- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
туралы ақпарат
Пайдаланудағы автомобильдердің сенімділігі туралы ақпаратты жинау мен өңдеу автомобиль конструкциясын жетілдіруге, оларды дайындау технологияларына, пайдалану мен жөндеу ережелері мен әдістеріне қажетті мәліметтерді алу үшін; өнімді аттестаттау мен сенімділік көрсеткіштерінің бақылауын жасайды.
Автомобильдердің сенімділігі туралы ақпаратты жинау және өңдеу міндеттері: бұйымның сенімділігін төмендететін конструктивті және технологиялық кемшіліктерді, сондай-ақ пайдалану мен жөндеуді ұйымдастырудағы жетіспеушіліктерді анықтау; бұйымның сенімділігін шектеуші элементтер мен құрамдас бөліктерін белгілеу; істен шығу критерийлерін, шекті күйлерін және қосалқы бөлшектер шығыны шамасын анықтау; бұйымның сенімділігін арттырудағы тиімді іс-шараларды бағалау.
Автомобильдің сенімділігі туралы ақпаратты жинау және өңдеуді салалық нормативті-техникалық құжаттардың (НТҚ) талаптарына сай жасап, осы саладағы ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесінің құрылымын; ақпаратты бақылау мен өңдеуді жоспарлау әдісін, көрсеткіштер мәнін анықтайтын (жинақталған ақпараттардың дұрыстығы), ақпаратты жинау сенімділігін; бұйымдардың түрлерін бақылау бағдарламаларының талаптарын; ақпаратты жинау мен өңдеуді техникалық қамтамасыз етуін; іс-шаралар дайындаудағы тәртіп, кәсіпорындардағы және салалық ұйымдардағы ақпараттарды тиімді пайдалануды бағалауын; ақпарат алмасу мен беру ережелерін; жұмысты автоматтандыру тәсілдерін бекітеді.
Ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесі бір сала аясында немесе бірнеше салалар арасында ұйымдастырылуы мүмкін. Ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесін ұйымдастыру үшін басты ұйымдар министрлікпен (мекемелермен) белгіленеді, олардың алдында келесі негізгі міндеттер тұр: ақпаратты жинау мен өңдеу жүйесі құрылымын әзірлеу; ақпаратты жинау мен өңдеу кезіндегі белгіленген талаптарға сай НТҚ әзірлеу; ақпаратты бақылау мен өңдеуді жоспарлау міндеттерінің шешімдері кезінде ғылыми-әдістемелік басқару; жүйені енгізуде бақылау жасау; бұйымның сенімділігі туралы деректер қорын жүргізу.
Сала аясындағы жүйені ұйымдастыру кезінде басты ұйым министрлік (мекемелік) бұйрық бойынша жобаны әзірлейді, ол осы техника жайлы ақпарат жинау мен өңдеуге жауапты базалық ұйымдардың (техника түрлері бойынша) құрамын, сонымен бірге барлық жүйенің құқықтық және заңды жауапкершілігін анықтайды. Ақпаратты бұйымды ұйымдастырушы-әзірлеушілердің, кәсіпорын-дайындаушылардың, пайдаланушы және жөндеу ұйымдарының қатысуымен жинайды және өңдейді.
Бұйымды ұйымдастырушы-әзірлеушілер: бұйымдардың тәжірибелі үлгілерінің сенімділігі туралы ақпаратты жинау мен өңдеуді; бұйымдардың істен шығу себебі мен шекті күйлерінің талдауын; жөндеуші, пайдаланушы ұйымдар мен кәсіпорын-дайындаушылар дан келетін бұйымдардың сенімділігі туралы ақпаратты өңдеу; қорытынды ақпараттың деректер ауқымын қалыптастыруды жүзеге асырады. Қорытынды ақпаратты басты ұйымға ақпаратты жинау мен өңдеу бойынша есеп кезеңіндегі бұйымның сенімділігі туралы жалпыланған мәліметтерден тұратын қорытынды құжаттар түрінде мерзімді бағыттап отырады (есеп беру, қорытынды ақпараттың жиынтық түрі және т.б.)
Бұйымды кәсіпорын-дайындаушылар сериялы дайындалған өнімнің сенімділігі туралы алғашқы ақпаратты жинау мен өңдеуді және кепілдік мерзім кезеңіндегі бұйымның істен шығу себептерінің талдауларын жасайды. Пайдаланушы және жөндеуші ұйымдар бұйымның сенімділігі туралы алғашқы ақпаратты жинайды (пайдаланудың кепілдік мерзімінен кейін).
Пайдаланымдағы [16] бұйымның сенімділігі туралы ақпаратты жинау мен өңдеудің әдістемелік нұсқауы типтік сұлбасын ұсынады (1.1-сурет).
Нақты бұйымдарды бақылау бағдарламалары ақпаратты жинау мен өңдеуді техникалық міндеттерге сәйкес жасайды.
Жалпы жағдайда бақылау бағдарламалары келесілерді анықтайды: ақпаратты жинау мен өңдеудің мақсаты мен міндеттерін; бақылаудағы бұйымдардың тізімін; бұйымдардың санын; бақыланатын бұйымдардың ұзақтығын; ақпарат жинайтын номенклатура көрсеткіштерін; жұмыстарды зерттеу мен орындау кезеңінің мерзімділігін; ақпаратты жинау орындарының саны мен аумақтық орналасуын; ақпаратты жинау мен өңдеу әдістері талаптарын; сондай-ақ сыртқы қоздырушы факторлар мен пайдалану режимдерінің әсері есебінің әдісін; жалпы алғашқы ақпараттардың мерзімділігін, қорытынды мәліметтерді дайындау мен оларға қызығушылық танытқан ұйымдар мен кәсіпорындарға жіберу; есеп берушіліктің мерзімділігі мен формалары; ақпарат келіп түсетін және жинақталған, өңделген мәліметтерді бағыттайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізімін.
