Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.89 Кб
Скачать

19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз

Әлеуметтік қауымдастық — бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер денгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі.

Әлеуметтік қауымдастық әлеуметтік байланыс арқылы біріккен адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың негізгі екі түрін бөлуге болады: әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы. Мұндай қауымдастықтар байланыстың тұрақтылығы мен осы қарым-қатынастар жүзеге асырылатын саланың маңыздылығына байланысты үлкен немесе кіші ынтымақтастық импульсына, конформизм элементтеріне ие болады. Өзара әрекет түріндегі (мысалы, жіктелген, реттелген әрекеттер жүйесімен алмасу сияқты) бірігу, ынтымақтастық, бірлесе еңбек етудің келісілгендігі сияқты байланыстар негізінде жатқан қауымдастықты әлеуметтік топ деп атауға болады.

Әлеуметтік қауымдастық - қандай да бір ортақ белгілері, ортақ мүдделері, ортақ мақсаты, ортақ мінез-құлық түрі бар адамдар жиынтығы; бірқатар нақтылы әлеуметтік қауымдастықтардың жалпы атауы ретінде қолданылатын ұғым. Ұлттық, этникалық, таптық, діни, кәсіби, аумақтық, әлеуметтік-мәдени, дәрежелік, демократиялық және басқа да әлеуметтік қауымдастық түрлері белгілі. "Әлеуметтік қауымдастық" ұғымы саясаттануда кеңінен қолданылады. Егер олар өзінің ерекше мүддесін сезініп, оны жүзеге асыру мақсатымен ұйымдасатын болса, онда әлеуметтік қауымдастықтар саяси қатынастардың субъектісіне айналады. Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды.

Мәселен, бұл топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы)

3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар)

ІІ. Көлеміне қарай:1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.

ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтеріне әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар жатады.

Қоғам әртүрлі топтардың: үлкен және кіші, реалды және номиналды, алғашқы және кейінгі топтардың жиынтығы. Топ адамзат қоғамының фундаменті. Әлеуметтік топ деп - әлеуметтік белгілері бар кез-келген адамдардың жиынтығын айтамыз (жынысы, жасы, ұлты, нәсілі, кәсібі, табысы, білімі т.б.). Әлеуметтік топ – жеке адам мен тұтас қоғамның арасындағы өзіндік байланыс. Сонымен қатар, топ ұжымдық процестер қалыптасып, дамитын орта ретінде де сипатталады.Сонымен, әлеуметтік топ – жеке адамдардың бірлескен, ынтымақтасқан әрекетті жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың, олардың бірлестіктерінің әлеуметтік өзара әрекетінің негізгі бір формасы.Ғалымдардың пайымдауынша, адамдардың көптеген ерекшеліктері – абстрактылы ойлау, сөйлеу, тіл, өзіндік тәртіп пен адамгершілік қасиеттері топтық әрекеттің нәтижесінен болады. Топтарда норма, ереже, дәстүр, әдет-ғұрып, рәміздер туындайды, яғни топтарда әлеуметтік өмірдің фундаменті қаланады. Әлеуметтік топтарды ауқымына, әлеуметтік белгілеріне қарай былайша жіктеуге болады:

1) номиналды топ – тұрғындарды статистикалық есепке алуға арналады. Бұндай топты әлеуметтік категория деп те атайды. Әлеуметтік категория - тұрғындарға статистикалық сараптама жасау мақсатында құрастырылған топ. Олар үлкен әлеуметтік топтарға жатады (мысалы: психдиспансерде есепте тұрғандар, көпбалалы, азбалалы отбасылар т.б.).

2) реалды топтар – үлкен және кіші болуы мүмкін. Олардың реалды аталуының себебі, бұндай топта адамдар нақтылы әлеуметтік белгілеріне қарай ажыратылады. Реалды топтардың өзін жеке таптарға бөлуге болады:

- стратификациялық: құлдар, касталар, жіктер, таптар;

- этникалық: нәсіл, ұлт, халық, тайпа, клан;

- территориялық: қалалық, ауылдық т.б.

Әлеуметтік топтарды қарастыру барысында әлеуметтік ұйым түсінігімен кездесеміз. Ұйым легитимді мақсаттарға жету үшін құрылған адамдар бірлестігі. Ұйымдар құрамына қарай үлкен де, кіші де болып кездеседі. Осыған орай әлеуметтік ұйымдар алғашқы және екіншілік (кейінгі) ұйымдар болып екіге бөлінеді.

Алғашқы топ – индивидтердің алғаш рет әлеуметттенуі жүретін, қарым-қатынастары, жеке дара, формалды емес сипатта болатын топ. Топ мүшелерінің негізгі мақсаты өзара араласу.

Екіншілік топ – мүшелерінің арасындағы әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастар жеке емес сипатта болатын топ. Мұндай топ ортақ мақсатқа жету үшін құрылып, ондай қажеттілік жойылғанда тарайды.

Қоғамның келесі элементі әлеуметтік қаумдастық болып табылады. Әлеуметтік қауымдастықтарға – таптар, қабаттар, қоғамның ірі бірлестіктері жатады. Әлеуметтік қауымдастықтар – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, ынтымақтастық әрекетті іске асыруға деген олардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған адамдардың тұтас жиынтығы. Яғни, әлеуметтік қауымдастықтар өмірлік іс-әрекеттерімен, қандай да бір топқа қатысты өзара байланысатын индивидтерімен, тарихи қалыптасқан территорияға жатуымен, өзара іс-әрекет ететін индивидтердің, топтардың әлеуметтік институттарға қатысымен сипатталатын адамдар жиынтығы.Әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасып, дамуы оның элементтері индивидтердің әлеуметтік байланысы мен өзара ықпалдасуының негізінде жүреді. Әлеуметтік байланыс негізі нақты бір әлеуметтік қауымдастықты құратын адамдардың іс-әрекетімен сипатталады. Әлеуметтік қауымдастықтар ұлттық, діни, мәдени, территориялық, этникалық, жыныстық, жастық т.б. белгілеріне қарай біріктіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]