Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.16 Mб
Скачать

2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі

1 – сезімтал параметрі; 2 – бір мағыналы емес параметр;

3 – ақпараттық емес параметр; А – параметр экстремумы

Диагностикалау нәтижелерінің дұрыстығы көп жағдайда нысанның жүктеме, жылдамдық және жылулық жұмыс істеу режимдеріне байланысты. Сондықтан сапасы жоғары диагностикалық ақпарат алу мақсатында оңтайлы жүктеме, жылдамдық және жылулық режимдерін беріп, сақтап тұратын сәйкес құрылғыларды қолданады.

2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары

2.3.1 Диагностиканың ақпараттық қамтамасыз етудің ішкі жүйесі ретінде дамуы. Егер басында диагностикаға автомобильдер ТҚ мен жөндеу технологиялық үрдісі элементінің рөлі жатқан болса, қазіргі таңда ол автомобильдердің жұмыс қабілеттілігін жүйесін басқарудағы анағұрлым маңызды элементтердің бірі ретінде қарастырады.

Ақпараттық қамтамасыз етудің ішкі жүйесінде диагностика – ақпараттың негізгі көзі, ол жұмыс сапасын қамтамасыз ету, автомобильдердің техникалық күйінің деңгейі мен пайдаланушылық қасиеттерін бағалау, оларға ТҚ мен оларды жөндеуді тиімді басқару үшін қажет.

Диагностиканың бұл функциялары автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының жұмыс қабілеттілігін сақтап тұру жүйесін құруды реттейтін жетекші құжаттарда көрсетілген: «Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын ТҚ мен жөндеу», «Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының техникалық күйін диагностикалау жөніндегі нұсқаулық», МЕМСТ 25478-11 «Техникалық күйге қойылатын қауіпсіздік талаптары. Тексеру әдістері, оларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер мен түйіндерге талаптар көрсетілген, олардың күйінің шекті мәндері берілген және оларды тексеру әдістері мен техникалық құралдары анықталған.

Алдыңғы қатарлы АКК жұмысының тәжірибесі көрсетіп отырғандай, толық жиынтықты диагностикалау паркінің техникалық күйінің айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз ететді. Бұл ретте отынды көп шығындайтын, сонымен бірге пайдаланылған газ құрамындағы улы заттардың көп мөлшері болатын автомобильдердің саны күрт азаяды.

Өндірістік-техникалық комбинаттарды (ӨТК), өнеркәсіптік және пайдалану филиалдарын жасаған кезде диагностикалау көмегімен шешілетін міндеттер өзгереді.

Пайдалану филиалдарында техникалық қызмет ТҚ-2 жүргізумен, маусымдық қызмет көрсетумен, агрегаттарды алмастырумен, агрегаттарды, түйіндер мен тетіктерді қалыпқа келтірумен байланысты еңбек көлемді жұмыстарды (70 %-ға дейін) орталықтандырылған арнайы өндірістерге (ӨТК, өнеркәсіптік филиалдар) беру арқасында белгілі бір дәрежеде жеңілдейді. Пайдалану филиалдарының техникалық қызметі көбінесе КҚ, жеке жағдайларда ТҚ-1 жүргізумен айналысады.

Осыған орай диагностикалаудың негізгі талаптары мыналар: автомобильдерді пайдалануға жарамды және жарамсыз деп іріктеу; еңбек көлемді емес реттеу жұмыстарын орындау кезіндегі операциялық бақылау; филиал паркінің техникалық даярлығы туралы ақпарат дайындау.

Өнеркәсіптік филиалдар мен ӨТК-де диагностикалау кезінде шешілетін міндеттер ауқымы өте кең. Мұнда қызмет көрсету мен жөндеуге келетін автомобильдерді кіруде бақылау, операциялық бақылау (ТҚ-2 мен АЖ үрдістері кезінде) жұмыстарын ұйымдастыру қажет, ал олар аяқталғаннан кейін қабылдау бақылауын жүргізу керек.

Кіруде бақылау (диагностикалау) кезінде ағымдық жөндеуге, пайдалану филиалдарының өтініштерінде көрсетілген агрегаттарды немесе түйіндерді алмастыруға деген қажеттілік нақтыланады. Кіруде бақылау нәтижелері бойынша ТҚ-2 жұмыстарының тізімі мен көлемі жоспарланады. Сондықтан автомобильде жердің жиынтықтылығын, негізгі пайдаланылу қасиеттері мен түйін күйлерін, сонымен бірге жұмыстың еңбек көлемділігін бақылау қарастырылған. Қосалқы бөлшектер қажеттілігін анықтау өнеркәсіптік филиал мен ӨТК-де кіруде бақылау кезіндегі диагностикалау міндеттері болады.

Автомобильдерге ТҚ мен оларды жөндеу арнайы диагностикалық жабдығы (тежегіш стенді, жүрыс сапаларының стенді, рульдің гидрокүшейткішін, фараларды тексеру аспаптары және т.б.) бар арнайы посттарда орындалады. Мұнда операциялық диагностикалау нәтижелеріне сәйкес жөндеу-реттеу операциялары орындалады және оларды орындау сапасы бақыланады. Жоспарланған жұмыстар аяқталғаннан кейін автомобиль қабылдау диагностикасының бекетіне жіберіледі, онда ТҚ мен жөндеу сапасы бақыланады және автомобильді пайдалану қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шамалары анықталады. Мұнда кешенді автоматтандырылған диагностикалық станцияны қолдану да қарастырылған. Ол өте көп параметрлерді бақылауға және ЭЕМ жадына енгізуге мүмкіндік береді.

Диагностика алдында тұрған жаңа міндеттер диагностикалау құралдарына қойылатын талаптарды да кеңейтеді. Олар диагностикалық міндеттердің бүкіл кешенін шешу кезінде бірін-бірі өзара толықтыру керек. Дәлірек айтқанда, кіріктірілген диагностикалау құралдары (мұнда агрегаттардың жұмысын басқару құралдары, автомобильді басқару үрдісін жеңілдететін құралдар, жүргізушінің жұмысы үшін ыңғайлы жағдайда тудыратын құралдар және т.с.с. қарастырылмайды) жүргізушіні автомобильдегі қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін сенімсіздеу түйіндердің техникалық күйі туралы, тасымалдау жұмысының орындалуын тоқтатуы мүмкін түйіндер мен агрегаттар туралы, яғни тежегіштерді басқару органдарының күйі туралы, жарық беру мен сигнал беру аспаптарының жұмысы туралы, сонымен бірге автомобильдердің түйіндері мен агрегаттарының жұмысын бақылауға арналған электрондық аспаптардың техникалық күйі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету керек.

Стационарлық диагностикалық кешендер және жеке стендтер ӨТК мен өнеркәсіптік филиалдарда қолданған жөн. Пайдалану филиалдарында автомобильдердің бортына орнатылатын диагностикалық құралдар қолданыс табу керек.

Қазіргі таңда көптеген автомобиль зауыттары автомобильдерді жобалау мен жасау кезінде құрастыруға техникалық күйді бағалауға арналған датчиктер мен өлшеу құралдарын, яғни кіріктірмелі диагностикалау құралдарын салады. Кіріктірмелі диагностикалау құралдары автомобильдің қозғалуы мен жұмысты орындау үрдісінде оның агрегаттары мен жүйелерін басқару жүйелерінің техникалық күйін бақылауға мүмкіндік береді.

Диагностикалық құралдардың енді бір тобы шетел тәжірибесінде кеңінен қолданысқа ие болып келеді. Кіріктірмелі техникалық диагностикалау құралдары (КТДҚ) бір немесе бірнеше тұрққа біріктірілген шағын аспаптар түрінде жасалады. Олар шектеулі өлшемдер алаңында қозғалыста диагностикалау кезінде немесе ауысым ішінде желіде жұмыс істеу кезінде қолданылады. Кіріктірме немесе тез бөлшектенетін датчиктерге қосылған КТДҚ автомобиль қозғалысының, оның агрегаттарының жұмысын реттейді және қуат көрсеткіштерін, тежеу және үдеу сипаттамаларын, отын үнемділігін, тұтану жүйесінің жұмысын және т.б. сипаттайтын параметрлерді бағалайды.

Диагностикалық жабдықты дамыту және жобалау келешегі екі негізгі бағыт бойынша жүреді – меншікті бағытты мамандырылған жабдықты әзірлеу, онда бақылау-диагностикалық құралдар жұмыс постында автомобильдің агрегаттары мен түйіндерін тексеру, реттеу және т.б. операциялар кезінде қолданылады және жалпы өндірістік жабдық, онда диагностикалау нәтижелері АКК-да технологиялық үрдісті басқару үшін қолданылады.

Жалпы өндірістік қолданыстағы диагностикалық жабдықты жобалау келешегі мыналардан тұрады:

  • автоматтандырылған кешендер мен диагностикалық жүйелерді, оның ішінде диагностикалық ақпаратты тіркеу мен берудің автоматтандырылған құралдарын әзірлеу мен жетілдіру;

  • диагностикалық ақпаратты жинау, өңдеу әрі АКК өндірісті басқару органдарына беру және жылжымалы құрамның техникалық күйі туралы статистикалық деректерді сақтау жүйелерін әзірлеу.

Меншікті бағытты мамандырылған қолданыстағы диагностикалық құралдарды жобалау келешегі мыналардан тұрады:

  • бір, бірнеше немесе диагностикалық параметрлер кешені бойынша автомобильдің жеке агрегаттарын, түйіндері мен жүйелерін диагностикалау стендтері мен аспаптарын әзірлеу мен жетілдіру; қолда бар диагностикалық құралдар көрсеткіштерінің дәлдігі мен тұрақтылығын, әрекет ету жылдамдығын, пайдалану ыңғайлылығын, пайдалылығын, сенімділігін арттыру, оларға қызмет көрсету мен оларды жөндеуге жұмсалатын қаражатты азайту;

  • түбегейлі жаңа диагностикалау параметрлері мен автомобильдерді диагностикалау әдістерін іздеу, олардың негізінде анағұрлым тиімді әрі дәл стендтер, аспаптар мен құрылғылар әзірлеу.

КТДҚ жасау кезінде арнайы құрылымдық орындалған электрондық алмалы құрауыштер, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу керек, автомобиль конструкциясында диагностикалық ақпаратты алуды қамтамасыз ететін кіріктірмелі датчиктер қарастыру керек, КТДҚ ТҚ мен жөндеу сервисінің инфрақұрылымын жасау керек.

Автомобильдерге ТҚ мен оларды жөндеу жөніндегі ӨТК-да стационарлық стендтер мен кешендер негізгі диагностикалық құралдар болып қалады. Бұл сол құралдарға деген қажеттілікті және оларды саладағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығару мүмкіндігін сәйкестікке келтіруге мүмкіндік береді.

2.3.2 Электрондық аспаптарды және автомобиль агрегаттарын басқару жүйелерін диагностикалау дамуының келешегі. Отынды үнемдеу мен пайдаланылған газдағы зиянды қоспалар мөлшерін төмендету жақын уақытта автомобильді электрониканың дамуына ықпал ететін фактор болып табылады. Сонымен қатар тұтынушылар автомобильдердің динамикалық сипаттамаларын жақсартуды талап етуде. Тежегіштердің тозуы, шиналардағы қысымның және автомобильдің әр түрлі жүйелеріндегі сұйықтықтың төмендеуі туралы ескертетін сигнал беру жүйесінің жаңа, анағұрлым күрделі түрлерінің, отынның шығындалуы мен пайдаланылған газ улылығын төмендетуге әсер ететін анағұрлым сенімді жүйелердің пайда болуы болашақтың еншісінде.

Іштен жану қозғалтқыштарының (ІЖҚ) жұмысын қамтамасыз ететін дәстүрлі құрылғыларды жетілдірумен қатар ЭЕМ негізінде ІЖҚ жұмысын автоматты түрде басқарудың электрондық жүйелерін жасау жөніндегі жұмыстар ерекше маңызға ие болып келеді.

Қазіргі таңда автомобильдерде енгізілгендер немесе енгізіліп жатқандар: кернеуді интегралды реттеуші, стартерді блоктау релесі (СБР), пайдаланылған газды бейтараптау жүйесі (ПГБЖ), карбюратордың мәжбүрлі бос жүрісін экономайзермен басқару жүйесі (МБЖЭ БЖ), тежеу жүйелеріндегі блоктауға қарсы құрылғылар (БҚЖ), отынды электронды бүрку жүйелері және басқа да электронды автоматты басқару жүйелері (ЭАБЖ).

Заманауи ЭАБЖ-дегі сұлбалық құрылымды күрделендіру жеке аспаптардағы элементтер санын арттырумен қатар қажет пайдалану сенімділігін қамтамасыз етуде айтарлықтай қиындықтар тудырады. Автомобильде орнатылған ээлектрондық құрылғының қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерген жөн: температураның айтарлықтай өзгеруі (- 40 °С-тан +150 °С-қа дейін), ылғалдылықтың жоғары болуы; айтарлықтай діріл жүктемелері пайда болады, желіде тоқ күшінің артуынан қысқа мерзімді импульстер туындауы мүмкін; қоректендіру кернеуінің ауытқуы. ЭАБЖ бұйымдарын диагностикалау үшін жұмыс қабілеттілігін тексеру маңызды сәт болып табылады, өйткені негізгі параметрлер ықтимал шектен ауытқыған жағдайда ЭАБЖ-нің барлық мүмкіндіктері жоғалады. Қазіргі таңда ЭАБЖ құралдарын техникалық диагностикалау нысаны ретінде жіктеуді орындалатын функциялар мөлшері, кіру сигналдарының мөлшері, микро ЭЕМ-нің болуы бойынша жүргізген жөн. Осы критерийлерді басшылыққа ала отырып, ЭАБЖ-ны үш класқа бөлуге болады:

Біріншісі – кіруде бір сигнал (мысалы, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне пропорционал) алатын және бір атқарушы органды басқаратын ЭАБЖ. Бұл класқа жеңіл автомобильдердегі СБР мен МБЖЭ БЖ жатқызуға болады.

Екінші класқа бірнеше датчиктің сигналдарын қолданатын және екі және одан көп атқарушы құрылғыларды басқаратын ЭАБЖ-ды жатқызған жөн. Мұндай ЭАБЖ-ға отынды электронды бүрку жүйесін, электронды оталдыру жүйесін және блоктауға қарсы тежеу жүйелерін жатқызуға болады.

Үшінші класқа қызмет ету алгоритмі микро ЭЕМ-де жүзеге асырылатын ЭАБЖ-ды жатқызған жөн. Бұл қозғалтқышты кешенді басқару жүйелері, қозғалыс қауіпсіздігінің кешенді жүйесі және т.б.

Аталған классификация әр түрлі кластарды диагностикалау мәселесіне деген дифференцияланған тәсілді болжайды:

  • бірінші класты ЭАБЖ-ны диагностикалауға арналған құрылғылар

жүйенің жұмыс қабілеттілігін тексеруді қамтамасыз ету керек және блокты немесе құрылғыны пайдалану жағдайында ақауларды ажыратқанға дейін оқшаулады жүзеге асыру керек;

  • бірінші класты ЭАБЖ-ны диагностикалауды кіріктірме де, сыртқы да

құралдармен жүргізген жөн;

  • бірінші класты ЭАБЖ-ның жұмыс қабілеттілігін тексеруді

техникалық диагностикалаудың кіріктірме құрылғыларымен, ал ақауларды оқшаулауды сыртқы құралдарымен жүзеге асырған жөн.

Жұмыс қабілеттілігін анықтау диагностикалау нысанының кірісіне арнайы генератордан ынталандырушы сигнал беруден басталады. Электрлік ынталандырушы сигналдар сигналдардың барлық түрлерінің 90 %-нан көбін құрайды. Қалғандары – электрлік емес (сұйылту, қысым, температура және т.с.с.). Ынталандырушы сигналдар импульстардың формасымен, амплитудасымен және ұзақтығымен, олардың номинал мәндерімен және қажет дәлдігімен сипатталады.

СБР-ды диагностикалау кезінде оның кірісіне оталу құлпының жұмысына және тахогенератор импульстарына ұқсайтын сигналдар беріледі. Тахогенератор жиілігі қоршаған орта температурасын ескерумен қойылады.

МБЖЭ (МБЖЭ-К) басқару жүйесінің техникалық күйін бақылау аспаптары ЗАЗ, АЗЛК, УАЗ, ВАЗ автомобильдерінде орнатылған МБЖЭ басқару жүйесінің техникалық күйін бақылау үшін арналған. МБЖЭ-К көмегімен электромагниттік клапанның қоректендіру тізбегін үзілуге, оның тұрқының герметикалығын және карбюратордағы пневмоклапанның герметикалығын тексеруге болады.

Басқару блогын (ББ) диагностикалау кезінде электромагниттік клапанның қосылу және сөну сәтін реттеуге арналған МБЖЭ кірісіне үзу импульстеріндей болатын сигналдар беріледі. Электромагниттік клапанның қосылуы мен сөнуі берілген ауқымдағы импульстер жиілігі түскен кезде жүзеге асады. МБЖЭ ББ жұмыс қабілеттілігін бақылау, осылайша, кіріске берілген ауқымдағы импульстер жиілігін берген кездегі электромагниттік клапанның қосылу және сөну сәттерін реттеу дұрыстығын тексеруден тұрады.

Пайдаланылған газды бейтараптау жүйесін (Э-311 үлгісін) бақылау аспаптары (КН-К) автомобильде немесе автотиегіште орнатылған, пайдаланылған газды бейтараптау жүйесінің (ПГБЖ) техникалық күйін тексеру үшін арналған. ПГБЖ бензинді қозғалтқыштың пайдаланылған газының құрамындағы көміртегі тотығы мен көмірсутек мөлшерін төмендету үшін қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]