Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістеме_Курстык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
290.82 Кб
Скачать

10 Қосымшалар

10.1 Бағдарлама листингі

10.2 Блок-схема

10.3 Есептің нәтижесі

2.3.3 Мұқаба мен титул парағы курстық жобаның бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді. Курстық жобаның мұқабасы мен бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді. Титул парағының үлгісі 1 қосымшада келтірілген.

2.3.4 Курстық жобаның мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында курстық жобаның әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің номері қойылады.

Курстық жобаның мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:

  • Материалды баяндаудың логикалық бірізділігі;

  • Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы;

  • Жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы;

  • Қорытындылардың, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделгендігі.

Мазмұнының үлгісі 3 қосымшада келтірілген.

2.3.5 Кіріспеде курстық жоба тақырыбының маңыздылығына негіздеме, ғылыми жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар курстық зерттеудің мақсаты, мін деттері және нысаны қалыптастырылып, Курстық жобаны жазудың теориялық және әдіснамалық негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 1-2 бетті құрауы мүмкін.

2.3.6 Курстық жобаның негізгі бөлімінде орындалған жобаның мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Курстық жобаның негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Курстық жобаға 2-4 тарау енуі мүмкін.

Бірінші бөлім (Техникалық қауіпсіздік ережесі) - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда жұмыс орнындағы еңбекті қорғау және басқа да қауіпсіздік ережелерінің деректеріне шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Бірінші бөлім көлемі 5-10 бетті құрауы мүмкін.

Екіші бөлім (Негізгі бөлім) - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда ғылыми, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдеби деректерді шолу барысында аталмыш тарауда қарастырылатьын мәселенің мағыналық аппараты, әдіснамалық негіздері ашылып, зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық сияқты шетелдік ғалымдардың да әр түрлі көзқарастарына салыстырмалы баға берілуі және қойылған міндеттерді зерттеуде және шешуде өз тәсілі мен үлесі анықталуы қажет. Екінші бөлім көлемі 8-12 бетті құрауы мүмкін.

Үшінші бөлім (Арнайы бөлім) – сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (ғылыми, анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденциялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады. Үшінші бөлім көлемі 10-15 бетті құрауы мүмкін.

2.3.7 Қорытындының көлемі 1 беттен тұрып, курстық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

2.3.8 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес ресімделген пайдаланылған ғылыми, оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімін сипаттап, құрамына 9-дан кем емес дерек көздері енгізілуі қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін ресімдеу үлгісі 6 қосымшада көрсетілген.

2.3.9 Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бағдарламалық өнімдер, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, Курстық зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.