- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5В011000 «Білім»топтарына арналған
- •5В01000- тарих мамандығы бойынша
- •9. Дәріс сабақтарының мазмұны і модуль. Хх ғ. І-ші жартысындағы Қазақстан
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •10 Тақырып. Қазақстандағы рухани, шаруашылық тоқырау және экологиялық мәселелер Жоспар:
- •11 Тақырып. Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан Жоспар:
- •12 Тақырып.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Жоспар:
- •13 Тақырып.Экономикалық дамудың қазақстандық моделі Жоспар:
- •14 Тақырып.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік модернизация Жоспар:
- •15 Тақырып.Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үрдістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюы Жоспар:
- •9 Тақырып. «Жеке басқа табыну» және «жылымық» кезеңіндегі Қазақстан Жоспар:
- •10. Тәжірибелік сабақ мазмұны.
- •13. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •13.1 Негізгі әдебиет
- •13.2. Қосымша әдебиет
- •Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
- •Пәннің оқу бағдарламасы - syllabus
- •5В011400 «Тарих»мамандығы бойынша жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- •12. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •12.1 Негізгі әдебиет
- •12.2 Қосымша әдебиет
- •13.Студенттердің білімін, икемін, дағдысын бағалау жүйесі
- •14. Межелік және қорытынды бақылау сұрақтары. І межелік бақылау сұрақтары
- •ІІмежелік бақылау сұрақтары
- •Мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •2.3 Дәрістердің тезистері
- •Жоспар:
- •Жоспар:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Жоспар:
- •5 Тақырып. Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: оның сипаты, мәні және салдары
- •1. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. Оның мазмұны мен әске асыру ерекшеліктері
- •6 Тақырып. 1930-1940 жж. Қазақстан. Тоталитарлық жүйенің күшеюі
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •7 Тақырып. «Мәдени революция» жылдарындағы Қазақстан Жоспар:
- •8 Тақырып. Фашистік басқыншыларға қарсы күрестегі қазақстандықтардың ерліктері
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер:
- •9 Тақырып. «Жеке басқа табыну» және «жылымық» кезеңіндегі Қазақстан
- •Жоспар:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •10 Тақырып. Қазақстандағы рухани, шаруашылық тоқырау және экологиялық мәселелер Жоспар:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •11 Тақырып. Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан Жоспар:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •12 Тақырып.Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Жоспар:
- •13 Тақырып. Экономикалық дамудың қазақстандық моделі Жоспар:
- •2.Қайта құрудың негізгі кезеңдері. Трансформациялық құлдырау мен оның жай-күйі
- •14 Тақырып.Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік модернизация Жоспар:
- •15 Тақырып.Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үрдістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюы Жоспар:
- •16 Тақырып.Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы Жоспар:
- •Жоспар:
- •18 Тақырып.«Мәңгілік Ел» - ххі ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы Жоспар:
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •19 Тақырып. Қазақстан – әлем таныған ел Жоспар:
- •1. Тақырыбы: хх ғасыр басындағы Қазақстан
- •7. Тақырыбы: «Жеке басқа табыну» және «жылымық» кезеңіндегі Қазақстан
- •Жоспар:
- •10 Тақырып. Экономикалық дамудың қазақстандық моделі
- •12 Тақырып. Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық үрдістер мен ұлтаралық келісімнің нығаюы
- •2. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнінен» оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
Негізгі әдебиеттер:
1.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 4 т. -А.,1996.
2.Қазақстан тарихы. Очерктер. – А.,1993.
3.Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. –Алматыкітап, 2007.
4.Тынышпаев М. История казахского народа. -Алма-Ата, 1993.
5.Козыбаев М.К., Козыбаев И.М. История Казахстана. –А.,1991.
6.Чапай М. Қазақстан тарихы. –А., 2008.
Қосымша әдебиеттер:
1.Назарбаева Г., Әбжанов Х. Қазақстан: тарих, тұлға, теория. –А., 2004.
2.Хасенов Ә.Х. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. А., 1987.
3.Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы. –А., 1998.
4.Культурные контексты Казахстана: история и современность. –А., 1998.
11 Тақырып. Қайта құру кезеңіндегі Қазақстан Жоспар:
1. М.С.Горбачевтың үкімет билігіне келуі. Экономикалық дағдарыс. КСРО-дағы әміршілдік-
әкімшілдік жүйені демократиялық қайта өзгертуге тырысу шаралары.
2. Экономикалық басқарудағы өзгерістер. Саяси басқарудағы реформаторлық бағыттар.
3. 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан көтерілісі. Оның шынайы себептері мен салдары.
4. 1991 жылғы тамыз бүлігі. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.
1980-ші жылдардың басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау тереңдей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісі елді дағдарыстан алып шығуға дәрменсіздігін көрсетті. Халық шаруашылығындағы жоспарлы экономика жүйесі тиімсіз екені айқын көрініс берді. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.
1985 жылы наурызда КОКП ОК Бас хатшысы қызметіне М. Горбачев (1985-1991) сайланды. 1985 ж. сәуірде өткізілген КОКП ОК Пленумында М.Горбачев әлеуметтік-экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалар – қайта құрулар жүргізетінін мәлімдеді.
Қайта құру саясаты мемлекеттің қоғамдық-саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін-өзі басқаруын тереңдету деп түсіндірілді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары – қоғам өмірін демократияландыру және жариялылықты дамыту, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету болды. Сонымен бірге 1985 жылы сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету туралы қаулы қабылданды. Жеделдету саясатының мақсаты-өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығын дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жекеменшік түрлерін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Кооперативтік шаруашылықтардың тиімді жақтары бірден байқалды. Бірақ та жеделдету бағыты ғылыми тұрғыда негізделмей асығыс енгізілген еді. Мемлекет жетекшілері экономиканы басқаруда әлі де директивалық әдістерге сүйенді. Бұл жеделдету бағытының басты қайшылығы болатын. Бірақ бұл шаралар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы айқын сезіле бастады. Азық-түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқарудың жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі дәлеледенді.
1987 жылы қазанда КОКП ОК Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Борис Ельцин қайта құру мен реформалардың жүзеге асырылуының баяулығын қатты сынға алды. 1987 жылы қарашада Қазан төңкерісінің 70 жылдық мерекелік мәжілісі болып өтті. Онда М.С.Горбачев кеңестік қоғамның дамуының негізгі тарихи кезеңдеріне саяси баға берді. Бас хатшының баяндамасында сталинизм қылмысты құбылыс деп танылып, тарих «ақтаңдақтары» жаңа тұрғыдан қаралуы тиіс деген қорытынды жасалды.
1988 жылы маусымда КОКП ХІХ Бүкілодақтық конференциясы өткізілді. Конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасалды. Онда партия басшылары тарапынан саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігі мойындалды. Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлекеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның игілігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60 пайызы шеттен тасымалданды. Ғылым мен мәдениет, білім беру салаларын қаржыландыруда «бюджеттік қалдық» ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен, ұлттық келбетінен айырыла бастады. Қазақ тілі қоғамдық қызметінен айырылып, тұрмыстық тіл деңгейіне түсті. Нәтижесінде 1954-1986 жылдары 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.
Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, одақтас республикаларға оларды орындау үшін бұйрық ретінде жіберіліп отырды. Орталықтың шешімдерімен келіспеу, оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. Қазақстан халқының көз алдында Арал мен Семей экологиялық қасіреті қалыптасып жатты. Кеңес қоғамында адамдардың әлеуметтік немқұрайдылығы күшейді.
2. 1986 жылы ақпан-наурызды Қазақстан Компартиясының ХVІ съезі болып өтті. Съезде әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың жекеленген кемшіліктерін сынаумен ғана шектелді.
Республикамызды 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912-1993) болды. Ол КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі әрі үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Д.А. Қонаевтың қайраткерлігі мен адамгершілік қасиеттері де халыққа мәлім еді. Мемлекет қайраткері ретінде Д.А. Қонаев та сол әміршіл-әкімшіл жүйенің перзенті болды. Сондықтан да Қонаевтың саяси тағдырын Кремль шешті.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бары 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОК өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы Д.А. Қонев қызметінен алынды. Қазақ КСР КП ОК-нің І-ші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды (1986-1989).
3. Орталықтың мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. Өйткені қоғам өмірін қайта құрамыз, демократия мен жариялылық орнатамыз деп ұрандаған пратия басшылығының бұл саяси қадамына халық бірден қарсылық білдірді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Мұндай наразылық шерулері республиканың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.
Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.В. Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал Желтолқсан көтерілісінің басты себептері – Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүріне қысым жасап,ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердің жаппай жабылуы мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің болмауы да ауылдан қалаға келген жастар үшін ауыр психологиялық қысым болатын. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдар арасындағы қарамаа-қайшылықтар, яғни орталық партия басшылығының сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықтың ашу-ызасын туғызған еді.
Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта басталды. Басқа ұлт өкілдеріне қарсылық пен мемлекеттік құрылысты өзгерту туралы үндеулер көтерілген жоқ. Конституцияға қайшы келетін саяси талаптар да қойылған жоқ болатын. Алайда партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Сол себепті бірден Алматы гарнизоны әскери дайындыққа келтірілді. КСРО Ішкі Істер министрі А. Власов КСРО-ның 8 қаласынан Алматыға Ішкі Істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдады. Бұл билік тарапынан жасалған Конституцияға қайшы келетін заңсыз әрекет еді. Бейбіт шеруді тарату мақсатында билік арнайы «Боран» («Метель») операциясын жасады. Бұл операцияға Г.Колбиннің өзі жетекшілік жасады. Кеңес әскері халыққа қарсы сойылдар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару түрлерін қолданды. Осылайша Компратия мен Кеңестік өкімет билігі адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың басты ұйымдастырушысына айналды. Мыңдаған қазақ жігіттері мен қыздары Желтоқсан көтерілісінің құрбандары болды. Солардың бірі Алматы архитектурақұрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков болды. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Соты оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Өкінішке орай, ол 1988 жылы мамырда белгісіз жағдайларда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қ.Рысқұлбековқа Халық Қаһарманы атағы берілді.
Соңғы деректерге қарағанда, 17-19 желтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан. 8 мыңнан астам адамды ұстап, қаланың сыртына апарып тастаған. 103 азаматқа айып тағылып, бас бостандығынан айырылса, 2 азамат – Қ.Рысқұлбеков пен Мырзағұл Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Жүзден астам адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 52 адам партиядан және 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Ішкі Істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігіен 309 адам жұмыстан шығарылды.
1987 жылы шілдеде КОКП ОК «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланды. Ресми билік қазақ халқының саясит наразылығының маңызын төмендету мақсатымен оны қатардағы оқиға ретінде бағалаған болатын. Бірақ ол, шын мәнінде, қазақ халқының отарлық саясатқа ғасырлар бойы үздіксіз жүргізіп келген ұлт-азаттық күресінің заңды жалғасы еді. Сондықтан да қазақ жастарының тоталитарлық жүйеге қарсы саясии наразылығы көтерілісі деңгейіне жеткен құбылыс болды.
1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО Халық депутаттарының І съезінде қоғам қайраткері М.Шаханов СОКП басшылығынан «Желтоқсан көтерілісіне» әділ баға беруді талап етті. М.Шахановтың талабына алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері қолдау білдірді. Солардың ішінде белсенді саяси қолдау білдірген академик А.Сахаров болды. Осындай талаптың нәтижесінде Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып КСРО халық депутаты, ақын М.Шаханов белгіленді. Комиссияның құқықтық тұрғыдағы жан-жақты талдауларынан кейін қаулыдағы «қазақ ұлтшылдығы» деген айып қате деп мойындалды. Бұл Желтоқсан көтерілісіне қатысты трихи шындықты қалпына келтірудің бастамасы еді.
1990 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысында бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Бұл республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, қиын жағдайда бейбіт жол көрсете алмауы мен партия жетекшілерінің қарулы күшке сүйенуі болған еді. Өйткені Челябинск, Новосибирск, Ташкент, Уфа, Тбилиси т.б. қалалардан әкелінген әскери бөлімдердің жауынгерлерінің қатыгездікпен жасаған әрекеттері қазақ жастарын да жауап қайтаруға мәжбүр етті.
1991 жылы желтоқсанда 1986 жылғы 17-19 желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Жарлық негізінде қылмыстық жауапқа тартылған жастарды ақтау және Ішкі Істер бөлімінің әскери қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі Жарлықтың күшін жою жүзеге асырылды. Ал 17 желтоқсан – Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. 2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай Алматыда «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орнатылып, республика бойынша ғылыми конференциялар, еске алу кештері өткізілді.
Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы өте зор болды. Біріншіден, Желтоқсан көтерілісі КСРО-дағы демократиялық өзгерістерге жол ашып берді; екіншіден, Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады; үшіншіден, әлемдік қауымдастыққа өркениетті қазақ деген халықтың бар екенін паш етті; төртіншіден, тоталитарлық жүйенің ыдырау процесін жеделдетті; бесіншіден, қазақ халқының тәуелсіздігіне жол ашты.
Желтоқсан көтерілісі халқтың тарихи санасы мен ұлттық рухының жаңғыруына күшті әсер етті. Өйткені осы Желтоқсан көтерілісінен кейін елімізде қоғамдық қозғалыстар қызметін жандандыра түсті.
Ресми емес қозғалыстың дамуы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі заңды құбылыс еді, оның бастама негізі экономикалық қозғалыс, сондай-ақ жоғарыда атап көрсеткендей Алматыдағы желтоқсан оқиғасынан кейін республикада туған қоғамдық-саяси ахуал болды. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - әлеуметтік – экологиялық «инициатива» құрылып, ол өз алдына соғысқа қарсы тұру, экологиялық, адамгершілік және бейбітшілікті қорғау идеяларын, жариялылық, демократияландыру, әлеуметтік теңдік және әділеттік принциптері негізінде халықтың әлеуметтік белсенділігін көтеруге көмектесу, жұртшылықтың, ұжымның, жеке адамдардың бастамаларына моральдық және ұйымдық, құқықтық, кеңес беру, ақпараттық, эксперттік қолдау көрсету мақсатын қойды. Кейінірек «Жасыл майдан» Қазақстанның социалистік-демократиялық партиясы бөлініп шықты. Ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы (1989 жыл, О.Сүлейменов ұйымдастырған) және Арал, Балқаш, Қазақстан экологиясының проблемалары жөніндегі қоғамдық комитет (М.Шаханов басқарды) экологиялық ұйымдарға айналды. 1989 жылы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғам сталиндік реппрессия құрбандарын ақтау ісі мен тарихи шындық пен әділеттілікті қалпына келтіру қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар жұмысшылар қозғалысы елеулі саяси күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейні шахтерлері ерекше рөл атқарды. Таза экономикалық талаптан басталған олар шапшаң саяси сипат алды. Жұмысшылардың облыстық ереуіл комитеті 1989 жылдан бастап қызмет істейді. Ол Қарағанды облысы еңбекшілерінің одағына ұжымдық мүше ретінде кіреді. Жаңаөзендегі оқиға (1989 ж.) әлеуметтік – экономикалық саладағы көкейтесті проблемаларды жарыққа шығарды, ол инфрақұрылымның мешеулігінен, өндірістік күштерді орналастырудағы қателіктердің салдарынан жергілікті халық жұмыссыз жүргенде вахталық әдісті қолдану практиксыаның берік орын алуынан туды. Әйелдер кеңесіне балама ұйымдар әдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналардың комитеттері, Қазақстан мұсылман әйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанұялар одағы, «Айша», «Ақ отау» және т.б. іскер әйелдер ассоциациясы құрылды. Республикадағы күштердің саяси орналасуында жастар қозғалысы елеулі орын алды. 1991 жылы күзге дейін оның қатарында республика жастар ұйымдарының комитеттері, Қазақстан ЛКЖО т.б. 48 ұйымдар мен құрылымдар болды.
1990 жылдың жазында азаматтық «Азат» қозғалысы және «Азат» саяси партиясы пайда болды. «Азат» өзінің басты мақсатын тәуелсіз мелекеттер достастығы шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі. Республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес бірлестіктер болды.
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін КСРО-ның басқа аймақтарында өз еркіндіктері үшін орталықтың басқару жүйесіне қарсы жаппай наразылықтар туа бастады. Мұның бәрі Кеңес Одағының ыдырауы мен оның аумағында тәуелсіз мем лекеттердің құрылуына негіз болды.
4. 80-жылдардың соңында Кеңес мемлекеті ыдырай бастағаны белгілі. Халық депутаттары I съезінің өзінде-ақ және партиялық форумдарда егемендік, экономикалық дербестік, орталық пен федерацияның мүшелері арасында өкілеттікті бөлісу, жаңа Одақтық шарттар жасасу идеялары талқылана бастады. Демократиялық қайта құрылыстардың және ұлттық сананың ояну процестерінің дамуы, оқиғалардың даму барысы партиялық және мемлекеттік басшылық тарапынан осыған сай орталық пен одақтас республикалардың қарым-қатынасын үйлестіретін шаралар қолдануды талап етті. Жаңа шындық жағдайды есепке ала отырып, Одақты қайта құру идеясы кеңінен қолдау тапты және ол «төменнен»- автономиялық және одақтас республикалардан көтерілді. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, өзін-өзі қаржыландыру концепциясы жасалды, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндірістік құрал-жабдықтарына, оның ішінде өнеркәсіптің негізі болып табылатын салалық кәсіпорындарына республикаынң меншіктік құқы дәлелденді. Республиканың егемендігін саяси және экономикалық салада нақты түрде қамтамасыз ету қажеттігі туралы батыл мәлімденді. Қоғамды жаңартуға бағытталған қозғалысты Н.Ә.Назарбаев басқарды. Ол демократиялық реформалар жүргізу және әлеуметтік прогресс, ұлтаралық ынтымақтастықты сақтау, саяси тұрақтылықты сақтауға баса көңіл бөлу саясатын ұстанды. Бірақ Қазақстанда басталған әміршіл-әкімшілдік жүйені күйретуге мемлекеттік басқару құрылымының Қазақстан коммунистік партиясының қатаң билігі кедергі жасады. Жекелеген партия ұйымдарының өз жұмыстарының жаңа талаптарға сай қайта құруға бағытталған талпыныстары елеулі нәтиже бермеді. 1988 жылдан бастап жаңа туып келе жатқан оппоненттер тарапынан Қазақстан Компартиясына сын айтыла бастады. Бұл партияның іргесі шайқала бастады.
Қазақстан халқының елеулі дәрежесінде саясаттануы жұртшылықтың республикадағы істердің жағдайына қанағаттанбайтындығының, олардың дағдарыстан шығудың жолын ортақтасып іздеуінің көрінісі еді.
Қоғамдық демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада 12-ші шақырылған Қазақ КСР Жоғары Кеңесі (1990 ж. сәуірден) жетекші орын алды. 1990-1991 жылдары қабылданған республика заңдарында әрбір адамның мұқият зерттеліп жасалған, құқықтық және әділеттік процедуралар арқылы заң жүзінде бекітілген бостандықтары мен адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан шындық жағдайдың талаптарына сай Республика заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам болды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топттастыруға тиіс еді. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтті, республиканы мекендейтін барлық ұлттар адамдардың талап-тілегіне жауап беретін болды. Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген «Қазақ КСР-нің тіл туралы» заңын қабылдауы тарихи оқиға болды. Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға көмектесетін президенттік басқарудың енгізілуі заңды еді. 1990 жылы 24 сәуірде Республика Жоғары Кеңесі Қазақ КСР-нің Президенті лауазымын белгіледі, парламент сессиясында жасырын дауыс беру нәтижесінде оған Н.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонында ядролық сынаққа тиым салу, Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен оларға теңестірілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету шаралары туралы жарлықтары Қазақстанда демократиялық қайта құрулар жүргізудің өзіндік бір белесі болды. Республика Жоғары Кеңесінің төралқасы 1986 жылы 17 - 18 желтоқсанда Алматыда болған оқиғаға байланысты жағдайға түпкілікті баға беру жөнінде арнаулы комиссия құрды.
1990 жылы 25-қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты. 1991 жылдың ортасында-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екіжақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда 4 республика – Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новоогарев келісімін талдап, жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды. 1991 жылы тамыздағы оқиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1990 жылы желтоқсанда 4 республика – Ресей, Украина, белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива жасады, Новогорев келісімін талдап, жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды. 1991 жылы тамыздағы оқиға бұл жұмысты үзіп жіберді, КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті. Осындай күрделі жағдайда Қакзақ мемлекеттілігі шеңберінде республикадағы жоғарғы атқарушы және билік жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-нің президентіне жеткілікті өкілеттік беру қажеттігі туды. Бұндай өкілеттіліктер республика парламенті 1991 жылы 20-қарашада қабылданған Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігімен басқару құүрылымын жетілдіру және Қазақ КСР конституциясына (негізгі затына) өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында Н.Ә.Назарбаев президент болды. Республикада төмендегідей өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіщдік, ішкі істер, сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды, Президенттің одаққа бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы, республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қаматамасыз ету туралы, Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 жылы 2- қазанда Қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы қырық жыл өмір сүргенде тұңғыш рет оның ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.Әубәкіров ұшты. 1991 жылы 10-желтоқсанда тұңғыш президент қызметіне кірісті.
Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақтың кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталды. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының өз территориясындағы бүкіл өкімет билігі өз қолында, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізілетін демократиялық мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Республика тарихында жаңа кезең басталды.
Орта Азия мен Қазақстан Республикасыныңғ басшылары Ашхабадта кездесіп, Беловеж келісіміне, оның құқықтық жақтарына талдау жасады, жаңа достастықты қалыптастыруға толық құқықтық негізде қатысуға әзірліктерін білдірді. 1991 жылы 21-желтоқсанда Алматыда бұрынғы Кеңеңс Одағының құрамына кірген тәуелсіз мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қойылды. Қазақстанда егемен мемлекеттік дамуының қарқынды процесі басталды. Саяси салада күшті президенттік республика құруға, кейінінрек парламенттік билікке реформа жасап, мамандандырылған жоғарғы Кеңес құруға бағыт ұсталды. Республиканың жаңа Конституциясының жобасы талқыланды. Жергілікті өзін-өзі басқару заңы негізінде облыстарда, қалаларда және аудандарда атқарушы өкімет билігіне реформа жасалды. Өтпелі кезеңге әкімдер лауазымы енгізіліп, оларға жер-жерде экономикалық жағдай, Президент пен Үкімет шешімдерінің орындалуы үшін толық жауапкершілік жүктелді. Әкімдерді тағайындау және мерзімінен бұрын алуды жоғарыдан төмен қарай: республика президенті мен жоғары тұрған әкімшіліктің әкімдері жүргізді. Бюджетті жасап, бекіту, оның орындалуын қадағалау құқы, депутаттармен жұмыс жүргізу, тұрақты комиссияның қызметіне басшылық жасау, региондар дамуының стратегиялық бағытын белгілеу, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен байланыс жасау Кеңестің құзырына берілді. Көппартиялық жүйе қалыптастырудың бастамасы жасалды. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуі үшін жағдай жасалды.
