- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
Отбасы –бұл қандық туыстық (биологилық) неке және асырап алу негiзiнде бiрiккен, тұрмыстық жағдайының ортақтығына және бала тәрбиелеуге деген жауапкершiлiкпен байланысты адамдар тобы; Отбасы мүшелерi әдетте бiр үйде тұрады. Отбасыны –жұбайлардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасы, ата-аналары мен балаларының қарым-қатынасы ретiнде, топ мүшелерi бiр-бiрiмен некелiк және туысқандық қарым-қатынас, тұрмыс жағдайының ортақтығы мен бiр-бiрiне деген моральдық жауапкершiлiк негiзiнде байланысқан кiшi топ ретiнде анықтауға болады. Отбасы социологиясы жалпы социологияның бiр саласы ретiнде, орта деңгей теориясы ретiнде жанұялық-туыстық қарым-қатынастар негiзiнде байланысқан әрекет етушi кiшi топтың (отбасының) өмiрiлiк қызыметi мен мәдениетiнiң сферасын зерттейдi. Негiзгi назарды отбасы мүшелерiнiң бiрiккен өмiрлiк қызыметтерiне, өмiрдiң отбасылық дәстүрiне аударады.
Отбасы социологиясы жеке субъекттiлердiң мәселесiмен емес топтың мәселесiмен айналысады.Отбасы социологиясында тұлға нақты күйеуi не әйелi, әке не шеше, бала не қыз ретiнде қаралады. Сонымен отбасы социологиясы адамдардың кiшi топтарының бiрiгiп өмiр сүруiндегi отбасылық-туыстық формаларын, отбасылық өмiр дәстүрiн жалғыздық-бойдақтық өмiрмен салыстырып зерттейдi.
Ата-аналық-жұбайлық-туыстық қатынастарының бiр-бiрiмен байланысын бiрлiкте тұтас және т.б. отбасылармен бiрге зерттейдi.
Отбасының тарихи формалары.
Отбасының түрлерiн некелiк, туысқандық, ата-аналық және т.б. сипаттары бойынша анықтауға болады. Отбасының қазiргi кезде негiзгi екi түрiн көрсетуге болады:
1. Нукелеарлы отбасы-әке шешесi және балалары, кейбiреулерi ержеткен және бөлек тұрады. Бұл отбасы формасында тек екi ұрпақ (поколение) қана тұрады.
2. Кеңейтiлген отбасы-бұл өзiне нукелеарлы отбасыны және көптеген туысқандарын қамтиды. Мысалы, ата-әже, немерелер, әпке, көке, немере аға,т.б.
Неке формасына байланысты отбасы келесiдей түрлерге бөлiнедi:
1. Моногамия- бiр неке дегендi бiлдiредi, бiр еркектiң бiр әйелмен некеге отыруы.
2. Полигамия-бұл көп неке дегендi бiлдiредi. Бұл неке формасында бiр адам бiрнеше адаммен некелседi. Полигамия екiге бөлiнедi:
- Полигиния-бiр еркектiң көп әйелмен некелесуi.
- Полиандрия- бiр әйелдiң көп еркекпен некелесуi.
3. Эндогамия-тек өз тобының адамымен некелесу.
4. Экзогамия-өз тобынан емес басқа топтың адамымен некелесу.
5. Топтық неке-бiрнеше еркекпен бiрнеше әйелдiң некелесуi.
Тұратын жер таңдауларына байланысты:
Патрилокальды -жаңадан үйленгендер күйеуiнiң әке-шешесiнiң үйiнде тұрады.
Матрилокальды -жаңадан үйленгендер әйлiнiң әке-шешесiнiң үйiнде тұрады.
Неолокальды -әке-шешесiнен бөлек тұратын отбасылар.
Қазiргi кезде жастар қайсысының әке-шешесi үй-жаймен қамтамасыз ете алса соның әке-шешесiмен бiрге тұрады. Бұндай отбасыны унилокальды отбасы деймiз.
Билiк ету белгiсi бойынша
Патриархальды-отбасының басшысы еркек болып табылады.
Матриархальды-отбасыда әйел билiк етедi.
Эгалитарлық-екеуi тең билiкке ие болды, мәселе ситуациялық жағдайға байланысты шешiледi.
Партнерлiк отбасы-екеуi бiрiгiп отбасы мәселесiн талқылап бiрге шешедi. Егер күйеуi үлкен әсерге ие болса- онда ол күйеуi үстемдiк етушi партнерлiк отбасы. Ал, әйелi үлкен әсерге ие болса-ол әйелi үстемдiк етушi партнерлiк отбасы деп аталады. Сонымен қатар шешiм қабылдау жұбайлардың бiреуiне ғана тиесiлi болатын автономды отбасы деген отбасы формасы бар.
Жұбайлардың (немесе ата-аналарының) әлеуметтiк жағдайларына байланысты
Галиогендi-жұбайлар бiр қабаттан, бiр стратадан болады
Гетерогендi-жұбайлар әртүрлi қабаттарға страталарға, әлеуметтiк топтарғa кiредi.
