- •1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
- •Рецензенттер:
- •Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
- •Ғылыми агробиологияның әдісі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру
- •Нұсқаларды жүйелі және рендомизді орналастырудың тиімділігі.
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 1 Тәжірибелік сабақ
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 3 Практикалық сабақтар Тақырып: «Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру»
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Экспериментті жоспарлаудың жалпы қағидалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау
- •Тақырып: «Бірфакторлы және көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру»
- •Бақылау сұрақтары:
- •23.Тәжірибе учаскесін бөлу
- •Бақылау сұрақтары:
- •24.Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар
- •Бақылау сұрақтары:
- •25. Өнімді есепке алу
- •Бақылау сұрақтары:
- •26. Мәліметтерді алғашқы өңдеу
- •Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»
- •Үлкен іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып. Жиынтық және іріктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері
- •Бақылау сұрақтары:
- •№ 11 Тәжірибелік сабақ Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналастырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Айырмашылық бағасы:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып: «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе Мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:
- •Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
- •Тақырып: «Екіфакторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»
- •Бақылау сұрақтары:
- •Күнделік
- •20... Жылы
- •Тәжірибе нобайы (нақтылы қойылған)
- •Тыңайтқыштарды есептеу
- •Жаппай әдісі арқылы жиналған өнімін есептеу тіркесі
- •Топырақ ылғалдылығын анықтау тіркесі
- •Жұмыс пен бақылау күнделігі
- •Тәжірибе учаскесінің жоспары, оған түсірілген тәжірибе нобайы
- •Тәжірибенің бағдарламасы
- •Тәжірибе учаскесінің тарихы
- •Тәжірибе туралы жалпы мағлұмат
- •Тәжірибенің жоспарын танапта орналастыру
- •Тәжірибеге бөлінген учаскенің тарихы
- •Өндірістегі тексеру
- •Символдардың қысқаша көрсеткішттері
- •Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері
- •Әдебиеттер
- •4.Ч2 критериіңің мәні
1 Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Қ.Н. ОРАЗЫМБЕТОВА
ТӘЖІРИБЕ ІСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Оқу құралы
Алматы 2013
2
УДК 378ББК 74.58
О 90
Рецензенттер:
Жарасов Ш., «Қазақ ӨҚ және ҒЗИ» ЖШС Техникалық дақылдар және орман қорғау бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, а.ш.-ғ.докторы, профессор, ҚР АШҒА және ХЭА академигі;
Балғабаев Ә., Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, а.ш.-ғ. кандидаты.
Оразымбетова Қарлығаш Нұрсәлімқызы
О 90 Тәжірибе ісінің негіздері. Оқу құралы. Алматы, ҚазҰАУ, 2013. - 190 бет.
ISBN 978-601241-218-8
Агрономиялық зерттеулер көмегімен агротехниканың жаңа әдістері жасалынады. Танаптық тәжірибелер нәтижелерінің негізінде практикаға өнімділікті жоғарылатуға бағытталған жаңа агротәсілдер енгізіледі.
Тәжірибе қойғанда минималды дәлдіксіздікпен алынған мәліметтердің аз дәлділігі агротәсілдерді өндіріске енгізгенде үлкен ысырапқа әкеп соқтырады. Сондықтан, тәжірибе нәтижелеріне қатаң баға беру, олардың дәлділігін анықтау және қателіктерді минимумге келтіретін жолдарын табудың аса маңыздылығы бар.
Өсімдік тіршілігі құбылыстарының табиғи және жасанды жағдайында топырақтағы физиологиялық үрдістері үнемі жүріп жататындықтан, оны тек зертханалық зерттеулермен шектеуге болмайды.
Дұрыс жасалынған танаптық тәжірибе әдістемесі, тәжірибе жұмысының табысын анықтайды.
Оқу құралы жоғары оқу орнының 5В080100 – Агрономия мамандығы пәнін оқыту бағдарламасына сәйкес жазылған.
УДК 378
ББК 74.58
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі шеші- мімен басып шығаруға рұқсат етілді (№ 3 хаттама, 27.12. 2012 ж.).
ISBN 978-601241-218-8
© Оразымбетова Қ., Н., 2013.
© «Айтұмар» баспасы, 2013.
МАЗМҰНЫ |
|
|
беттер |
АЛҒЫ СӨЗ................................................................................................ |
5 |
КІРІСПЕ..................................................................................................... |
6 |
1-бөлім. Негізгі түсініктер. Танаптық тәжірибе және оның ерекшеліктері. 1.1 тақырып. Ғылыми агрономияның әдісі................. |
8 |
1.2. Танаптық тәжірибеге қойылатын талаптар..................................... |
12 |
1.3. Танаптық тәжірибе түрлері............................................................... |
15 |
1.4.Танаптық тәжірибені жүргізу жағдайының ерекшеліктері............ |
19 |
1.5. Тәжірибе жүргізуге жер уческесін таңдау және дайындау.......... |
21 |
1.6. тақырып. Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері |
24 |
1.7 тақырып. Танаптық тәжірибеде нұсқаларды орналастыру............ |
34 |
№ 1 - тәжірибелік сабақ. «Тәжірибе нұсқаларының, қайталаудың және мөлдектер санын анықтау»............................................................ |
48 |
№ 2 - тәжірибелік сабақ. Стандартты және жүйелі әдістермен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру......................................... |
50 |
№ 3- тәжірибелік сабақ. Рендомизмді әдіспен нұсқаларды жер учаскелерінде орналастыру..................................................................... |
51 |
2-бөлім. Танаптық тәжірибені жоспарлау 2.1 тақырып. Эксперментті жоспарлаудың жалпы қағидалары........... |
55 |
2.2. Бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау....................................... |
62 |
№ 4-тәжірибелік сабақ. Бірфакторлы мен көпфакторлы тәжірибелер нобайын құру............................................................................................ |
63 |
№ 5-тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Ғылыми зерттеу жұмысының күнтізбелік жоспарын жасау» ............................................................... |
66 |
3-бөлім. Танаптық тәжірибені қою және жүргізу техникасы 3.1 тақырып. Тәжірибе учаскесін бөлу................................................... |
69 |
3.2. Тәжірибе учаскесіндегі танаптық жұмыстар.................................. |
71 |
3.3. Өнімді есепке алу............................................................................. |
73 |
3.4. Мәліметтерді алғашқы өңдеу........................................................... |
77 |
№ 6-тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Танаптық тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін алғашқы өңдеу»........................................................ |
78 |
№ 7 - тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Өнім кестесінен түсіп қалған мәліметтерді орнына келтіру»................................................................. |
80 |
№ 8 - тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»....................................................................................................... |
82 |
№ 9 -тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Сандық құбылмалылықтардың зерттелетін бақылау мәнінің сенімді интервалын анықтау»................ |
88 |
№ 10- тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Сапалы құбылмалылықтардың зерттелетін бақылау мәнінің сенімді интервалын анықтау»................ |
84 |
4-бөлім. Танаптық тәжірибені өндірістік жағдайда жүргізу 4.1. Танаптық тәжірибе әдістемесі мен техникасын өндірістік |
|
жағдайда ұйымдастырудың ерекшеліктері............................................ |
92 |
4.2. Шаруашылықтағы танаптық тәжірибенің түрлері......................... |
93 |
5-бөлім. Танаптық тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің негізі. 5.1. Жиынтық және іріктеу...................................................................... 5.2. Санды және сапалы құбылмалылықтардың статистикалық сипаттамалары.......................................................................................... |
95
96 |
5.3. Ғылыми болжамдарды тексерудің статистикалық тәсілдері........ |
104 |
№ 11-тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Рендомизмді әдіспен орналас- тырылған танаптық тәжірибе нұсқаларының айырмашылығын дисперсиялық талдау әдісімен анықтау»............................................... |
118 |
№ 12-тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Латын квадраты әдісімен орналастырған тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін диспер- сиялық талдау».......................................................................................... |
123 |
№ 13-тәжірибелік сабақ. Тақырып: «Латын тіктөртбұрышы әдісі- мен орналастырған (4х4х2) тәжірибеден алынған өнім мәліметтерін дисперсиялық талдау».............................................................................. |
125 |
№ 14-тәжірибелік сабақ. «Стандартты әдіспен жүргізілген тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»...................................................... |
127 |
№ 15-тәжірибелік сабақ. «Вегетациялық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау».............................................................................. |
131 |
№ 16-тәжірибелік сабақ. «Екі факторлы (3х3х3) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау»...................................................... |
133 |
№ 17-тәжірибелік сабақ. «Сызықты корреляция мен регрессияның сыңарлы көрсеткіштерін есептеудің әдістемесі»................................. |
137 |
№ 18-тәжірибелік сабақ. «Тәжірибенің бақыланбайтын жағдайын түзету үшін есептеудің ковариация әдістемесі»................................... |
140 |
6-бөлім. Танаптық тәжірибенің құжаттары мен есеп беруі.................. |
146 |
Символдардың қысқаша көрсеткіштері................................................. |
164 |
Танаптық тәжірибе әдістемесі мен математикалық статистика терминдерінің қысқаша көрсеткіштері................................................... Әдебиеттер................................................................................................ |
165
169 |
Қосымшалар............................................................................................. |
170 |
АЛҒЫ СӨЗ
Агрономиялық зерттеу әдістемесінің көмегімен агро- техниканың жаңа әдістері жасалынды. Танаптық тәжіри- белер нәтижелерінің негізінде практикаға өнімділікті жоғарлатуға бағытталған жаңа агротәсілдер енгізіледі.
Тәжірибе қойғанда аздаған ғана дәлдіксіз алынған мәліметтердің аз дәлділігі, агротәсілдерді өндіріске енгіз- генде үлкен ысырапқа әкеп соқтырады. Сондықтан тәжірибе инженерлеріне қатаң баға беру, олардың дәлділігін анықтау және қателіктерді минимумге келтіретін жолдарын табудың аса маңыздылығы бар.
Өсімдік тіршілігіндегі құбылыстарды оқығанда тек зертханалық зерттеулермен шектелуге болмайды, себебі табиғи және жасанды жағдайдағы физиологиялық және топырақ үрдістері әр түрлі жүріп жатады. Өсімдік тірші- лігіне табиғи факторлардың аса күрделі әсерін зертханалық жағдайда анықтау мүмкін емес.
Өсімдік тіршілігінің факторларын ұйғару үшін зертха- налық та, танаптық та жағдайда зерттеу жүргізілуі қажет.
Дұрыс жасалынған танаптық тәжірибе әдістемесі, тәжі- рибе жұмысының табысын анықтайды.
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығында ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - егіншілік мәдениетін жоғарғы дәрежеге жеткізіп, дақылдар- дың өнімділігі мен сапасын арттырып, тиімді түрлерін көбейту болып саналады.
Маңызды орны бар ауылшаруашылығына қызмет ететін ғылыми мекемелер аймақтардың ерекшеліктеріне қарай ауыспалы егіс жүйесін енгізудің негіздерін анықтап, топырақ эрозиясына қарсы күрес жүргізіп, тыңайтқыштарды, өсімдіктерді зиянкестер мен ауырулардан қорғайтын химиялық препараттарды қолдану бойынша жүргізілетін ғылыми зерт- теулер арқылы агротехникалық шараларын анықтайды.
Құбылыстың даму заңдарын ашып, оны түсіндіруді ғылыми-зерттеу дейді. Тәжірибелер мәліметтерін талдап, тексеріп қорытқаннан кейін оның теориясын дамытуға болады. Ғылым үздіксіз дамиды және үде- мелі қозғалыс үрдісінде болжамдар туып отырады. Олар практикамен, тәжірибемен тексеріліп дәлелденгеннен кейін теорияға айналады, ғылым мен өндірістің жетістігі болады. Зерттеу теориясы мен тәжіри- белердің қолданатын негізгі тәсілі - ол диалектикалық материализм тәсілі. Диалектикалық материализм тәсілі ғылыми агрономияда да кеңінен қолданылады. Мәдени дақылдардың өнімділігін арттыру теориясын дамытуда, агротехникалық тәсілдердің тиімділері өндіріске ұсыныларда ғылыми бақылау мен тәжірибені кеңінен пайдаланады.
Бұл оқу құралы танаптық тәжірибе әдістемесінен тұрады, ғылыми агрономия әдістері, зерттеудегі іріктеу әдісінің мәні мен ерекшеліктері беріледі. Агрономиядағы зерттеу әдісінің негізі ретінде танаптық тәжі- рибеге өте үлкен көңіл бөлінеді. Танаптық тәжірибедегі қателіктердің жіктелуі және оларды жоюдың жолдары, танаптық тәжірибенің (қайталау мен қайталану, мөлдектің көлемі, оның пішіні мен орналасуы, нұсқалар саны мен оларды орналастыру әдістері және т.б.) қателіктерге әсері туралы қазіргі көзқарастар беріледі.
Экспериментті жоспарлаудың қазіргі теориясы, танаптық тәжірибе- дегі бақылаулар мен есептеулерді жоспарлау, танаптық тәжірибені қою техникасы мен жүргізуді, суармалы жердегі топырақты эрозиядан қорғау туралы тәжірибе жүргізу ерекшеліктері мазмұндалады.
Танаптық тәжірибе бойынша құжаттылық пен есеп бөлімі кеңінен беріледі. Оқу құралында зерттеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық негізі мен бақылаулар, бірфакторлы және көпфакторлы вегетациялық және танаптық тәжірибе мәліметтерін - дисперсиялық, корреляциялық,
регрессиялық және ковариациялық талдаулардың математикалық өңдеу техникасы беріледі.
Оқу құралында математикалық статистканың теориялық жағы іріктеу әдісі, қарапайым, Стъюдент, Фишер үлесімдері туралы түсінік қонымды етіп баяндалады. Бұлар статистика теориясында ерекше орын алады әрі маңызды критерилер қатарларын тұрғызудың үлесім параме- трлері және оларды статистикалық бағалау, сенімді интервал, болжамды тексеру, қателіктер туралы негіз болады және мұның бәрі нақтылы биологиялық материалдармен қаралып мысал келтіріледі.
Барлық нәтижелерді өңдеу мен талдаудың статистикалық әдісінің негізгі пункті іріктеудің кездейсоқтылығына жағдай жасау болып табылады. Рендомизация қол жететін дәрежеде нақтылы бақылаулар мен эксперименттің мәліметтерін статистикалық өңдеуден алынған абстракты кездейсоқ іріктеуге жақындататын және практикалық қоры- тындылардың дұрыстығына кепілдеме беретін әдіс болып есептеледі.
Нұсқаларды танаптық тәжірибе мөлдектерінде рендомизимді орналастыру, тәжірибе учаскесінің топырақ құнарлылығының террито- риялық заңды құбылмалылығы нәтижесінде болатын жүйелі қателік- терді жоюдың жалғыз амалы болып табылады. Бұл қателіктер зерттелетін нұсқалардың тиімділігін бұрмалауға әкеп соғады, нұсқалар арасындағы айырмашылықты бағалаушы математикалық критерийлерді заңға қайшы қолдану, эксперимент жасаушыны шатастырады.
Агрономия - кешенді ғылым. Агрономияның негізгі мақсаты ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырып, сапасын жақсартудың теориялық негіздері мен агротехникалық әдістерін дайындау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін ғылым мен өндіріс жетістіктері жайлы білімді ұлғайтып, өсімдікті икемді өзгерту тәсілін тауып, жергілікті жер ерекшеліктеріне бейімделген ауылшаруашылығы дақылдарының жаңа түрлері мен сорттарын шығарып, оның талабына сай қоршаған орта жағдайын өзгерту жолдарын анықтап, оптималды технологиясын құру керек. Осыншама жан-жақты мәселелерді шешуде сан-алуан зерттеулер қажет. Агрономиялық ғылымның кешенділігі, міне осында.
Агрономиялық ғылымдағы зерттеу тәсілдерінің негізгі көрсеткіш- терін және оларды жіктеуді арнайы "Тәжірибе ісінің негізі" оқытады.
Ұсынылып отырған оқу құралы, арнаулы орта білім беретін мекемелері студенттеріне, жоғары оқу орнының бакалаврларына танаптық тәжірибе ісін жүргізу үшін қолданылатын әдістемелермен және алынған мәліметтерді статистикалық өңдеу жолдарымен терең танысуына, келешекте өндірісте пайдалануына мүмкіншілік туғызады.
I-бөлім. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР. ТАНАПТЫҚ ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
