Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.16 Mб
Скачать

1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары

Жақсы қызмет көрсету кезінде  параметрін бөлу 3-қисыққа жақын болуы мүмкін. ТҚ-2 (4-қисық) өткізгеннен кейін бірден істен шығудың деңгейінің жылдам артуы оның төмен сапалы жасалағанының куәсі болуы мүмкін. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасын бағалау негізінде -орташа мәні болуы мүмкін.

Бір рет тексеру әдісін пайдалануда (тексеру мерзімі 3 айды құрайды) қалыптасады: істен шығу бойынша ауқымы (1.1-кесте), жүріп өту жолы ауқымы (1.2-кесте), қосалқы бөлшектер шығыны ауқымы (1.3-кесте) алдын ала аралық ауқымын құру есебімен (1.4-кесте).

Осы ауқым мәндерінің негізінде ТҚ-2 аралығындағы жүрген жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы (1.6-сурет), автомобильді толығымен алғандағы қорытынды кестесі (1.7-сурет) салынады, сондай-ақ агрегаттар, түйіндер мен жүйелер бойынша да (1.8-кесте).

Әрбір кесінді (1.6-сурет) ТҚ-2 арасындағы автомобильдің жүріп өткен жолына сәйкес. Сонымен бірге 053 жазбасы автокөліктің гараждық нөмірін білдіреді, кесіндінің ұзындығы іргелес ТҚ-2 арасындағы автомобильдің жүрген жолына сәйкес. Кесіндідегі 12, 20, 1 және т.б. сандары автомобильдің ТҚ-2 арасындағы жүрген жолдағы автомобиль агрегаттары мен жүйесінің істен шығуына сәйкес. Кесіндідегі агрегат шифрларының орналасуы ТҚ-2 жасалғаннан бастап істен шығуға дейінгі автомобильдің жүріп өткен жолына сәйкес.

1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы

ТҚ-2 арасындағы автомобильдің жүріп өткен жолы 1 немесе 2 мың км. аралығында бөлінеді. Берілген сұлбаны миллиметровкада орындаған дұрыс. Автомобильдердің әр түрлі үлгілері кесінділерді (1.6.-сурет) үшін түрлі түсті пайдаланған жөн.

Істен шығудың жиынтық саны (1.7-кесте, 2-бағана) 1.6-сурет бойынша істен шығудың кесінділерін жинақтау арқылы анықталады. Автомобильдердің жүріп өту жолының жиынтығы (1.7-кесте, 3-бағана) барлық толық және толық емес кесінділерді интервалдық жинақтау арқылы анықталады.

Істен шығу параметрлері (1.7-кесте, 4-бағана) 2-бағандағы мәліметтерді 3-бағандағы мәліметтерге жолма-жол бөлу арқылы анықтайды.

1.7-кесте

ТҚ-2 аралығындағы жүріп өткен жолдың автомобильдерді тұтас

алған кездегі істен шығуы және тоқтап тұруы бойынша қорытынды кесте (үлгілер бойынша жеке-жеке)

ТҚ-2 арасындағы жүріп өту жолының аралығы, км

Істен шығу санының жиынтығы

Автомо-бильдердің

жүріп өткен жолының жиынтығы, км

Істен шығу ағыны параметрлері , істен шығу/ мың км

Жөндеудегі тоқтап тұру уақытының жиынтығы, сағ.

Жөндеудегі салыстыр-малы істен шығу d, сағ. / мың. км

1

2

3

4

5

6

0-1000

5

125650

0,0397

3,5

0,0278

1000-2000

22

110545

0,199

100,5

0,909

11000-12000

11

95700

0,155

8,6

0,0898

ТҚ-2 арасындағы жүріп өткен жолда жөндеуде тұрып қалу уақытының жиынтығы 1.1-кесте және 1.6.-суреттегі ТҚ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы агрегаттардың істен шығуын жөндеу кезіндегі тоқтап тұруының аралығын жинақтау арқылы анықталады.

1.8-қорытынды кестенің мәндерін құрастыру принципі 1.6-кестенің жұмыс тәртібіне ұқсас, бірақ ТҚ-2 аралығындағы жүріп өткен жолға қатысты.

1.8-кесте

Автомобильдердің агрегаттары мен жүйелерінің істен шығуы

мен тоқтап тұруы бойынша қорытынды кесте (үлгілер бойынша жеке-жеке)

Жүріп өту жолының аралығы, км

Істен шығу санының жиынтығы, бірл.

Істен шығу ағыны параметрлері , істен шығу/ мың км

Жөндеудегі істен шығу уақытының жиынтығы, сағ.

Жөндеудегі салыстырмалы істен шығу d, сағ. / мың. км

1

2

3

4

5

1.8- кестенің жалғасы

Жүріп өту жолының аралығы, км

Істен шығу санының жиынтығы, бірл.

Істен шығу ағыны параметрлері , істен шығу/ мың км

Жөндеудегі істен шығу уақытының жиынтығы, сағ.

Жөндеудегі салыстырмалы істен шығу d, сағ. / мың. км

1

2

3

4

5

Карданды беріліс

0-1000

0

0

0

0

1000-2000

3

0,027

2,0

0,018

11000-12000

2

0,021

1,5

0,019

Алғы белдік – 10

0–1000.

1

0,008

2,5

0,019

ТҚ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдердің сенімділігін бағалау кезінде осы мәндер сәйкес келетін автомобильдердің (үлгілері бойынша) орташа жүріп өткен жолын анықтау қажет.

1.7 және 1.8-қорытынды кестелері бойынша ТҚ-2 арасындағы жүрген жолдағы жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің байланысы құралады.

Бөлшектерді ауыстырудың жиынтық және салыстырмалы ауыстыру санының көрсетілуімен қосалқы бөлшектер мен материалдардың мәні, қосалқы бөлшектер мен материалдардың жиынтық және салыстырмалы шығыны (үлгілер бойынша жеке-жеке) ұқсас түрмен өңделеді. Сонымен бірге 1.1, 1.3, 1.6 және 1.7 кестелерінің мәндері қолданылады және графикалық байланыстылығы құрылады.

1.7 және 1.8 – кестелердің нәтижесі бойынша ТҚК-2 арасындағы жүріп өткен жолға автомобильді толығымен алғанда жинақталған түрдегі тоқтап тұрулар мен жөндеудегі істен шығуларға сәйкес байланыстылықты көрсетіп, есептеуге болады.

Көбінесе АКК ТҚ-2 сапасының төмендігі нысанивті себептерге (өндірістік-техникалық базаның нашар, ТҚ және АЖ аймақтарындағы жеткіліксіз технологиялық жабдықтау, қосалқы бөлшектердің аса жетіспеушілігі, жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі және т.б.) байланысты екенін атап өткен дұрыс. Сонымен қатар, ТҚ-2 қызметінің сапасының төмендігі қызмет көрсету жұмыстарының талап етілген көлемінің орындалмауымен, жөндеушілердің еңбек тәртібінің төмендігімен және т.б. ескертіледі.

Сондықтан бір реттік тексерістің ұсынған әдісінің негізінде алынған ақпаратты автокөлікті техникалық пайдаланулар қойып отырған өзекті мәселелесін тез арада шешуге пайдалану қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]