- •6М080100 «Агрономия» мамандығы ауыл шаруашылығы магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік жоба
- •Астана – 2017
- •1.2 Қызанақтың морфологиясы
- •1.3 Қызанақтың биологиясы
- •1.4 Топыраққа және қоректік заттарға талабы
- •2.2 Жылыжайда қызанақтың әр түрлі топырақ-субстраттарында өсу үдерісі
- •3.3 Заманауи жылыжайларда қолданылатын технологиялар
- •4.2 Дақылды со2-мен үстеп қоректендіру
- •4.3 Өгей бұтақсыздандырудың өнімділікке әсері
- •5 Жобаның экономикалық тиімділігі
- •Қызанақтық астыңғы жапырақтарын кесу жұмысы кезінде
3.3 Заманауи жылыжайларда қолданылатын технологиялар
Жасанды бақыланатын жағдайларда, топырақсыз өсімдіктерді өсіру, кәдімгі жылыжайда өсіруден көптеген артықшылықтары бар. Сонымен қатар жылыжай аумағын тиімді пайдаланады, тамыр арқылы тамақтану жағдайы жақсарады, су-ауа режимінің қолайлы жағдайы қалыптасады.Қорғалған грунттағы өсімдік шаруашылығы жағдайында бұл әдіс өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады.
Гидропонды. Гидропоникалық әдістің қарқынды дамуы және шаруашылыққа енгізілуі зерттеулер мен озық гидропондық комбинаттардың тәжірибелік нәтижелерінде өте маңызды болып табылады. Аталған кітаптың авторлары осындай міндеттерді алға қойып отыр.Гидропоника әдістері (тараканов г.и. бойынша ,1982) топырақсыз өсімдіктерді өсіру әдістері көп. Олар тамыр жүйесімен ауа режимі қамтамассыз етілуі, сумен және минералды қоректік заттармен қоректенуімен ерекшеленеді. Гидропонике келесі әдістері бар: агрегатопоника; суда өсіру тәсілі; хемопоника; ионитопоника; аэропоника. Гидропоникалық әдістердің ішінде жылыжайдағы көкөніс шаруашылығында коммерциялық маңызы бары агрегатопоника [64;65].
Агрегатопоника. Агрегатопоника - өсімдіктерді шағын су сыйымдылығы бар қатты субстратта мерзімді түрде минералдық тыңайтқыштар ерітіндісін арқылы өсіру(бұдан әрі қараңыз. – 5.3). Тмд елдерінде осы әдіспен 120 гектарға жуық аумақта өсімдіктерді өсірген, соның ішінде украинада 80 га.
Суда өсіру тәсілі. Өсімдіктерді сулы ортада гидропонных қондарғыларда өсіру болгария, чехословакия, германия және басқа елдерде қолданысқа кірді.Сулы ортада өсіру агрегатопоникалық кемшіліктерді шешті, бірақ өсімдіктің өнімділігінің азаюына немесе опат болуына алып келетін қоректік ортаның реакциясы мен нақтылы концентрациясының өзгеруі қиындықтар туындатуы мүмкін. Сондай-ақ, өсімдіктер тамыры бір мезгілде және үздіксіз минералды тұздар ерітіндісі және оттегімен қамтамассыз етілуде қиындықтар болады. Суда оттегінің ерігіштігі өте төмен болып табылады. 20 ° с температурада 1 л су ерітіндісінде 9,4 мг ғана оттегі болады . Оның төмен мөлшерде болуы тамыр жүйесінің тыныс алуына жеткіліксіз, сондықтан осімдік тамыры су ерітіндісінде оттегі жетіспеушілігін сезінеді, тұншығу жағдайында болады. Дақылдың қалыпты өсіп-дамуы үшін су ерітіндісін оттегімен байыту жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта ерітінді арқылы ауаны айдау арнайы коми-рессорлық қондырғы көмегімен жүрізіледі.Тамыр жүйесінің оттегімен жақсы қамтамассыз етілуі үшін оның аз ғана бөлігін қоректік ерітіндіге ал қалған бөлігін дымқыл кеңістікке араластырады. Соңғы жылдары, әр түрлі елдердің ғалымдары көкөністер сулы ортада өсірудің коммерциялық қолайлы әдістерін дамыта бастады [66].
Осындай бір әдісі болгария мен германия сәтті қолданылады. Ол өсімдіктерді жарық өтпейтін полиэтилендік пленкалардан жасалған желобада өсіруге негізделген. Тамыр жүйесі орналасқан желоба жылыжай грунтының шамалы көлбеу келген тегіс бетінде орналастырылады (1: 100 ). Жылыжай ішіне орнатылған арнайы цистерналар, қоректік ерітінді науадағы су құбырлар арқылы жеткізілетін және өсімдік тамырын суландырып, біркелкі көлбеу жазықтықта (1-2 см қабаты) ағады. Ерітінді науаның соңына жеткен соң жалпы науаға түседі шағын электр сорғы көмегімен резервуарға қайта құяды [67].
Бұл жағдайда ерітінді қышқылдығы және оның электрөткізгіштігі бақыланады. Қоректік ерітінді концентрациясы неғұрлым жоғары болса , оның электр өткізгіштігі соғұрлым жоғары. Электрөткізгіштігі белгілі бір мәнге дейін төмендетілген кезде, ерітіндіні реттеу жүзеге асырылады. Ол сілтілі болса фосфор қышқылын енгізеді , ал қышқылданып кетсе калий гидроксидін енгізеді. Сулы ортада өсіру әдісінің артықшылығы тамыр жүйесінің өсуі үшін оңтайлы жағдайлар жасауға негізделген. Өсімдіктерге үнемі жеткілікті мөлшерде, ылғал, қоректік заттар мен ауадан оттегі берледі. Осының барлығы дақылдардың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету үшін көмектеседі.Германияның Гросберндегі көкөніс шаруашылығы институтында қиярдың өнімділігі 1 м2 53 кг; ал қызанақ 32 кг-ға дейін өнім береді [68;73].
Хемопоника . Бұл әдіс өсімдіктерді топырақ қоспаларында өсіру мәдениетіне ұқсас. Субстрат ретінде, органикалық материалдарды мынадай түрлерін пайдаланады: 30%-дық шіріген торф, шымтезек мүгі, ағаш қабығы, ағаш үгіндісі , күріш және мақта қалдықтарды. Аталған материалдарды субстрат ретінде пайдалану мерзімі 1-2 жыл. Органикалық материалдардың кейбірі ұсақтау және ортаның реакциясын реттеусияқты алдын ала өңдеуді талап етеді. Минералды қоректендіру үстінен суару арқылы жүзеге асырылады. Хемопоника арнайы жабдықтар қажет етпейді, оны қорғалатын жердің барлық түрлерінде пайдалануға болады. Соңғы жылдары ұзақ мерзімді пайдалануға мүмкіндік беретін кокос субстраты кең қолданыс табуда [69;72].
Ионитопоника. Ионитопоника – негізі бойынша агрегатопоникаға ұқсас өте жаңа әдісі. Субстрат синтетикалық алмастырғыш шайырлар екі түрлерінің қоспасынан тұрады: катионит ку-2 және анионит эдэ-10п. Катионит – суда ерімейтін, сусымалылығы жақсы, ақшыл сары түсті, күшті қышқылды реакция бар полимер . Оның түйіршіктерің мөлшері 0,3-0,5 мм. Ол гидроксилдерді минералды тұз иондарына өзгертеді (k +, ca ++, mg ++ және т.б.).. Анионит эдэ-10п өз иондарын s04- , no, н2р04 және т.б. Өзгертеді. Бұл сары сусымалы полимер, оның гранулдарының мөлшері 0,30-1,5 мм. Екі ионитте берік, химиялық тұрақты, оттегінің байланысында, жарық және қоршаған ортаның температура әсеріне ұшыраған кезде ыдырамайды. Агрегатопоникадан айырмашылығы қоректік заттар субстратта тұрады, сондықтан тек таза сумен суарылады. Негізінде бұл жасанды топырақ.
Аэропоника. Бұл әдіс сулы ортада өсіру әдісіне қарағанда өсімдікті топырақсыз өсіруде біршама табысты модификациялы әдіс болып табылады. Оның мәні өсімдіктердің тамыр жүйесі әрбір 12-15 минут сайын 5-7 секундтық қоректік заттармен арнайы саңылаулар арқылы бүркіп отыратын ауа кеңістігінде қалыптасады .
Бұл әдістің көмегімен өсімдіктердің тамыр жүйесі атмосфералық оттегімен толық қамтамассыз етіледі. Кеуіп кетуді болдырмау үшін су ерітіндісімен уақтылы сулап отыру қажет.
Аэропоникада субстраттарды әкелу, дайындау, зарарсыздандыру қажеттілігі болмағандықтан, қиыршық тас та өсіру мәдениетінде теңдессіз артықшылықтары бар. Зауыт түбірлік-торабы нематодасының ешқандай қаупі жоқ. Алайда бұл әдіс өсімдіктерді өсіруде қателіксіз автоматтандыруды талап етеді . Елдің салат және аз көлемді басқада көкөніс дақылдарын өсіретін жылыжай кешендерінде экономикалық тиімді әдіс ретінде кең қолданысқа енгізіледі [70;71].
4. ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМІ
4.1 Жылыжай шаруашылығында кокос субстратын пайдаланудың маңызы мен артықшылықтары
Аталған шаруашылықта қызанақты өсірудің голландиялық технологиясы қолданылады. Қазіргі уақытта заманауи жылыжай кешендерінде ең тиімді технология ретінде саналатын голланд технологиясының бірқатар ерекшеліктері бар:
1. Өсімдікті отырғызуға арнйы субстрат пайдаланылады, оны минералды мақта деп атайды. Бірқатар себептерге байланысты кәдімгі топырақ қолданылмайды. Мысалы кәдімгі топырақта әр түрлі зиянкестермен аурулардың ошағы болуы мүмкін, ал оларды жоюға арналған күресу шараларында гербицидтерді және фунгицидтерді пайдалануға тура келеді. Ал минералды толықтырғыштармен мұндай мәселеден құтылуға болады.
2. Көшеттің кешенді қоректенуінде арнайы дайын тыңайтқыштар пайдаланылады, олардың құрамында қажетті барлық компоненттер болады. Оларды тікелей грунттық қоспа ыдысына қосады.
3. Фотосинтездің қалыпты жүруі үшін көмірқышқыл газын пайдаланады. Газалмасудың дұрыс жүруі сапалы өнімнің кепілі.
4. Гүлді тозаңдандыру арнайы шершень мен шмелді қызанақтың гүлдеу кезінде жіберу арқылы жасалады.
Алайда минералдық мақтаның орнын басатын табиғи затты субстрат ретінде пайдалану экологиялық әрі экономикалық жағынан тиімді болмақ. Оған мысал кокос жаңғағы қабығының үгіндісі. Оның жылыжай шаруашылығында қолданысқа енгеніне көп уақыт бола қойған жоқ, бірақ зертеу нәтижелері оның осы салада үздік екенін көрсетті [74;75].
Қазіргі уақытта жоғары әрі экологиялық таза өнім алу мақсатында гидропонды технологиялар кең көлемде қолданысқа енгізілген. Грунт ретінде бүгінгі таңда 20-дан астам түрлері белгілі жасанды орталар немесе субстраттар ( органикалық және минералдық) қолданылады. Оларға арнайы талаптар қойылады: олар ұзақ уақыттық қолданысқа төзімді болуы, экологиялық тұрғыдан қарағанда барлық дайындау сатысында және тасымалдау мен орнату кезінде қауіпсіз болуы, өзінің сапалық қасиеттерін ұзақ уақыт барысында сақтауы қажет және т.б.
Қазақстанның жылыжай кешендерінде кең қолданысқа енгізілгені Голландияда өндірілетін минералды мақта болып отыр. Қозғалып отырған тақырыпта өндіріске келгеніне көп уақыт өте қоймаған кокос субстраты негізге алынбақ. Жылыжай шаруашылығымен айналысатын көптеген елдер аталған субстратқа көшуде. Өзінің жылыжай кешендерімен және өндірістік технологияларымен мақтана алатын Голландия кокос субстратының қасиетін жоғары бағалап антуриум, роза, қызанақ пен қияр өсіруде грунт ретінде пайдалануда.
Өзіміз білетіндей кокос ыстық елдерде атап айтқанда Үндістанда, Индонезияда, Цейлон аралы мен Малайзияда сонымен қатар Африканың бірқатар елдерінде өседі. Бүгінгі таңда кокос жаңғағынан әртүрлі өнім соның ішінде субстрат ретіндегі кокос өнімін өндіретін компаниялар саны жеткілікті. Кокостан алынатын өнімдер қолданыста бұрынғы замандардан бері бар, бірақ қайта өңделген кокос жаңғағының гидропонды жалыжай кешендерінде өсіру ортасы ретінде қолданысқа енгізілгеніне көп уақыт бола қойған жоқ. Агрономдар уақыт өте минералды мақта мен торфтан аталған жаңа субстрат түріне көшуде [74].
Сонымен Кокос субстраты дегеніміз не? Бұл кокос жаңғағы қабығының жіпшелерінің ұсақталған қалдығы, қайта өңделген, кептірілген және тығыздалған қоректік-органикалық материал, оған әртүрлі өсімдіктерді өсіруге болады. Кокос жіпшелері кокос жаңғағының жүрекшесін қоршап тұратын скорлупаның сыртқы қабаты. Ол негізінен жіп, кілем, кілемше мен жамылғылар жасалатын жіпшелерден тұрады. Осы жіпшелер арасында «coir pith» немесе «coir dust» деп аталатын зат болады, бұл затты жақын уақытта жылыжайда өсірілетін дақылдарүшін үздік қоректік орта деп танып, мойындады.
Кокос стружкасы сумен қанықтарылған кездеде өзінің қалыпты тығыздағын сақтайды, бұл қасиеті өсімдік тамрының жақсы дамуына әсер ету арқылы сәйкесінше өнімділікке оң ықпал етеді. Бұл қасиетін қызанақ пен роза гүлін өсіргенде анық байқауға болады. Кокос стружкасы су деңгейін басқа субстраттармен салыстырғанда жақсы сақтайды. Бұл қасиет жылыжай кешендерінде жоғары бағаланады. Торф және минералды мақтамен салыстырғанда кокос стружкасы ылғалды өте тез сіңіреді, торфтың көлемі кепкен кезде кішірейіп қалады және сумен қанықтырылғанда беткі қабатынан астыңғы жағына қарай қашып кетеді. Кокос стружкасындағы өсімдік субстрат көлемі бойынша тең таралған ылғалды тез арада сіңіріп алады. Кокос стружкасы жермен байланыспайтын болғандықтан әр түрлі аурулармен зиянкестердің және арамшөптердің ошағы болып саналмайды. Зерттеу жұмыстары көрсеткендей кокос субстратында өсірілген өсімдіктер pythium және басқада тамыр ауруларына жоғары төзімділік танытқан.
Торфты өндіру және оны қолдану қоршаған ортаға қауіпті екені жалпыға мәлім. Кокосты сусбтрат ретінде пайдалану экологиялық тұрғыдан қарағанда тиімді болып саналады.
Кокос стружкасының негізгі қасиеттері:
• химиялық компоненттері жоқ табиғи органикалық орта;
• барлық көрсеткіштері бойынша торф пен минералдық мақтадан артық, жаңғыртылған өнім;
• патогендік саңырауқұлақтардың жоқтығы;
• қошаған ортаға қауіпсіз ( қоқысқа тастауға міндеттелмейді – тыңайтқыш ретінде пайдалану мүмкіндігі бар);
• оңтайлы орта көрсеткіші Pн — 5,4-6,8;
• ішкі кеуектілігі жоғары;
• тамыр жүйесінің жақсы дамуына жағдай жасайды (кокос стружкасын пайдаланғанда тамырдың өсуі 75%-ға жоғары болады);
• жоғары буферлік көрсеткіші минералдық мақтадан жоғары;
Кокос жаңғағының өсіп дамуы барысында жіпшелердің бойымен көп көлемді қоректік заттар жылжиды, кокосты бөлім алғаннан кейінде сол қоректік заттар қалып қояды. Электр өткізгіштігі толық жетілген кокоста оңтайлы екенін көрсетті - 1 мСм/см.
Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақтың Тореро, Мерлис, Томимаро Мучо, SV, Эндевер, Таганка, Кумато будандарының өндірісі жолға қойылған. Кең көлемде Мерлис буданы өсіріледі және бірқатар артықшылықтарымен ерекшеленеді. Аталған будан басқалары сияқты минералдық мақта субстратына негізделген голландиялық технологиямен өсіріледі [76].
Мерлис буданы өнімділігі өте жоғары, ірі жемісті болып келеді. Жемісінің түсі қызыл, екі немесе үш камералы домалақ пішінді. Жарылуға және ауруларға төзімді болып келеді. Жемісінің салмағы 150-180г. Жемісін сабағымен қоса және жекелей жинауға болады. Екі апта шамасында сақтауға болады, және сабағы өзінің жасыл күйінде бес күн шыдайды. Жоғары сапалы өнімділігі, күтіп-баптау жұмыстарының көп шығын талап етпейтіндігі, ұзақ уақытқа сақтауға, тасымалдауға және жарылуға сонымен қатар ұнтақты көгеруге төзімділігі аталған буданды экономикалық жағынан өте тиімді етеді.
Бірақ осы артықшылықтарын толықтай пайдалана алмай отырмыз. 1 м2
алынатын өнім деңгейі 55-65 кг бола тұра Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында алынатын өнім мөлшері мерлис буданында 35-40 кг-ды құрап отыр. Жасанды жағдайда өсіріліп жатқан өсімдіктің қоршаған отарға қоятын талаптарына бей жай қарауға болмайды. Себебе жасанды жағдайда қызанақтан күтілетін өнім деңгейі өте жоғары. Ол өте нәзік әрі сезімтал болады. Су режимі, газ алмасу мен грунттың өсімдік қоятын талаптарға сай болуы керек. Өзіне лайықты микроклиматты талап етеді. Барлығы өсімдікті (көшетті) субстратқа оранластырудан басталады. Осы кезеңде барлығы дұрыс басталса өсімдіктің қалыптасуы дұрыс жүріп алдағы уақытта кездесетін кішігірім кедергілерге төзімділігі жоғарылайды. Жылыжай кешенінде субстрат ретіндеминералды мақтаның орнына кокос қабығының үгіндісін пайдалану жоғарыда айтылған мәселелердің шешімін табуға жол ашады. Сондықтан әлемнің дамыған елдерінде субстрат ретінде кокос қабығының үгіндісіне жаппай көшуде.
Украинада кокос субстратын пайдалану. ЗАО «Черкас Агрожылыжай Комбинаты» гидропонды технологияны қолданатын жылыжайында 6га жерде минералды мақтада өсіріліп келген қызанақ кокос субстратына ауыстырылды. Алғашқы зерханалық сынақ кезінде кокос субстратында тұздар концентрациясының көрсеткіші ЕС және орта қышқылдығы Pн оңтайлы екенін көрсетті. Сонымен қатар барлық қажетті макро және микроэлементтердің жеткілікті екендігі нақтыланған. С. Мельниктің айтуы бойынша қызанақтың өсіп даму барысындағы өзгерістер алғашқы уақыттың өзінде-ақ байқалған. Кокоста қызанақтың тамыр жүйесі мықтырақ және белсенді түрде дамиды, яғни вегетациялық бөлімдері жақсы дамыған, бұтақшалары сынбаған, жемістерінің пішіні қалыпты. Кокос субстратының ауа өткізгіштігі біршама жоғары болуы тамыр жүйесінің оттегімен толық қамтамассыз етілуіне ықпал етеді. Буферлігі миенралдық мақтамен салыстырғанда жоғары болғандықтан қоректік ерітінді бойында ұстап тұру қабілеті жақсы. Шаруашылықта қолданыстан шаққан субстратты жою мәселесі жоқ, себебі ол органикалық зат. Органикалық зат болғандықтан ашық топырақ жағдайында қопсытқыш ретінде пайдалануға болады. Аталған шаруашылық кокос субстратын кең көлемде пайдалану мақсатында Цейлон аралында (Шри-Ланка) кокос матын шығаратын өндіріс орнын ашқан. Кокос маты минералды мақтадан арзан екендігін айта кету керек. Бас агроном С. Мельник ЗАО «Черкас Агрожылыжай Комбинаты» жылыжайы кокос матына ауыстырылғаннан кейін қызанақ өнімділігі 38-91%-ға артқандығы жайлы баяндайды [77] .
Шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешеніне қызанақ өсіру технологиясына өзгеріс енгізуді ұсынамын.
Жоғарыда аталып өткен қызанақ будандарының (Мерлис, Тореро, Томимаро Мучо, Кумато, Таганка және SV)ішіндде ағымдағы жылда Мерлис, Тореро, Таганка және Кумато будандары өндіріске енізілген. Жоба барысында осы аталғандардың ішінде Мерлис буданы негізге алынды. Себебі 2017 жылы Қазақстан Жылыжай Технологиялары ЖШС жылыжай кешені жағдайында қызанақ өндірісінің 75%-ы осы буданға тиесілі болды.
