Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пац обучение.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.3 Кб
Скачать

18 Билет. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні

Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т.б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік алады.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.

Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

Науқас пен дәрігер арасындағы қарым-қатынас дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады. Дәрігер мен науқас және оның туысқандары бір-біріне сенім тудыратын қатынас жасағанда ғана ем нәтижелі болуына күмән тумайды. Ал дәрігер мен науқас арасында дұрыс қатынас болмаған жағдайда, ем нәтижелігіне науқас күмәнданып, басқа дәрігер таңдауға мәжбүр болады. Науқас дәрігерге сенім білдірсе, қарапайым емге де күмәнсіз қарайды. Сондықтан, әр дәрігер және де басқада медицина қызметкерлері науқаспен және оның жақын туыстарымен дұрыс, тиісті дәрежеде олардың сенімділігін тудыратын қарым-қатынас құруы керек.

Сонымен, дәрігер өз жұмыс атқаруда көптеген адамдармен қарым-қатынас орнатады, және бұл қатынастардың дәрігер үшін, оның жұмысының нәтижелігі үшін маңызы зор. Сондықтан да, дәрігер коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алуы керек.

19 билет. коммуникативтік үрдіс яғни дағды дәрігер өз жұмысы барысында туыстарымен, науқастың өзімен кері байланыс пен өзіндік бағалауы негізгі құрал болып табылады

20 билет коммуникативті үрдістегі ақпаратты беру мен қабылдаудың негізгі мәселелері:

1. сенімді қарым қатынас орнатыңыз. бұл дамушы коммуникация деп аталады.

2. Науқастың құпиясын сақтау

3. медициналық терминдерді көп қолданбауға тырысу

4. иа мен жоқ сөздерін әдеппен айтуды үйрену

5. нейтралды бағытты ұстануға тырысу

6. үстемдік етпеу

7. байыппен асықпай сөйлесіңіз

8. науқасқа үнемі қолдау көрсетіңіз

9. әңгімені мүмкіндігінше абайлап бөлуге тырысыңыз

10. тіке қойылатын сұрақтар, бағыттаушы сұрақтар, жағымсыз сұрақтарды орнымен қойыңыз

11. тақырыпты күтпеген жерден өзгертуге үйрену

сөздік емес қатынастарды да қолдану

21 Билет. Коммуникативті компоненттілік жөніндегі түсінік

Кәсіптік ортада және қоршаған ортасында жетістікті қызмет етуде тұлға аралық құралып, кәсіптік тәжіріибе жинау- дәрігердің коммуникативті компотенттігін сипаттайды. Бұл анықтамада компатенттік тек индивидтерге тән қасиеттерге байланысты емес яғни қоршаған орта өзгерістерімен, маман- дәрігердің әлеуметтік мобильдігіне байланысты екені көрсетілген. Коммуникативті компотенттілік – адамдар арасында шыңдалып, құралатын қатынас, тұлға аралық тәжірибе. Дәрігердің коммуникативті мәдениетінің тағы бір көрінісі- науқастың жеке қасиеттеріне тәуелсіз, науқасқа оң эмоционалды қатынасына кәсіптік көзқарастармен қарап, дәрігердің медициналық қарым-қатынасына коммуникаивті дағдылардың және біліктілігенің толық кешенінің болуымен сипатталады. Дәрігердің коммуникативті компотенттілігінің құралу мәселелері тәжірибелік аспектілерде кең тараған, отандық денсаулық сақтаудың сырқатқа және денсаулыққа әлеуметтік психосоматикалық әрекеті және дәрігер – науқас арасындағы емдік үрдістегі терапиялық бірлестікті жақсарту.

22 билет Дәрігердің коммуникативті компоненттілігінің құрылымы

Дәрігердің компотенттігі- науқаспен қарым-қатынас құру негізінде.

  1. Науқастың вербальды және вербальды емес қатынасы белгілерін дұрыс танып біліп, одан іске қатысты қажетті ақпаратты мейлінше көбірек алу.

  2. Тиімді диагностика жасау тек қана тәндік симптомдарды анықтау ғана емес , сонымен қатар соматикалық симптомда оның психологиялық жіне әлеуметтік табиғаттарын анықтау, емнің басқаша жоспарын талап етеді.

  3. Тиімді коммуникативті дағдыларын науқасқа тағайындалған емін қабылдауға және науқастың емді құптауына оң әсер етендігі зерттелді, тағайындалған емге бойын ұсынбау медицинаның күрделі мәселесі болып табылады.

  4. Науқастарға адекватты медициналық ақпараттарды ж/е денсаулықты жақсартуда, сонымен қатар аурудың алдын алудағы салауатты өмір сүруге насихаттау арқылы дәрігер ролін жоғарылату.

  5. Аурудың әр түрлі көріну формаларына әсер ету ж/е компенсаторлы механизмдерді белсенділеу, науқас тұлғасының психосоматикалық потенциалын жоғарылату, оның әлеммен байланысын қайта қалпына келтіруге көмектесу, үйреншікті қорқынышты жеңу, аурумен пайда болған стреотиптерді бұзу ж/е сау көз қарасты тудыру,

  6. «Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы ерекше деликатты жағдайларда дәрігерлердің тиімді әсері, мысалы науқастың жазылмайтын аурумен ауыруы н/е науұас туыстарына қайтыс болатындығы жөнінде жеткізу т.б.

23 билет Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін құрайтын психологиялық қасиеттер : Аффилиация, эмоционалды тұрақтылық, эмпатия, сезгіштік, рефлексия. Медициналық қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қалыптастыратын психологиялық сипаттамалар- оның қатынасу икемділігі, науқаспен араласуы, қарым-қатынасты дамытуы, науқастардың туыстарымен, басқа да адамдармен әрекеттесуі, түрлі әлеуметтік жағдайларда араласуы, тәжірибе жинауы, түрлі әрекет жасауы негізінде құралады. Бұл арқылы медициналық қызметкер тұлғасының қалыптасқан психологиялық ерекшеліктері негізінде әрекеттесу, оның коммуникативтік білгерлігін дамытады. Коммуникативтік білгерліктің құрылуының негізінде медициналық қызметкер тұлғасының келесі психологиялық сипаттамасы жатады: барлық адамдармен бірге болу ынтасы, бір әлеуметтік топқа жатуы, қоршаған ортамен жақсы көңіл –күйде әрекет жасауы, тұлға аралық қатынасқа кіруі. Арада түсініспеушілік туғанда және араласудың өршігуі кезінде бейбіт жағдайды қалыптастырып, әр жақты тыныштандыру, оқиғаға дұрыс және дәл баға беру.

Аффилиация.Медициналық қызметкер тұлғасының науқаспен жанасуға ықпалдануы, олармен әрекетке түсуге ынталануы. Адамға басқа адамдардың қажеттілігін аффилиация дейді. Психологиялық ішкі жағынан аффилиация-сенім және жақындасу сезімі, ал сырттан –көпшіл болу, басқалармен әрекетке түсуге ынта білдіру, үнемі адамдар арасында болуға тырысу. Медициналық қызметкер жұмыс бабы бойынша үнемі және тығыз түрлі әлеуметтік жанасуда болады. Осы себептен аффилиация қасиеті медициналық қызметкерге науқастармен мамандық тұрғысынан қатынас құруға, оларға жәрдем беріп, бірге әрекеттесуге көмектеседі, мамандық бұзылыстарынан (деформациялардан) сақтандырып, қорғайды.

Эмоционалды тұрақтылық. Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігін қамтамасыз ететін келесі психологиялық сипаттама - бұл көңіл-күйдің тұрақтылығы (эмоционалды тұрақтылық) - медицина қызметкерінің салмақтылығы, біркелкі күйде болуы, эмоцияларын және тәртібін сақтап, бақылау. Эмоционалды тұрақтылық, медициналық қызметкер аурулармен қарым-қатынас құруға жәрдемдесіп, түсініспеушіліктен сақтайды. Күшті эмоциялық реакциялар науқастың сенімін жоққа шығаруымен қатар, оны қорқытып, сескендіреді, шаршатады. Керісінше, медициналық қызметкердің көңіл–күйінің тұрақты болуы, оның қайырымдылығы, эмоциялық ұстамдылығы пациенттің үмітін асырып, сенімділік бағытта қарым-қатынас құруға ықпал етеді. Науқастанған адамның қобалжуына байланысты, эмоциялық тұрақсыздығының өсуі салдарынан тітіркеніш, жыламсырағыш, шыдамсыз және агрессивті болады. Сондықтан ауру адамдар медициналық қызметкердің сенімділігін туғызатын психологиялық тұрақтылығын қажет етеді.

Идентификация- ұғыну үшін өзін басқа адамның орнына қою арқылы өзін-өзі сезініп, түсіну, өз мінездемесіне басқа адамды сәйкестендіру арқылы, оның ой-пиғылын түсініп тануы, яғни басқа адамды өзімен салыстыру. Сонымен, идентификация дегеніміз - қатынасушы адамды, яғни науқасты медициналық қызметкер өзімен салыстыра келе, оны түсініп, тану.

Рефлексия-қатынасушы медициналық қызметкерде «науқас мені қандай түрде сезініп таниды, түсінеді»-деген ой тууы. Осыған байланысты қатынасқан адам өз әрекетін қалыптастырып, бағалап, кейбір мінездемелерін өзгертеді. Кәдімгі өмір жағдайында, бір адамның басқа адамдар туралы мәліметінің жетіспеушілігіне байланысты, олардың іс әрекетінің негізгі себептерін білмеуінен, бір-біріне көрсеткен мінез-құлқының себептерін жалған түрде түсініп, өзінше жорамалдайды.

Эмпатия-науқастың уайымын эмоционалды түрде медициналық қызметкер өз басынан өткергендей сезінуі, науқастың қайғы-қасіретіне ортақтасуы, науқастың қайғысына психологиялық тұрғыдан қосылуы, қоса қайғыруы, оның ішкі ойын сезінуі («мен сеніменбіргемін»). Бұл-тиісті дәрежеде медициналық қызметкер-науқас коммуникациясын қамтамасыз ететін психологиялық құбылыс. Эмпатия ұғымында медициналық қызметкер өзін науқастың орнына қоюы арқылы, өз ішкі сезімдері арқылы науқастың жан дүниесін түсінуге тырысуын білдіреді.

Эмпатия-идентификация механизмдеріне негізделеді,ол-науқаспен психологиялық жанасу құруға ықпал жасайды. Медициналық қызметкердің эмпатиялық қатынасы, оның науқасқа инициативаны беріп қоюы-ауру адам туралы толық және дәл мәлімет алуға, науқастың медициналық қызметкерінің білгерлігіне сенімін арттыруға, диагностикалық-емдеу шараларының тиімділігіне, сауығу сенімін тудыруға жәрдемдеседі.

Коммуникативтік білгерліктің келесі психологиялық сипаттамасы-сенситивтілік. Сенситивтілік (сезімталдық)-қоршаған адамдардың теріс көзқарасын қабылдау қабілеті. Мысалы, емдеу кезінде пациенттердің теріс қатынасын бақылап, медициналық қызметкер өз тәртібін тиісті өзгертіп, емдеу арқылы науқаспен қатынасты дұрыстайды. Сонымен қатар, сенситивтілікті жоғары сатыларына жеткізуге де болмайды, себебі ол медициналық қызметкердің өз-өзіне көзқарасы мен өзін бағалауын төмендетеді, оның аффилиативтік қабілетіне кедергі жасайды. Бұл – медициналық қызметкер жұмысының сапасына да әсер етуі мүмкін. Ол медициналық қызметкерге де психикалық әсер етеді, эмоциялық бұзылысқа әкеп соғуы мүмкін.

24 билет. Кәсіби бейімделу, кәсіби имидж және коммуникативті толернаттылық. Кәсіптік бейімделу (кәсіби адаптация) .Жас маманға кәсіптік әрекетке үйренуі біршама уақыт алады. Бұл уақыт бойы ол өзін жаңа әлеуметтік ролінде сенімді сезініп, жекеше мамандық имиджін құрастырып және жұмыс жағдайында әрекеттенуге алгоритм дағдыларын жинастырады. Өзіндік жұмыс атқарудың бастапқы кезінде, жас маман өзіне сенімсіз болуына байланысты, күрделі және жауапты жағдайларда, ол тәжірибелі маманға бет ұстайды. Ол ақпарат жинастыра, мамандық дағдыларын машықтандырумен қатар, жас әріптестермен араласып, өзіне эмоциялық қолдау алады.Үйренудің нәтижесінде ол өз білімін, біліктілігін және дағдыларын жетілдіреді. Мамандық қарым-қатынас құру жағдайында науқастың эмоциялық «қосылуының» дәрежесін анықтау дағдылары медициналық қызметкердің мамандық бейімделуінің эмоциялық құрастырушысы болып саналады. Бейімделудің бұл түрі эмпатиямен, дәрігердің науқаспен тұлға аралық араласуының эмпатиялық түрін мөлшерлеуімен байланысты. Жас медициналық қызметкер өзінің мамандық әрекетінің алғашқы жылдарында науқасқа жақсы жәрдем берем деген ойымен, өз әрекетіне сенімі жеткіліксіз болуы салдарынан, уайымға кіріп, өзіне өте жоғары эмоциялық салмақ түсіреді. Науқастың проблемасына артық эмоциялық араласуы, белгісіз жағдайға байланысты теріс нәтижелерге қатты үрейленуі, қауіптеніп, сақ болуы, созылмалы эмоциялық салмақ түсуіне әкеп соғады. Медициналық қызметкердің бейімділігі мен компенсаторлық мүмкіншіліктері төмендейді. Медициналық қызметкердің кәсіптік беделі (имидж)-медициналық қызметкердің бейімділігін құрастыратын компонент. Оның мағыналы элементтері- медициналық қызметкердің сенімділік білдіретін тәртібі. Түрлі төтенше, қауіпті ситуациялар туса да, медициналық қызметкер абыржығанын, қобалжығанын науқасқа сездірмеуі тиіс. Медициналық қызметкер өзін сенімді

түрде ұстауы, науқас алдында оның коммуникативтік білгерлігін, ситуацияны бақылай алатын қабілетін көрсетіп, науқасқа сенім беріп, бұл жағдайдың сәтті аяқталуына күмәнсіздігін тудырады.

Медициналық қызметкердің кәсіптік беделін, оның вербальды емес сипаттары да құрастырады: қатынасуға ашық позасы, коммуникативтік жесттері, мимикасы, сөйлеу ырғағы, т.б. Бұлар медициналық қызметкердің беделін өсіріп, науқас адамның сенімін тудырады, ұсынылған ақпаратты оның күмәнсіз қабылдауына ықпал жасайды.

Коммуникативтік төзімділік (толеранттік) деген, бұл коммуникативтік білгерліктің бір жағы. Оның құрама бөліктері-медицина қызметкерінің шыдамдылық, мейірімділік қасиеттері.Ауру адамның медициналық қызметкерге қолайсыз, ол қаламайтын жекеше ерекшеліктері, оның жағымсыз қасиеттері, пікір-қылықтары, ойлау стериотиптері мен әдеттеріне медициналық қызметкердің төзе алуы оның коммуникативтік төзімділігін көрсетеді. Науқас медициналық қызметкерге түрлі сезімдер тудыруы мүмкін : ұнау немесе ұнамау, сүйкімді немесе сүйкімсіз. Алайда, медициналық қызметкердің психологиялық дайындығы негізінде, ол ситуацияны түзетіп, түсініспеушіліктің алдын-алады немесе қолайсыз қатынасты тоқтатып, ауру адаммен достық, психологиялық жанасу түрінде қарым-қатынас құрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]