Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

10.2 Пиротехникалық құрамдардың физикалық және химиялық тұрақтылығы

Пироқұрамдар сақтау барысында физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырайды. Кейбір жағдайларда істен шығуы мүмкін және қауіптілігі жоғарылайды. Сондықтан сақтау мерзімін анықтау қажет.

Физикалық өзгерістерге байланысты құралдардың ылғалдануы жүреді. Құрамдар жарым - жартылай ериді, тығыздығы және пішіні өзгереді. Үлгінің құрамы оның ұшқыш компоненттерін айдау есебінде өзгереді (нафталин, гексахлор). Құрамның гигроскоптылығы жоғарылайды. Құрамды ылғалдан сақтау үшін құралды немесе компоненттерді органикалық пластикалық қорғаушы қабықшалармен жабады (стеарин, минералды майлар, парафин, лактар т.б).

 пироқұрамдар үшін жарылғыш заттарға қарағанда төмен.

  1. Қысым. Жоғары қысымда газды фазада жану жылдамдығы жоғары. Сиреудің (разрежение) кеңістіктегі құрамдары баяу жанады, атмосфералық қысыммен салыстырғанда сиреу басым болғанда жану тарамайды.

Min қысымның болуы, келесіде: қысым төмендейді және к-фазаға газдардан жылу мөлшері төмендейді. Жылудың келуі азаяды және жылу беру жоғарылайды. Жалын өшеді.

Егер жану жылдамдығы қасымға тәуелсіз болса, онда жану процесіне к- фазада өтетін экзотермиялық реакциялар әсер етеді.

  1. Жанудың критикалық диаметрі. Үлгінің немесе түтікшенің диаметрі неғұрлым кіші болса, соғұрлым жылу жоғалту жоғары, әрбір құрам үшін критикалық диаметр бар, айтылған шамадан құрам кіші болса жану өтпейді.

Тез жанатын құрамдар үшін критикалық диаметр өте аз. Мысалы, оқ дәрі үшін р=9,8-10-4 н/м2 бөлме температурасында критикалық диаметр 1 мм кіші. Тұрақты түтікшенің минималды диаметрі көптеген факторларға тәуелді. Жану өтетін бастапқы температура, қысым түтікшенің қабырғасының қалыңдығы, құрам тығыздығы.

10.3 Жанудың жарылысқа айналуын зерттеу әдістері

Жанудың жарылысқа айналуы - көп сатылы стацинарлы емес процесс. К-жүйелерде газды - жүйелерге қарағанда жанудың жарылысқа айналуы күрделі, себебі, олар мөлдір емес және сол себептен оптикалық әдістер қолданылады.

Тәжірибеде көрсетілгендей төмен қысымда және жоғары атмосфералық қысымда жарылғыш заттар төмен тұрақты жылдамдықпен өтеді, кейбір жоғары қысымнан ЖЗ қабатты жануы бұзылады және детонацияға өтеді.

Тұрақты қысымдағы бомба. ЖЗ нормалды жануын, жанудың жарылысқа өтуін зерттейді. Қалың қабырғалы болат стакан, көлемі 2-5 л. Жоғарғы қақпақпен герметикалық жабылады. Жану процесін және жану жылдамдығын оптикалық әдіспен зерттейді, ол үшін терезесі бар бірнеше оптикалық шыныдан немесе плексигласдан жасалған. Қысым пьезокварцты тіркегішпен өлшенеді. ЖЗ немесе оқ дәрісінің үлгісі қақапаққа жалғасқан поуставкаға орналастырады. Қажетті қысымды қысылған азот немесе компрессор арқылы орнатады.

Манометрлік бомба. Монометрлік бомбаны ауыспалы қысым деп атайды. Қысымды зерттейтін заттың жану өнімдерін орнатады. Монометрлік бомбада ЖЗ және оқтың билимистикалық сипаттамаларын зерттеуге болады (жану қысымға тәуелділігін, газдар құрамын, көлемін) лабораториялық негізгі прибор. Монометрлік бомба қалың қабатты цилиндр термиялық тұрақты болаттан жасалған. Үлгі таблетка түрінде каналға орнатылады, екі жағынан герметикалық жабылады. Жоғарғы қақпада электр тоғын тұтандырғышқа жіберетін тесік. Тұтандырғыш - қағаз оғы нихрон спиралі. Төменгі қақпада 2 электрооқшауланған кіргізу тесігі бар (жану жылдамдығы өлшенеді).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]