Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OTETT__1179_aza_1179_sha_korrektirov.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.16 Mб
Скачать

1.7 Істен шығудың алдын алу

Істен шығудың алдын алу – пайдалану кезіндегі автомобильдің сенімділігін арттырудың негізгі бағыттарының бірі. Біздің елімізде жоспарлы өндірісне жауап беретін, ТҚ автокөліктерінің жоспарлы-ескерту жүйесі қабылданған.

Бұл жүйенің кеңінен таралуына қарамастан, біздің елімізде, әсіресе шет елдерде алдын алу іс-шараларды өткізу тек қана жоспарлау мен орындау мәселелерін түсіну кезінде ғана емес, сондай-ақ олардың орындалу мақсаттылығына да салмақты келіспеушіліктер орын алып келеді.

Жоспарлы-ескерту жүйесінің тиімділігін қарастыру кезіндегі маңызды мәселе ол машина жұмысының істен шығуының пайда болуына тәуелді топтау. Бұл кенеттен және біртіндеп істен шығу белгілер бойынша айрмашылық көрінеді. Машинаның техникалық тексерістен мерзімді өткізу, істен шығуға жақын бөлшектерді уақытында ауыстыру немесе ТҚ бекіту, реттеуіш, майлау және т.б. жұмыстары арқылы кенеттен істен шығуға қарағанда біртіндеп тоқтау кезінде ескертуге болады.

Жоспарлы-ескерту жүйесінің тиімділігі мәселесін шешу кезінде істен шығудың жалпы ағынын кенеттен және біртіндеп істен шығу ағыны композициясы (жинақтылық) ретінде қарастырамыз. Сонымен бірге істен шығудың ағынының жалпы параметрі

 = к +б , (1.33)

мұнда к, б – істен шығудың жалпы ағынын құрайтын кенеттен және біртіндеп параметрлеріне сәйкес.

Жоспарлы-ескерту тәртібі болғандықтан біртіндеп істен шығуды жоюға болады, ал кенеттен пайда болғанды жоюға болмайды, машинаны пайдалану кезіндегі біртіндеп істен шығу санына қатысты бағалау үшін көрсеткіш – істен шығудың жалпы ағыны құрайтын біртіндеп салыстырмалы салмақ енгіземіз:

К = п /  . (1.34)

Алдын алу тәртібі бойынша барлығын жоя алмаймыз, тек біртіндеп істен шығудың кейбір бөліктерін ғана жоямыз деп есептейік. Бұл көріністің сандық бағасы үшін Кт- алдын алу тиімділігі коэффициентін енгіземіз, ол формула арқылы анықталады:

Кт = (к – ’к) / к , (1.35)

мұнда ’n - олардың алдын алудағы жоспарлы-ескерту жүйесіндегі біртіндеп істен шығудың қалдық ағыны параметрі

Жоспарлы-ескерту жүйесін пайдалану кезіндегі істен шығудың жалпы қалдық ағыны параметрі ’ мына өрнекпен анықталады:

’ = ’п + в . (1.36)

Бұл өрнекке Кп және Кэ шамаларын енгізумен күрделі емес өзгеріс жасау арқылы мына өрнекті аламыз.

’ =  (1 – Кэ Кп) . (1.37)

Машинаның ТҚ және жөндеу жұмыстарында жоспарлы-ескерту жүйесінің тиімділігін бағалау (1.36) формула береді, сондай-ақ нақты жағдайларды алдын алу мақсаттылығы туралы қарама-қарсы көзқарастар диаметрлік әділ болуы мүмкін деген шешім жасауға болады.

Алдын алу тәртібінде біртіндеп істен шығудың (Кэ = 1) барлық 100 % шығарылатан, мінсіз жағдай қарастырайық. Онда формула мына түрге енеді

’ = (1–Кп). (1.38)

Машинаны пайдалану кезінде бір үлгінің кенеттен құрамдас бөлігі (Кп = 1) жоқ деп ұйғарсақ, ал машинаны екінші үлгісін пайдалану кезінде біртіндеп құрамдас бөлігі (Кп =0) жалпы істен шығу ағынында.

Бірінші жағдайда жоспарлы-ескерту жүйесін жөндеуде пайдалану келтірілген формулаға алдын ала жоспарланған кезеңнің ұзақтығы бйында машинаның тоқтаусыз жұмысын толығымен қамтамасыз етеді, өйткені істен шығу ағынының қалдық қарқындылығы нөлге тең болады:

’ =  (1–1) = 0. (1.39)

Машина ешқандай тоқтаусыз абсолютті сенімді жұмыс жасайды. Шынында, алдын алу мінсіз тоқтаусыз әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда екінші жағдайда жоспарлы-ескерту жүйесі ештене бермейді:

’ =  (1–0) = . (1.40)

Нәтижесінде істен шығу ағыны қарқындылығында ешбір өзгеріс болмады. Бұл жағдайда алдын алу тәжірибеден өткізу мүлде қажет емес.

Ендеше, жоспарлы-ескерту жүйесінің тиімділігі туралы мүлде айтуға келмейді. Пайдалану кезінде туындайтын жалпы ақаулар ағынындағы бірте-бірте құрамдас бөлігінің меншікті салмағы машинаның қандай да бір үлгісіне қатысты алдын алу жөндеу мен қызмет көрсетудің мақсаттылығы туралы айтуға мүмкіндік беретін жалғыз критерий болып табылады.

Жалпы ақаулар ағынындағы бірте-бірте құрамдас бөлігінің меншікті салмағы Кп бірлікке жақын болатын машиналар үшін алдын алу шаралары әлдеқайда тиімді болады. Бұл коэффициенттің азаю шамасына қарай алдын алу тиімділігі қысқарады, ал Кп = 0 болғанда, тіпті жоғалып кетеді.

Осылайша, әр түрлі машиналардың алдын алу жарамдылығы әр түрлі болады. Алдын алудағы жарамдылықты мөлшерлік бағалау ретінде алдын алулық жарамдылық коэффициентін немесе жалпы ақаулар ағынындағы бірте-бірте құрамдас бөлігінің меншікті салмағын Кп қабылдауға болады.

Автомобильдерді алдын алу ұзақ мерзім ішінде кеңінен таралды, өйткені оларды пайдаланған кезде бірте-бірте ақаулар басым болады. Автомобильдерге де, басқа машиналарға да қатысты жоспарлы-алдын алу жүйесінің барлық жағдайда екі кезекті ТҚ арасында барлық уақытта қайтымсыз жұмыс істеуді толық қамтамасыз етеді деп айтуға болмайды. Мұндай көзқарастардың қате болып табылатындығын көрсету үшін мынайдай мысал келтіруге болады. Автомобиль кезекті ТҚ-ден өтті, жолға енді ғана шықты, алайда кедергіні басып кету нәтижесінде рессор сынды немесе шинадағы камера жарылды делік (кездейсоқ, оқыс ақаулар). Алайда осыған байланысты жоспарлы-алдын алу жүйесінің ешқандай да дағдарысы туындамайды. Ақаулар ағынындағы тозу құрамдас бөлігі сәйкес мәнді болған кезде бұл жүйе машинаны пайдалану сенімділігін бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.

Әрекеттегі нұсқаулықтар мен ережелерде алдын ала белгіленген қашықтарға автомобильдерге ТҚ-ді ғана жоспарлы-алдын алу тәртібінде жүргізу қарастырылған, ал АЖ алдын ала жоспарланбайды; оларды қажеттілігіне қарай, өтінім тәртібінде орындау керек. Сондықтан АЖ-дің ақаулар алдын алуға қатыспайды деуге болады. Алайда бұл олай емес. Тәуелсіз ақаулар ағыны қарапайымдылығымен сипатталады. Дәл сол уақыт сәтінде тек бір тетік істен шығады. АЖ кезінде істен шыққан тетік қана емес, шекті күйге жақын басқа да тетіктер алмастырылады. Бұл істен шыққан тетікті алмастыру үшін ол орналасқан агрегатты ашу керек болғанда орын алады. Мысалы, қозғалтқыш цилиндрлерінің бірінде алдымен жоғарғы сығу сақинасы істен шықты делік. Алайда егер блоктың бастиегі шешілген, бұлғақтары бар піспектер қозғалтқыштың иінді білігінен ағытылған болса, қозғалтқыш цилиндрлерінің біріндегі бір ғана сығу сақинасы ғана емес, барлық цилиндрлердегі бүкіл сығу және аз ажыратылатын сақиналар жиынтығы және сонымен бірге көп жағдайда блок бастиегінің төсеніші алмастырылады. Осыған ұқсас жағдайларда ақаулар алдын алудын өтінімдік жөндеулер рөлін сипаттайтын көрініс орын алады (1.13-сурет).

Жеке тетіктердің элементарлы ақаулар ағынындағы және автомобиль бойынша сомалық ақаулар ағынындағы ақаулардың туындаған сәттер жалпы нүктемен көрсетілген. Сызылған нүктелер қазіргі сәтте өтінім бойынша АЖ орындалып жатқандығын көрсетеді.

Егер АЖ кезінде істен шықанна тетік қана алмастырылатын болса, онда біз қарастырып отырған жағдайда 15 істен шығу орын алар еді. Егер әр жөндеу кезінде тетіктің істен шығуына жақын басқа да тетіктерді алмастыратын болсақ, онда, 1.13-суретте көрсетілгендей, сомалық ағындағы ақаулар саны 15-тен 5-ке дейін, яғни үш есе азаяды. Есепке алынған жөндеулер санын ескерумен осы түрде азаю тетіктерді бір уақытта алмастыру коэффициентінің Коз орташа мәніне жақын болады.

Тетіктерді бір уақытта алмастыру коэффициентін әдетте жөндеудің бір түрінің бірнешеуіне орташа етіп мына формула бойынша есептейді:

Коз = Nn / n, (1.41)

мұнда Nn – n жөндеу кезінде алмастырылған тетіктер саны.

Біз қарастырған жағдайда Коз=(2+3+3+3+4)/5 = 3. Ақаулардың барлық ағыны да сонша есеге қысқарды. Сондықтан, егер K  1, бұл теңсіздік сақталады, бір қарағанда, дұрыс емес болып табылады, әділ формула:

n =1 +2 +...+ n , (1.42)

мұнда n - n элементтен тұратын бұйымның ақаулар ағынының параметрі;

1, 2, …n - элементтер ақауларының қарқындылығы.

Нысан ақауларының сомалық ағынының параметрі оның элементтерінің ақауларының қарқындылығына және тетіктерді бір уақытта алмастыру коэффициентіне қарай мына формула бойынша анықталады

n =1 / Коз (1 +2 +...+ n). (1.43)

Группа 2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]