Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

13.2.1 Компоненттерді майдалау

Тотықтырғыштардың құрамындағы гомогенділігін, жанармай және басқа компоненттердің құрамының көлемі ондық микронмен өлшенетін болу керек.

Пиротехникалық өндірістің сызбасы

Ж

Ірі майдалау

Майдалау және ұсақтау

Кептіру

Жіңішке майдалау

Өлшеу

Байланыстырғыштарды лак қолдану және технологиялық қоспа қосу алдында өлшеу

Өнімдердің соңғы сынағы

анармай Тотықтырғыш Байланыстырғыштар

Соңғы себу

Өлшеу

Құрамды дайындау,түйіршіктеу,

кептіру

Құрамның сапасын анықтау үшін үлгіні таңдау

Қаптау және

корпусты

дайындау

Зарядтарды қалыпқа

құю

Дайын өнімнің сапасын тексеру

Жинау

Құрастыру бөлшектері

→→

Қаптау

Дайын өнімді шығару

Өнімнің ірі бөлшектерінің көлемін кішірейтуді майдалау деп атайды. Одан ары майдалау ұнтақтау деп аталады. Ірі, орташа, майда және жіңішке майдалау түрі бар.

Пиротехникалық зауыттарда келесі аппараттар қолданылады:

1) Дискілі майдалау аппараты

2) Бірқатарлы балғалы майдалау аппараты

3) Дезинтегратор, дисмембратор

4) Шарлы диірмен, вибродиірмен, газағынындағы диірмен.

Олардың өнімділігі 1 сағат ішінде 1 килограмнан жүздеген килограмм өнім бере алады.

13.2.2 Компоненттерді себу, кептіру, жинау

Құрамды дайындау үшін әртүрлі дисперсті құрамды компоненттер қолданылады. Соған байланысты майдаланған тотықтырғыштар, байланыстырғыштар және басқа компоненттер фракциялық себуге ұшырайды.

Тор ретінде жібек немесе металл торлар қолданады. Бұл торлардың барлығы ГОСТ бойынша шығарылады.

Көбінесе вибраторлар қолданылады, олар көбінесе металл ұнтақтарын себуде қолданады.

Пиротехникалық өндірісте қолданылатын торлар шаңданудың алдын алады. Ол торлардың өнімділігі 600кг/сағ өнім бере алады.

Соңғы кездері химия өнеркәсібінде майдалау аппараты, кептіру аппараты және себу аппараты көлік құрамында біріктірілген.

Құрамдарды түйіршіктеу. Бұл операцияда ұяшықтарының размері 0,9-1,8 мм болатын металл торлар арқылы құрамдарды тазалайды және механизделуі мүмкін. Түйіршіктеу процесінде бір-бірінен размері бойынша айырылатын түрлі типтегі түйіршіктегіштер қолданылады.

Түйіршіктегіштерді де бронекабиналарда орналастырады және оларды қолдану кезінде араластырғыштарға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау керек.

Құрамдарды кептіру. Бұл жұмысты құрғатқыш шкафтарда жүргізеді. Әдетте көп мөлшердегі құрамдарды құрғату керек болғандықтан, құрғатқыштар құрамдарды одан әрі қолдану үшін сақтағыш ролін де атқарады.

Кептіру бірнеше сағат бойы 30-45о С температурада өтеді. Кептіру кезінде ерітінді жойылады.

Қоспада қалған ерітінділер мен ылғалдың мөлшері 0,65 % аспау керек.

Полимерлі байланыстырғыштары бар пиротехникалық құрамдар (каучук, эпоксидті шайыр және т.б.) полимерленуге арналған арнайы камераларда 75-80о С температурада 24 сағатқа дейін ұсталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]