- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
Бұл ғылымның «Социология» деген атауы латын және грек сөздерінен құралған: «societas» -латын тілінде қоғам, “logos” грек тілінде ілім, білім дегенді білдіреді. Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін қалаған француз ғалымы ОгюстКонт ( 1798—1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының кұрамдас бөлігі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзқарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат. мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне грек философтарының, Еуразияның орта ғасырлық және Жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын. Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен, қоғамның біртутастығын, оны дамытатын қозғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастыруменшектеліп қалмайды. Ол қоғам өмірінің барлық жақтарын карастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады. XIX ғасырдың ортасынан бастап әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден,өзінен белініп шыққан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді.XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтану көзқарасы қалыптасты.Сол көзкарастардан көпшіліктің мойындағаны Георг Вильгельм,Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Маркс, кейіннен Эмиль юркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б. әлеуметтану шылардын әлеуметтік теориялары болатын.Әлеуметтану сондай-ақ, қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді.Әлеуметтану - қоғамдық құбыластардың беймәлім жақтарын зерделеп,социумда қалыптасқан алеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырыпқарастыратын ғылым.Демек социология қоғам туралы ғылым деген сөз. Қоғамды зерттейтін ғылымдар көп бірақ олардың әрқайсысыөзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Мысалы, экономика ғылымының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар, тұтыну, сұраныс мәселелелері болса, саясаттану саяси билік, саяси қатынастар, мемлекеттік құрылым мәселелерін қарастырады. Қоғамның рухани өмірін рухани байлықты өндіру, тарату ісімен адамдардың рухани қажеттерін өтеудің жолдарын, түрлері мен әдістерін зерттейтін мәдениеттану, педагогика, психология сияқты бірқатар ғылымдар бар.Міне бұдан көптеген қоғамдық ғылымдардың зерттейтін объектісі–тұтас қоғам емес, белгілі бір саласы ғана екенін көреміз.Социология қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді. Былайша айтқанда социология адамдарды ғылыми зерттеудің бір тәсілі. Социологтар адамдар не үшін белгілі бір кейіпте өздерін ұстайды, не үшін топ құрады, соғысқа барады, бір нәрселерге сенеді, табынады, не үшін үйленеді, дауыс беруге қатысады, т.с.с. адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде болатын барлық құбылыстарды анықтауға тырысады. Яғни социология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды ғылыми тұрғыдан зерттейді.
Социология пәніне келесідей анықтама беруге болады: Социология қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен әлеуметтік топтардың және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, нысандары мен әдістері жайлы ғылым.А.А. Радугин, К.А. Радугин берген анықтама бойынша социология әлеуметтік біртұтас жүйе деп қаралатын қоғам туралы, осы жүйенің құрамдас бөлшектері: жеке адам, бірлестіктер, институттар арқылы атқаратын қызметі мен дамуы туралы ғылым. Әлеуметтік өмірдің өзегі адамдар және олардың бірлестіктерінің іс-әрекеттері өзара байланыстары. Осыған сәйкес социологя адамдардың өзара қарым қатынасын білдіретін мінез-құлық жайлы ғылым деуге болады.Әлеуметтанудың пәнідеп отырғанымыз — қоғам мен адамның беймәлім қырлары. құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынас-тар,байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқа-луы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың натижелері. Әлеуметтанудың обьектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен деңгейлерін анықтайды. Объект дегеніміз — бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бір-ліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институт- тар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады.
