- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
1 – компрессия; 2 – ыдырау; 3 – газдың қозғалтқыш картеріне өтуі;
4 – май қалдығы; 5 – тозу өнімдерінің шоғырлануы;
6 – сығылған ауаның ЖӨН ағып кетуі
Реттеу жұмыстары клапан өзектері мен итергіштер немесе иінағаштар ұштарының арасындағы жылу саңылауларын реттеуден, қозғалтқыш тіреуін рамаға, цилиндрдің бастиектерін, картер түбін цилиндрлер блогына бекітуді тартудан тұрады. Газ тарату механизміндегі тетіктердің мезігілінен бұрын тозуын болдырмау, газ тарату фазаларын қалыпқа келтіру, қозғалтқыш цилиндрлеріндегі компрессияны арттыру және цилиндрлерді жаңа қуатпен толтыру клапандардағы саңылауларды реттеу мақсаты болып табылады, нәтижесінде бұл қуаттың Nе дв артуына ықпал етеді.
2.4.3 Қоректендіру жүйесі бойынша бақылау-диагностикалық және реттеу жұмыстары. Қоректендіру жүйесіндегі аспаптардың техникалық күйіне автомобильдің тарту сапалары мен отынның пайдаланушылық шығыны байланысты болады. Пайда болатын ақаулар қозғалтқыш жұмысының істен шығуын тудырады.
Қоректендіру жүйесін диагностикалау кезінде отын шығынын анықтайды. Ол үшін көлемді шығын өлшегіштерді қолданады. Шығын өлшегіш құрылғысының мысалы 2.11-суретте көрсетілген.
Қоректендіру жүйесін диагностикалау жүрістік және стендтік сынау әдістерімен, ал қоректендіру жүйесінің механизмдері мен түйіндерінің күйін бағалау оларды демонтаждағаннан кейін арнайы стендтерде жүргізіледі. Бұл реттегі диагностикалық белгілер: қозғалтқыштың іске қосылуының қиындауы, жүктеменің әсерінен отын шығынының артуы, қозғалтқыш қуатының төмендеуі және оның қызып кетуі, құрамның өзгеруі және ПГ улылығының артуы.
|
|
|
2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
а - поршеньдік; б - ротациялық; в - диафрагмалық;
1, 6, 11 - тұрқтар; 2 - поршень; 3 – жалғастырғыш түтік; 4 – мысқал тұрқы; 5 - мысқал; 7 - қанат; 8 - білік; 9 - клапандар;
10 - диафрагма
Қозғалтқыштан демонтаждалған қоректендіру жүйесінің аспаптарын тексеру үшін бензин сораптарын, карбюраторларды және қоректендіру жүйесін толық тексеруге арналған стендтер қолданылады. Карбюраторлық немесе дизельді қозғалтқыштарға тән қоректендіру жүйесінің ақаулары: герметикалықтың бұзылуы және отын бактары мен отын құбырларынан отынның ағуы, отын және ауа сүзгілерінің ластануы. Карбюраторлық қозғалтқыштардың қоректендіру жүйелерінің түйіндерінде карбюратордың калибрленген тесіктерінің (үрпелердің) өткізу қабілеті өзгереді, бос жүріс жүйесі қайта реттеледі, карбюратордың қалтқы камерасында инелік клапанның герметикалығы бұзылады, отынның деңгейі өзгереді. Иінді біліктің максимум айналымдарын шектегіштердегі серіппелердің серпімділігі мен ұзындығы өзегереді. Отын сорапында диафрагма үзілуі мүмкін және серіппелер қаттылығының төмендеуі, клапандар герметикалығының бұзылуы орын алуы мүмкін.
ЖҚОН плунжерлі жұптарының, форсункалардың тозуы мен бұзылуы, осы агрегаттардың герметикалығының жоғалуы дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесінің анағұрлым кең тараған ақаулары болып табылады. Форсункалардағы шығыс тесіктерінің тозу, қоқыстануы мен қоқыстануы, бүріккіштің үзілуі орын алуы мүмкін. Бұл ақаулар отынды беруді бастау сәтінің өзгеруіне, отын сорабы жұмысының берілетін отын бұрышы мен мөлшері бойынша біркелкісіз болуына отынды форсункамен бүрку сапасының нашарлауына әкеледі.
Аталған ақаулар нәтижесінде отын шығыны артады және пайдаланылған газ улылығы артады. Қоректендіру жүйесінің ақаулығының диагностикалық белгілері: қозғалтқыштың іске қосылуының қиындауы, жүктеменің әсерінен отын шығынының артуы, қозғалтқыш қуатының төмендеуі және оның қызып кетуі, құрамның өзгеруі және ПГ улылығының артуы, отын сорапының өнімділігі мен қысымы, қалтқы камерадағы отын деңгейі.
Қоректендіру жүйесін диагностикалау жүрістік және стендтік сынау әдістерімен және механизмдер мен түйіндердің күйін оларды демонтаждағаннан кейін арнайы жабдық көмегімен бағалаумен жүргізіледі.
Жүрістік сынау әдісімен диагностикалау кезінде автомобильдің тұрақты жылдамдықпен шоссенің өлшемді көлденең учаскесінде (1 км) аз қозғалыс қарқынымен қозғалу уақытында жұмсалатын отын шығынын анықтайды. Көтерілетін және түсетін жерлердің әсерін болдырмау үшін автомобиль сынау учаскесімен тік және кері бағыттарда жүреді. Жұмсалған отын мөлшерін көлемді типті шығын өлшегіштермен өлшейді.
Қоректенді жүйелерін стендтік сынауларды автомобильдің жүк сапаларын сынаумен бірге жүгіріс барабандары бар стендте жүргізуге болады. Бұл ретте көлемді және салмақтық типтегі шығын өлшегіштер қолданылады.
Карбюраторлық қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесін диагностикалау. Төсетілген дәне реттелген бос жүрісті қозғалтқыштың отын шығыны иінді біліктің төмен айналу жылдамдығы кезінде жеңіл автомобильдер үшін 0,8-1 кг/сағаттан және жүк машиналары үшін 1,2-2,5 кг/сағаттан аспау керек.
Отын сорабын шкаласы 0,1 Мпа болатын, үшайыр арқылы карбюратодан ағытылған отын құбырына қосылған манометрдің көмегімен тексеріледі. Сынау кезінде қозғалтқыш қалтқы камерада қалған отынмен жұмыс істейді.
Отын сорабының герметикалығы қозғалтқыш тоқтағаннан кейін қысымның төмендеу ұзақтығы бойынша анықталады, ол көп дегенде 10 с болу керек.
Егер отын сорабы қозғалтқышты іске қосу кезінде отынның берілуін қамтамсыз етпесе, бұл бак пен сорап арасында отын құбырында ауаның өтетіндігін немесе сорап клапандарының тығыз еместігін білдіреді. Егер диафрагмада үзілулер болса, отын қозғалтқыш картеріне түсетін болады. Диафрагманың герметикалы еместігінің сыртқы белгісі – сорап тұрқының төменгі бөлігіндегі тесіктен отынның ағуы. Қысым мен отын сорапы өнімділігінің төмендеуі диафрагма жетегі механизмінің тозуы кезінде туындайды.
Қалтқы камерадағы отын деңгейінің биіктігін қалтқы камерадағы арнайы терезе арқылы немесе штуцер мен шыны түтіктен тұратын құрылғымен бақылайды. Штуцер отын арнасын жабатын және қалтқы камерадағы отын деңгейінен төмен болатын қандай да бір тығынның орнына бұралады.
Қалтқы камерадағы отын деңгейінің артуы тиекті инелік клапанның тозғандығын, клапанның ақаулығын, қалтқының немесе қалтқы камерасының ақаулығын білдіреді.
Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесін диагностикалау. Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесіне анағұрлым тән ақаулар: реттеулердің бұзылуы, ауаның жүйеге түсуі, жүйе элементтерінің ластануы, өте дәл тозу жұптардың және форсунка бүріккіштеріндегі тесіктердің тозуы.
Отын жүйесінің герметикалығын ауа сорапында жасалатын сығылған ауа қысымының әсерінен жүйені баспақтау арқылы тексереді.
Жүйедегі жұқа тазарту сүзгісі мен форсункалар арасындағы отын қысымын үшайырды бақылау манометрімен қосу арқылы тексереді. Қозғалтқыштың иінді білігінің белгілі бір айналу жиілігі кезінде (2000 мин-1) отын қысымы 0,12 - 0,3 Мпа-дан аспау керек. Бұдан жоғары қысым отынды жұқа тазарту сүзгілерінің немесе отын жіберетін магистральдің өткізу тесігінің ластанғандығын білдіреді. 0,12 Мпа-дан төмен қысым отынды тартқыш сораппен берудің жеткіліксіздігінің немесе отын сүзгілерінің ластануының белгісі ретінде қызмет етеді.Төрт тактілі форсункалар жұмысының сапасын қозғалтқыштың өзінде максиметрмен тексеруге болады. Максиметр форсункаға ұқсас келеді, бірақ оның қосымша шкаласы бар микрометриялық бастиегі болады, ол бүріккіш инесін көтеруге арналған кез келген берілген қысымды белгілеуге мүмкіндік береді (50 Мпа-ға дейін). Қысымы жоғары отын құбырларындағы қысым артқан кезде және форсункалардан отын бүріккен кезде отын құбырлары деформацияланады және форсунка инелері діріл тербелістерге ұшырайды.
Пайдаланылған газдың улылығы мен түтіндігі қоректендіру жүйесінің жұмысын сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі болып табылады. Карбюраторлық қозғалтқыштардағы пайдалы газ улылығын бос жүрісте тексереді. Бір ретте әр түрлі газ талдағыштар қолданылады: оптика-абсорбциялық, акустика-абсорбциялық және т.б.
Оптика-абсорбциялық газ талдағыштар инфрақызыл сәуле энергиясының жұтылуын газдың талданатын құрауышымен өлшеуге негізделген. Газ талдағыштың бұл түрі 2.12-суретте көрсетілген.
Бұл энергияның жұтылуы нәтижесінде зерттеліп отырған газ ортасы белгілі бір температураға дейін қызады. Қызу дәрежесі қоспа құрамына байланысты болады. Газдың температуралық тербелістері оптика-абсорбциялық датчиктің көмегімен өлшеу аспаптарымен белгіленетін электр сигналдарына түрленеді. Аспаптың көрсеткіштері пайдалы газдағы СО мөлшерін сипаттайды.
