Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
treatise1025.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.62 Mб
Скачать

3.2.5 Металл ұнтақтарына қойылатын техникалық талаптар

1. Белсенді металдың (тотықпаған) максималды мөлшері (магний және алюминий ұнтақтарының әртүрлі сорттары үшін 90 - 98).

2. Темір мен кремнийдің мөлшері бірнеше ондаған пайыздық үлестен көп болмайды.

3. Ауыр металл (мыс, қорғасын) қоспа мөлшерлерінің тек іздері.

4. Май мөлшері бірнеше ондаған пайыздық үлестен көп болмауы керек.

5. Ылғал мөлшері бірнеше ондаған пайыздық үлестен жоғары болмауы керек.

6. Ұнтақ ұнтақтау дәрежесімен қалпына келтіреді.

Мыс, қорғасын және темір металл ұнтақтарының қоспалары (әсіресе алғашқы екеуі) ылғалдылық құрамда гальваникалық жұп түзеді, бұл сақтау кезінде құрамның ыдырауын жылдамдатады. Май мөлшерінің көп болуы жану процесін баяулатады және жарқырау (ұшқын) қабілетін арттырады.

Мысалы, алюминий ұнтағы үшін (%):

Белсенді металл

>96

мыс, қорғасын

іздері

алюминий оксиді

<3

майлар

<0,5

темір

<0,8

ылғал

<0,2

кремний

<0,6

Магний ұнтағы үшін (в %):

Белсенді металл

магний оксиді

>98

<3

темір

<0,35

кремний

<0,15

ылғал

<0,2

металл хлоридтері

іздері

майлар және мыс

болмау керек

3.2.6 Металл ұнтақтарының өндірісі

Металл ұнтақтарын дайындау келесі тәсілдермен жүзеге асырылады:

1. Механикалық ұнтақтау – шартәрізді диірменде жүзеге асырылады. Бұл әдіс майысқыш металдар мен балқымаларда қолдануға өте ыңғайлы.

2. Сұйық металдарды шашырату – салыстырмалы түрде оңай балқитын металдарда, сонымен қатар, алюминий және мырыш металдарында қолданылады. Металл балқымаларын шашыратқанда ұнтақ бөлшектердің пішіні тамшы тәрізді және сфералық болады, бұл әдіс өте тиімді.

3. Оксидтерді тотықсыздандыру – оксидтерді термиялық жолмен тотықсыздандырады. Металл оксидтерін тотықсыздандырып алынған ұнтақтар кеуекті және борпылдақ болып келеді.

4. Электролиз – балқытылған ортада қиын балқитын металл ұнтақтарын дайындайды. Электролизденіп алынған ұнтақтардың пішіні – тармақталған. Ұнтақ ұсақ болған сайын реакциялық қабілеті артады, еркін себуде көлемдік салмақ (г/см3) төмендейді.

3.3 Орташа калориялы бейорганикалық жанғыштар

Жылуды көп бөлмейтін құрамдағы жанғыш ретінде марганецті, вольфрамды, молибденді, хромды, сурьмены, сонымен қатар түтінді құрамдарда мырыш, темір, қарапайым заттар және кейбір бейорганикалық қосылыстар қолданылады.

Пиротехникада жаңғыш ретінде қарапайым заттар мен металл балқымаларынан басқа бейорганикалық қосылыстарда қолданылады. Пиротехникада жанғыш ретінде қолданылатын қосылыстардың түзілу жылулығы жоғары болмау керек.

Боридтер, карбидтер, силицидтер, фосфидтер, сульфидтер және кейбір элементтердің гидридтері қызығушылық тудырады, бірақ толығымен зерттелмеген. Сульфидтерден көбінесе сурьме сульфиді тәжірибеде қоданылады (антимоний) - Sb2S3.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]