Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать
  1. Пиротехниканың дамуы туралы қысқаша мәліметтер

«Пиротехника» деген сөз гректің «пир» – от және «техне» – өнер, білу қабілеті деген сөздерінен шыққан. Яғни, отпен басқару өнері деген мағынаны білдіреді. Пиротехника көне заманда пайда болған.

Пиротехника – пиротехникалық (отын) құрамдарының қасиеттері және олардан жасалған бұйымдар мен оларды дайындау әдістері туралы ғылым.

Пиротехникалық құрамдарды әскери техника мен әртүрлі мақсаттағы зымырандарда пайдаланған кезде, олар жану арқылы жарық, жылу, түтін, дыбыс немесе реактивті тиімділіктер береді.

Отты қорғаныс ретінде ең алғаш рет қытайлықтар қолданған. Олар әскерін отарбалармен қамтамасыз еткен, бұл отарбалар лақтырғыш машиналар түрінде болған: жанып жатқан шарларды атқылайтын.

Сонымен қатар, отты белгі ретінде қолданған. Мысалы, көне персі халқы алаулармен белгі берудің көптеген амал тәсілдерін ойлап тапқан.

VII ғасырдан бастап, «грек», «теңіз» оттары туралы хабарлар пайда бола бастады. Бұл көне әскери істе төңкеріс жасады. Осы от құрамдарды олар құпияда сақтады. «От» екі түрде болды: лақтырғыш және лаулағыш. Біріншісінің бойында оқ дәрінің қасиеттері болды, яғни, тас шарларды және темір құбырларды лақтыратын, ал екіншісі қарқынды жанатын. Гректер оны ұзын құбырлардан үрлейтін. Ең алғаш рет «грек отын» грек императоры Константин IV 678 жылы Константинополь қаласын басып аларда арабтарға қарсы қолданған болатын. Оқ дәрінің шығуына байланысты «грек оты» өзінің маңызын жоғалтты.

«Грек оты» күкірттен, селитрадан, винн тасынан, желімнен, шайырдан тұратын. Сонымен қатар, басқа да құрамдар белгілі; бірақ барлық құрамның негізінде селитра жатыр. «Теңіз оты» мұнай мен сөндірілмеген әктан тұрады.

Пиротехниканың ең көне мәдениет бесігі Азияда туған, яғни, Индустар мен Қытайлықтарда. Қытайлықтарға біздің заманымызға дейін оқ дәрінің құрамына ұқсайтын қоспа құрамдары белгілі болған. Индустар бенгал отын ең алғаш тапқан халық. Отшашуды сонау заманнан бері түрлі мерекелерде жасаған. Осы екі халықта жанғыш және жарылғыш қоспаларды қолдану туралы ең алғашқы мәліметтер берген.

Ресейде пиротехника XVIII ғасырда отшашулар және иллюминация ретінде пайда болған. Пиротехниканың дамуына үлес қосқан М.В. Ломоносов.

1847 жылы К.И. Константинов әскери зымырандарды жасауға кіріседі. Осы зымырандар Қрым соғысында кейіннен қолданылды. Осы жылы бірнеше пиротехникалық құрамдарды есептеу туралы кітаптар шыға бастады.

1868 жылы Мәскеуде В.Н. Чиколаевтың «Руководство к приготовлению и сжиганию фейерверков с описанием электрического освещения» атты кітабы жарық көреді.

XIX ғасырдың 90 жылдарында пиротехниканы қолданып, көңіл көтеретін отшашулар жөнінде бірнеше нұсқаулықтары жарыққа шықты. Соның ішінде П.С. Цитовичтің және Ф.В. Степановтың еңбектерін айта кету керек.

Казіргі таңда пиротехникалық құрамдар мен оларды жасау туралы зерттеулер көп ғылыми орталықтарда жүргізілді. Соның ішінде әл­Фараби атындағы КазҰУ­ті химия және химиялық технология факультетінің химиялық физика және материалтану кафедрасында зерттеулер жүргізіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]