Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.16 Mб
Скачать

1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі

(автокөліктерді тұтас алғанда): 1 және 2 – жылжымалы құрамның үлгілері

АКК АЖ өндірісінің талдауы аса маңызды. Автомобильдердің істен шығу және тоқтап тұру талдаулары өндірістің талдауларына мүмкіндік беруге тартылған, себебі оның деңгейіндегі бірінші кезекте оның автомобиль пайдалануындағы сияқты, дәл солай өндірісте де болатын барлық кемшіліктері айтылады.

Жарамсыздығы бойынша автомобильдердің ағымдағы жөндеу көлемі, оған кеткен шығын мен техникалық тоқтап тұру шамасы көптеген факторларға тәуелді. Олардың ең маңыздысы: автомобильдердің ТҚ және АЖ кезіндегі сапалы орындалған жұмысы; автомобильдер мен агрегаттардың сапалы күрделі жөндеуі; өндірістік қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану деңгейі (тиімділігі); автомобильдерді сақтауға жүргізуші қызметкерлердің біліктілігі мен қарым-қатынасы; жөндеу жұмыскерлерінің біліктілігі; ТҚ және АЖ өндірісін ұйымдастыру мен басқару күйі; автомобильдерді пайдалану шарттары; өндірістік-техникалық база күйі; материалды-техникалық қамтамасыз ету деңгейі және басқалары болып табылады.

1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі

(автомобильдердің агрегаттары мен жүйелері бойынша):

1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері

Бұл көрсеткіштердің талдауы АКК инженерлік-техникалық жұмыскерлерінің білікті ұйымдастырушылық қызметі үшін толықтай қажет. Онсыз парктың техникалық күйін түбірімен жақсартуды және АЖ шығындарын төмендетуді қамтамасыз ете алмаймыз. ТҚ пен АЖ байланысты айтарлықтай шығындарға қарамастан, сондай-ақ жөндеудегі автомобильдердің ұзақ істен шығуы, АКК жылжымалы құрамы бойынша осы талдаулар мәліметтері толықтай қанағаттандырылмай шығарылады. Сондықтан нақты мәліметтердің жетіспеушілігі мен өндірістік қорлардың әлі де болмауы, ал өндірісті басқару ережеге сай жетекшінің өзіндік тәжірибесі негізінде ғана жасалады және субъективті сипаты бар. Алайда, өзіндік тәжірибе қаншалықты маңызды болса да, ТҚ және жөндеудегі қазіргі заманға сай өндірісін басқару үрдісінде пайда болған барлық мәселелердің дұрыс шешімін қамтамасыз ете алмайды.

Автомобильдердің істен шығуы мен тоқтап тұруы бойынша талдауларының мәліметтері мен қосалқы бөлшектердің шығыны қандай автомобильдермен, жүріп өту жолының қандай аралықтарындағы істен шығу мен тоқтап тұрулардың ең жоғары деңгейі байқалатын, автомобильдердің қандай агрегаттары мен жүйелері жиі тоқтайды, автомобильдердің қандай агрегаттарының, түйіндерінің және жүйелерінің қосалқы бөлшектерінде қалыптан тыс шығын болады, істен шығу ағыны параметрлерінің нақты мәнін есепке алуда өндіріске қандай қосалқы бөлшектер қажет екенін талқылауға мүмкіндік береді.

Мысалы, қосалқы бөлшектерге салыстырмалы шығынды арттыру кезінде ең алдымен жол жағдайлары елеулі түрде нашарламағандығын, парктың айтарлықтай ескірмегендігін, қосалқы бөлшектер шығынын арттыруға мүмкіндік бере алатын, бөлшектер тізімін талдау, автомобильдержен демонтаж жасалатын бөлшектердің күйін зерттеу, АКК қалпына келтіру-жөндеу жұмыстарының сапалы орындалысы, қандай автомобильдерде бұл бөлшектерді жиі ауыстырады және т.б. анықтау қажет. Бұның бәрі қосалқы бөлшектер шығынын төмендету үшін нақты іс-шараларды анықтауға мүмкіндік береді.

Ең маңызды іс-шаралар: ТҚ және АЖ сапасының артуы; автомобильдердің техникалық жағдайын сақтаудағы жүргізушінің жауапкершілігінің артуы; бөлшектерді ауыстырудағы мақсатты бақылауды күшейту; жүргізушілерді автомобильдерге ТҚ және АЖ құралдарын үнемдеуге ынталандыру және т.б. болуы мүмкін.

Өндіріс жетекшілерінің барлығы да олардың басты міндеті жетіспей тұрған қосалқы бөлшекті іздеу емес, керісінше оларды орынды қолдануды ұйымдастыру екенін түсінулері керек. Істен шығу мәліметтері АЖ жағдайларының артуына әкеліп соқтырады және оның пайда болуының түрлі себептері көлемін, себептерін анықтауға мүмкіндік береді (ТҚ және жөндеудің сапасыз жасалуы, сапасыз жүргізу, сапасыз бөлшектер мен материалдарды қолдану және т.б.) Осы мәліметтерді талдай отырып, АКК АЖ пайда болу себептерін жою (жартылай немесе толық) үшін және көлемін төмендетуде қандай іс-шаралар мен қандай кезекте жүзеге асыру керек екендігін анықтауға міндетті.

АКК бір реттік тексеру техникалық қызметтің нәтижелілігін жеткілікті толықтай бағалайтын тәуелділікті алуға мүмкіндік береді. Осындай тәуелділіктің бірі, 1.2-кесте бойынша жеңіл алынатын, автомобильдің орташа айлық жүріп өткен жолының өзгеруі болады.

Орташа айлық (lай) жүріп өту жолының шамасы автомобильдің пайдаланудағы бастапқы кезден орташа жүріп өту жолына байланысты жылжымалы құрамының қарқындылығы туралы айтылады. Өзгеру динамикасы пайдаланудың lай бастап, әсіресе бірнеше АКК бір үлгіден, жылжымалы құрамның ескіруіне қарай жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін техникалық қызметтердің қабілеттілігін нақты сипаттайды. Автомобильдердің жүріп өту жолының орташа айлығы жылжымалы құрам пайдаланатын коэффициент сияқты ақпараттылыққа ие. 1ай шамасы автомобильдің ескіруіне қарай азаяды (пайдалану коэффициенті сияқты), негізінде орташа тәуліктік жүрген жолының төмендеуі есебінен емес, керісінше жұмыс күндерінің азаюы мен тоқтап тұру күндерінің артуы есебінен. Сондықтан бұл көрсеткішті алу жеңіл болғандықтан, техникалық қызмет жұмыстарын бағалау үшін қолданылуы мүмкін.

Осылайша, бір реттік тексеріс әдісі арқылы алынған мәліметтердің сапалы талдауы автомобильдерді техникалық пайдаланудың жақсаруынан көптеген перспективті мәселелерінің білікті шешімі үшін қажет.

Техникалық қызмет көрсетулер арасындағы жүріп өткен жолдың салыстырмалы көрсеткіштерін қарастырайық. Қазіргі уақытта ТҚ сапасын және автокөлік жөндеуді басқарудың түрлі жүйелерінде АКК жылжымалы құрамын техникалық жөнделген күйде ұстау үшін негізгі қолданылатын ресурстардың жекелеген салыстырмалы көрсеткіштері қолданылады, бірақ қандай да бір есеп кезеңіндегі орташа шаманы ғана.

Басқару жүйесін жетілдіруде тек жөндеушілердің еңбегін ғана бағалау емес, сонымен бірге ИТЖ аймақтары мен АКК бөлімдерінің де пайдаланатын қорларының (жөндеу қызметкерлерінің еңбек шығыны, қосалқы бөлшектер мен материалдар шығыны, ТҚ және АЖ посттарының жұмыскерлері және т.б.) салыстырмалы шығын көрсеткіштерінің кең тізімін қолдану да келешекті болып табылады, сондай-ақ АКК техникалық қызметінің талдауы кезіндегі ақпараттылықпен көбірек қамтамасыз етілген көрсеткіш ретінде, ТҚ арасында жүріп өткен жол бұл көрсеткіштердің бөліну сипатын да қарастырады.

Сонымен бірге бұл қорларды жүріп өткен жолдың салыстырмалы есептеу бірлігіндегі автомобиль агрегаттырының, түйіндерінің немесе жүйелерінің әрібірінің сенімділік сипатындағы аясына алу қажет.

Орындалған техникалық әсерлердің жүрген жолының бірлігі болатын істен шығу ағыны параметрі, жөндеуде салыстырмалы тұрып қалу, қосалқы бөлшектердің шығыны сияқты жекелеген параметрлердің ТҚ арасындағы жүріп өткен жолын бөлу шамасы мен сипатының сапасын бағалау ұсынылады. Кезекті ТҚ кейінгі осы және басқа шамаларды бөлу сипаты кең көлемдегі ақпараттылыққа ие, ол ТҚ және жөндеу сапасының талдауын жасауға және техникалық қызмет жұмысында кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

Егер жөндеу жұмыстары айқындалған деңгейдегі сапамен орындалды деп ұйғарсақ, онда ТҚ сапасын бағалау үшін қызмет көрсету арасындағы салыстырмалы көрсеткіштердің өзгеру заңдылығын береді, әсіресе ТҚ-2 арасында, себебі ТҚ-2 көлемі бойынша орындалатын операциялары автомобильдің барлық агрегаттарын, түйіндері мен жүйелерін толығымен қамтиды және автомобильдің жұмысқа қабілеттілігі параметрлерін қалпына келтіру бойынша қорытындылаушы циклі болады.

Егер қызмет көрсету жоғары сапада орындалады деп ұйғарсақ, онда істен шығу 2-қисық бойынша бөлінеді (1.5-сурет). Сонымен қатар олардың негізгі бөлігі ТҚ-2 жасау кезінде жою керек, тек кенеттен істен шығудың кейбір мардымсыз бөлігі ғана кезекті ТҚ кезеңіне жақын болуы мүмкін. ТҚ-2 алдын алу жұмыстарының аса сапалы орындалмаған жағдайында  өзгеріс параметрлері 1-қисыққа сәйкес болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]