Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_dis 23.11.17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
936.55 Кб
Скачать

4.2 Дақылды со2-мен үстеп қоректендіру

CO2 ауа құрамында болған жағдайда өсімдіктің алдағы дамуында қолданылатын немесе жеміске қор ретінде жинақталатын ассимилянттарды түзеді. Жас өсімдіктер жарықтың жеткіліксіз болған кезінде көмірқышқыл газын көп мөлшерде пайдаланбайды.

Базалық негізі: 0,05% + 0,01% жарықтың әрбір 100 Вт/м2. Үстеп қоректендіру уақыты күн шыққаннан 2 сағат өткенде басталып, күннің батуына 2 сағат қалғанда бітеді. Таңертеңгі үстеп қоректендіру уақыты аса маңызды болып табылады. Қысқа жапырақтардың қалыптасуы үшін үстеп қоректендіруді күн шыққаннан 1сағаттан кейін бастау керек, ал ұзын жапырақтарды қалыптастыру үшін күн шығысымен 2,5-3 сағаттан кейін жасау керек. Үстеп қоректендіруді аяқтаудың бастау уақыты сияқты аса маңыздылығы жоқ, қажетті жапырақ ұзындығына қол жеткізу мақсатында күн батардан 1 немесе 3 сағат бұрын аяқтауға болады .

СО2 мөлшері жоғары болса ассимиляция жоғары болады, яғни қант мөлшері көбейеді. Өсімдікте мықты бұтақтар мен ірі өнім қалыптасса үстеп қоректендіруден жинақталған қант генеративтік жағына жұмсалып жатқандығының белгісі. Сонымен қатар қант мөлшері өсімдіктің вегетациялық дамуына жұмсалып , генеративтік дамуы баяулап қалуы мүмкін. Үстеп қоректендірудің нәтижесінде 1м2 жерден 1,5-2,5 кг қосымша өнім алуға болады. Бұл бір айда қосымша алынатын өнім болып табылады, орташа есеппен айына 2кг қосымша өнім 9 айда 18кг қосымша өнімге қол жеткіземіз.

Үстеп қоректендіруді температура, жарық және өсімдіктің даму сатысынан бөліп қарастыруға болмайды. CO2 деңгейі устьицалардың ашылуына кедергі жасайды. CO2-ның ауадағы концентрациясы 0,03-0,10% болса, онда әрбір 0,01%-нан устьицалардың 2-3%-ы жабылады. Осылайша CO2 өсімдіктердің транспирациясын азайтады. Жарықтандырудың әлсіз болған кезінде (көктемде және күзде) өсімдіктердің өсуін генеративтік жағына бағыттаған жөн. Микроклиматтың көмегімен немесе CO2-ның көмегімен бағыттаудың пайдасы болмаса, өсімдіктің жоғарғы кішкене бір (0,5-1см) жапырағын кесу керек [78].

4.3 Өгей бұтақсыздандырудың өнімділікке әсері

Сонымен қатар өгей бұтақсыздандыру жұмыстарын қызанақ өнімділігін арттыру үшін пайдалануға болады. Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақтан 9 ай өнім алынады, бірақ өнім алудың соңғы айларында өнімділік деңгейі біршама төмендеп кетеді. Бұл мәселені былайша шешуге болады: қыстың соңына қарай ақпан айында айында өгей бұтақсыздандыру жұмыстары кезінде өгей бұтақтың ең жақсы жетілген екеуін кеспей сақтап қалу қажет. Ол өнімділіктің күрт төмендеп кетуінің алдын алады. Голландиялық таәжірибеге сүйенетін болсақ осы операцияның нәтижесінде әрбір шаршы метрден қосымша орташа есеппен 2 кг-ға дейін өнім алуға болады. Осылайша қалған 4 ай ішінде , 8 кг қосымша өнім алынады. Бұл жұмысқа ешқандай қосымша шығын жұмсалмайды, бірақ қосымша өнім береді. Яғни экономикалық жағынан өте тиімді болып табылады [73;79].

Енгізілген өзгерістен үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.

Экномикалық тиімділік көрсеткіші күткен нәтижеден жоғары болып шықты. Ұсынылып отырған өзгерістердің нәтижесі 2-кестеде көрсетілген.

Қыркүйектпен мамыр айлары аралығында ай сайын +2 кг қосымша өнім СО2-мен үстеп қоректендіру нәтижесінде, ал ақпан, наурыз, сәуір, сасыр айларында тағыда ай сайын +2кг қосымша өнім өгей бұтақтардың нәтижесінде алынады. Жалпы алғанда 26 кг шамасында қосымша өнім алуға болады.

Кесте 2. Ұсынылған технология нәтижесі

саны

Айлар

2 және жалпы өнім лынатын өнім, кг

Сатылған бағасы, теңге

Жалпы құны, теңге

1

Қыркүйек

5,2+2

97 200

200

19 440 000

2

Қазан

4,6+2

89 100

220

19 602 000

3

Қараша

5,5+2

101 250

350

35 437 500

4

Желтоқсан

5,7+2

103 950

480

49 896 000

5

Қаңтар

6,3+2

112 050

560

62 748 000

6

Ақпан

3,6+4

102 600

730

74 898 000

7

Наурыз

3,8+4

105 300

570

60 021 000

8

Сәуір

2,8+4

91 800

380

34 884 000

9

Мамыр

3,0+4

94 500

210

19 845 000

10

Маусым

-

-

11

Шілде

-

-

12

Тамыз

-

-

Барлығы

66,5

812 700

376 771 500

Қызанақ будандарының өнімділігі 2017 жылы келесідей болды:

Мерлис 40,5 кг/м2

Тореро 38,5кг/м2

Таганка 39,8кг/м2

Кумато 37,7кг/м2

Аталған будандардың жекелеген көрсеткіштері бойынша өнімділігін 2-кестеден көруге болады.

Жылыжайдың жалпы өндірістік ауданы 3,56 га болса, соның 1,8 га жері қызанақ дақылына тиесілі. Қызанақтың Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында жылдық орташа өнімі 990 тонна, бірақ осы жылы орташадан төмен өнім алынған.

Кесте 3. Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында будандар бойынша жалпы қызанақтың өнімділігі (2017 ж. ) .

Будан атауы

Жалпы өндірістік жер көлемінен алатын үлесі, %

Жалпы өндірістік жер көлемінен алатын үлесі, га

Жалпы өндірістік жер көлемінен алатын үлесі, м2

2жерден алынатын өнім мөлшері, кг

Жалпы өнім көлемі, кг

Мерлис

75

1,35

13500

40,5

546 750

Тореро

15

0,27

2700

38,5

103 950

Таганка

5

0,09

900

39,8

35 820

Кумато

5

0,09

900

37,7

33 930

Жалпы

720 450

Жалпы өндірілген қызанақ көлемі 2017 жылы 720,4 тоннаны құрады. Оның ішінде 75%-ы Мерлис буданына тиесілі, 15%-ы Тореро, 5%-ы Кумато және 5%-ы Таганка буданына тиесілі болды. Мерлистің жылдық өнімі 546,75 тоннаны құрап отыр, қалғандары сәйкесінше 1039,9 т; 35,8 және 33,9 тонна болды. Жалпы 990 тоннаның орнына 720,4 тонна өнім алынып отыр.

Егер қызанақ будандары өздерінің ғылыми сипаттамасында көрсетілгендей 55-65 кг/м2өнім беретін болса жоспарды орындауға немесе соған жақындауға болады.

Жылыжайдың жалпы өндірістік көлемінің (3,56 га ) 1,8 га-сы қызанақтың үлесінде, ал бұл дегеніміз 18 000 м2. Жалпы ауданнан өнім 55кг/м2алынатын болса 990 000кг болады, бұл дегеніміз 990 тонна. Өнімділік 45кг/м2болған кезде 810 000кг болады, яғни 810 тонна. Осылайша жоспарды орындауға немесе соған жақын көрсеткішке жеткізуге болады.

Кесте 4. Мерлис буданынан алынған өнімнің жылдар бойынша көрсеткіші, кг/м2.

Жылдар

1 м2

Жалпы

2015

42,6

*1,35га= 575 100

2016

42,9

*1,35га= 579 150

2017

40,5

*1,35га= 546 750

Орташа

42,0

*1,35га=567 000

Кестеден көріп тұрғанымыз соңғы үш жылдағы мерлис буданынан алынған өнімнің сандық көрсеткіштері. Мерлис буданының ғылыми сипаттамасында көрсетілгендей 1 шаршы метрден 55-65 кг емес сәйкесінше 42,6кг; 42,9кг; 40,5кг; өнім алынғаны белгілі болды. 2015 жылы жоспарлы өнімнен 12,4- 22,4кг аз өнім алынған, 2016 жылы 6,1-16,1 кг ал 2017 жылы 9,7-19,7 кг шамасында аз өнім алынған. Орташа есеппен үш жылдық көрсеткіш бойынша алыну керек өнімнен 14,4 кг аз өнім алынып отырған. Бұл көрсеткіштер мерлис буданы қуатының толықтай пайдаланылмай жатқандығының белгісі, немесе буданның толық күш-қуатын көрсетуіне жеткілікті дәрежеде жағдай жасалмай отырғандығының көрінісі.

Негізгі талап етілетін уақыты қыс айлары , желтоқсан , қаңтар , ақпан. Желтоқсан және қаңтарда өнімділік жоғары болғанымен ақпаннан бастап күрт төмендеп кеткендігін 5 - кестеден байқауға болады

Кесте 5. Мерлис буданынан 2016-2017 жылдары алынған өнім мен жалпы құны, айлар бойынша.

саны

Айлар

2 және жалпы өнім лынатын өнім, кг

Сатылған бағасы, теңге

Жалпы құны, теңге

1

Қыркүйек

5,2

70 200

200

1 4 040 000

2

Қазан

4,6

62 100

220

13 662 000

3

Қараша

5,5

74 250

350

25 987 500

4

Желтоқсан

5,7

76 950

480

36 936 000

5

Қаңтар

6,3

85 050

560

47 628 000

6

Ақпан

3,6

48 600

730

35 478 000

7

Наурыз

3,8

51 300

570

29 241 000

8

Сәуір

2,8

37 800

380

14 364 000

9

Мамыр

3,0

40 500

210

8 505 000

10

Маусым

-

-

11

Шілде

-

-

12

Тамыз

-

-

Барлығы

40,5

546 750

225 841 000

Соңғы үш жылдың ішінде шаруашылық өзінің өндірістік қуатына жете алмады. Қызанақтан алынып отырған өнім деңгейі әлдеқайда төмен.

Мерлис буданының 2015, 2016, 2017жылдардағы тұрақты минералдық мақтада өсіру кезінде алынған өнім көрсеткіштері 4-ші кестеде көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]