Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

3.1.4 Тотықтырғыштарға қойылатын техникалық талаптар

Тотықтырғыштарға келесі талаптар қойылады:

  1. Негізгі заттың құрамы максималды болуы (әдетте 98-99  кем емес).

  2. Ылғалдың аз болуы (0,1-0,2  аспау керек).

  3. Гигроскопты және ауыр металдардың тұздардың қоспаларының аз болуы.

  4. Тұздардың сулы ортадағы реакциясы нейтралды болуы.

  5. Механикалық әсерді қоздыратын жанғыш және қатты заттардың қоспалары болмауы.

  6. Құрамның арнайы эффектісін және химиялық қасиетін төмендететін қоспалардың болмауы

  7. Тотықтырғыш ұнтақтарының көлемі белгілі бір дәрежеде болу керек.

Төменде мысал ретінде техникалық барий, азот қышқылының техникалық жағдайлары келтірілді (ГОСТ 1713-53):

    1. Таза Ba(NO3)2 99  кем емес

    2. Ылғалдылығы 0,5  кем емес

    3. Суда ерітілмеген қалдық 0,25  кем емес

    4. BaCl2 есебіндегі хлоридтер 0,1  кем емес

    5. Сулы ерітіндінің реакциясы нейтралды

    6. Сыртқы түрі және түсі ақ түстен әлсіз сары түске

дейінгі ұсақ кристалдар

Көп металдардың хлоридтері гигроскопты, сол себепті тотықтырғыш ретінде мүмкіндігінше қолданбаған дұрыс.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Пиротехникалық құрамдарға қандай компоненттер кіреді?

  2. Пиротехникада тотықтырғыштардың қандай типі қолданылады?

  3. Тотықтырғыштар негізінен қандай қасиеттерді қанағаттандыру керек?

  4. Оттекқұрамды тотықтырғыш ретінде қандай қосылыстар қолданылады?

  5. Тотықтырғыштардың негізгі физикалық қасиеттерін атаңыз.

  6. Тотықтырғыштарға қойылатын техникалық талаптарды атаңыз.

3.2 Жанғыштар

3.2.1 Таңдау және жіктеу

Жанғыштарды таңдар алдында құрамдарға қойылатын барлық жалпы талаптарды ескеру қажет.

Тұтандырғыш, жарықтандырғыш және тасымалдағыш құрамдарда арнайы эффект өте жақсы болу үшін жанудың өте жоғары температурасына жету қажет, ол үшін жоғары калориялы жанғыштар қолданылады. Пиротехникалық отындарда да жоғары калориялы жаңғыштар пайдаланылады.

Түтінді құрамдар үшін жоғары температура мүмкіндігінше қажет емес. Оларды дайындау үшін орташа калориялы жанғыштарды таңдайды немесе жанғышты толық жандырмайды (мысалы көміртектің СО-ға дейін жануы).

Жанғышты таңдар кезде тотықтыратын өнімнің физика-химиялық қасиетін ескеру қажет, бірінші орында бөлме температурасы мен құрам жанудағы температура кезіндегі агрегаттық жағдайды естен шығармау керек.

Жарықтандырғыш құрам үшін жалынның мөлшеріне күшті әсер ететін газтәрізді өнімнің мөлшері мен сәулелендіретін бөлшектегі қатты және сұйық жалындардың концентрациясы арасындағы оптималды қатынасты қатаң сақтау керек. Газтәрізді өнімнің жетіспеуі немесе артық мөлшері жарық күшін төмендетеді.

Қатты пиротехникалық отынның және газогенератордың құрамында максималды мөлшерде газ және мүмкіндігінше аз мөлшерде қатты отын болу керек.

Түтіннің құрамында жану кезінде түзілген газдың мөлшері көп болуы қажет, себебі олар атмосфераға газ түзетін заттардың буын ығыстырып шығарады.

Жалынды құрамдар үшін жаңғыштарды таңдағанда тотықтыратын өнімдегі жарық сәулесінің қарқындылығын, сонымен қатар энергия сәулесінің спектрге таралуын ескеру қажет.

Жанғыштарды таңдар кезде олардың жеңіл тотығуы маңызды рольді атқарады. Мысалы, кремний не болмаса графит күшті тотықтырғыш (таза оттекте немесе KClO3 қоспасында) қатысында да үлкен қиындықпен тотығады, нәтижесінде оларды жаңғыш ретінде қолдану орындары шектеулі ғана болады.

Опа немесе ұсақ дисперсті ұнтақ күйіндегі алюминий оттегі қатысында және ауадағы оттек есебінің кейбір жағдайларында да (бұл жерде ауадағы алюминий опасының салмағы туралы келтірілген) өте жақсы жанады.

Оңай тотығып жанатын, әсіресе ұсақ ұнтақталған магнийдің өзі де ауадағы оттектің қатысында ғана толығымен жанады.

Кейбір жанғыштар өте оңай тотығады, бірақ олар соққы мен сызатқа өте сезімтал, не болмаса тұтану температурасы өте төмен болады. Мысалы, ақ фосфорды қандай да бір тотықтырғышпен араластырмайды және ауада сақтамайды, себебі ол өздігінен тұтанады. Мысалы, қызыл фосфорды хлораттармен араластырғанда өздігінен тұтанады, ал басқа тотықтырғыштармен (мысалы нитраттармен) араластырғанда соққыға және сызатқа сезімталдығы артады.

Сонымен жанғыштарға келесі талаптар қойылады:

  1. құрамның арнайы эффектісін әсерлендіруге жеткілікті жану жылулығы болу керек;

  2. ауадағы не болмаса тотықтырғыштағы оттектің есебінде оңай тотығу керек;

  3. жану кезінде арнайы эффектіні әсерлендіріп көрсетуге қажет өнімдерді беру керек;

  4. өзі жану үшін оттектің минималды мөлшерін талап ету;

  5. -60 пен +60 0С температура аралығында тұрақты болуы және әлсіз қышқылдар мен сілтілер әсеріне мүмкіндігінше тұрақты болу керек;

  6. гигроскопты болмау керек (гигроскоптылығы төмен болу керек);

  7. оңай ұнтақталу керек;

  8. адам ағзасына улы болмау керек.

Қолданылатын жанғыштарды келесі категорияларға бөлуге болады:

1) Бейорганикалық жаңғыштар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]