- •Сұрақтары
- •2.2 Дәрiстік сабақ конспектiлері
- •1 Сурет. Іргетастың осьтерін белгілеу сұлбасы
- •Технологиялық карталарда не жазылады ?
- •19 Сурет Индикатормен күшін тарту бекітетін бөлшек
- •24 Сурет. Корпуста ( а) редуктордың және (ә ) тiстi доңғалақтарды соғу
- •26 Сурет. Цилиндрлi тiстi берiлiстi сапалы
- •27 Сурет. Конусты тiстi берiлiстiң iлiктiру элементтерi
- •28 Сурет. Конусты тiстi берiлiстi бояуға бақылау кезінде байланыс
- •29 Сурет Корпуста конусты тiстi берiлiстi редуктордың остерінің тесіктерінің орналасуын бақылау әдiстерi
- •30 Сурет. Тұрқыда (корпуста) бұрамдықты редуктордың осьтік саңылауларын орналастыруын бақылау
- •31 Сурет. Бұрамдықты берiлiстi бояуға бақылау кезінде байланыс дақтарының орналасуы
- •32 Сурет Бұрамдықты берілісте (а) бүйірлі саңылау және (б) оны бақылау сұлбасы
- •3 Кесте
- •1. Бұрамдықты берiлiс қандай элементтерден тұрады?
- •6 Кесте - Ажыратылатын сырғанау мойынтірегінің жоғарғы астары мен білік мойыншасы арасындағы рұқсат етілетін саңылау көлемі, мм
- •38 Сурет. Фланецтермен құбырларды қосу
- •1. Технологиялық машинаның техникалық қызмет көрсетуi деген не ?
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •23.Құрастыру. Құрастыру операциялары.
- •24.Құрастыруға технологиялық құжаттама.
- •25.Құрастырудың технологиялық сұлбалары.
- •33.Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру.
- •35.Бұрандалық қосылыстарды құрастыру.
- •43.Құрастыруды бақылау. Бояуға тексеру.
- •44.Конусты тiстi берiлiстердi құрастыру.
- •46.Құрастыруды бақылау.
- •77. Баспақты қосылыстар және оларды құрастыру.
- •Глоссарий
28 Сурет. Конусты тiстi берiлiстi бояуға бақылау кезінде байланыс
дағының орналасуы
Корпусқа тiстi доңғалақтарымен біліктерді қондырудың алдында, оның біліктегі тесіктерінің орналасуын тексеру керек. Бұл тексерудi калибрлар 1 және 2 көмегiмен корпустың тесіктерінде центрлеп жүзеге асырады (29,а сурет). Егер саңылаулардығы осьтер салыстырмалы перпендикулярлы болса, 1-ші калибр 2-шi калибрдың саңылауына еркiн кiредi. Остердiң перпендикуляр-лықтарын бақылау үшiн т. б. әдiс қолданылады (29,ә сурет). Егер калибрдың табаны тығыздалған болса, саңылауларды остер өзара перпендикуляр және саңылауларсыз, барлық ұзындық бойынша жасаушы калибрға 2 тiреледi. Егер оправалардың аяқтарының қиылған жартыларын тығыздап бiр-бiрiне тiрелсе остерiнiң перпендикулярлығы остер аяқтардың қиылғаннан остерге дейiн оправаларымен сонымен бiрге тексередi өзара перпендикуляр және бiр жазықтықтарда жатады; олардың арасындағы саңылау сүңгiлермен тексередi.
а- саңылауы бар калибрмен; ә - табаны бар калибрмен; 1, 2 - калибрлар
29 Сурет Корпуста конусты тiстi берiлiстi редуктордың остерінің тесіктерінің орналасуын бақылау әдiстерi
Конусты тісті берілістің тісті доңғалақтарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету ол үшін берілген мәнге дейін тісті доңғалақтың арасындағы бүйір саңылауды реттеу қажет. Шақтамалы өлшем бүйір саңылаудың жұмыс сызбаларында немесе технологиялық картада берілісті құрастыруға беріледі.
Орташа дәлдікті беріліс үшін бүйірлі саңылау 0,08 ден 0,2 мм ге дейін тербеледі. Егер берілістің конструкциясы доңғалақтарға еркін шақтамалы болса, онда бүйір саңылауды сүңгіш пен тексереді. Үлкен (10 мм ден аса) модульдарда доңғалақ берілісте саңылауды қорғасынды сым көмегімен тексереді, сол қатар бұны цилиндрлі тісті берілісті сияқты бүйір саңылауды бақылау кезінде жасайды. Бүйірлі саңылауларды жоғары дәлдікті берілістерде индикатор көмегімен тексереді. Треуішті соңында корпусқа бекітеді, ал оның аяғын тісті доңғалақтың бір тісімен байланыстырады (екінші тісті доңғалақты бекітеді). Доңғалақты тербетуде, индикатор жебешенің (стрелки) ауытқуымен бүйірлі саңылаудың санды мәнін цилиндрлі тісті берілісті сияқты бүйір саңылауды бақылау кезіндегідей анықтайды. Конусты берілістерде, қолжетер-лік қийындау, бүйір саңылауды, ұқсасты цилиндрлі тісті берілісті сияқты тексереді. Конусты тісті берілістерді құрастыру кезінде бүйір саңылауды, тісті доңғалақты осьтің бойлай ығысумен; доңғалақтарды ығыстыру кезінде төбесіне шартты конустың саңылауы азаяды, ал оны басқа жаққа ығыстыру кезінде саңылау ұлғаяды.
Құрастыруды бақылау
Конусты берілісте бүйiр саңылау реттелгеннен кейін, құрастыру спасын бояуға тексередi. Бұл үшін жұқа қабатты бояуды екі тіске әрбір тісті берілістен, және тістерді олардың арасындағы таза тістердің саны көбiрек болуы мүмкiндігін таңдауға тырысады. Бояуды жүргізген соң тісті доңғалақтарды жұмыс бағыты берілісне айналдырады және бояудың дағынан (байланыстың дағы) берілістің құрастыру сапасын анықтайды.
Берілістердің қалыпты жұмысы үшiн доңғалақтардың жағдайын реттеу, өйткенi байланыстың аймағы жұқа тістердің шетіне жақын болу керек, өйткені бұл жақтары деформациялық жүктемелерге оңай беріліседі және тістері тез қосымша жұмыс iстейдi. Байланыс дақ тiстiң бүйiр бетiнде орналасуы керек, оның жұқа шетіне жақын, бiрақ оған жетпеу керек (31,а суреттi қара). Байланыс дақты дұрыс құрастыруда (биiктiк және ұзындық бойынша) тiстiң кемiнде 70% ауданын қамыту керек. Бақылауға салыстыру үшiн мұндай дақты құрастыруға құрастыру сызбада немесе технологиялық картада көрсету керек.
Әдебиет: 2 нег. [287-298], 1 қос. [158-167]
Бақылау сұрақтары
1.Қандай технологиялық операциялар цилиндрлi тiстi берiлiстердi құрастыруда технологиялық процесс қосады?
2.Тiстi берiлiсте бүйiр саңылау қандай бейнемен анықталады?
3.Тiстi берiлiстi бояуға тексерудi процедурасы қандай?
4. Конусты тiстi берiлiстер қандай жағдайларда қолданылады?
5. Конусты тiстi берiлiсте тiстi доңғалақтардың нормальды жұмыс істеу үшiн не қамтамасыз етілу керек?
6.Конусты берілісте осьтік бағытта доңғалақтардың жағдайын қалай реттеуге болады?
9- Дәріс. Бұрамдықты берілістерді жинау
Бұрамдықты беріліс бұрамда деп аталатын винттен және цилиндрлік қисық тісті дөңгелектің бір түрі болып табылатын бұрамдалы дөңгелектен тұрады. Тіректер мен қиылысатын осьтер арасындағы айналатын қозғалысты қамтамасыз ететін винтті тісі бар цилиндрлік берілістермен салыстырғанда бұрамдалы берілістер бірнеше артықшылықтырға ие.
Бұрамдалы берілістердің негізгі кемшілігі болып төмен ПӘК-і саналады.
Бұрамдықтың бұрандасы бір немесе көп кірісті және оң не сол болуы мүмкін. Бұрамдықтың винтті сызығының көтерілу бұрышы дөңгелектің тістерінің көтерілу бұрышына сәйкес келеді. Көбінесе винттік сызықтың көтерілуі оң бағытқа ие және 1-ден 4-ке дейінгі кіріс санына ие берілістерді қолданады. Бұрамдалық беріліске арналған бұранданы НRС 58...63-ке дейін, яғни кейінгі термиялық өңдеуі бар көміртекті немесе легірленген болаттан жасайды. Кең қолданысқа 15Х; 20Х, 12ХН2, 12ХГТ, 20ХФ легірленген болаттардан жасалған және НRС, 45...55 қаттылығына дейін қыздырылған 40 және 45 маркалы көміртекті болаттардан жасалған бұрандалар ие. Көп жағдайда бұранданы білікпен қоса жасайды.
Бұрамдықты дөңгелекті жасау үшін материалды таңдау оны бұрамдық тісінің сырғанау жылдамдығына байланысты болады. Бұрамдықты берілістерді майлау өте жағымсыз, өйткені сырғу жиі болып тұрады, ал бұрамдықты доғалақ тәжді қоладан, ал кейбір жағдайларда (бірақ аса сирек) антифрикционды шойыннан немесе пластикалық массадан жасайды; қоланың қымбат болуына байланысты дөңгелектің ортаңғы бөлігін әдетте шойынды немесе болаттан жасайды. Тісті тәжді жасау үшін қоланы қолданады, өйткені жоғары антифрикционды құрылымға ие.
Сериялы дайындау кезінде тісті доңғалақтарды бейметалдардан жасайды, яғни тісті тәжді ортадан тепкіш арнайы пішіндерде құяды, шойынды күпшекті ішкі жағына орналастырады. Диаметрі үлкен емес бұрамдықты доңғалақтарды тісті тәждерді күпшегіне бұрамалармен бекітеді. Егер доңғалақтың құрсауын жасау үшін пластикалық массаларды қолданса, оны күпшекпен бұрандама-лармен қосады, тәжді металды дискілермен арасында жайғастырумен.
Бұрамдықты берілістерге келесі техникалық талаптар сай келу керек:
- бұрамдықты дөңгелек тістерінің қадамы мен пішіні бұрамдықпен сәйкес келуі қажет;.
- бұрамдық тістерінің ұзындығы, бұрамдық доңғалақ тісінің ұзындығы 2/3 құрауы қажет;
- бұрамдықты доңғалақтың радиалды және шетжақтаулы соққысы беріліс нақтылығымен сәйкес келуі қажет;
- орталық аралық қашықтық есептік өлшемдермен сәйкес келіп, шектен шықпағаны жөн, нақтылықты қажет етеді;
- біліктердің осьтері корпуста тесіктері осьтермен қатынасы бойынша орналасуы бір біріне 900 бұрышпен сәйкес болу керек;
- бұрамдықтың өлі жүрісі, яғни соңғы бұралу бұрышы қозғалмайтын кезде бұрамдықты доңғалақта, берілістің дәлдігі сәйкес болу керек;
- тексеру кезінде беріліс жатық және шусыз жұмыс істеу керек;
- жүк астында берілісті сынау уақытысында, мойынтіректердің қыздыру температурасы 50...60°С жоғарламау керек.
Бұрамдықты берiлiстердi құрастыру
Көпшілік жағдайларда бұрамдықты берiлiстердi құрастыру суық немесе ыстық күйдегi күпшекке тiстi тәждi (баспақтаумен) орналастыру басталады.
Содан соң саңылауларды және бұрандамаларға немесе ұстатқыштарды бұрғылайды, саңылауды бұрағаннан кейін олардың өздiгiнен бұрап алуын нүктелейді. Тiстi тәждерді күпшекке бекіту бұрандамалар көмегімен орындалады, яғни цилиндрлi тiстi доңғалақтарын тісті тәждерді бұрандамалармен бекіту сияқты. Тоқтатқыштарды орнатудан кейін бұрамдықты доңғалақты радиалды соғуына тексереді. Бiлiкке бұрамдықты доңғалақты орнату және оны тексеру, цилиндрлі тісті берілістерді білікке жинақтау кезінде жүргізіледі.
Бұрамдықты берiлiстi құрастыру кезінде әсіресе бұрамдықты және бұрамдықты доңғалақтың дұрыс ілінісін қамтамасыз ету. Бұл үшiн, олардың өстерiнiң айқастыру бұрышы және орта аралық қашықтық сызбалар талаптарына сәйкесті болу қажетті. Бұрамдықты дөңгелектің орташа жазықтығы бұранданың осіне сәйкес, ал ілінісудегі шеткі саңылау – техникалық талаптарға сәйкес келуі тиіс. Сондықтан корпусқа бұранда мен бұрамдықты дөңгелекті орнаспастан бұрын, саңылаулардың ось аралық қашықтығын тексеру керек.
Ось аралық қашықтығын арнайы корпусқа орнатылатын құралбіліктерді 1 және 2 көмегімен тексереді (30,а сурет). Микрометрлік саңылауөлшеуішпен 3 құралбіліктер арасындағы қашықтықты өлшейді.
А = Н + (D+d)/2.
Қиылысу осьтерінің бұрышын тексеруді келесідей орындайды (30-сур, б). Корпусқа бұранда мен бұрамдалық дөңгелектің орнына 1 және 2 оправкалардың біреуін орнатып, оның біреуіне 5 индикаторы бар 4 рычагты кигізеді. Рычагты индикатордың аяғы корпустың қарама-қарсы жақтарынан шығып тұратын 1 оправканың бетіндегі m және n нүктелеріне тиіп тұратындай етіп орналастырады. Егер осы нүктелерде индикатордың көрсеткіштері бірдей болса, демек біліктер 90°-пен қиылысады деген сөз.
а – ось аралық қашықтық; ә - өстердiң қиылысу бұрыштары
1, 2- арнайы құралбіліктер (оправкалар); 3- микроөлшегiш нутромер; 4 - рычаг; 5 - индикатор;
D, d - құралбіліктердің диаметрлерi; Н - құралбіліктер арасындағы қашықтық;
m, n - бақылаудың нүктесi
