- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
Бақылау сұрақтары:
Ғылыми агрономияның қандай әдістері бар?
Танаптық тәжірибе және оның ерекшеліктері қандай?
Зерттеу тәсілдеріне не жатады?
Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
Танаптық тәжірибенің басқа зерттеу әдістерінен айырмашылығының ерекшелігі, мәдени дақылдарды өндіріске өте жақын немесе өдірістік жағдайда барлық топырақ, климат пен агротехникалық факторларының жиынтығымен зерттеуінде. Өнім мен оған әсер ететін құралдардың арасындағы байланысты тек танаптық тәжірибе ғана қоя алады. Тек танаптық жағдайда ғана зерттелетін мәселелер болады, мысалы топырақ өңдеу жүйесі мен өсімдікті күтіп-баптау, ауыспалы егіс, ауыспалы егісте тыңайтқыш пайдалану, тыңайтқыш пен гербицидтерді басқа да агротехникалық тәсілдермен біріктіру, өнім жинауды механикаландыру және т.б. танаптан тыс жерде анықтау мүмкін емес
Танаптық тәжірибе нәтижелерінің бағалылығы белгілі бір әдістемелік талаптарды сақтауына байланысты. Олардың маңыздылары: 1) тәжірибе типтілігі; 2) бір ғана айырмашылық қағидасын сақтау; 3) тәжірибені арнайы бөлінген учаскеде жүргізу; 4) өнімді есепке алу мен тәжірибенің мәнді сенімділігі.
Танаптық тәжірибенің типтілігі немесе репрезентативтілігі деп, оны жүргізу жағдайы, сол ауданның немесе аймақтың топырақ-климаттық және агротехникалық жағдайларға сәйкес болуын айтады. Топырақ құнарлылығын жоғарылату тәсілдерін құмдақ топырақта орналасқан тәжірибеде зерттеп, оның нәтижелерін саздақ топырақ жағдайына қолдануға болмайтыны белгілі. Бір ғана айырмашылық қағидасы өндірістік жағдайда жүргізілгенде толық танаптық тәжірибеде орындалады
«Типтілік» деген түсінікке агротехникалық танаптық тәжірибелер үшін зерттеуді аудандастырылған сорттармен және сол аймаққа типті дақылдар- мен жүргізу талабы қойылады. Агротехникалық тәжірибелерде сол аймаққа бейімделмеген дақылдар және сорттар зерттеуге алынған тәсілдерге басқаша әсер етуі мүмкін, сол себепті, осындай тәжірибелердің қорытындысын басқа жәй өндірістік жағдайда таратуға болмайды.
Танаптық тәжірибені қойғанда зерттеуге алынғаннан басқа барлық жағдайлардың біркелкілігін сақтау керек. Бұл өте маңызды және әдістеменің міндетті талабын бірғана айырмашылық қағидасы деп атайды. Ол тәжірибе жұмысында қатаң сақталуы қажет. Мысалы, азот тыңайтқышының мөлшерін зерттеген танаптық тәжірибеде нұсқа бойынша жалғыз ғана айырмашылық - мөлшер болады. Қалған басқа жағдайлар (топырақ жағдайы, алғы дақылдар, топырақ өңдеу әдісі, сорт, себу, күту және т.б.) барлық нұсқаларда тең, бірдей болуы керек. Әдістеменің бұл талабын сақтамай, зерттелетін тыңайт- қыш мөлшерінің тиімділігін дұрыс анықтауға болмайды.
Танаптық тәжірибені тарихы жақсы белгілі, арнайы бөлінген учаскеде жүргізу талабы – бұл бір ғана айырмашылық қағидасы талабының қисынды әсері. Сонымен, ол кез-келген танаптық тәжірибеге міндетті түрде болады. Танаптық тәжірибені тарихы жақсы белгілі, арнайы бөлінген учаскеде жүргізу талабы өндірісшілермен бұзылады.
Олар тәжірибені арнайы бөлінген уческеде емес, тарихы белгісіз, жағдайы біркелкі емес ауыспалы егіс танаптарында жүргізуге болады деп ойлайды. Ондай тәжірибелер қанағаттанарлық нәтижелер беруі мүмкін емес. Қандайда болса зерттелген агротехникалық тәсілдер кездейсоқ учаскелерде жүргізілсе, ол танаптық тәжірибе болып есептелінбейді.
Ауылшаруашылығы өсімдігінің өнімі мен сапасы - тәжірибеде зертте- летін нұсқаларына сипаттама беретін негізгі көрсеткіштер. Егер тәжірибенің мәнділігі дұрыс болса, зерттеудегі тәсілдер немесе факторлар әсерлерінің ақиқатты нәтиже дәрежесі танаптық тәжірибеден алынған нәтижесімен сәйкес болса, онда тәжірибе жұмысының дәлділігінің анықталғаны, яғни дақыл өнімінің мәліметтері мен сапаларының бағасы зерттеудегі агротех- никалық тәсілдер немесе факторлардың әділетті бейнеленгені.
Танаптық тәжірибелерден алынған нәтижелер мен ақиқатты нәтиже- лердің арасындағы айырмашылықтары неғұрлым аз болса, соғұрлым тәжі- рибе дәлдігі жоғары болады. Тәжірибенің дәлділігі деп, шындығында логикалық дұрыс құрылған нобай мен тәжірибе жүргізу әдісін, олардың зерттеу алдына қойылған міндетіне сәйкестілігін, нысананы дұрыс таңдау мен сол тәжірибені дұрыс жүргізуін түсінеді.
Тәжірибе нобайы мен әдістемесі дұрыс жасалынбаса, әдістемесі мен техникасы зерттеу жағдайына сәйкес келмесе, яғни мәнділігі сенімсіз болса, онда зерттелетін нұсқаның тиімділігі бұрмаланады және оларды салыстыр- малы баға беруге пайдалануға болмайды. Мұндай тәжірибені есептен шығарады.
Танаптық тәжірибеден алынған көрсеткіштерінің дәлділік мәліметте- рінен айырмашылығы болса, онда қателік жіберілгені. Ондай жағдай кез- келген тәжірибе жұмысында кездеседі. Тәжірибе жүргізгенде эксперимен- татор үш түрлі кездейсоқ, жүйелі және өрескел қателіктермен кездеседі. Қателік дегеніміз – ол іріктелген бақылаулар мен өлшем мөлшерінің нақтылы мәні арасындағы айырмашылық.
Нәтижелі белгілердің нақтылы мәнін, мысалы танаптық тәжірибеден алынған өнім мәліметін бағалау математикалық статистиканың негізгі міндеті болып есептеледі. Тәжірибе жүргізгенде қателік жібермеу үшін оның пайда болатын себептерін білу керек.
Зерттеудегі факторлар әсерлерінің көп болуы, олардың көрсеткіштерін де көбейтетіндіктен кездейсоқ қателіктің пайда болуына себепкер болады. Тәжірибе мәліметтерінің түрленуінен кездейсоқ қателіктер пайда болуы мүмкін, сондықтан ондай қателіктер тәжірибе көрсеткіштерінің тұрақты серігі болады. Өте ұқыптылықпен жүргізілген тәжірибе жұмысының өзінде
де, ешқандай абсолютті дәл мәліметтер алуға бомайды. Сонымен, кездейсоқ қателіктер болады, дегенмен математикалық статистика кездейсоқ қателікті анықтайтын сандық әдісін ұсынады, оның жиынтығы бақылаудың саны үлкен болғанда қалыпты бөлу заңына, ал бақылау саны шамалы болғанда Стьюденттің t-бөлісу заңына бағынады. Кездейсоқ қателіктердің таралуы осы заңдылыққа негізделе отырып, орташа көрсеткіштер арасындағы айырма- шылық қаншалықты елеулі екендігі анықталады, мысалы нұсқалардағы өнімдер.
Кездейсоқ қателіктерге тән ерекшелігі – олардың оң және теріс мәнде- рінің шамамен бірдей болу мүмкіндігінің арқасында өзара жойылуында, онда кіші мәндері үлкен мәндерге қарағанда жиірек кездеседі. Осындай әртүрлі бағытталған кездейсоқ қателіктер мәліметтерін жинақтағанда және қателік- тердің орташа көрсеткіштерін шығарғанда бақылау саны көбірек болған сайын кемшіліктер азаяды.
Тәжірибе жұмысында кездеседін жағдай белгілі бір тұрақты әсердің бұрмалауынан өлшенетін мәліметті бірыңғай өсіру немесе бірыңғай кемітуін жүйелі қателік дейді. Танаптық тәжірибеде мұндай себептер жиірек зерттел- мейтін факторлардың заңды құбылмалылығы болып есептеледі, мысалы топырақ құнарлылығы және олардың нәтижелі белгіге әсерін дұрыс әдістемемен жоюға болады.
Жүйелі қателіктердің негізгі ерекшелігі - олардың бірбағыттылығы, яғни тәжірибе мәліметтерін жоғарлатуы немесе төмендетуінде. Бұл кездейсоқ қателікке қарағанда өзара жойылу қасиеті болмағандықтан, жекелеген бақылаулар мен орташа көрсеткіштерде толық болуына әкеп соғады.
Өрескел қателік танаптық тәжірибеге қойылатын талаптардың дұрыс орындалмауынан, жұмысқа деген шала көқарас пен олақтылықтың салда- рынан болады. Мысалы, тәжірибені орындаушының немқұрайлы қарауынан бір мөлдекке тыңайтқышты екі рет беріп, өнімді өлшегенде шатасып, оның массасын дұрыс жазбауынан және т.б. Осындай қателіктер ешқандай жағдайда да жойылмайды, орны толмайды, тек қана бұзылған мөлдекті, қайталауды немесе бүкіл тәжірибені есептен шығаруға тура келеді. Өрескел қателікті танаптық тәжірибені ойланып, ұқыпты ұйымдастырып жүргізгенде ғана жібермеуге болады.
Математикалық өңдеу мен негізделген қорытындылар жасау үшін өрескел және бір бағыттағы жүйелі қателіктер жіберілмеген танаптық тәжірибелер нәтижелерін ғана қолдануға болады.
