Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пац обучение.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75.3 Кб
Скачать

15 Билет. Психологиялық үрдістерді зерттеу әдістері

Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылауға қойылатын талаптар-психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, және нәтижесін тіркеу.

Бағытталған психологиялық әңгіме дәрігердің сұрақтарына жауап алу үшін белгілі бір жоспармен жүргізіледі.Бұл кезде әңгіменің емін еркін жүруіне жағдай жасау қажет.

Өзін-өзі бақылау,өзі туралы жазу,күнделіктердің мәліметтерін пайдалану әдісі.Кейбір жағдайда науқас әңгіме кезінде ашық айтпайды,осы кезде оның күнделіктерінен дәрігер құнды мәліметтер алады.Және суреттерін,қлеңдерін,хаттарын пайдалануға болады.

Эксперимент әдісі.Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды.

Зейінді зерттеу әдісі біркелкі бейнелері бар кестелер арқылы жүргізіледі. Мысалы,қолдың қатысуынсыз кезекпен түсі бірдей картиналарды санау.

Есті зерттеу.Тексерілушіге 10 сек ішінде фигураларды көрсетіп,оларды есінде сақтау жүктеледі. Қалыпты жағдайда 5-6 фигура есте сақталады. Бұл көру есінің ерекшелігін анықтайды.Пиктограмма-жанама түрдегі есте сақтауды тексеруге қолданылатын әдіс.Сіз айтылған сөйлемдерді есте сақтаңыз.Қиын сөздерді есте қалдыру үшін әрбір сөздің орнына сурет салыңыз. Бұл есте сақтауға көмектеседі.

Бұру мен жалпылау үрдістерін зерттеу.Түсінікті жалпылау-суреттің түсінігі мен заттардың атын атау.Түсініктердің топтастырылуы-карточкалармен сурет беріледі оларды ұқсастыгы,айтылуы бойынша топқа бөлу.Түсініктерді бөлу-тексерілуші өзіне белгілі үй ,жануарлардың,ағаштардың атын айту.Түсінікті шығару-бір топқа жатпайтын заттарды бөлу.

Ұғымды зерттеу-суреттің мағынасын тексеру,мағынасыз суреттер мен тексті ұғынуды тексеру

Өзін-өзі бағалауды тексеру.Тексеруші денсаулығы,мінезі,бақыты,ақылы жағынан өз орнын көрсетуі тиіс.Дені сау адам өзін-өзі бағалауына қарамай, өз орнын сызықтың ортасынан көрсетеді.

16 Билет.Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.

Комм-қ дағды д/з –дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субъектілермен тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып,мед-қ жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру.Коммуникативтік дағдыларды жақсарту үшін науқастар мен олардың туыстарының ж/е ұжымдастарының тарапынан берілетін кері байланыс пен олардың өзіндік бағалауы негізгі құрал болып табылады.

17Билет. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы

Коммуникативтік дағдылар дегеніміз-парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.Коммуникативтік дағдылар – дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т.б) тиісті дәрежеде қарым-қатынасжасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру. Коммуникативті дағдылар барлық медициналық мамандықтарға ортақ біліктілік деп қарастырылып, үздіксіз кәсіби дамудың негізі деп есептеліп, дәрігермен қарым – қатынасын қалыптастыруға және нығайтуға, науқас туралы мәлімет жинап, ақпарат алмасуға, шешім қабылдап, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету аумағына ілінген әріптестер мен басқа да мамандармен қарым – қатынасқа тірек болып табылады. Тиімді коммуникативтік дағдылар басқа адамдармен үйлесімді қарым – қатынасты қамтамасыз етіп науқастың қанағаттану сезімін күшейтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]