- •Құрылық аумағы
- •Жаратылыстану сауаттылығы
- •Оқу сауаттылығы мен «алмасу оқушысы»1 бола аламын ба?
- •1 «Алмасу оқушысы» біраз уақыт бойы, әдетте бір жыл бойы басқа елдегі қандай да бір отбасында тұрып оқиды.
- •Телефон
- •Ауалы шар
- •Әлем тілдері
- •1 Қазіргі кезде қолданылатын барлық белгілі әлем тілдерінің жиынтығы бар анықтама кітабы.
Жаратылыстану сауаттылығы
ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Сұрақ 18: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзінің ескі үйін жөндеп жатыр. Ол көлігінің жүк бөлігінде суы бар бөтелке, бірнеше шегелер мен ағаш кесінділерін қалдырып кетті. Көлік күннің астында 3 сағат тұрған соң, оның ішіндегі температура 40ºC-ге жетті.
Көліктің ішіндегі заттар қандай күйге ұшырайды?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Көліктегі заттармен келесі жағдайлар болды ма? |
Иә немесе Жоқ |
Барлық заттардың температурасы бірдей болды |
Иә / Жоқ |
Біраз уақыттан кейін су қайнай бастады |
Иә / Жоқ |
Біраз уақыттан кейін шегелер ыстықтан қызара бастады |
Иә / Жоқ |
Сұрақ 19: ҚЫЗУ ЖҰМЫС
Петр өзіне температурасы 90ºC бір шыны кофе және бір шыны 5ºC мұздай минералды су құйды. Екі шыны мен сусындардың көлемдері бірдей. Петр отырған бөлменің температурасы болса 20ºC шамасында болған.
Кофе мен минералды судың температурасы 10 минут өткен соң кандай болуы ықтимал?
A. 70ºC және 10ºC
B. 90ºC және 5ºC
C. 70ºC және 25ºC
D. 20ºC және 20ºC
НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Аспазшы нан пісіру үшін қамыр даярлағанда оған ұн, су, тұз және ашытқыны араластырады. Одан кейін қамырды бір ыдысқа салып бірнеше сағатқа ашытуға қояды. Ашу барысында қамырда химиялық процесстер жүреді: ашытқы (дара жасушалы саңырауқұлақ) ұнның құрамындағы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Сұрақ 20: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Ашыту нәтижесінде қамыр көтеріледі. Қамыр неліктен көтеріледі?
A Өйткені қамырда пайда болған спирт газға айналған күйге ауысады
B Өйткені қамырда дара жасушалы саңырауқұлақтар көбейеді
Өйткені қамырда көмірқышқыл газы пайда болады
Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады
Бірнеше сағаттан соң аспазшы қамырды өлшеп, оның салмағы біршама азайғанын байқады.
Суретте көрсетілген әрбір 4 тәжірибенің басында қамырдың салмағы бірдей. Аспазшы ашытқының қамыр салмағының жеңілдеуіне себепші екенін білу үшін қай екі тәжірибенің қорытындыларын салыстыруы қажет?
Сұрақ 21
A |
Аспазшы 1 мен 2 тәжірибені салыстыруы керек |
B |
Аспазшы 1 мен 3 тәжірибені салыстыруы керек |
C |
Аспазшы 2 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек |
D |
Аспазшы 3 мен 4 тәжірибені салыстыруы керек |
Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Иә» немесе
«Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.
Сұрақ 22
-
Көміртек атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?
Иә немесе Жоқ
Кейбір көміртек атомдары қанттан шығады.
Иә / Жоқ
Кейбір көміртек атомдары тұз молекулаларының құрамына кіреді.
Иә / Жоқ
Кейбір көміртек атомдары судан шығады
Иә / Жоқ
Сұрақ 23: НАНҒА АРНАЛҒАН ҚАМЫР
Ашытқан қамырды пешке салғанда, газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.
Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғаяды?
Олардың молекулалары көбейеді
Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
C Молекулалар саны көбейеді
D Олардың молекулалары сирек соқтығысады
КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Айрықша замандас көлік маркалары пайдаланылған газды адам мен қоршаған орта үшін зияны аз болуы үшін каталиторлық конвертерлермен жабдықталған..
90%-ға жуық зиянды пайдаланылған газдар одан әлдеқайда зияны кем газға айналады. Төменде конвертерге түсетін және одан шығатын бірнеше газдың түрлері келтірілген.
Сұрақ 24: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Берілген суреттегі ақпаратты қолданып, конвертердегі пайдаланылған газдың зиянын қалай азайтатынына мысал келтіріңіз.
...........................................................................................................................................
...........................................................................................................................................
...........................................................................................................................................
Сұрақ 25: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Газдар каталиторлық конвертердің ішінде өзгерістерге ұшырайды.
«Атомдар» ЖӘНЕ «молекулалар» сөздерін қолданып, болып жатқан үдерістерді түсіндіріңіз.
............................................................................................................................................
............................................................................................................................................
...........................................................................................................................................
Сұрақ 26: КАТАЛИТОРЛЫҚ КОНВЕРТЕР
Каталиторлық конвертерден бөлінетін газдарды талдаңыз. Каталиторлық конвертермен жұмыс жасайтын инженерлер мен ғалымдар зиянсыз пайдаланылған газдарды алу үшін кандай мәселенің шешімін табу керек?
...............................................................................................................................
............................................................................................................................
...............................................................................................................................
ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Б
іздің
денсаулығымызға жүйелі, бірақ
қалыпты денешынықтыру
жаттығулары
пайдалы.
Сұрақ 27: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Жүйелі денешынықтыру жаттығуларының пайдасы неде? Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Жүйелі денешынықтыру жаттығулары пайдалы ма? |
Иә немесе Жоқ |
Денешынықтыру жаттығулары жүрек және қан тамыры жүйесінің ауруларының профилактикасына пайдалы |
Иә/Жоқ |
Денешынықтыру жаттығулары дұрыс тамақтануға үйретеді |
Иә/Жоқ |
Денешынықтыру жаттығулары артық салмақтан арылуға көмектеседі |
Иә/Жоқ |
Сұрақ 28: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Бұлшық етті жаттықтыру барысында не болады? Әр жолдан «Иә» немесе
«Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Бұлшық етті жаттықтыру барысында төмендегілер болады ма? |
Иә немесе Жоқ |
Бұлшық еттің қан айналымы жақсарады |
Иә/Жоқ |
Бұлшық етте май жиналады |
Иә/Жоқ |
Сұрақ 29: ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Сіздің жай кезбен салыстырғанда, денешынықтыру жаттығуларын жасау барысынды әдеттегіден тыс жиі тыныс алуыңыздың себебі неде?
..................................................................................................................................
...................................................................................................................................
...................................................................................................................................
ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Т
өмендегі
берілген суретте Кариатидами деп
аталатын,
Афинадағы
Акрополда 2500 жыл бұрын тұрғызылған
мүсіндер келтірілген. Бұл
мүсіндер
мрамор деп аталатын тау жынысынан
сымбатталған. Мрамор карбонат
пен
кальцийден
тұрады
1890 жылы мүсіндердің түпнұсқасы Акропольдың музейіне ауыстырылып, ал оның орнына көшірмесі тұрғызылды. Мүсіндердің түпнұсқасын қышқыл жауындар жеп қойған.
Қышқыл жауындардың мраморға әсерін үлгілеп білу үшін, мраморды бір түнге сірке суына салып қойса болады. Сірке суы мен қышқыл жауынның қышқылдық деңгейі шамамен бірдей. Бір кесек мраморды сірке суына салғанда газдың көпіршіктері пайда болғанын бақылауға болады. Құрғақ мрамордың массасын тәжірибенің басы және аяғында өлшейді.
Сұрақ 30: ҚЫШҚЫЛ ЖАУЫНДАР
Осы тәжірибені өткізген оқушылар түнде бір кесек мраморды сірке суына, ал екіншісін жай (тазартылған) суға салды.
Оқушылар бұл сынауды өздерінің тәжірибесіне неліктен қосқанын түсіндіріп жазыңыз
.......................................................................................................................
.......................................................................................................................
Сұрақ 31: СҮТ
Келесі мәліметті оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Кестенің мəліметтерін пайдаланып, бұл аңыз шын болуы мүмкін екенінің дəлелін келтіріңіз.
.........................................................................................................................................
.........................................................................................................................................
Сұрақ 32: Сүт
Кестенің мəліметтерін пайдаланып, бұл аңыз шын болуы мүмкін емес екендігінің дəлелін келтіріңіз.
.....................................................................................................
.....................................................................................................
.....................................................................................................
Сіз əр түрлі сортты, құрамындағы майлар мен белоктардың мөлшері əр түрлі сүт сатып алуыңызға болады.
Жанар «Айналайын» сүтінің ақ жəне көгілдір пакеттердегі екі сортын сатып алады. Сүттің пакеттеріндегі жазуларда оның екі сортының да құрамындағы майлар мен белоктардың мөлшері туралы келесі мəліметтер бар.
«Айналайын», ақ пакет (100 г-ға) |
|
«Айналайын», көгілдір пакет (100 г-ға) |
||||
Майлар |
Белоктар |
Майлар |
Белоктар |
|||
3,9 г |
3,4 г |
0,0 г |
3,4 г |
|||
Сұрақ 33: Сүт
Сүтті бөлме температурасында қалдырған жағдайда (мысалы 20 oC-де) ол біраз уақыттан соң ашып, боржып кетеді. Бұған қоса сүтте қатты тығыздықтар пайда болады (негізінен түйір, кесек-кесек түрінде).
Дана осы қатты тығыздықтың құрамында ненің бар екендігін білгісі келеді.
Ол ақ пакеттегі 100 г сүтті және көгілдір пакеттегі 100 г сүтті 20 oC температурасында ұстап тұрады. 4 күннен соң екі сүт те боржиды. Ол екі сүттің құрамындағы қатты тығыздықтардың бірдей екендігіне көз жеткізеді.
Сүттің пакетінде жазылған ақпаратты қолданып, төмендегі айтылғандардың қайсысы аталған сараптаманың шешімі бола алатындығын көрсетіңіз.
A Қатты тығыздықтар тек майлардан ғана тұрады
B Қатты тығыздықтар тек ақуыздардан ғана тұрады
С Қатты тығыздықтар майлардан және ақуыздардан тұрады
D Қатты тығыздықтардың майлардан немесе ақуыздардан тұратындығын анықтай алмаймыз.
Сұрақ 34: Сүт
Майлар адам үшін қуат көзі ретінде қолданылатын сүттің құрамындағы заттардың бірі.
Сүттің құрамына кіретін басқа заттар – көмірсулар, минералдар жəне су.
Осы сүттің құрамына кіретін заттардың қайсысын адам үшін қуат көзі ретінде пайдалануға болады?
Осылардың əрқайсысы үшін «Иə» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін қоршаңыз.
Заттар |
Қуат көзі? |
Көмірсулар |
Иə / Жоқ |
Минералдар |
Иə / Жоқ |
Су |
Иə / Жоқ |
АС ҚОРЫТУ БОЙЫНША ЭКСПЕРИМЕНТ
Лаззаро Спалланцани тамақ бұлшық еттің күш салуынан емес, ас қорыту сөлінің көмегімен қорытылатыны туралы пікірді 18 ғасырда айтты. Мұны көрсету үшін, ол іші қуыс ұзындығы 2 см жəне диаметрі 0,5 см ағаш түтікшені жұтты. Түтікшенің ішінде кішкене ет болды. Түтікшенің екі жағы да жабулы, ал қабырғаларында көп кішкене тесіктер жасалған еді. Екі күннен кейін ағаш түтікше оның бойынан шықты. Бұл кезде ағаш цилиндр бос болды.
Сұрақ 35: Ас қорыту бойынша эксперимент
Өз экспериментінде Спалланцани қабырғаларында тесіктері бар ағаш цилиндрді қолданды.
Ол мұны не үшін жасады? Әрбір пайымдау үшін «Иə» немесе «Жоқ» сөзін қоршаңыз.
Мына пайымдау Спалланцани қабырғасында тесіктері бар ағаш цилиндрді не үшін қолданғанын түсіндіруінің бірі бола ала ма? |
Иә немесе Жоқ? |
Ағаш цилиндр қатты болды, сондықтан ас қорыту жолы бұлшық еттерінің цилиндрдің ішіндегі етке əсер етуіне кедергі жасады. |
Иə / Жоқ |
Ағаш цилиндр тамақты қорытуға көмектесетін талшықтардан тұрды. |
Иə / Жоқ |
Ағаш цилиндрдегі тесіктер ас қорыту сөліне цилиндрдің ішіне кіріп, етке əсер тигізуіне мүмкіндік берді. |
Иə / Жоқ |
Сұрақ 36: Ас қорыту бойынша эксперимент
Сол кездегі ғалымдар Спалланцанидің экспериментін қатты сынады. Олар цилиндр қуысындағы ет ас қорыту сөлінің химиялық əсерінсіз өзі ыдырады деп ойлады.
Бұл сынға жауап беру ретінде Спалланцани өз экспериментінің нəтижелерін басқа эксперимент нəтижелерімен саластыруына болар еді.
Етті ас қорыту сөлі қорытқанын көрсету үшін, ол мына эксперименттердің қайсысын қосымша жүргізуіне болатын еді?
Етті тура сондай, бірақ тесіктері жоқ ағаш түтікшеге салу.
Етті тура сондай тесіктері бар, бірақ металдан жасалған түтікшеге салу.
Тура сондай, тесіктері бар ағаш түтікшені қолдану, бірақ еттің орнына картоп салу.
Кішкене бір тілім етті жұмсақ, су жəне ауа өтпейтін, қапшыққа салу.
Сұрақ 37: Ас қорыту бойынша эксперимент
Спалланцани өзін сынаушыларға басқа жолмен жауап берді. Ол құстың (үкінің) асқазанынан ас қорыту сөлін жинап алды да, төменде сипатталған экспериментті жүргізді. Ол экспериментті бірнеше рет қайталады жəне əр жолы нəтижелер бірдей болды.
Тәжірибенің басы 10 сағат өткен соң
Енді сіз ас қорыту сөлі тамаққа əсерін тигізгеннен қорыту процесі жүретіні туралы қорытынды жасай аласыз ба?
ИӘ
ЖОҚ
Екі шыны түтіктегі нəтижелерді салыстырып, өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
.....................................................................................................
.....................................................................................................
