- •Кентау 2011 ж.
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Курстық жобаны орындау кезеңдері
- •2.1 Курстық жобаның тақырыбына қойылатын талаптар
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •Курстық жобаның құрылымы
- •10 Қосымшалар
- •Курстық жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар
- •Курстық жобаны қорғауға ұсыну
- •Курстық жобаларды сақтау тәртібі
- •Курстық жұмысты дайындауға қажетті әдебиеттер мен дереккөздер тізімі
- •Рецензиямен жұмыс жасау
- •Курстық жұмыс
- •4. Арнайы талаптар:
- •5. Жобаны өндеу кезендері:
- •7 Қосымшалар:
- •8 Графикалық материал тізімі:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар 4.1____________________ 4.2 __________________
Курстық жобаны қорғауға ұсыну
4.1. Нормалық бақылаудан өткеннен кейін курстық жоба қорғауға жіберіледі, ол Курстық жобаға жазбаша сын-пікір жазылады.
4.2 Сын-пікір беруші курстық жобаның мазмұнын мұқият зерттеуге міндетті және 1-2 бет көлеміндегі сын-пікірді жазады, онда мыналардан көрініс береді:
- тақырыптың маңыздылығы;
- тақырыптың жаңалығы және тәжірибелік маңызы;
- зерттеу тақырыбының толық ашылуы;
- Курстық жобаның баяндалу және ресімделу сауаттылығы;
- мазмұнының талаптарға және Курстық жұмысқа тапсырмаға сәйкестігі;
- пайдаланылған әдеби деректердің жеткілікті (жеткіліксіз) көлемі;
- Курстық жобаның оң және теріс жақтары;
- негізделген ескертулер мен кемшіліктер;
- мәселенің шешілу дәрежесі және зерттеудің аяқталғандығы;
- балдық-рейтингілік әріптік эквиваленттің көрсетілуімен дәстүрлі бағалау;
4.3 Қорғау қазақ, орыс тілдерінде және жекелеген жағдайларда шетел тілінде өткізілуі мүмкін.
4.4 Қорғауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады, олар сұрақтар мен баяндамалар түріндегі Курстық жобаны талқылауға қатыса алады.
Курстық жобаларды сақтау тәртібі
5.1 Курстық жобаларды қорғалғаннан кейін шығарушы пәндер бірлестігі. пәндер бірлестігі меңгерушісі бекітетін тізімдеме бойынша оқу орнының мұрағатына тапсырады.
5.2. Курстық жобалар оқу орнының мұрағатында 3 жыл сақталады. Бұл мерзім аяқталған соң директордың бұйрығымен құрылған комиссия акт бойынша Курстық жобаларды шығынға жазады.
Курстық жұмысты дайындауға қажетті әдебиеттер мен дереккөздер тізімі
Әдебиеттер тізімінің дұрыс берілуіне маңызды назар аударылады. Кейбір жұмыстарда бұл тізім бірнеше бөлімдерден тұрады.
Әрбір әдебиет талапқа сай сипатталуы тиіс. Бұл сипаттамаға төмендегілер кіреді: автордың толық аты-жөні; кітаптың толық атауы; қисық сызықтан кейін – аудармашы туралы мәліметтер (аударма болса) немесе редактор туралы (кітап авторлар тобымен жазылса), том саны (жеке баспадан шыққан бөлімдері болса);
сызықшадан соң-баспадан шығарылған қаланың атауы; қос нүктеден соң-баспаның аталуы; үтірден соң шығарылған жылы.
Мысалы:
Ши-цзин. Книга песен и гимнов / Пер. А. Штукина. - М.: Художественная литература, 1987.
Әдебиеттер тізімін құрудың бес түрлі әдісі бар:
әліпби ретімен
хронологиялық
тақырыптық
басылым түріне байланысты
мазмұнының сипатына байланысты.
Әліпби ретімен берілген тізімде барлық әдебиеттер кириллица және латынның бірінші әрпі бойынша орналасады (басқа әліпби түрлері транскрипт бойынша екеуін алмастырады).
Хронологиялық тізімде-баспаға шығарылған жылы бойынша; Тақырыптық тізімде-тақырып атаулары немесе тараулар бойынша. Басылым түріне байланысты тізімдерде-бірінші ресми құжаттар, содан соң мұражай материалдары, содан соң баспаға шығарылған дереккөздер бойынша (алғашында монографиялық, содан соң мерзімдік басылымдар). Мазмұнының сипатына байланысты тізімде-алғаш жалпы (классикалық) жұмыстар, содан соң жеке жұмыстар орналасады. Тарихи әдебиеттер мен дереккөздердің тізімі әр тарау үшін міндетті тақырыптары бар төмендегідей құрылымда түзіледі:
Бірінші баспадан шығарылған және шықпаған дереккөздер болып бөлінеді; баспадан шығарылған дереккөздерге заңнамалық және нормативтік құжаттар жатады. Бұл құжаттар мағынасы бойынша, ал оның ішінде бөлінген құжаттар тобы-хронологиялық тәртіп бойынша жүйелендіріледі.
Баспадан шықпаған дереккөздерге мұрағаттық құжаттар жатады, мұнда негізгі қордың нөмірі мен атауы, жазба және іс нөмірі көрсетілген атаулары әліпби реті бойынша беріледі. Қолмен жазылған құжаттар бөлімі мен кітапханалары жинаққа және қорларға өткізіледі.
Әдебиеттерге жасалған сілтемелер мәтінде тік жақшаларға алынған санмен көрсетіледі. Ол әдебиеттер тізіміндегі реттік нөмірмен сәйкес болуы тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің үлгісі 6 қосымшада көрсетілген.
Сілтемелер: үзінді және ескертпелер
Орта оқу орындарындағы жұмыстарда дәйексөздерді (цитата) мысалға келтіру кең қолданылады. Дәйексөзді мысалға келтіруде оның алынған дереккөздеріне сілтеме жасалып, рәсімделуі қажет. Дәйексөзді рәсімдеудің екі түрлі әдісі бар: сілтемелер және ескертпелер.
Дәйексөз келтірілген үзіндінің соңында оның жұмыстағы реттік нөмірін білдіретін сан тік жақшаға алынып беріледі.
Ескертпе түріндегі сілтемелер курстық жобаларда қолданыла бермейді. Олар көбінесе диссертациялық жұмыстарда және педагогикалық диплом жұмыстарын орындауда қажет болады. Олар келесі тәртіп бойынша рәсімделеді: мәтіндегі барлық үзінділер басынан аяғына дейін түгелімен нөмірленгенде немесе нөмірлеу тараулар бойынша бөлінгенде, бұл нөмірлеу тарау соңында қайталанады және әр нөмірдің астында сәйкес сілтеме жазылады.
Берілген екі әдіске мәтінге автордың берген түсініктерін де жатқызуға болады.
