Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.84 Mб
Скачать

Өзін-өзі бақылау сұрақтары

  1. Өртке қарсы қорғану түсінігі нені білдіреді?

  2. Өртке қарсы қорғану нені қамтамасыз ету керек?

  3. Өрттің пайда болу қаупін қандай факторлар анықтайды?

  4. Тұтану, жалындану және жануға байланысты қандай шарттар қажет?

  5. Өрт және жарылу қаупі бойынша өндіріс (ғимарат және іргетас) қандай категорияларға бөлінеді?

  6. Өрт және жарылу қаупі бойынша өндірісті (ғимарат және іргетас) категорияларға бөлу әдістемесі?

  7. Құрылыс конструкцияларының өртке тұрақтылығы нені білдіреді?

  8. Құрылыс конструкцияларының өртке тұрақтылығы ол неге байланысты ?

  9. Ғимарат пен іргетастың өртке тұрақтылығына қалай қол жеткізуге болады?

  10. Қандай ағашты қорғау тәсілдері бар ?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Безопасность и охрана труда.Русака О.М. С.редакциялауымен-П.,2001ж.

  2. Безопасность жизнедеятельности.Белова С.В. редакциялауымен. М.,2001ж.

  3. Охрана труда. Ушакова К.З.редакциялауымен. М., 1986ж.

  4. В.А. Девисилов. Охрана труда. - М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007ж.

  5. Тажигулова Б.К., Жандаулетова Ф.Р. Пожаровзрывозащита. Алматы, 2004ж.

  6. Правила пожарной безопасности в РК Алматы, 2003.

  7. Строительные нормы и правила РК «Пожарная безопасность зданий и сооружений». СНиП РК 2.02.-05.2002, Астана, 2003.

  8. Баратов А.Н., Пчелинцев В.А. Пожарная безопасность. М., 1997.

  9. Закон РК "О пожарной безопасности" от 20.12.2004 ж.

  10. Собурь С.В. Пожарная безопасность предприятия. Справочник. М., 2000.

  11. Иванов Е.Н. Расчет и проектирование систем пожарной защиты. М., 1977.

12 Өндірістік жарақаттану және кәсіби науқас

12.1 Өндірістегі кездейсоқ жағдайларды тергеу және тіркеу, жарақаттану анализі

Студент міндетті

білуі қажет: кездейсоқ жағдайлардың классификациясы және олардың себептері, жарақаттану анализі, кәсіби науқастардың тізімі, кәсіби науқас пен жарақаттануды болдырмауға байланысты жүргізілетін жиындар.

Орындай алу қажет: кездейсоқ жағдайлардың себептерін талдау және әшкерелеу, кездейсоқ жағдайларға және кәсіби науқасқа байланысты тергеу жүргізу, Н – 1 формасындағы актты толтыру, жапа шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету.

Сұрақтың қысқаша мазмұны

«Жарақат» және «кездейсоқ жағдай» туралы түсінік. Кездейсоқ жағдайдың сипаттамасы мен зақымдалудың ауырлығы, жапа шеккендердің саны мен оқиға болған орны бойынша классификациялау. Әртүрлі кездейсоқ жағдайлардың себептері. Өндірістік кездейсоқ жағдайларды тергеу және тіркеу туралы жай-күйі. Өндірістік жарақаттануды талдаудың әдістері.

Жапа шеккен адамға көрсетілетін негізгі алғашқы көмек. Кәсіби науқас, оның туындауының себептері. Кәсіби науқасқа тергеу жүргізу. Кәсіби науқас пен жарақаттануды болдырмауға байланысты жүргізілетін жиындар. Жұмыста атқаратын міндеттерін орындауына байланысты жұмысшының денсаулығына келтірілген зардаптың орнын толтыру.

Өндірістік жарақаттардың жиынтығын сипаттайтын құбылыс өндірістік жарақаттану деп аталады. Өндірістік жарақат өндірістік кездейсоқ жағдайлардың ізінен туындайды. Өндірістік кездейсоқ жағдайлар жұмыста меңгерушінің берген тапсырмаларын және міндеттерін орындау кезінде жұмысшыға өндірістік факторлардың кері әсерін тигізген жағдайлар болып табылады (ГОСТ 12. О. 002 - 80).

Тергеуге және тіркеуге қандай кездейсоқ жағдайлардың жататынын не жатпайтынын білу қажет. Жапа шеккен адам жағдайының ауырлық дәрежесіне байланысты кездейсоқ жағдайларды тергеу реті; кездейсоқ жағдайларды тергеу үшін комиссия құрамы және тергеу мерзімі. Кездейсоқ жағдай туралы жарамды ақпараттардың реті. Н-1 формасы бойынша актты және кездейсоқ жағдайларды тергеуге байланысты құжаттарды толтыру.

Өндірістегі кездейсоқ жағдайларды талдау дұрыс зерттелуге және жарақаттанумен күресуге бағытталған жиындардың іске асуына себепші болады, сонымен қатар өндірістің жеке саласында пайда болған жарақаттың себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

Студент өндірісте орын алатын кездейсоқ жағдайлардың талдау тәсілдерін білуге міндетті және жарақаттанудың ауырлығы мен жиіліктің көрсеткіштерін анықтай алуы керек.

Мысал

Бекіткіш сақинаны қолмен жасау процесі кезінде 4,6 мин кетеді. Процесс 5 операциядан тұрады, олардың барлығы мүмкіндігінше қауіпті. Ауыстыруға (Т = 8сағ) 100 сақина дайындалады. Қауіпсіз жұмыстың ықтималдығын және қауіпті жарақаттың үлесті коэффициентін анықтау керек.

Шешуі

Бір сақинаны дайындау процесінде қауіпті жарақаттың үлесті коэффициентін мына формула бойынша есептейміз.

Ку = N/W=5/1 = 5

мұндағы N – қауіпті операция саны;

W – орындалған ауыстыру жұмысының бірлігі.

Бекіткіш сақинаны дайындау процесі 5 қауіпті операциядан тұрады және оның ұзақтығы 4,6 минут болса,онда барлық процестің қауіптілігі 4,6 минутқа тең.

Әр қауіпті процестің ұзақтығын 100 сақинаны ауыстыру кезіндегі барлық уақытқа суммаласақ,ол мынадай уақыт құрайды:

4,6100 = 460 мин

480 мин (8 сағ) ауыстыру ұзақтығы кезінде қауіпсіз жұмыстың ықтималдығын мына формуламен есептейміз:

Р = 1- т,/ Т = 1- 460 / 480 = 0,05

мұндағы тt –қауіпті жағдайдың суммалық жалғасының математикалық күтуі;

T – ауыстыру ұзақтығы, мин.

Қауіпсіз жұмыстың ықтималдығы бекіткіш сақинаны дайындау кезінде өте аз.