Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

8. Пироқұрамдардың сезімталдығы

8.1 Механикалық әсерге сезімталдығын анықтау

Құрамдарды дайындау және тығыздау кезінде, бұл операциялар қанша мұқият жасалғанымен, үйкелу, соққы болады.

Осы жағдайға байланысты құрамның сезімталдығы жөнінде айтқан кезде, оның механикалық әсерге сезімталдығының өте үлкен маңызы бар.

Құрамдардың үйкеліске, соққыға сезімталдығы жоғары, бірақ бұл екі қасиеттің бір-біріне сәйкестігі жоқ. Энергияны қабылдау дәрежесі құрамдардың физикалық қаситеттері және тәжірибе жүргізу жағдайларына байланысты.

Соққыға сезімталдығын анықтау. Соққыға сезімталдығын анықтау үшін вертикальді коперлар мен роликті құрылғыларды қолданады. Пироқұрамдарды массасы 10 кг жүкпен тәжірибе жүргізеді; аса сезімталды құрамдар үшін 5 немесе 2 кг жүкпен тәжірибе жүргізуге болады. Көбінесе құрамдардың соққыға сезімталдығын соққы таралатын құрам ауданының бірлік көлеміне қатысты жүктің жүктің құлау жұмысымен анықтайды. Кесте 7.1 – де кейбір екі стехиометриялық құрамдардың соққыға сезімталдығының мәліметтері келтірілген.

Кесте 8.1

Екі стехиометриялық құрамдардың соққыға сезімталдығы (кДж/м2)

Тотықтырғыш

Жанғыш зат

Күкірт

Сүтті қант

Ағашты көмір

Магний ұнтағы

Алюминий пудрасы

Калий хлораты

108

177

314

441

441

Калий перхлораты

118

285

412

412

491

Калий нитраты

353

491

491

451

491

KClO3 пен калий роданитті калий (KCNS) және реальгар (As2S) қоспасы соққыға аса сезімтал болып келеді; бұл қоспалар үшін соққы жұмысы 49 және 58 кДж/м2 сәйкес.

Үйкеліске сезімталдықты анықтау. Құрамдардың үйкеліске сезімталдығына алдын ала бағаны глазурленбеген фарфорды үгіткіште (ступка) үйкелеу арқылы беруге болады. Бірақ бұл тәжірибе әрине субъективті сипатта болады, себебі тәжірибе жүргізушінің күші мен оның үйкелу амалдарына байланысты.

Жалпы үгіткіште айналып тұратын пестигі бар және сонымен бірге пестиктің құрам үлгісіне беретін қысымды тіркейтін құрылғы жасауға болады. Добрыш С. Г. құрылғысында зерттелетін құрам (немесе жарылғыш зат) екі параллель болат беттер арасында орналасады, оның төменгі беті қозғалмай бір орында (матрица) тұрса, ал жоғарғы бет (пуасон) 160 айналу/мин жылдамдықпен айналады. Пуансонға 196 МН/м2 дейін қысым беруге болады. Құрамның бастапқы үлгісінің массасы 0,02 г; құрамға үйкелісті жоғарылату үшін 0,002 г ұсақ кварц құмын қосады. Үйкелу уақыты 10 с. Құрамның үйкеліске сезімталдығы оның тұтануы болатын, үлгіні үйкелеу кезіндегі минималды қысыммен анықталады.

Әрбір қысымда алты тәжірибеден жүргізіледі; сонымен қатар эталонды затпен де тәжірибелер жүргізіледі. Дегенмен бұл құрылғыда кейбір пироқұрамдар 196 МН/м2 қысымда да жарылмайды. Үйкеліске сзімталдықты анықтайтын басқа да құрылғылар белгілі.

Стехиометрлі хлоратты екіншілік қоспалардың осы құрылғыда жүргізілген тәжірибелерінің нәтижесі кесте 8.2. – де келтірілген.

Кесте 8.2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]