- •1 Билет.
- •2 Билет Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы
- •3 Билет. Түйсік, оның физиологиялық негіздері және түрлері
- •4 Билет Қабылдау, түрлері, қызметі.
- •5 Билет
- •8 Билет Қарым қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, құрылымы,түрлері,қызметі.
- •9 Билет. Қиял күрделі психикалық үрдіс. Оның түрлері.
- •10 Билет. Зейін түрлері, қасиеттері, бұзылыстары.
- •11Билет. Эмоционалды қалып және тұлғалық қасиеттер.
- •12. Ерік. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдары. Еріктің бұзылуы.
- •15 Билет. Психологиялық үрдістерді зерттеу әдістері
- •16 Билет.Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.
- •17Билет. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы
- •18 Билет. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні
- •21 Билет. Коммуникативті компоненттілік жөніндегі түсінік
- •25 Билет.
- •27 Билет. Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
- •31)Дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынас
- •32)Тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін қалыптастырушы факторлар
- •33.Дәрігер тұлғасы.Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
- •34.Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: үйреншіктік,депрессивтік,интроверттілік.
- •35. Эмоциональды куйреу синдромы. Пайда болу себептерi жане алдын Алу жолдары.
- •36. Медициналык интервью угымынын аныктамасы
- •37 Билет
- •38 Билет
- •39 Медициналық интервьюге кіріспе :Пациентпен сұхбаттасуға дайындалу,алғашқы түсіністікке қол жеткізу ,пациенттің дәрігерге келу себебінің анықтау, Пациентпен сұхбат.
- •40«Дəрігер және пациент» қарым-қатынасын ұйымдастырудың негізгі модельдерді
11Билет. Эмоционалды қалып және тұлғалық қасиеттер.
Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс, әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi.Түрлері:Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу.Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз . Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi.Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.Ұялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару.Ұялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын,артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi.Айну эмоциясысубъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар.Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi.Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн.
12. Ерік. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдары. Еріктің бұзылуы.
Қиындықтарды жеңетін саналы, бағытталған психикалық белсенділікті ерік д.а. Ерік қоғамдық еңбек процесінде пайда болып, қалыптасқан. Адамның іс - әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі – жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі – сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды (дербестік,батылдық т.б.) және ұнамсыз (ұстамсыз, жасқаншақ т.б.) ерік сапалары бар. Еріктің бұзылуы: Абулия(еріктік ниеттің болмауы) Шизофрениялық дефектте; бас миының маңдай бөлімдерінің зақымдануында кездеседі.Гипобулия(еріктік ниеттің төмендеуі ) депрессивті, астениялық жағдайларда.Гипербулия (еріктік ниеттің жоғарлауы) нашақорлық, паранойяльды, маниакальды синдромдарға тән. Парабулия (еріктік ниеттің сапалық бұрмалануы) шизофрения, психопатияларда анықталады.
13билетСАНА - ПСИХИКА ДАМУЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ САТЫСЫ
Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану. Сана түсінігі бұл психика түсінігі; психика тірі жанның қоршаған ортамен тікелей байланыс тәсілі (сондай-ақ жеке адам) деп түсіндіріледі, демек олардың өмірлік үрдістерінде әсерлендірушісі және көрінісі ретіндегі, психикалық қабілеттілік жыйынтық, табиғи және ғарыштық ырғақтар байланыстарында адамның қоғамдық және мәдени іс-әрекеттерінде өз-өзіне бағыт-бағдар жасай алуы мен басқара алатын қабілеттілікпен қамтамасыз етуі
САНАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ
Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық тұрғыдан шеше алады. Заңдылықтарды біле отырып, белгілі бір оқиғаның болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау ғылымды И. П. Павловтың сөзімен айтқанда, «болмысты және өз басымызды дұрыс алып жүруде жоғары бағдарлылықты» қалыптастырады. Ғылым, өнер, мәдениет (сөздің кең мағынасында) қоғамдық сананы құрайды.
Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді меңгеру нәтижесі де болып табылады. Екінші жағынан, қоғамдық сана жеке адамдар мен бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады.
Сана объективтік болмыс жайында қорытылған білімнен ғана емес, сондай-ақ сол болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған қандай да болсын катынас,—деп жазды. К. Маркс пен Ф. Энгельс — мен үшін болып жатады; хайуандар ешнәрсеге де «қатыспайды» және жалпы «қатынас» емес; оның басқа хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды».
Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде бағалай отырып, оқиғаларға байқастап жанасады. Адам қатынастарды интеллектуалды (бағалау арқылы) және эмоционалды (сүю, ұнату, өшпенділік, жек көру, жирену түрінде керінеді) сипатта болуы мүмкін. көп жағдайларда саналы қатынастар интеллектуалды-эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді.
Сана адамның творчестволық қабілеттілігінен көрінеді. «Адамның санасы объективті дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната алмайды. Егер ол езі мекендеген жердің жағдайын өзгертсе оны саналы түрде түсініп істемейді, оның тіршілік етуі соған жеткізеді. Мәселен, ешкілер грек тауларындағы бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс.
Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, тіпті ол табиғаттың жеке элементтерінен табиғатта кездеспейтін жаңа заттар жасайды. Творчество адамның бүкіл Жерді мекендеуіне және космосқа да жол табуына мүмкіндік береді.
Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Білім негізінде жеке адамның іс-әрекетіндегі және мінез-құлқындағы саналылық мөлшерін анықтауға болады. Жеке адам мінезі мен іс-әрекетінде білімге сүйенеді, ол өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады
Сана – бұл қоғамдық болмыс. Сана құрылымында төрт негізі сипат байқалады: (А.В.Петровский).
1. Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
2. Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
3. Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.
4. Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды.
№14 билет
Өзіндік сана- адамның өзін және жеке қасиеттерін түсіну. Адамның өзі кім екендігіне ой жүгіртіп, бойындағы күш- қуатын, ақыл- ойын, қабілеттілігін, әр бір іс- әрекеттерін атқарудағы ниеті мен мақсат- міндетін, өзін қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайға, өзге адамдарға, өз басына деген көзқарасын білдіретін қасиеттерін анықтауы, аңғаруы.
Өзіндік сананың басты қызметі-адамға өз әрекеттерінің мотиві мен нәтижелеріне қол жеткізу, өзін-өзі бағалауына, өзінің кім екенін түсінуінемүмкіндік беру. Егер бағалаулары өз көңілінен шықпаса, онда өзін-өзі жетілдіру мен айналысуға болады, немесе қорғаныс механизмдері арқылы жағымсыз жайттарды ығыстырып, көзіндегі конфликтініболдырмауға көмектеседі.
