Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701 Кб
Скачать
☆

Бақылау сұрақтары:

  1. Эксперментті жоспарлаудың жалпы қағидалары.

  2. Зерттеу факторының негізгі деңгей (эксперимент орталығы) мен ауытқудың бірлігі деген не?

  3. Жоспарлаудың матрицасы деп нені атайды?

  4. Толық факториалды эксеперимент нобайының бірфакторлыға қара- ғандағы айрықшалығы қандай?

  5. Көпжылдық стационарлы тәжірибенің ерекшелігі қандай?

      1. Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау

Танаптық тәжірибелерде бір реттік және кезеңді өсімдіктерді, тіршілік факторлары мен сыртқы ортаның жағдайын санды және сапалы бақылаулар жүргізіледі.

Зерттеудің міндетіне қарай танаптық немесе зертханалық немесе факторлар мен олардың даму жағдайлары бақылаудан (талдау) басым болуы мүмкін.

Зерттеулерден сенімді мәліметтер алу үшін танаптық және зертханалық бақылауларды жасағанда экспериментатор келесі сұрақтарды шешуі қажет:

  1. бағдарламаға қандай бақылаулар, талдаулар және есептеулерді кіргізу; 2) бақылаулар мен есептеулерді жүргізудің мерзімі; 3) іріктеудің (үлгінің) оптималды көлемін анықтау және 4) алынатын іріктеудің қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Жаңадан басталған экспериментатордың жіберетін кеңінен тараған қателігі зерттеу бағдарламасының мақсатына байланысты емес ешқандай және техникалық мүмкіндікті ескермей, бірдеңеге керек болып қалар деген үмітпен, кездейсоқ бақылаулар мен есептеулердің жиынтығын кіргізу.

Сансыз нысаналар мен құбылыстарды бақылауға болады, сондықтан оларды тәжірибенің міндеті мен нобайынан шығатын, зерттелетін фактордың әсерін түсіну үшін ғана қажеттілерімен шектелген жөн.

Ойланып және мақсатқа сәйкес аздаған бақылаулар кездейсоқ алынған даму фазасын сипаттау, биіктікті өлшеу мен жиілігін санау сияқты өте қиын, жиірек тәжірибе мақсатымен келісілмеген және сирек пайдаланылатын бақылауларға қарағанда әлдеқайда бағалы болады. Тәжірибе стандартты бақылаулар жиынтығымен жүргізілуі керек емес, керісінше құбылысты онсыз түсіндіруге болмайтын және қосымша өнімді немесе оның сапасының өзгеру сипатын түсіндіретін бақылаулар жүргізілуі керек.

Бақылауларды жүргізудің мерзімі мен кезеңділігі зерттеудің мақсаты және техникалық мүмкіндігімен анықталады.

Топырақтың агрофизикалық қасиетін жалпылай сипаттау үшін зерттеуді мәдени дақылдардың өсу кезеңінде жүргізген дұрыс, себебі, мысалы топырақтың арамшөптер тұқымымен ластануын есепке алу, өсімдік қалдық-

тарының жалпы санын және топырақты агрохимиялық сипаттау үшін топырақ үлгісін көктемде (сепкенге дейін) және күзде (өнімді жинағаннан кейін) алған тиімді.

Қандай да бір үрдістің динамикасын зерттегенде, үлгіні алатын, бақылаулар мен есептеулер жүргізудің күнтізбелік мерзімін алдын-ала белгілеген тиімді, олар бір-бірінен бөлек тең уақыт аралығында, өсімдіктің даму фазасына қатаң келтірмеседе болады.

Зерттелетін үрдістің динамикасын толық түсіну үшін, бақылаудың арасын азайту қажет. Жауапты бақылауларды 1-2 жеті сайын жүргізеді.

Уақытта болып жатқан өзгерістерді шамалы деп есептеуге болатындай негіз болса, онда интервалды 3-4 жетіге дейін үлкейтуге болады, бірақ та зерттеудің барлық кезеңінде 4-5 санды мәліметтер болуы керек. Барлық жағдайда уақытта зерттелетін үрдістің эмпирикалық функциясын салатын қатарлар мәндері алынса болады.

Іріктеудің оптималды көлемін бақылау мен есепке алуды жоспарлау кезінде анықтау күрделі болып келеді. Статистиканың көзқарасы бойынша, танаптық экспериментте жүргізетін бақылау артықшылығы екі және үш сатылық іріктеуге жатады.

Танаптық тәжірибе іріктеудің ерекше формасы, оның бірінші қатардағы элементарлы бірлігі болып мөлдек саналады. Тәжірибенің әр нұсқасы үшін мөлдек саны, яғни бірінші қатардағы n, бақылау, әрқашан қайталау санымен шектеледі.

Бақылау сұрақтары:

    1. Бақылауларды қалай жоспарлайды?

    2. Жауапты бақылаулардың жиілігі қандай болуы мүмкін?

    3. Бақылауларды жүргізудің мерзімі мен кезеңділігі неге байланысты?

    4. Есептеулерді қалай жоспарлайды?

    5. Танаптық тәжірибе іріктеудің ерекше формасы.

№ 4 тәжірибелік сабақ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]