- •Глоссарий
- •Қысқартулар тізімі
- •Көлікті пайдаланудағы сенімділік пен жұмысқа
- •1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері
- •Автомобильдердің сенімділігі мен оның талдауы
- •1.1 Сурет – Автокөліктің сенімділігі туралы ақпаратты ұйымдастыру мен өңдеудің типтік сұлбасы
- •Акк автомобильдердің жүрген жолының ауқымы
- •Автомобильдердің бұзылуы мен тұрып қалуы туралы аралық деректер ауқымы
- •1.2 Сурет - Тексеріс кезеңіндегі автомобильдердің жүрген жолының таралу сұлбасы
- •1.3 Сурет – Автомобильдің жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1.4 Сурет - Жөндеу кезіндегі істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі
- •1, 2 Және 3 – автомобиль агрегаттары, жүйелері
- •1.5 Сурет – тқк-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы істен шығу ағыны параметрлерінің өзгеру нұсқалары
- •1.6 Сурет - тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығуының шашыраңқы сұлбасы
- •1.3 Сенімділіктің қасиеттері
- •1.7 Сурет – тқ-2 арасындағы жүріп өткен жолдағы автомобильдің істен шығу ағыны мен салыстырмалы тоқтап тұру параметрлерінің өзгеруі:
- •1.4 Сенімділік көрсеткіштері
- •1.8 Сурет – Автомобильдердің істен шығу қарқындылығы
- •1.9 Сурет – Пайдаланудың басынан бастап атқарым бойынша істен шығу ағыны параметрінің өзгеруі
- •1.10 Сурет – Гамма–пайыздық қорды анықтау
- •1.5 Автомобильдің істен шығу үлгісі
- •1.11 Сурет - Автомобильдің қозғалысы кезіндегі бөлшектердің жүктемесінің өзгеруі
- •Бөлу сипаттамасы
- •1.6 Сақтық қорда сақтау
- •1.7 Істен шығудың алдын алу
- •1.13 Сурет – Ақауларды алдын алуындағы өтінім бойынша орындалатын жөндеу мәндерінің көрінісі:
- •2 Автомобильді пайдалану жүйесіндегі диагностикалау
- •2.1 Диагностика, диагностикалау түсінігі
- •2.1 Сурет – Диагностикалау жүйесі құрылымының әртүрлілігі
- •2.2 Диагностиканың міндеттері мен қолданылуы
- •2.2 Сурет - Техникалық диагностика құрылымы
- •2.3 Сурет – Диагностикалық параметрдің өзеруінің құрылымдық (құрылымдық) параметрге тәуелділігі
- •2.3 Диагностиканың дамуы және перспективалары
- •2.4 Диагностикалау әдістері, құралдары және үрдістері
- •2.4 Сурет – Диагностикалауды енгізгенге дейін (штрих сызық) және енгізгеннен кейін (тегіс сызық) максимум жүк күшінің (а) және отынның бақылау шығынын (б) тарату
- •2.5 Сурет – Диагностикалық стендтердің тіреу құрылғыларының
- •2.8 Сурет – Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы
- •2.9 Сурет - Қозғалтқышты статика-динамикалық сынау
- •2.10 Сурет – Атқарым әсерінен диагностикалық белгілердің өзгеру графиктері:
- •2.11 Сурет – Отын шығын өлшегішінің сұлбалары:
- •2.12 Сурет – Infralit газ талдағышының сұлбасы:
- •2.13 Сурет – гаи – 2 газ талдағыш
- •2.14 Сурет – Генератор жұмысының осциллограммасы
- •2.15 Сурет – Осциллоскоп құрылғысының принциптік сұлбасы
- •2.16 Сурет – Батареялы оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.17 Сурет – Электронды оталдыру жүйесінің бірінші және екінші тізбектеріндегі үрдістер осциллограммасы
- •2.18 Сурет - Оталдырудың алға кету бұрышын анықтау үшін стробоскоп сұлбасының принципті жүйесі:
- •2.19 Сурет – Редуктор температурасының өзгеру үрдісі
- •2.23 Сурет − 3d технологиясын пайдалану арқылы стендтың жалпы көрінісі:
- •2.24 Сурет – Доңғалақтардың теңгерімсіздігі мен олардың стендтағы статикалық және динамикалық теңдестіру
- •2.25 Сурет – Теңгерімдік жылжыту стенды
- •2.5 Автомобиль диагностикасының автоматтандыру үрдісі
- •2.5.1 Автомобиль диагностикасының кіріктірме жүйелері.
- •2.6 Тқ және жөндеу технологиялық үрдісінде көлік
- •2.7 Техникалық қызмет көрсету үрдістерінің және көлік техникасы жөндеулерінің ақпараттық қамсыздандыруы
- •Жөндеу мен тқк-ге келіп түсетін автокөліктер
- •Бтп (жөндеу мен тқк қабылдау)
- •Жинақтау-жуу жұмысының аймағы
- •Кіріс диагностикаландыруы
- •Техникалық қызмет көрсету
- •Шығыс диагностикаландыруы
- •Жөндеу мен тқк-ден кейін автокөліктің тұрақтау аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландырудың күту аймағы
- •Тереңдетілген диагностикаландыру
- •Ағымдағы жөндеу
- •Жөндеу мен тқк-ден автокөліктер
- •2.37 Сурет - Орталықтандырылған тқе мен автокөліктердің аж бойынша мамандандырылған өнеркәсіптің технологиялық үрдісінің сұлбасы
- •2.41 Сурет – Автокөліктің тқ және аж өндірісі жүйесінің функционалды сызбасы
- •3 Автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде басқаруды оңтайландыру
- •3.1 Арнайы функция жайлы түсініктеме
- •3.2 Шешім қабылдау үрдісі
- •3.3 Бағдарламаларды орындау реттілігі және
- •Шартты оңтайландыру
- •3.4 Ақпарттың жеткіліксіздігі жағдайларында
- •3.5 Сурет – Ойын тәсілі арқылы агрегаттардың оңтайлы қорын анықтау:
- •3.5 Жүйе күйі туралы ақпаратты айқындау
- •3.6 Сурет – Бақылау нысаны күйінің р(н1/а) апостериорлы ықтималдығының түрлі сенімділікті екі аспаппен бақылау кезінде күйінің априорлы ықтималдығынан тәуелділігіне байланысты өзгеруі:
- •3.7 Сурет – Тәжірибе жүргізу кезіндегі оңтайлы стратегияны анықтау:
- •3.6 Нұсқаларды салыстыру мен шешім қабылдау кезіндегі
- •3.8 Сурет – Үлгінің дәлдігі мен шешімін анықтау сұлбасы:
- •– Модел құны; 2 – үлгінің пайдалылығы;
- •3.10 Сурет −Жүктеу нұсқасына байланысты тқоб-ға тқ-2 кезінде зил (а) мен КамАз (б) автомобильдеріне қызмет көрсету т уақытын бөлу:
- •Әдебиеттер тізімі
- •Көліктік техниканы техникалық пайдалану негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
С.Ж. Кабикенов, Т.С. Ынтықов
КӨЛІК ТЕХНИКАСЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ
Қарағанды 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
С.Ж. Кабикенов, Т.С. Ынтықов
КӨЛІК ТЕХНИКАСЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ НЕГІЗДЕРІ
Қ
ӘОЖ 656:004.4(07)
КБЖ 39.1:32.85я7О12
К13
Университеттің Редакциялық-баспа кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА «Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау» кафедрасының т.ғ.д., профессор Баубеков Е.Е.;
М.Тынышбаев атындағы ҚазККА «Жылжымалы құрам» кафедрасының т.ғ.д., профессор Мусаев Ж.С.;
ҚарМТУ «Жоғары математика және механика» кафедрасының меңгерушісі, ҚарМТУ-дың Редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі т.ғ.д., профессор Тутанов С.К.
Кабикенов С.Ж.
К13 Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері: Оқулық / С.Ж.
Кабикенов, Т.С. Ынтықов; Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. - Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2016. - 243 бет.
ISBN
Оқулықта автомобильдерді пайдалану сенімділігінің негізгі аспектілері, сенімділікті өңдеу мен талдау көрсеткіштерінің әдістері мен құралдары, сенімділік сипатындағы негізі қасиеттері мен көрсеткіштері түсіндіріледі. Автомобильдерді пайдалану жүйесіндегі диагностикалаудың орны мен рөлі, диагностикалау үрдісін автоматтандыру, көліктік техниканы диагностикалауды ұйымдастыру мен өткізу қарастырылған. Автокөліктік техниканың техникалық қызметі мен жөндеу үрдістерін қамтамасыз ететін ақпараттық мәселелер мазмұндалған. Оқулықта басқару әдістері мен шешім қабылдау, үлгілеу, оңтайландырылған критерийлер, сондай-ақ басқарушылық шешім қабылдаудың тәуекел деңгейі мен тиімділігі қарастырылған. Автомобильдерге еңбек нәтижелерін жедел бағалауға негізделген техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасын басқарудың негізі баяндалынған.
Оқулық жоғары оқу орындарының «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығының магистранттары мен студенттеріне, колледж студенттеріне, сонымен бірге автомобиль көлігі қызметкерлеріне арналған.
ӘОЖ 656:004.4(07)
КБЖ 39.1:32.85я7
ISBN © Қарағанды мемлекеттік
техникалық
университеті,
2016
Глоссарий
Сенімділік – нысанның қажетті функцияларды берілген қалыпта қолдану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау мен тасымалдау жағдайларында орындау қабілетін сипаттайтын, барлық параметрлер мәнін белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген шектерде сақтау қасиеті.
Іске жарамды күйі – нысан күйінің нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың барлық талаптарына сай келу жағдайы.
Іске жарамсыз күйі – нысан күйінің нормативті-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарының ең болмаса біреуіне сай келмеуі.
Шекті күйі – нысанды одан əрі оның қолдану ретсіз, пайдасыз немесе оны қайта қалпына келтіріп іс қосу немесе жұмыс қабілетіне келтіру мүмкін емес жағдайы.
Зақымдалу (бұзылу) –деп іске жарамды нысанның жұмыс атқару қабілеттілігін сақтай отырып бұзылу жағдайы.
Істен шығу – нысанның жұмыс істеу қабілеттілігінің жойылуы.
Техникалық қызмет көрсету – тағайындау, күту, сақтау және тасу бойынша қолдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті қолдау немесе бұйымды жөндеу туралы операциялар немесе операциялар жиынтығы.
Жөндеу – бұйымның жөнделуінің немесе жұмысқа жарамдылығының қалпына келуі және бұйым қорларының немесе құрамдас бөліктерінің қалпына келуі туралы операциялар жиынтығы.
Күрделі жөндеу – дұрыстығын қалпына келтіру мен толық немесе толыққа жақын бұйым қорларын немесе оның кез-келген бөлігін ауыстыра отырып негізгісін қоса алғанда қалпына келтіру, жөндеу.
Ағымдағы жөндеу – бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерін ауыстыру мен қалпына келтіруден тұратын жөндеу.
Атқарым – нысанның жұмыс ұзақтығы мен көлемі.
Істен шығуға дейінгі атқарым – нысанның бастапқы пайдаланылуынан бастап алғашқы тоқтау пайда болғанға дейінгі атқарым.
Техникалық диагностика – диагностикалау нысандарының техникалық күйін және техникалық күйлердің көрінуін, оларды анықтау әдістерін әзірлейтін, сонымен бірге диагностикалау жүйелерін құру мен оларды пайдалануды ұйымдастыруын зерттейтін білім саласы.
Қысқартулар тізімі
ЖОО – Жоғары оқу орны;
НТҚ – Нормативті-техникалық құжаттама;
ҒТҚ- Ғылыми-техникалық құжаттама;
ТҚ- техникалық қызмет;
АКК- автокөлік кәсіпорыны;
АТҒЗИ - авто-тракторлық ғылыми зерттеу институты;
ЭЕМ- Электронды есептеу машинасы;
АЖ- ағымды жөндеу;
ИТЖ – инженерлік-техникалық жұмыскер;
ӨТК- Өндірістік-техникалық комбинаттар;
МемҒЗТИ- Мемлекеттік-ғылыми-зерттеу техникалық институты;
КТДҚ- Кіріктірмелі техникалық диагностикалау құралдары;
СБР- стартерді блоктау релесі;
ПГБЖ - пайдаланылған газды бейтараптау жүйесі;
КМБЖЭ БЖ - карбюратордың мәжбүрлі бос жүрісін экономайзермен
басқару жүйесі;
ТЖ БҚҚ-тежеу жүйелеріндегі блоктауға қарсы құрылғылар;
ЭАБЖ - электронды автоматты басқару жүйелері;
ВХР- Вьетнам Халық Республикасы;
ЖӨН- жоғарғы өлі нүкте;
ББ – басқару блогы;
Д1, Д2 – диагностика;
ЖЕЖ – жобалы-ескертпелі жұмыстар;
АБЖ – автоматтық басқару жүйесі;
ӨТБ - өндірістік техникалық база;
ТҚОБ - техникалық қызметтің орталықтандырылған базасы;
АТП - автокөлікті техникалық пайдалану;
ТҚЕ - техникалық қызмет ету.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................ |
6 |
1 БӨЛІМ КӨЛІКТІ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ СЕНІМДІЛІК ПЕН ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІК.............................................................. |
8 |
1.1 Сенімділіктің негізгі түсініктері....................................................... |
8 |
1.2 Автокөліктің сенімділігі мен оны талдау туралы ақпарат............ |
10 |
1.3 Сенімділіктің қасиеттері.................................................................... |
36 |
1.4 Сенімділіктің көрсеткіштері.............................................................. |
41 |
1.5 Істен шығу үлгілері....................................................................... |
53 |
1.6 Сақтық қорда сақтау .......................................................................... |
58 |
1.7 Істен шығулардың алдын алу............................................................ |
62 |
2 БӨЛІМ автокөліктерді пайдалану жүйесіндегі ДИАГНОСТИКАЛАУ........................................................................... |
68 |
2.1 Диагностика жайлы түсінік, диагностикалау.................................. |
68 |
2.2 Диагностиканың міндеті мен мақсаты............................................. |
70 |
2.3 Диагностиканың дамуы мен келешегі.............................................. |
81 |
2.4 Диагностиканың әдістері, тәсілдері мен үрдістері ...................... |
87 |
2.5 Автомобиль диагностикасын автоматтандыру үрдісі................. |
139 |
2.6 Техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің технологиялық үрдісіндегі көліктік техникаға диагностика жасауды ұйымдастыру............................................................................................... |
145 |
2.7 Көлік техникасын техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үрдістерін ақпараттық қамтамасыз ету................................................. |
149 |
3 БӨЛІМ АВТОМОБИЛЬДЕРДІ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ БАСҚАРУ............................................................................. |
194 |
3.1 Мақсатты функция туралы түсінік..................................................... |
194 |
3.2 Шешім қабылдау үрдісі.................................................................... |
195 |
3.3 Бағдарламалардың орындалуы мен ресурстарды таратудың бірізділігі...................................................................................................... |
202 |
3.4 Ақпараттың жеткіліксіздігі кезіндегі шешімдерді қабылдаудың әдістері.......................................................................................................... |
213 |
3.5 Жүйенің қалпы туралы ақпаратты анықтау....................................... |
224 |
3.6 Нұсқалар мен қабылданған шешімдерді салыстыру кезіндегі үлгілеу..................................................................................................... |
234 |
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................................. |
240 |
Кіріспе
Қазақстан Республикасында автомобиль көліктің ең жалпы түрі, әсіресе шағын қашықтыққа қатысты жолаушылар мен жүк тасымалдауда тиімді және ыңғайлы. Оның негізгі тағайындалуы еліміздің халық шаруашылығындағы қолданыста тасымалдауды уақытылы және толығымен қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген әртүрлі үлгідегі және түрлендірілген автомобиль парктерін техникалық дұрыс күйде ұстау шығынына сәйкес төмендету жалпы мемлекеттік маңызы бар мәселе болды. Бұл жағдайларда диагностика жасаудың озық әдістері мен амалдары негізінде дұрыс және уақытында қабылданған ғылыми дәлелденген басқару шешімдерінің мағынасы артып, көлік құралдарының сенімділігі мен олардың жұмысқа қабілеттілігіне талап жоғарылайды. Желіге жөнделген және жұмысқа жарамдылығы жылжымалы құрамына шығару мақсатында маңызды рөл «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу» технологиялық үрдісін ақпараттық қамтамасыз етуге беріледі.
Еліміздегі автомобиль паркінің кенеттен өсіп кетуі (таяу шетел сияқты, қиыр шетелде де) және олардың құрылымының күрделенуі, жол қозғалысы ережелерінің талаптарының орындалуы, жанармай-энергетикалық және басқа да пайдаланылатын қорларды үнемдеу, қоршаған ортаның ластануына байланысты олардың техникалық қызметі мен жөндеу тиімділігін арттыру, кәсіпорындардың техникалық қызмет міндеттерінің кеңею қажеттілігі туындады. Оларға тек материалды-техникалық базаның дамуы мен қосалқы бөлшектермен, агрегаттармен және басқа материалдармен қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен бірге автомобильдерді техникалық пайдалану, әдістер мен диагностикалау құралдарын, басқару әдістерін, түрлі бағдардағы мамандар дайындау және т.б. кезінде негізделген нормативтерді енгізу.
Бакалаврлар мен магистранттар даярлау үшін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы автомобиль көлігінде негізгілердің бірі болып табылады. Қазақстанда бұл бағдардағы мамандарды даярлауда 15 мемлекеттік және жекеменшік ЖОО жұмыс жасайды.
Б
Қазіргі заманға сай инженерлік және ауылшаруашылық қызметтегі ерекше маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылатын мәселенің шешімін қабылдау басты назарға алынған. Ақпараттың тәуекелділігі мен жетіспеушілігі шарттарында шешім қабылдаудың тиімділігі, шарттар мен тәжірибелік шектеулер, оңтайландырмаланған критерийлер, шешімдерді басқару мен қабылдау әдістері мазмұндалған.
Алғашқы рет осы оқулықта басқару жүйесі, техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді жөндеуді жетілдіру мәселелері бойынша жаңа тәсілдер қарастырылған.
