Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

3.3.1 Органикалық жаңғыштар

Сұйық көмірсутектер – бензин, керосин, мазут, мұнай және де басқа мұнай өнімдері тұтандырғыш қоспаларда қолданылады, ауадағы оттегі есебімен жанады. Скипидар қарағайлы ағаштардың шайырынан алынады, оның құрамының негізі пинен (С10Н16). Скипидар шекті көмірсутектерден жылдам тотығуымен, сонымен қатар концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде оңай тотықсыздануымен ерекшеленеді.

Төменде жиі қолданылатын көмірсулардың аттары келтірілген:

Крахмал (С6Н10О5)n; Сүт қанты С12Н22О11 ×Н2О; Қызылша қанты С12Н22О11; Ағаш ұнтақтары (С6Н10О5)n; Стеарин С17Н35СООН; Нафталин С10Н8; Парафин С26Н54; Уротропин С6Н12N4; Дициандиамид С2N4Н4; Тиомочевина CS(NH2)2.

Өзін–өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жанғыштарды таңдарда қандай талаптарға сүйенеді?

  2. Жанғыштар шартты түрде қандай категорияларға бөлінеді?

  3. Ұнтақ тәрізді металдардың жаңғыштарына қандай талаптар қойылады?

  4. Пиллинг және Бэдворс коэффициенті қандай формуламен анықталады?

  5. Қандай органикалық жанғыштар пиротехникада қолданылады?

4.Байланыстырғыштар

4.1 Байланыстырғыштардың (цементаторлардың) пиротехникалық құрамдардағы рөлі

Құрамның мықтылығын жоғарылату үшін жоғары қысымда тығыздап, (престеу арқылы) мақсатқа жету мүмкін емес. Заттың мықтылығын арттыру үшін құрамға байланыстырғыш енгізеді (кейде оларды цементаторлар деп атайды). Цементатор ретінде жасанды және табиғи шайырлар, каучук және басқа да органикалық заттар қолданылады. Егер цементатор бірдей уақытта жаңғыш болса, онда жану процесі баяулайды және құрамның химиялық тұрақтылығы артады.

Мықтылықты анықтау үшін қолданылатын әдістердің бірі үлгіні бұзатын күштің мөлшерін өлшеу. Ол үшін пиротехникалық құрамнан тұратын цилиндрлі үлгіні арнайы сынақ машиналарында бұзады. Үлгіні (әдетте диаметрі 20 мм ұзындығы 30 мм) екі болат пластина арасына орналастырып, екі болат пластинаны тұрақты жылдамдықта, баяу қозғалыста бір-біріне жақындатып қысады. Осы кезде үлгіні бұзуға кеткен күш бойынша мықтылығын анықтайды.

Үлгінің мықтылық шегін  деп белгілеп, келесі формуламен анықтаймыз:

 = Pmax/S

Pmax – үлгіні бұзуға қажет күш.

S – үлгінің көлденең қимасының ауданы, см2.

    1. Мықтылыққа әсер ететін факторлар

Қысылған (престелген) заттың мықтылығы төмендегі шарттарға тәуелді:

  1. тотықтырғыш-жанғыш негізгі қоспаның қасиетіне;

  2. байланыстырғыш қасиетіне және оның құрамындағы мөлшеріне;

  3. компоненттердің ұнтақталу дәрежесіне;

  4. құрамға байланыстырғышты енгізу тәсіліне: құрғақ түрде, ерітінді түрінде (лак), ерітінді концентрациясына және тағы басқалары;

  5. қысудың (престеудің) меншікті қысымына және қысымда ұстау уақытына;

  6. тығыздалып жатқан құрам биіктігіне және биіктік пен диаметр қатынасына.

Престеу қысымы жоғарылағанда құрамның мықтылығы өседі, бірақ меншікті қысымынан 20-25% артық болмайды. Үлгінің ұзындығы диаметрінен 1,5 еседен артық болмау керек.

4.3 Байланыстырғыштардың жіктелуі және олардың қасиеттері

Жиі қолданылатын байланыстырғыштар:

  1. жасанды шайырлар – идитол, бакелит, эпоксидті шайырлар және басқалары;

  2. шынайы шайырлар және оларды өңдеу өнімдері: канифоль, резинаттар;

  3. кебетін май – олифа;

  4. желім – декстрин.

Сонымен қатар, әртүрлі асфальттар мен битумдар да қолданылады. Кейбір жағдайларда сәйкес ерітіндідегі нитроторлар мен каучуктар қолданылады. Нитроторлар үшін спирт-эфир қоспасы, ацетон, ал каучук үшін бензол, бензин және тағы басқалары қолданылады.

Қатты пиротехникалық отында байланыстырғыш ретінде полиуретандар, тиоколдар, каучуктар қолданылады ( 4.1 кесте).

Кесте 4. 1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]