дағдарыстарының белгі бере бастаған кездерден басталды. Ол уақыт ежелгі грекия қоғамының Перикл басқарған дәуірі еді, дамудың төменгі сатысына қарай кұлдыраған уақыт болатын. Міне, дәл сол уақыттары софистерде табиғат әлемімен қатар, бірақ одан өзгеше адам арқылы жасалатын дүниенің бар екендігі туралы идея қалыптасты.
Бірақ софисттер «мәдениет» терминін пайдаланбаса да және философиялық танымның негізгі мәселесі ретінде мәдениеттің мәнін айқындауды қажет деп санамаса да, мәдениеттанудың даму векторын анықтады, мәдениеттануда бүгінгі күнге дейін қарастырылып жүрген мәселелер тобын қисынға келтірді.
Мәдениет феноменін теориялық ұғу жолының келесі қадамын ертедегі Рим ойшыларыжасады. Олар, «мәдениет» терминін айналымға енгізіп қана қоймай, сонынен қатар «жанды өңдеудің» құралы философия екендігі туралы, адамның мәдениеттілігінің даму барысы мен тәрбиенің арасындағы өзара байланыс туралы бағалы ойлардың қатарын жобаға келтірді.
Бұдан әрі мәдениет феноменін теориялық ұғыну эстафетасын Қайта өрлеу ойшылдары жалғастырды. Олар адам мәдениеттілігінің идеалдық негізін жасады, мәдениеттің бірін-бірінің жалғастырушылық идеясына дәлелдемелер келтірді, орта ғасыр ойшылдарының уақытындағы ұмыт болған классикалық көне мұраларды қалпына келтірді.
Мұны әрі қарай жалғастырушылар болып Жаңа уақыттың философтары саналады. «Мәдениет» терминінін дербес лексикалық бірлікке айналуына жағдай жасады, сонымен қатар мәдениеттіліктің белгілері туралы, ғылымның, техниканың, діннің және өнердің аралық байланыстары туралы, Еуропада қоныс тепкен халықтар жасалған мәдениеттердің ұқсастығы туралы сұрақтарды қойды.
27.Тұлғаның дамуы теориясын көрсетіңіз.
Отандықпсихологтардың айтуынша, жеке тұлға арқылы өзінің негізінде дамиды; Психологияда жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін сыртқы детерминация мәседесі пайда болды. Толыққанды адамның қалыптасуының психикалық механизімі әлеуметтік деттерминанттарға ие болумен қатар, жеке тұлғаның құрылымы мен жағдайы, іс-әрекеттерін жасайтын үрдістер мен жүйелерден тұрады. Тұлға дамуының теориялары; 1. Биологизаторлық теолия-адам ол биологиялық тіршілік иесі. Тұлғаның рухани қасиеттері табиғи негізде қалыптасады, даму және мінез-құлық туа біткен қажеттілік. Қажеттілік пен қызығушылық инстинкттермен, сыртқы талаптармен анықталады. Тәрбие табиғи дамуды жылдамдатады немесе тежейді. 2.Әлеуметтік теория- адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді, бірақ өмір сүру барысында ортаның әсерінен әлеуметтенеді. Тұлға қалыптасуында негізгі фактор-әлеуметтік фактор. Тәрбие ортаның ықпалын реттеуге бағытталады. 3. Биоәлеуметтік теория- адам биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі; психикалық процестер биологиялық сипатқа ие, ал бағыттылық, қабілеттіліктер обьективті және арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік орта әсеріне байланысты. Бұл көзқарас өзін-өзі тәрбиелеу мен іс-әрекеттің рөлінің маңызын төмендетеді.
Француз психологы Жан Пиаже тұлға дамуының бiрнеше сатыларын көрсеттi. Ол ойлауды үйрену процесiн зерттедi.
1. Туылғаннан-2 жасқа дейiнгi кезең. Сенсомоторлы саты деп атады. Бұл кезде балалар қоршаған ортадағы заттардың үлгiсiн көп уақытқа есте сақтап қалу мүмкiндiгi қалыптасады. Мұны кез-келген бала күтушi (няня) дәлелдейдi. Кiшкентай бала ата- анасы бiржақа кеткенде шынғырып жылайды, ал жарты жылдан соң күлiп тұрып қол бұлғап шығарып салады.
2. 2-7 жас аралығы алғашқы операционалды деп аталады. Бұл кезде балалар Символдар мен олардың мәнiн ажыратуды үйренедi. Бұл кезең басында олардың құмнан тұрғызған үйiндiлерiн бiреу бұзса олар ренжидi, өйткенi ол үйiндiлер олардың өз үйлерiнiң символы, ол үйiндiлердi үйiмiз деп түсiнедi. Ал кезең соңында олар Символ мен затты ажыратады.
3. 7-11 жас аралығынақты операциялар сатысы. Бұл кезде балалар ойланып iс-әрекет жасауды үйренедi. Бұған дейiн олар ойланбай тек қолымен iстеген болса, ендi ойланып iстейдi. Егер бұл кезеңде балаларға қатарынан жатқан алты ағашты көрсетiп, көп ағаштың iшiнен осындай көлемде ағаш ал десең, олар қиналмай алады. Ал бұл жастан кiшi жастағы бала әр ағашты бiртiндеп алып қатар ағаштардың қасына бiр-бiреуден қояр едi.
4. 12-15 жас аралығы. Бұл соңғы саты формальды операциялар деп аталады. Бұл кезде жас-өспiрiмдер логикалық және математикалық тапсырмаларды шеше алады, өнегелiк проблемаларды ойлайды, болашақ туралы толғанады. Ары қарай дамуы осы сатыда менгерген ақылы мен дағдыларына байланысты болады. Мiне Жан Пиаже тұлға дамуын 4 сатыға бөлiп, осындай мысалдармен түсiндiрдi.
