Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.84 Mб
Скачать

Өзін –өзі бақылауға арналған сұрақтар

1. Кірістер мен шығыстарды, сатылар мен алаңдарды дұрыс жобалау және орналастыру

2. ЕҚ бойынша негізгі нормативті құжаттарды атаңыз

3. Еңбек қауіпсіздікгі стандарттар жүйесінің құрылымы

4. Инструктаж түрлері

5. Шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыздау көздерін таңдау

6. Өндірістік бөлмелерге қойылатын жалпы санитарлы-техникалық талаптар 7. Зиянды өнеркәсіптерде сүтпен қамтамасыз ету нормалары

8. ЖҚҚ тарату нормалары

9. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары

10. Ғимараттар арасындағы санитарлық қашықтық

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Безопасность и охрана труда. Под ред. Русака О.М. С.-П.,2001г.

2. Безопасность жизнедеятельности. Под ред. Белова С.В. М., 2001г.

3. В.А. Девисилов. Охрана труда. - М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007г.

4. Расдорожный А.А. Безопасность производственной деятельности М., 2003.

5. Русак О.Н. Безопасность техносферы. – Красноярск: ВШ, 2003г.

6. ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңы

7. Сборник нормативных актов РК по « Охране труда», Караганда. 2002г.

4 Еңбек тәртібі мен еңбек қорғау талаптарын сақтау бойынша жұмыс беруші мен жұмысшының міндеттері мен жауапкершіліктері

4.1. Еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмысберуші мен жұмысшылардың құқұқтары мен міндеттері

Студент білуі қажет: тікелей әрекет етуші заңдар, еңбек қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс беруші мен жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері, әйелдер еңбегін қорғау, еңбек қабілеттілігі төмендеген қызметкерлер еңбегін қорғау, жеңілдіктер мен үстемақы (компенсация), өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясат.

Сұрақтың қысқаша мазмұндамасы

Еңбек қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларындағы әр жұмысшының құқығына белгілі бір нақты әрекеттерді орындауға құзырлары мен өндірістік қауіптерден қорғау құралдарына құқығы бар және белгілі бір жеңілдіктер мен өтемақыларды алуға құқығы бар.

ҚР Еңбек Кодексінде және басқа да нормативті құқықтық актілерде өндірістік факторлардың зиянды әсерлерін залалсыздандыруға немесе алдын алуға байланысты, қызметкерлердің жұмыс орнында қаза болуы немесе сырқаттануын алдын алуға байланысты жұмысшылардың нақты құқықтары белгіленген.

Егер жұмысшы өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін жұмыстан бас тартса, онда жұмыс беруші осы қауіптіліктер жойылғанға дейін басқа жұмысты орындауына рұқсат беруі тиіс.

Келісім шартта көрсетілмеген ауыр, қауіпті және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыстан бас тарққан жұмысшы тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды.

Жұмысшы жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етілмеген (нормаға сай) жағдайда, жұмыс беруші жұмысшының қызмет міндеттерін орындауды талап ете алмайды.

ҚР заңдарына сай жұмыс беруші кәсіби аурулар мен сәтсіз жағдайларға байланысты жұмысшыларды әлеуметтік сақтандырумен қамтамасыз ету керек және еңбек қорғау талаптарына сай емдік профилактикалық және санитарлы-тұрмыстық қызметтермен қамтамасыз ету керек.

4.2 Еңбек қызметтері үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету

Студент міндетті:

Білуі қажет: адам ағзасының термореттеу принциптері, микроклимат параметрлері және олардың гигиеналық нормалануы, бөлмедегі қолайлы климаттық жағдайларды қамтамасыз ету әдістері.

Орындай алу қажет: еңбек жағдайларын жақсарту бойынша қажетті инженерлік есептеулер жасау.