Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМП по ОТ.2014.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.84 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минисрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Құрылыс және сәулет институты

Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау кафедрасы

Барлық мамандық студенттеріне арналған «Еңбек қорғау» пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізу бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ

Алматы 2014

УДК 628.517.2 (076)

Құрастырғандар: т.ғ.д., проф. Қасенов Қ.М., т.ғ.к., проф. Нұрғабылов Ө.Ш., аға оқытушы Ахмадиева Т.К., аға оқытушы Түсүпқалиева Э.А., оқытушы Айтбекова Т.Т., оқытушы Бөтебаева Ж.Т.

Барлық мамандық студенттеріне арналған «Еңбек қорғау» пәнінен тәжірибелік сабақтарды өткізу бойынша оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ. 2014. –С. 1 - 57

Барлық мамандықтағы студенттерге арналған «Еңбек қорғау» пәнінен тәжірбиелік жұмысқа арналған оқу құралы бойынша оқу процесін ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етудің негізі болып табылады. «Еңбек қорғау» курсы бойынша оқу құралы Қазақстан Республикасының МЕСТ мазмұнына, біліктілік сипаттамасына, типтік және жұмыс жоспарына сәйкес әзірленді, осы пәннің негізгі мазмұнын көрсетеді, студенттердің пәнді меңгеруін жеңілдетеді, проблемалық мәселелерді дербес ойлауға, таңдауға және шешуге үйретеді.

Оқу құралы күндізгі және қашықтан оқыту технологиясымен оқитын студенттерге арналған.

Ил. 1. Әдебиеттер тізімі. 46 атау.

Рецензент: т.ғ.д. профессор Долгов П.В.

2014 жылға СжҚ институтының баспасының жоспарымен басылады.

© Қ.И. Сәтбаев ҚазҰТУ, 2014 ж.

Кіріспе

1990 жылдың ортасына қарай өндірістік жарақатталуының деңгейінің көтерілуі байқалды; өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек жағдайы айтарлықтай төмендеді; кәсіпорындарда еңбек қорғау мамандығы шамамен екі есеге азайды; еңбек қорғау бойынша іс-шараларға кеткен шығындар қысқартыла бастады. Қорытындысында жағымсыз факторлар мен өндірістік жарақаттардан зардап шегушілердің жалпы санының өсуіне алып келген сәтсіз жағдайлар, катастрофалар, мүмкін болатын апаттар саны айтарлықтай өсті.

Бұл жағымсыз тенденциялар ЖОО-да өндіріcтік қауіпсіздік және еңбек қорғау саласындағы білікті маман даярлау қажеттілігін көрсетеді. Әр жұмысшының жеке дайындығының және еңбек қорғау мен барлық қауіпсіздік жүйесінің біліктілігіне, нарықтық экономикаға бейімделуіне, жұмысшылардың өмірі, денсаулығы және кәсіби қызмет процесіндегі еңбек мүмкігдіктерін қорғауына кепіл беретіндей жағдайға жету қажет.

Еңбек қорғау жүйесі бұл білім беретін және өндірістік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші жүйенің, сонымен қатар елдің ұттық қауіпсіздігінің жалпы жүйесінің құраушы бөлігі болып табылады. Кәсіби білімнің негізгі міндеттерінің бірі маманның еңбек қорғау психологиясын қалыптастыру. Өндірістегі жұмысшы кез-келген басқа саладағы жұмысшы сияқты еңбек қорғау негіздерін, соның ішінде еңбек қауіпсіздігін білмейтін болса, өзін білікті маман ретінде санай алмайды. Жұмысшылардың біліктілік дайындығын және олардың жалпы қауіпсіз болатын қозғалыс мәдениетін игеруі адамның қызметін барлық еңбек саласындағы өндірістік профилактикада анықтаушы факторлар болып табылады.

Осы оқу құралының мақсаты студенттерді технологиялық процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек шартын жақсарту бойынша инженерлік есептер жүргізуге дағдыландыру. Оқу құралы «Еңбек қорғау» пәні бойынша теориялық курсты толықтырады, және «еңбек қорғаудың» негізгі бөлімдерін игеруде студенттердің білімін тереңдетеді. Мысалы: «Еңбек қорғау саласындағы заң», «Еңбек психологиясы және физиологиясы», «Техникалық қауіпсіздік негіздері», «Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы», «Өндірістік қауіпсіздікті техникалық реттеу», «Электрқауіпсіздігімен қамтамасыз ету» және «Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы түсінік».

Оқу құралының ерекшелігі, әр практикалық сабақ тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулардан белгілі есептерді инженерлік жолмен шешу тапсырмаларынан және анықтауыш материалдардың қажетті мөлшерінен тұратындығы болып табылады.

Практикалық сабақ барысында әдістер студенттің кезекті мамандық қызметінде курс материалдарын игеру нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.