- •2 Балалар арасындағы агрессивтік жағдайларды болдырмау жолдары
- •1 Агрессия және бала агрессиясының теориялық түсніктері .
- •2 Балалар арасындағы агрессивтік жағдайларды болдырмау жолдары
- •2.1 Бала агрессиясын зерттеу
- •3 Бала агрессиясының өзгелерге әсері және оның жойылуы
- •3.1 Бала агрессиясының алдын . Алу және оны жою 3.2 Агрессияның өзгеге бағытталуы
1 Агрессия және бала агрессиясының теориялық түсніктері .
1.1 Агрессия туралы жалпы түсінік Күнделікті өмірде агрессия дегеніміз: «Жағымсыз қатынас туғызатын ашық түрдегі өшпенділік, ал агрессивті бұл күш салу, зиян келтіру əрекеті ретінде түсіндіріледі». Жалпы «агрессия» термині күш салу, күш жұмсаумен байланысты əрекеттерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Агрессия түсінігіне формасы мен нəтижесі бойынша əр түрлі əрекеттер біріктіріледі, соның ішінде орынсыз əзіл-қалжың, өсек, нұқсан келтіру ойларынан бастап, кісі өліміне дейін. Өшпенділік неғұрлым тар мағынада алынады, белгілі бір объектіге бағытталады. Əдетте өшпенділік жəне агрессивтілік үйлесімде болады, бірақ адамдар өшпнділік сипатындағы қарым-қатынаста бола отырып, агрессивтілік көрсетпеуі мүмкін. Агрессияны анықтаудағы маңызды мəселе бұл осы терминнің əр түрлі əрекеттер мағынасында болуы.
К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған [10, ].
А. Басс бойынша агрессия- бұл басқа адамдарға нұқсан келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет [17,16].
А. Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді [2,225].
Д. Зильманн бойынша агрессия-бұл басқа адамға дене жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
Л. Блендер агрессияны объектіге жақындау немесе одан алыстау деп түсіндірсе, Ф. Аллан оны сыртқы күштерге төтеп беруге мүмкіндік беретін адамның ішкі күші дейді.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
Х. Дельгадоның тұжырымдауы бойынша адамдардың агрессиясы- бұл мінез-құлық реакциясы, ол қоғам мен адамға зиян, шығын келтіру жəне күш көрсетумен сипатталады [6,64].
Э. Фромм агрессияны адамдарға, топқа, жануарларға жəне барлық тіршілік иелеріне зиян келтіру деп түсіндіреді [13,3].
Шетелдік жəне отандық көптеген зерттеушілер агрессия мəселесін əр жақты зерттеп қарастырған, бірақ бір ортақ көзқарасқа келген жоқ. Себебі бұл мəселе өте күрделі жəне жан-жақты. Сондықтан мына аспектілер қарастырылуда: агрессияның туындауына биологиялық жəне əлеуметтік орта əсері, оны меңгеру жəне бекіту механизмдері, агрессивті əрекеттің жекелей жəне жыныстық жас кезеңдік ерекшеліктері, агрессияның алдын алу тəсілдері.
Субъектің агрессивті мінез-құлқы — жеке тұлға агрессивтілігінің салыстырмалы түрдегі табанды ерекшелігі ретінде қарастырылады. Агрессивтілік деңгейі әлеуметтендіру процесіндегі оқып-үйретумен қатар, әлеуметтік жауапкершшік нормалары және агрессия актілері үшін жаза қолдану тәрізді аса маңызды мәдени-әлеуметтік нормаларға бағдар тұту ретінде де айқындалады. Бұл жерде жағдаяттық өзгермелілік (айналадағылардың ниет-пиғылдарын өзіндік қабыддау, қайтарма байланыс алу мүмкіндігі, қару-жарақтың арандатушылық ықпалы, т.б.) маңызды рөл атқарады.. Агрессияның кейбір көрінісі қозғыш психопатия, паранойя, эпилепсия және т.б. тәрізді жеке тұлғаның даму үстіндегі патопсихологиялық белгілері ретінде көрінуі де ықтимал. Агрессив-тіліктін,өзін-өзі бақылауын қалыптастыруда және агрессивті актілерді кідірте тұруда басқа адамды бірегей құндылықтардың иесі деп танып, оны түсінуге тырысу, жаны ашу тәрізді субъект қабілетінің түп негізінде жататын эмпатия, сәйкестендіру және орталықсыздандырудың психологиялық процестерінің маңызы зор.
Соңғы жылдары мектеп жасындағы балалар арасында агрессивтілік жағдай жиі орын алуда. Баланың тұлғалық дамуында неше түрлі жағымсыз мінез көріністерінің, агрессияның орын алуының алдын алу мектеп психологиялық қызметінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Адамның өзіндік агрессиялы күйлерін реттеп, өзін-өзі бақылау жасау арқылы көпдеген кемістіктерінен қол үзіп, үлкен жетістіктерге психологиялық көмек көрсетіп, психодиагностика нәтижелері бойынша психологиялық кеңес беру шараларын тиімді қолдану қажет.
«Агрессия» термині қазіргі кезде кең мағынада қолданылуда, сондықтан да оның жекелеген мағыналарын бөліп шығаруды қажет етеді. Көпдеген авторлар өздерінің зерттеулерінде агрессия мен агрессивтілікке Әр түрлі мағына береді.: Лоренц, Арни анықтамасы бойынша ол жеке тұлғаның өзінің жерін қорғауға бағытталған туа біткен реакциясы: Мориссонның айтуынша-басшылық етуге талпынушылық; Хорни, Фром қағидаларында оны жеке тұлғаның адамды қоршаған ақиқаттылыққа жауластық реакциясы. Агрессияның, фрустрация, мазасыздану , депрессияда болу жағдайларымен байланыстыратын теориялар Маллер, Дуб, Доллард еңбектерінде кеңінен қарастырылған. Соңғы кезде жеткіншектер агрессиясының көпдеген аспектілері отандық ғалымдар Т. К. Күнсләмова, С. Б. Елубаев, Қ. А. Айдарбеков, Т. М. Шалғынбаев зерттеулерінде орын алды. Олар жеткіншектердегі агрессиялық мінез-құлықты өзіндік сана сезімдерді құрайтын негізгі мінез компоненттері ретінде қарастырған.
Агрессивтіліктің сапалық және сандық сипаттамасы бар. Барлық қасиеттер сияқты ол әртүрлі деңгейлермен ерекшеленеді. Әрбір жеке тұлғаның белгілі бір деңгейде агрессивтілігі бар. Оның жоқтығы пассивтілікке, конформділікке және т.б. жеке тұлғаның өзіне ыңғайсыз жағдайларға алып келеді. Агрессивтілік өздігінен субъектіні саналы түрде қауіпті етпейді, өйткені ол бір жағынан саналы қауіпті агрессия актісі ретінде ешуақытта көрініс бермеуі мүмкін.
Агрессия өзінің табиғатына байланысты басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүреді. Әсіресе баланың агрессивті мінез көрсетуіне мазасыздану, астеникалық жағдай, стерсс негіз болады. Сондықтан жеткіншектердің агрессивті мінез көрсеткіштерін Л.Д. Малкованың «Астеникалық жағдайды бағалау шкаласы» әдістемесі, «Агрессияны бағалау» тесті, агрессияның түрін анықтауға арналған Басса-Дарки тесті, мазасызданудың орын алуын И. Спилбергердің «Ситуативті мазасыздану шкаласы» әдістерімен зерттедік.
Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі –Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның көрініс беру формасын диагнозтикалау нәтижесін бұдан бұрынғы мақалада көрсеткенбіз. Жеткіншектерді зерттеу нәтижесінде мектеп оқушылары арасында вербальдық агрессия өте жоғары дамыған болып табылады. Ол әсіресе ұл балаларға тән, дегенмен агрессияның бұл түрі қыздар арасында да сирек емес екен. Екінші орында өкпелегіштік пен негативизм көрсеткіштері орын алды. Жеткіншектерде күдіктенушілігінің жоғары болуы заңды нәрсе, ол үлкендік сезімнің орын алу және үлкендердің жеткіншектерге көзқарасындағы қайшылықтардан туатын проблема.
Келесі кезеңде «Агрессияны бағалау тесті» көмегімен зерттеу жүргіздік. Бұл әдістеменің мақсаты агрессияны, агрессивті мінез көрсету деңгейін анықтау және тұлғааралық қатынастағы адамның сыпайылық көрсетуге қабілеті , «қоян мен қасқыр» қатынасының орын алатындығын бағалау. Зерттелінген 21 жеткіншек жасындағы балалардың көрсеткіштерін тестті талдау ережесі бойынша анықталды.
Талдау екі кезеңде жүргізілді. Бірінші талдау жалпы жинаған баллдарымен анықталды. Зерттелінгендердің ішінде төрт бала 36-44 арасындағы балл жинады, олардың агрессиясы бір қалыпты, өзін қорғауға жетерлік деңгейде, өмірде табысты болуға өзіне сенімділігі мен қабілетінің көрсеткіштігі жеткілікті деңгейде деп бағаланды. Сегіз зерттенуші баллдарды 45 және одан жоғары болды, талдау ережесі бойынша олардың агрессивтілігі нормадан артық. Көбінесе ұстамсыздық пен өзгелерге, ешқандай себепсіз, ерекше қаталдық көрсетеді. Өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін қажетті әдіс-тәсілдерді өзі анықтайды. Отбасындағылар мен басқа қоршағандарға оның тигізетін әсерінің оң –терісімен есептеспеді. Сондықтан басқалар онша ұнатпайтынына өзі де таңырқамайды, ал егер реті келсе сол үшін оларды жазалайды.
Көрсеткіштер 35 және одан төмен болғандар саны тоғыз болды. Олар өз күші мен мүмкіндіктеріне сенімі төмен болғандықтан қоршағандармен тіл табысуға тырысады. Оларға батылырақ болу керек және өзіне деген сенімін жоғарылатуға бар мүмкіндіктерін пайдалануы керек.
Екінші кезеңдегі талдау келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады. Зерттелінгендердің ішінде 13 бала жеті және одан көп сұраққа 3 баллдан, сондай-ақ, жеті және одан аз сұраққа 1 баллдан жинады. Сондықтан олардың агрессивтілігі бір нәрсені жөндеуден гөрі талқандауға бейімірек болғанын көрсетті. Олар ойланбастан ұрыс-қағысқа баратын, өзінің тік мінезділігінен басқалардың агрессиясын тудыратын және шытырман жағдайларға алып келетін мінез көрсететін балаларға жатқызылды. Төрт бала жеті және одан көп сұраққа 1 баллдан, сондай-ақ, жеті және одан аз сұраққа 3 баллдан жинады. Бұл көрсеткіш өте тұйық мінезділіктің белгісі. Олардың агрессивтілігі өте төмен деңгейде дамыған, кейде өзін қорғауға да шамасы келместен, басқалардан қысым көріп жәбірленіп жүруі мүмкін. Қалған төрт баланың көрсеткіштері басқа варианттарда болды. Олардың агрессивтілігі нормада, өзін қорғауға жеткілікті және сыйысымды мінез көрсетуге негіз болады, өзінің өмір сүретін ортасында басқалармен тіл табысып, тату-тәтті өмір сүруіне ешқандай кедергі жасамайтын деңгейде екені анықталды.
Л.Д.Малкова ұсынған «Астеникалық жағдайды бағалау шкаласы» әдістемесі астеникалық жағдайды сипаттайтын 30 тұжырымдамадан тұрады. Жауаптарды талдау арқылы адамды әлсірететін эмоционалдық жағдайға зерттелінушінің бөлінетіндігі және астенияның күші бағаланады.
Жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша төрт балада астенияның белгісі жоқ (30-50 балл), тоғыз балада әлсіз астения кейде көрініс береді (51-75 балл) ал сегіз баланың астениялық жағдайда жүргені анық байқалды (76-100 балл).
Балалардың мазасыздануын бағалау үшін біз Кондаштың «Әлеуметтік – ситуациялық мазасыздану шкаласы» принципіне негізделіп жасалған И. Спилбергердің «Ситуактивтік мазасыздану шкаласы» әдістемесін жүргіздік. Бұл шкала бойынша мазасызданудың негізгі көзі болып табылатын объектілерді анықтауға болады. Зерттеу барысында жиналған мәліметтер «Бағалау шкаласы» деп аталатын кестедегі ретпен талданды.
Бағалау шкаласы
Мазасызданудың түрлері |
Тест тапсырмасының реттік саны |
|||||||||
Мектептік |
1 |
4 |
6 |
9 |
10 |
13 |
16 |
20 |
25 |
30 |
Өзіндік бағалау |
3 |
5 |
12 |
14 |
19 |
22 |
23 |
27 |
28 |
29 |
Жеке адамаралық |
2 |
7 |
8 |
11 |
15 |
17 |
18 |
27 |
24 |
26 |
Берілген шкала бойынша мазасызданудың түрлері мектепшілік, өзіндік және адамаралық деген үш түрге бөліп бағаланады.Мектепшілік мазасыздану баланың мектептегі мұғалімдермен және басқа оқушылармен қарым-қатынасының қалыптаспағанымен байланысты көрініс береді, өзіндік сипаты баланың алдында тұрған проблемаларды шешудегі жетекші мотивациясымен байланысты, ал адамаралық – жалпы қарым – қатынас мәдениетінің қалыптасқандығына тәуелді болады. Олардың деңгейі келесі шкала бойынша бағаланады. Зерттеушінің жалпы жинаған баллдары әр шкала бойынша бөлек-бөлек және түгелдей үш шкаланың біреуі бойынша есептелінеді. Нәтижелері мазасызданудың түрлерін көрсетеді.
Мазасыздану түрлерін анықтау нәтижесі
Мазасызданудың түрлері |
Балалар саны |
1. Мектептік |
16 |
2. Өзіндік бағалау |
7 |
3. Жекеадамаралық |
5 |
Жалпы зерттелінген балалар саны |
21 |
Зерттелінген жеткіншектердің жауаптарын талдау және ретке келтіру нәтижесінде олардың мазасыздану өмір сүретін орталарындағы статусына байлнысты екені анықталды және мұндай көрініс осы жас кезеңіндегі балалар үшін норма деп айтуға болады. Өйткені басқа сыныптарда жүргізілген зерттеулердің нәтижесі осы көрсеткішке жақын болады.
Оқушылардың мазасыздануын туғызатын себептердің ішіндегі жетекшісі сынып ішіндегі қарым-қатынасқа, ұялшақтыққа, өзіне және айналадағыларға деген бейадекватты қарым қатынасына келіп тіреледі. Бұл жағдайлар тереңдеп кетпес үшін, мазасыздану деңгейі жоғары болған оқушыларға көбірек көңіл бөліп, жеке әңгімелесу керек. Сонымен қатар, сынып ішінде, топтық іс шаралар кезінде көбірек араластырып, сабақты әр уақытта сұрап, сұрақтарды көбірек қойып, топтық әңгімелер, баланың жеке мәселесін ұмыттыруға негіз болатын жеке әңгімелерді жүргізу қажет.
И. Спилбергердің «Ситуативті мазасыздану шкаласы» бойынша мазасыздану деңгейін бағалауға болады. Ситуативті мазасыздану субъективті уайымдалатын эмоциялармен сипатталады, бұл стресті жағдайларға әсер ететін эмоционалды реакция болып, интенсивті жағынан әртүрлі уақыт жағынан динамикалы болуы мүмкін. И. Спилбергердің ситуативті мазасыздану шкаласы мазасыздану деңгейін дифференциалды өлшеуге мүмкіндік беретін бірден-бір әдіс болып табылатындықтан оны өңдеу кестесін қолдана отырып келесі көрсеткіштерді анықтадық.
Жеткіншектердің мазасыздану деңгейін анықтау нәтижесі
№ |
Ситуативті мазасыздану деңгейі |
Зерттелінушілер саны |
1 |
Жоғары |
7 |
2 |
Орта |
9 |
3 |
Төмен |
2 |
4 |
Нормада |
2 |
Зерттелінушілердің ситуативті мазасыздануы барлық көрсеткіштері бойынша жоғары болғандар 33 пайыз, жекелік мазасыздану көрсеткіші бойынша 51 пайыз болғанын көрсетті. Сонда кейбір оқушыларда ситуативті және жекелік мазасыздану қатар көрініс беретіндігі анықталды.
Мектеп оқушыларының ішіндегі жеткіншек жас кезеңіндегілердің агрессиясы және осы ерекшелікпен ұштасып келетін астеникалық жағдай, мазасыздану ерекшеліктерін зерттеу олардың жалпы жағдайын анықтап, қиындық көріп жүрген балаларға психологиялық көмек көресту мақсатында жүргізілді. Зерттеудің келесі кезеңінде жеткіншектердің жас ерекшелігін, жүргізілген психодиагнозтикалық жұмыстар нәтижесіне сүйене отырып балалардың ерекше мінез-құлық көрсетуінің негізгі себебі – оқушылардың өздері өмір сүретін ортасымен қарым-қатынас мәдениетінің қалыптаспағандығы, үлкендерге алаңдаушылық өзіне деген сенімінен басым келетіндігімен байланысты деген қорытынды жасадық.
Жеткіншек жасындағы балаларды әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін мекгертуге арналған көпдеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметіне сынып оқушыларының қарым-қатынасын нығайтуға, оқушының әлеуметтік статусын қалыптастыруға кеңінен пайдаланылады. Сондықтан мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас мәдениетін бағалап, қажетті болған кезде коррекциялау, тәрбиелік мәні бар қосымша іс шаралар ұйымдастырдық.
Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.Тұқым қуалаушылық — ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін, нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта — адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды [5].
Табиғи орта — бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктербайқалады.
3.1
Бүгінгі таңда агрессия соның ішінде жасөспірімдердің агрессиялық мінез-құлық мәселесiне психологиялық зерттеулерге үлкен орын берiлiп, белсендi ғылыми-практикалық тұрғыдан iзденiстер талап етілуде.
Жеткiншектер әлемiнде жиі жағдайда қарым-қатынастағы шиеленістер, мазасыздану, тұлғалық даму мен мiнез-құлықтағы ауытқулар, агрессия мiндеттi түрде кездесетiнi баршамызға мәлім.
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады.
Соңғы уақытта қоғам балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатігездік, агрессиялық жағымсыз асоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отыр. Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселері.
Жалпы білім беретін мектептерде оқитын оқушылардың әрқайсысының өзіне тән жеке даралық ерекшеліктері бар. Сондықтан мектеп психологі алдында тұрған проблемаларының бірі – тиімді көмек көрсету.
Агрессивтілік мінез-құлық адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол барлық адамдарға тән: балаларға және олардың ата-аналарына, өмірді жаңа бастаған жасөспірім қыздар мен ұлдарға, ересек, орта жіне кәрі жастағы адамдарға, әртүрлі мамандық иелері мен әртүрлі жағдайдағы мінез-құлыққа байланысты агрессия туындап отырады.
Психологиялық- педагогикалық мiндеттердiң бiрi жеткiншектердiң психикалық дамуындағы өзгерiстердiң себептерiн тауып қана қоймай, оны түзету мен алдын алу жұмыстарын жүргiзу де өте маңызды. Сондықтан да бұл жеткіншектерді анықтау мақсатында тек агрессивтіліктің деңгейін анықтап қана қоймай, сонымен бірге агрессивті мінез-құлықтың алдын алу және түзету жұмыстарын жүйелі түрде жүргізген жөн. Бала агрессивтілігінің алдын алу - бұл балалар мінез - құлығындағы агрессияны туындататын негізгі себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік, қоғамдық,әлеуметтік-дәрігерлік және ұйымдастырушылық - тәрбиелік іс-шаралардың әсер ету үдерісі.
Психолог А.А. Реан "агрессия" және "агрессиялылық" деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия - бұл бөгде адамға болмаса, адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агрессиялылық – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі. Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады. Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессиялылық осындай әрекетке дайындық.
Адамдағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі. Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік-қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Агрессия құбылысы сапалық және сандық сипаттамаларға ие. Барлық қасиеттер сияқты агрессияда индивидтерде әртүрлі көрініс табады, біреулерде мүлдем жоқ болса, басқаларда шексіз дамиды. Агрессивтіліктің болмауы енжарлық пен конформдылыққа алып келеді. Ал оның шектен тыс дамуы конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Агрессивтіліктің көріну ауыртпашылығы бір қатар параметрлермен анықталады (П.Б.Ганнушкин); агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессия туындайтын ситуацияның адекватты емес дәрежесі; агрессияға екпін жасау; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл ситуацияда вербальды формада, ал ауыр ситуацияларды физиологиялық аиуто және гетеро агрессия түрінде көрінеді.
Жеткіншектік ортада агрессивтілік тенденцияларының өсуі біздің қоғамымыздың əлеуметтік мəселелерінің ең бастыларының бірі. Соңғы жылдары жастар арасында қылмыстар жасау көбеюде, соның ішінде жеткіншектердің қылмыс жасауы ерекше назарда. Қатігездік мінездегі топтық төбелестер болатын жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бірнеше жағымсыз факторлардың жиынтығынан тұрады:
Балалардың əлеуметтік өмір жағдайларының төмендеуі;
Отбасылық тəрбие дағдарысы;
Паталогиялық босанулардың нəтижесінде баланың бас миына зақым келгендіктен;
Мектептегі балалардың жүйкелік-психикалық жағдайларына назар аудармауынан;
Агрессивті балалар - ең аз басқарылатын жəне терапияға нашар берілетін балалар контингенті. Агрессивтіліктің көрінуі көбінесе психикалық ауруларға шалдыққанда білінеді. Агрессивтілік ғылымда кездесетін ең бір өзекті де қиын мəселелердің бірі. Бұл жағдайды түсіндіруде ғалымдар көптеген көзқарастарға сүйенеді. Психология ғылымының дамуында адамдар агрессивтілігі түсінігі маңызды өзгерістерге ұшырап отырды.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін әлеуметтік қоршаған орта мәнді роль атқарады, ендеше балалардың агрессивті мінез-құлық себептерін олардың құрбылары мен тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол үшін референтті болып саналатын топта қабылданған әлеуметтік нормалар типтерінен іздеу керек.
Агрессивті жасөспірімдер - бұл көмекке мұқтаж және үлкендердің қабылдамауына ұшараған балалар тобы.
Агрессивті мінез-құлықтың себептерін білместік, түсінбеушілік агрессивті жеткіншетердің ересектер және құрдастар тарапынан оларды ашық түрде жақтырмай, қабылдамауына алып келеді. Жеткіншектің агрессивтілігінің алдын алу дегеніміз-бұл баланың агрессивті мінез-құлқын туындататын әлеуметтік-психологиялық факторларға жол бермеуге бағытталған іс-шаралар. Тұлғаны түзету оның ауытқыған мінез-құлығындағы жағымды тұлғалық өзгерістерге жағдай жасау.
Жеткіншектің агрессивті мінез-құлқын түзету - бұл жеткіншек тұлғасының толыққанды дамуы және қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында агрессивті әрекеттерді анықтауға бағытталған психологиялық әсер ету.
Психологиялық түзету-мектеп психологының психологиялық әсер етудің арнайы құралдарының көмегі арқылы баланың агрессивті мінез-құлқын түзетуге бағытталған қызметінің бір түрі. Психологиялық түзетудің жеке және топтық түрін бөліп көрсетуге болады.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде, соның ішінде мектептерде жеткіншек жастағы оқушылардың мінез құлқындағы агрессивті беталысты анықтау, түзету жұмыстары жүргізілуде. Мұнда мектеп психологының атқаратын қызметі жоғары. Сонымен қатар сынып жетекші және ата ананың бірлескен жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл балалардың ата аналарымен сөйлестім және оларға қоғамдық жұмыстар тапсырдым. «Мен қандаймын» деген психологиялық тест алдым, психологиялық тренингтерге қатыстырдым. Мектепте өткізілген қоғамдық жұмыстарға , спорттық сайыстарға қатыстырдым, жауапкершілікті сезіне бастады. Қазір бұл оқушылар бұрынғыдай емес, ортаға үйреністі, тәртіптері де, мінез құлқыда жақсарып келеді.
Психолог маман мұғалімдер мен ата-аналарға агрессияның не екендігін, оның көрініс беру факторларын, агрессивті баланың қандай күйде болатындығын жете түсіндіруі қажет. Жеткіншектің агрессивті мінез-құлқының жоғары деңгейін байқаған сәттен мектеп психологі, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог және ата-аналар осы бағытта бірігіп тығыз жұмыс жасауы қажет.
Қорыта келгенде оқушылардың агрессивтілігінің алдын алуын қамтамасыз ету мақсатында мектеп басшылығы пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, әлеуметтік педагогтар мен психологтардың агрессивті және «тәуекел топтардағы» балаларды ертерек анықтау бойынша тығыз өзара әрекеттестігін қамтамасыз етуі керек. Өкінішке орай, көп жағдайда психологиялық жұмыстар оқушылар мен пән мұғалімдерімен шектеліп жатады. Ал ата-аналар жұмыс бастылыққа мойын болған осынау нарық заманында мектепке сирек бас сұғатын болғандықтан психологиялық кеңестер мен көмектерден қалыс қалып жатады. Сондықтанда мектептегі псхологиялық көмекті тек кана оқушылармен, пән мұғалімдерімен шектемей ата-аналарға берілетін кеңесті күшейту керек. Ата-аналарға жеткіншектердің агрессивтілігінің алдын алу мен тузету жолдары жайындағы ұсыныстар буклет, брошюралар арқылы таратылса артық болмас еді.
