Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sosiologiya jogaplar.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.89 Кб
Скачать

17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз

Әрбiр адам қоғамда бiрнеше позицияға, орынға ие болады. Мысалы, әйел әншi, мұғәлiм, жұбай және ана бола алады. Әрбiр осы әлеуметтiк позициялар белгiлi бiр құқықтармен, мiндеттермен байланысты. Бұл позициялар статус деп аталады. Яғни статус дегенiмiз тұлғаның қоғамдағы орны, жағдайы, мәртебесi.

Адам көптеген статусқа ие болғанмен олардың бiреу негiзгi статус болады және ол адамның қоғамдық жағдайын айқындайды. Мысалы, АҚШ-та жүрген қытайлық бишi қыз бiреудiң қызы, әйелi, досы болуы мүмкiн, бiрақ оның қоғамдық жағдайы –ол азиалық (азиатка) Көп жағдайда адамның басты статусы оның жұмысына байлнысты болады. Мысалы, өзiмiз танымайтын адам туралы сөз қозғағанда бiз ең алдымен не iстейдi екен, немен айналысады екен? деген сұрақ қоямыз. Жауап ретiнде оның жұмысына байланысты статусы айтылады. Мысалы, мұғәлiм, әкiм, директор, т.б. . Басты статустардың iшiнде мыналар бар: түрмеге отырып келген, бұрынғы мисс, т.б. Әлеуметтiк статус екiге бөлiнедi.

1. Жазылған статус (предпиСанный) Жазылған статустар жынысына, этникалық шығу тегiне, нәсiлiне, туылған жерiне, жанұя фамилиясына байланысты болады. Мысалы, қара нәсiлдi адам туылғаннан ақ негр деген статусқа ие болады. Яғни жазылған статусқа туылғаннан бастап ие болады.

2. Қол жеткiзген (достигнутый ) Қол жеткiзген статус адам жүзеге асырған iс-әрекеттерi арқылы айқындалады. Жазушы статусына кiтап жазып шығарғаннан кейiн ие болады; күйеу статусына үйленуге рұхсат алып некеге тұрғаннан кейiн ғана ие болады. Ешкiм күйеу не автор болып туылмайды.Студенттердi алып қарайтын болсақ, ол не ұл, не қыз, қазақ, не басқа ұлт өкiлi, т.б. осындай жазылған статустарға ие. Сондай-ақ ол бiреудiң жұбайы, досы, студент, староста, спорт шеберi, т. б. қол жеткiзген статустарға ие болады. Бiрақ жоғары оқу орнында жүргендiктен оның негiзгi статусы студент болып табылады.

Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы XX ғасырдың 30-жылдарында Американын әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдама әр түрлі әлеуметтану ағымдарында, әсіресе құрылымдық - функциялық сараптау ағымында кеңінен тарады. Т. Парсонс және оның ізбасарлары әлеуметтік рөлдердің көптігіне орай тұлғаны функция ретінде қарайды, бұл рөлдер қайсыбір коғамдағы кез-келген индивидтерге тән. Әлеуметтік рөл — бұл мінез-құлықтың нұсқасы, қоғамдық жүйедегі және тұлға аралық қатынастағы тұлғаның объективті берілген әлеуметтік ұстанымыРөлдердің жиынтығын рөлдік жүйе дейді. «Рөлдік жиынтық» ұғымын Р. Мертон анықтады..Ендi әлеуметтiк рөлге келсек, әлеуметтiк роль-бұл тұлғаның статусына байланысты iс-әрекетi, мiнез-құлқының көрiнiсi. Яғни әлеуметтiк роль статуспен бекiтiлген немесе статусқа байланысты күтiлетiн мiнез-құлық. Мысалы музыкант рөлi музыкантқа қатысты мiндеттер мен құқықтарға байланысты оның толықтай мiнез-құлқын айқындайды. Әрбiр статус әдетте көптеген рөлдердi өзiне қамтиды. Оқытушы стаусына ие адам студентерге, факультеттiң басқа оқытушыларына, министiрлiк өкiлдерiне немесе ректорға әртүрлi мiнез-құлық көрсетедi. Бiр статусқа байланысты ойналатын рөлдер жиынтығы –рөлдiк жиынтық деп аталады. Бiз рөлдердi әлеуметтену процесi арқылы меңгеремiз, қабылдаймыз. Бiздiң рөлiмiз бiзден басқалар не күтедi, сол арқылы анықталады. Рөлдер формальды және формальды емес күтiлетiн рөлдер деп бөлуге болады.Формальды рөлдерге заң айқын дәлел бола алады. Егер бiз үй сатып алу туралы келiсiм-шартқа отырсақ, бiзден үй сатып алушы рөлi күтiледi, егер бiз олай iстемесек келiсiм-шартты бұзғанымыз үшiн бiздi сотқа шақыруы мүмкiн. Қылмыстық жауапкершiлiк заңдары кiсi өлтiруге, зорлауға, басқа адамдарға зиян келтiретiн iс-әрекеттер жасауға тиым салады. Келесi күтiлетiн рөлдер формальды емес-мысалы, дастарқан басында өзiн ұстай бiлу, киiну стилi мен спайылық ережелерi, т.б. . Бiрақ бұларда бiздiң мiнез-құлқымызға көп әсер етедi.

Бiзден күтiлетiн рөлдерге сәйкес келмеген iс-әрекеттерiмiзге байланыСты туындаған реакцияларды да формальды және формальды емес деп топтастыруға болады. (Реакция-бiздiң iс-әрекетiмiзге жауап ретiнде туындаған басқа адамдардың iс-әрекетi). Мысалы қылмыскердi басқа бiреуге шабуыл жасағаны үшiн тұтқындап, кiнәлi деп тауып түрмеге жiбереді. Егер адамның iс-әрекетi күтiлген рөлге сәйкес келсе ақша немесе құрмет көрсету сияқты марапаттауларға ие болады. Осы марапаттаулар мен жазалаулар санкциялар деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]