Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

2.3 Пиротехникалық құрамдар мен құралдардың классификациясы

Пиротехникалық құрамдар мен әскери мақсаттағы заттардың келесі түрлерін жабдықтайды:

  1. түнгі жағдайларда жергілікті аймақты жарықтандыру үшін қолданылатын заттар (авиабомбалар, артилериялық снарядтар, авиациялық жалындар және т.б.);

  2. түнгі уақытта аэросуреттер түсіру және басқа да мақсаттар үшін пайдаланылатын заттар (фотобомбалар, фотопатрондар);

  3. снарядтар мен оқтарды (және басқа да қозғалғыш объектілері) жалын, ізін айқындау арқылы жылдам қозғалғыш нысаналарды атуды жеңілдететін бағыттау заттары;

  4. зымырандардың ұшуын қадағалау үшін және алдамшы мақсаттар үшін пайдаланатын инфрақызыл сәулелер шығаратын заттар;

  5. белгілер берілу мақсатында пайдаланылатын түнгі белгі беру заттары (патрондар және т.б.);

  6. дәл сол сияқты мақсаттар үшін күндізгі уақытта пайдаланылатын сигналды заттар;

  7. қарсыластардың нысаналарын жою үшін пайдаланылатын жағу заттары (бомбалар, снарядтар, оқтар және т.б.);

  8. түтінді перделер түзу үшін пайдаланылатын жасырғыш заттар (түтінді шашкалар, снарядтар және т.б.);

  9. қатты пиротехникалық отындар пайдаланатын, алысқа ұшырылатын және әртүрлі мақсаттағы заттар;

  10. маневрлар мен жаттығулар кезінде, сондай-ақ ұрыс жағдайларында қолданылатын оқу имитациялық заттар;

  11. қарсыластардың нысаналары орналасқан жерді көрсететін мақсатта қолданылатын заттар (снарядтар, бомбалар және басқалар);

  12. әртүрлі мақсатта пайдаланылатын пиротехникалық газ генераторлары.

Сонымен, пиротехникалық заттар халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданылатыны белгілі болды.

Әскери мақсатта қолданылатын пиротехникалық заттарға келесі заттарды жатқызуға болады:

1) жарықтандыру заттары;

2) фотожарықтандыру;

3) бағыттамалы із қалдыратын;

4) инфрақызыл сәулелену;

5) тұтандырғыштар;

6) түнгі хабар беру оттары;

7) түрлі-түсті хабар беру түтіндері;

8) жасырғыш түтіндер

9) қатты пиротехникалық отындар

10) газсыздандырылған;

11) газ шығаратын;

12) барлық пиротехникалық заттарда аз мөлшерде болатын тұтанғыш заттар;

13) басқа да: ұқсас, дауыс шығарылатын және т.б.

Көптеген құрамдар әр түрлі заттар ретінде: мысалы, жарықтандыру заттары бағыттама із қалдыратын заттарда жиі қолданылады, жасырғыш түтіндер жаттықтыру – еліктеу заттарында қолданылуы мүмкін және т.б.

Пиротехникалық құрамдар жану процесінің сипаттамасына тәуелді келесі топтарға бөлінеді:

Жалынды құрамдар

1) ақ жалындар

2) түрлі-түсті жалындар

3) инфрақызыл сәулелі құрамдар

Жылулы құрамдар

1) термитті-тұтандырғыш

2) тотықсыздандырылған

Түтінді құрамдар

1) ақ және қара түтінді

2) түрлі-түсті түтінді

Ауадағы оттек есебінде жанатын құрамдар

1) металдар және металдардың құймалары

2) фосфор, оның ерітінділері мен қосылыстары

3) мұнай өнімдерінің қалдықтары

4) сумен немесе ауамен жанасқанда жанып кететін әртүрлі заттар мен қоспалар.

2.3.1 Әскери техникада қолданылатын жарылғыш заттар

Қазіргі таңда жарылғыш заттардың көптеген түрлері ашылған, бірақ олардың аз бөлігін қолданады. Мұның себебі, оларға қойылатын талаптарға сай келмеуі. Заманға сай зымырандар, артиллерия қарулары, авиациялық бомбалар құрылысы жағынан күрделі және дайындауы үлкен еңбек пен қаржы талап етеді. Оларды жаудың аумағына тасымалдауға үлкен қаражат жұмсалғандықтан, қаруларда аз қуатты жарылғыш заттарды қолданған тиімсіз болып келеді. Қуаты жоғары жарылғыш заттар қолдану тек экономикалық жағынан емес, сонымен қатар қару – жарақ даму жолында қарудың қопарғыш қасиеттерін дамыту және олардан қорғануды дамуына байланысты. Осындай жағдайда аз қуатты жарылғыш заттар қолдану тіпті мағынасыз болар еді.

Қару – жарақ дайындауда, жарылғыш зат тандау кезінде, жарылғыш заттың жарылыс жылуы, газ күйіндегі өнім көлемі, тығыздығы, детонация жылдамдығы сияқты сипаттамаларына назар аударады. Жарылғыш заттың сезімталдығы, практикалық мағынасы үлкен орын алады, біріншіден, қолданыстағы қауіпсіздігі, ал, екіншіден, жарылыстық өзгерістерге тез ұшырауы. Қару – жарақ соғыс кезінде жұмсалса, бейбітшілік кезінде өндіріліп, сақталады. Сондықтан, қару- жарақ ұзақ уақыт сақталуға жарамды болуы қажет. Қаруларда қолданатын жарылғыш заттар он немесе одан да көп жылдар өзгеріссіз сақталуы тиіс.

Қазіргі соғыста көп мөлшерде қару – жарақ жұмсалатындықтан, тез өндірілетін жарылғыш заттарға сұраныс артады. Сұранысты қанағаттандыру үшін жарылғыш заттар өндіру онай, қауіпсіз және экономикалық жағынан тиімді болуы керек. Жарылғыш заттар алу үшін қолданылатын шикізаттар басты орын алады. Ең тиімдісі, бейбіт кезінде үлкен мөлшерде өндірілетін немесе басқа да заттар алуда жанама өнім ретінде түзілетін заттарды, жарылғыш заттарға шикізат ретінде қолдану. Мысалы, тротил алу үшін шикізат ретінде толуол алынады. Оны, металлургия өнеркәсібінде тас көмірді өңдегенде, көп мөлшерде жанама өнім ретінде алады.

Басқа көп таралған жарылғыш зат – гексогенді уротропиннен алады. Уротропин медицинада бүйрек аурулары және тұмауда дәрі ретінде де қолданылады. Бұрында уротропин аз мөлшерде алынатын және ол қымбат болатын, және гексоген де қымбат. Бірақ гексогенді алу үшін шексіз шикізат көзі бар, себебі оны көмір, ауа және судан алуға болады.

Уротропинді өндірісте өндіру реттелгеннен кейін, гексоген салыстырмалы арзан жарылғыш зат болып қалды. Қуаттылығы, сезімталдығы, тұрақтылығы және тиімділігі жағынан артықшылығы бар материалдар қолданылуына байланысты жарылғыш заттарға басқа да талаптар қойыла бастады. Мысалы, үлкен калибрлі ірі қаруларда, құю арқылы салынатын жарылғыш заттарға, төмен температурада, ыдыраусыз балқи алатын жарылғыш заттарды қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]