- •Кентау 2011 ж.
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Курстық жобаны орындау кезеңдері
- •2.1 Курстық жобаның тақырыбына қойылатын талаптар
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •Курстық жобаның құрылымы
- •10 Қосымшалар
- •Курстық жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар
- •Курстық жобаны қорғауға ұсыну
- •Курстық жобаларды сақтау тәртібі
- •Курстық жұмысты дайындауға қажетті әдебиеттер мен дереккөздер тізімі
- •Рецензиямен жұмыс жасау
- •Курстық жұмыс
- •4. Арнайы талаптар:
- •5. Жобаны өндеу кезендері:
- •7 Қосымшалар:
- •8 Графикалық материал тізімі:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар 4.1____________________ 4.2 __________________
Курстық жобаны ресімдеуге қойылатын талаптар
3.1 Әрбір оқушы Курстық жобаның Курстық жобаны ресімдеу бойынша талаптарға сәйкестігіне нормалық бақылау рәсімінен өтеді. Курстық жобаның талаптарға сәйкестігі нормалық бақылау парағымен ресімделеді, оған нормалық бақылаушы және оқушы қол қойып, ол конвертпен Курстық жұмысқа салынады.
Нормалық бақылауға Курстық жұмысқа жетекшілік етуге арналған бір Курстық жұмысқа 1 сағат есебінен белгіленеді.
3.2 Курстық жоба баспа әдісімен баспа машинкасының немесе компьютер мен принтердің көмегімен А4 пішіндегі ақ қағаздың бір жағында бір интервал арқылы орындалуы қажет. Шрифт – Times New Roman, кегль – 14. Барлық жұмыс бойынша бейнелердің біркелкі тығыздығы, қарама-қарсылығы мен бірдей айқындығы сақталуы қажет. Курстық жобаның мұқабасы қатты (кітаптық) болуы керек.
3.3 Беттердің келесі өлшемдерін сақтау қажет: шеттері – сол - 30 мм, оң – 10 мм, жоғарғы – 20 мм, төменгі – 25 мм. Азат жол – 0,8 (төртінші белгіден).
3.4 Курстық жобаның барысында анықталған қателерді, жаңылыс жазуларды, графикалық дәлсіздіктерді тазалау немесе ақ бояумен бояу және мәтіннің (графиканың) дәл сол дұрысталған жеріне машинкамен басып немесе қолжазбалық әдіспен (қара сиямен, қара тушьпен немесе гелийлік қаламмен) түзетуге рұқсат етіледі.
3.5 Тегі, мекеменің, ұйымның, фирмалардың атаулары, бұйымдардың атауы мен жалқы есімдер Курстық жобада түпнұсқа тілінде келтіріледі.
3.6 Әрбір тарау (бөлім) мен әрбір параграф (тарауша) аяқталған ақпаратты беріп, жиынтығында Курстық жобаның тақырыбын ашуы керек.
3.7 Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атауларын астын сызбай, соңында нүктесіз бас әріппен азат жолдан (төртінші белгі) теру қажет. Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, онда олар нүктемен ажыратылады.
3.8 Беттер араб цифрларымен барлық мәтін бойынша алмаспайтын нөмірлеу арқылы нөмірленеді. Беттің нөмірі беттің төменгі жағында оң жағында нүктесіз қойылады.
3.9 Мұқаба, бірінші бет пен Курстық жұмысқа тапсырма нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөміріне қосылады.
3.10 Мазмұны мен кіріспенің бірінші беті нөмірленбейді, бірақ беттердің жалпы нөмірленуіне енеді. Беттерді нөмірлеу кіріспенің парағынан басталып әрі қарай мәтін бойынша жалғасады.
3.11 Жеке беттерде орналастырылған суреттер мен кестелер Курстық жобаның беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізіледі.
3.12 Курстық жобаның тараулары (бөлімдері) бар жұмыс шегінде нүктесіз араб цифрларымен белгіленген және азат жолдан жазылған реттік нөмірлермен белгіленуі қажет. Параграфтардың (тараушалардың) әрбір тарау (бөлім) шегінде нүктемен ажыратылған нөмірі болуы қажет. Параграф (тарауша) нөмірінің соңында нүкте қойылмайды.
Мысалы:
4 Арнайы талаптар:
4.1 Бағдарламалық талаптар. Тақырыпқа сай теориялық материал және тәжірибелік қолдану әдістері жазылу керек.
4.2 Технико-экономикалық көрсеткіштер. Жобаның үнемділігі және жобаның жобалаған бағасы санап көрсетулі керек.
Курстық жобаның әрбір тарауы (бөлімі) жаңа парақтан, беттен басталады. Мәтін тарау мен параграфтың атауынан екі жолдық интервалмен (екі Enter) бөлінеді. Бір тараудың ішіндегі параграфтар (тараушалар) мәтіннен өзара екі жолдық (екі Enter) интервалмен бөлінеді. Тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) атаулары бас әріптен басталып, тырнақшаға алынбайды, атаудың соңында нүкте қойылмайды.
3.13 Суреттерді (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотосуреттер) тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек. Суреттер түрлі-түсті болуы және алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленуі мүмкін. Тарау (бөлім) шегінде нөмірлеуге рұқсат етіледі. Барлық суреттерге сілтемелер берілуі қажет. Суреттерге қажет болған жағдайда атау және түсініктемелік мәліметтер (суреттік мәтіндер) беріледі. «Сурет» сөзін және оның атауын оның түсініктемелік мәліметтерінен кейін келесі үлгіде орналастырады:
Мысалы:
1- сурет. Standard парағы
3.14 Кестелер тікелей олар бірінші рет айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі беттерде орналастырылуы қажет. Барлық кестелерге сілтемелер берілуі керек. Кестенің атауын кестенің астында азат жолмен келесі жолдан «Кесте» сөзінен және оның нөмірінен кейін орналастыру қажет. Жолдар саны көп кестені келесі бетке (параққа) көшіруге болады. Кестенің бір бөлігін келесі бетке (параққа) ауыстыру кезінде «Кесте» сөзі және оның нөмірі мен атауы кестенің бірінші бөлігінің сол жоғарғы бөлігінде бір рет көрсетіледі, басқа бөліктерінің жоғарғы жағында нөмірді көрсетіп «Кестенің жалғасы» деп жазылады. Кестенің бөлігін көшіру кезінде кестені шектейтін төменгі көлденең сызығы жүргізілмейді. Көп бағаналы кестені қосымшаға орналастырған орынды.
Мысалы:
1-кесте.Form1-терезесінің компонеттері
-
№
Компонент аты
Орналасқан парағы
Қасиеті
Қолданылуы
1
Form1
Caption
Пернетақта жұмысын бағдарламамен басқару
2
Img1
Additional
Picture
Сурет қою
Кестелерде келтірілетін өлшемдердің өлшем бірліктері келтірілуі, оларды қысқарту ережелері сақталуы қажет. Бағаналар мен басқа мәтіндерде еркін қысқартуға рұқсат етілмейді. Кестенің мәтіндік материалдарында сөйлемнің соңында нүкте қойылмайды. Егер кестенің бағанында қайталанатын мәтін бір сөзден тұрса, онда оны бір рет жазғаннан кейін тырнақшалармен алмастыруға болады; егер екі немесе одан да көп сөзден тұрса, онда бірінші рет қайталау кезінде оны «тағы да» сөзімен, ал одан әрі тырнақшалармен алмастыруға болады. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тынақшаларды қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында цифрлік немесе басқа да мәліметтер келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады. Кестелер алмаспайтын нөмірлеу арқылы араб цифрларымен нөмірленеді. Кестеде мәтінге қарағанда шрифтінің кішірек өлшемін қолдануға болады.
3.16 Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер тік жақшаларда келтіріледі. Бір дерек көзіне бірнеше рет сілтеме жасалған уақытта тік жақшада дерек көзінің реттік нөмірінен басқа тиісті беттерінің нөмірі де қойылады. Мәтіндегі сілтемелердің саны пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі дерек көздерінің санына сәйкес болуы қажет.
3.17 Деректер жөніндегі мәліметтерді курстық жоба мәтінінде дерек көздеріне сілтемелердің қойылу тәртібінде орналастырып, нүктесіз араб цифрларымен нөмірлеп және азат жолдан басу керек.
3.18 Қосымшаларды курстық жобаның жалғасы ретінде ресімдейді және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін орналастырады. Барлық қосымшаларға мәтінде сілтемелер болуы керек. Қосымшаларды олардың мәтіндегі сілтемелеріне сәйкес орналастырады. Әрбір қосымша беттің жоғарғы жағында ортасында «Қосымша» сөзін және бас әріптен бастап оның атауы мен нөмірін көрсету арқылы жаңа беттен басталады. Қосымшалардың атаулары мәтінге симметриялы бас әріптен басталып келесі жолдан басталып жазылады. Қосымшалар араб цифрларымен нөмірленеді және Курстық жобаның қалған бөлігімен ортақ алмаспайтын нөмірлену арқылы нөмірленуі тиіс.
3.19 Курстық жоба беттері кіші штамппен (5 қосымша) рәсімделеді, ал мазмұны және блок-схема көрсетілген беттер үлкен штамппен (4 қосымша) рәсімделеді.
