Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тригонометриялы тедеулер мен тедеулер жйесін оытуды дістемесі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243.36 Кб
Скачать

Мазмұны тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқытудың әдістемесі

КІРІСПЕ...............................................................................................................

5

1 ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУ

1.1 Теңдеулер және теңдеулер жүйесі ұғымы ............................................

8

1.2 Теңдеулер және теңдеулер жүйесін шешу әдістері ...........................

10

2 ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР МЕН ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі ......................

15

2.2 Тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесіне берілген есептерді сабақта қолдану ..........................................................................

23

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................

32

КІРІСПЕ

Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесі курсында «Тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқытудың әдістемесі» тақырыбы ерекше орын алады. Векторларға берілген есептерді сабақта өз бетімен орындап, жүйелі қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.

Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың соңғы жылдардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, 2012 жылдың аяғында ұсынған «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасында жаратылыстану ғылымдарының, оның ішінде, әсіресе, математика ғылымының дамуына, жастарға математикалық білім беру мәселелеріне баса назар аударылып келеді. Бұл тұрғыда: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. ... Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» деп ерекше атап көрсеткені де белгілі. Сапалы білім және ғылым математиканың қатысуымен ғана іске асырылатын болады.

Сондықтан, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 11-12 мамырында республика математика мұғалімдері съезін өткізуі өте құптарлық, өз уақытындағы іс-шара болды деп атап айта аламыз. Өйткені, математикалық білімді мазмұнды жаңарту және оны сапалық жаңа деңгейге көтеру, қазіргі қоғам дамуы талабына сай ету, бүгінгі күннің заңдыда және өзекті мәселесі, жалпы Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай сапалы білім беру мәселесін оң шешудің бір тиімді жолы деп есептейміз.

Математика пәнін оқыту жағдайын жуық арада жаңа сапалық деңгейге көтере және шығара алсақ, онда қоғамдағы, білімдегі, ғылымдағы, техникадағы, мәдениеттегі, тәрбиедегі және экономикадағы көп мәселелер өз шешімін оң табатындығы сөзсіз. Мысалы, жаңа қоғамның және республиканың индустриялдық-инновациялық дамуы кезеңіндегі математика білімінің, ғылымының дамуы және оны оқыту сапасының жақсаруы – дайындығы жоғары сапалы, халықаралық талаптар деңгейіндегі инженер және технолог мамандар және республикада кәсіби деңгейі жоғары, сауатты экономистер, қаржыгерлер және менеджерлер дайындауға, халықтың жалпы интеллектуальдік деңгейінің өсуіне тиімді мүмкіндіктер беретін болады.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Бас қала Астанада және республика облыстары орталықтарында жаңадан ашылып жатқан және жуық арада ашылатын Назарбаев зияткерлік мектептерінің көбісінің жаратылыстану ғылымдары бағытында болып отырғандығы ел келешегінің жарқын болатындығының белгісі деп ойлаймыз. Бұл мектептер дарынды, талантты оқушыларды үздік ЖОО – лар үшін дайындаудың негізгі арқауына айналғалы отыр. Өйткені, кез келген ғылым бағыты және өндіріс саласы математикалық аппаратты ғылыми-зерттеудің негізгі құралдарының біріне айналдыратын болса ғана ол ғылым мазмұнды жаңа жетістіктерге, белестерге жететін және арықарата жоғары деңгейде дами алатын болады.

Сондықтан барлық деңгейдегі білім саласы басшылары жалпы білім және тәрбие берудегі математика пәнінің рөлін, орнын дұрыс түсіне отырып, оны оқытудың сапасын жақсартуға баса назар аударулары қажет деп есептейміз. Ана тілін оқытудан кейінгі басты назар математикаға аударылуы тиіс, сонда ғана жалпы білім деңгейін жаңа сатыға көтере алатын боламыз.

Білім өркениеттіліктің әрі өлшемі, әрі тетігі болып табылатындықтан кез келген мемлекеттің рухани және әлеуметтік дәрежесі білім деңгейіне байланысты бағаланады.

Жан-жақты білімді, салауатты, тәрбиелі, мәдениеті жоғары өркениетті елдің ұрпағын тәрбиелеп шығу бүгінгі мектептің алдына қойылған басты мақсаттардың бірі. Бұл мақсатты іске асыру және оған жету әрбір орта мектеп мұғалімінен бүгінгі заман талабына сай оқыту әдістемесін күннен күнге жетілдіре түсуін талап етеді. Осы талаптың орындалуы орта мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің жеке тарауларының әр жеке тақырыбын оқушы санасына жететіндей етіп оқытқанда ғана орындалады. Олай болса, оқушыларды жеке өзіндік тұлға етіп тәрбиелеуде математика пәнінің жалпы оқыту және тәрбие жүйесіндегі алатын орны, салмағы зор және ерекше, оны барлық жұрт түсінуі тиіс деп ойлаймыз.

Соған байланысты, жоғарыда атап өткендей, теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тақырыптарының жалпы математикалық білімдегі орнын, рөлін және маңыздылығын ескере отырып, осы тақырыпты тиімді оқытуға бағытталған кейбір өзекті мәселелерді дипломдық жұмысыма арқау етіп отырмын.

Жұмыстың мақсаты: Математика сабағында тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі тақырыбын оқушыларға өз бетімен орындайтын жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  • Математика сабағындағы тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері;

  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқытуды сабақта қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;

  • Тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқытудың практикалық жүзеге асырылуын көрсету;

  • Бір математика сабағы мысалында тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесін оқытуды қолдану сипатталды.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлімде мынадай мәселерелер қарастырылады:

- Вектор;

- Векторларды оқыту әдістемесі.

Зерттеу объектісі: математика сабағындағы тригонометриялық теңдеулер мен теңдеулер жүйесі тақырыбын оқитын оқушылар.

Зерттеу пәні: математиканың оқыту әдістемесі.

Жұмыстың ғылыми болжамы: Егер мұғалім математика сабағында оқушының өз бетінше жұмыс істеуін жүйелі ұйымдастырып отырса, онда оқушылардың бойында шығармашылық және ізденушілік қасиеттері қалыптасады, дамиды және артады.

Зерттеу жұмысының әдістері.

1.Педагогикалық-психологиялық, математикадан әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.

  1. Педагогикалық бақылау.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.